Айтенова Ш. Нуркеева А. Байсакова З. Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау 2022 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау МАЗМҰНЫ Қысқаша мазмұны....................................................................................................................... 4 Кіріспе........................................................................................................................................... 6 1. Отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы заңнама мен құқық қолдану практикасына шолу................................................................................... 8 2. Отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасы мен оған қарсы күреске жұмсалатын мемлекет шығыны...................................................... 13 3. Зерттеу жүргізу барысындағы ақпарат алу...................................................................... 22 4. Әдістеме............................................................................................................................. 23 Қорытынды және ұсыныстар................................................................................................ 25 Дереккөз................................................................................................................................ 29 ҚОСЫМШАЛАР I. Тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа мемлекеттік бюджеттен кеткен шығынды бағалау................................................................................................................................... 30 II. Үйдегі зорлық-зомбылық құнын есептеудегі халықаралық тәжірибеге шолу.............. 42 АЛҒЫСӨЗ Бұл зерттеу жұмысы Қазақстандағы Фридрих Эберт қорының өкілдігінің бастамасы мен қолға алынған. Отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасы мен оған қарсы күрес саласында жұмыс істейтін мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен бір қатар кездесулер ұйымдастырған Қазақстандағы Фридрих Эберт қорының қызметкер лері Әлима Теңізбай мен Құрманжан Әбдірахманова көмек көрсетіп, қолдау білдірме генде, бұл анализ іске аспайтын еді. Мемлекеттік органдардың – Ішкі істер министрлігінің, Бас прокуратураның, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдеріне Қазақстандағы үйдегі зорлықзомбылық жағдайын талқылау жөніндегі жұмыс кездесулеріне қатысқаны үшін алғыс айтамыз. Алматы қаласы Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Жан-Сая» дағдарыс орталығы» КММ мен Қазақстандағы«Дағдарыс орталықтары ода ғы» ЗТБ-ге зерттеу мақсатында ақпарат жинауға көмектескені үшін алғыс айтамыз. Автордың пікірі Фридрих Эберт қоры өкілдігінің пікірімен сәйкес келуі міндетті емес. Қор жариялаған кез келген материалды Фридрих Эберт қорының жазбаша келісімінсіз пайдалануға рұқсат етілмейді. 2 3 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ ¾ Кейінгі бес жылда отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар саны екі есе өскені отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы күресте шешім қабылдағанда батыл болу керегін көрсетіп отыр. ¾ Үйдегі зорлық-зомбылық туралы 2021 жылғы статистикаға назар аударсақ, мұндай істердің 40% ғана полицияға жететінін көреміз. Сотқа жеткен істердің 39%-на ғана екі сағаттан үш тәулікке дейін қамауға алу сияқты әкімшілік жаза кесілген. Тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күрестің қазіргі ахуалы құрбанның құқығын қорғауды жақсартуға да, агрессор көрсеткен зорлық-зомбылық қайталануын болдырмауға да көмектеспейді. * Тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңнамада жапа шеккен адамға қатысты«жәбірленуші» ұғымы бар, бірақ«агрессор» деген ұғым жоқ. Заңнамада тұрмыстағы зорлық-зомбылық жасаған адамға психологиялық көмек көрсету мен түзеу бағдарламасы бар болса да, мұндай бағдарламалар орындалмайды және қаржыландырылмайды. ¾ 2021 жыл қорытындысы бойынша тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметті алушылардың 61% үйдегі зорлық-зомбылыққа куә болған балалар екен. Дегенмен тұрмыстағы зорлық-зомбылықты құжаттау барысында зорлық-зомбылыққа куә болған балалар жөнінде статистика жүргізу қарастырылмағандықтан, балалар арнайы көмек көрсету жүйесінен тыс қалып отыр, оларға арналған реабилитациялық бағдарламалар мен басқа көмек түрлері жоқ. Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау параметрлері бойынша толығырақ баға беруге, бұл құбылыстың әр санатындағы құрбандардың денсаулығына келген зиян көлемін дәлірек анықтауға, сондай-ақ көмек көрсету бағдарламасын әлдеқайда атаулы, тиісінше тиімдірек етіп жасауға мүмкіндік берер еді. Сондай-ақ психологиялық және экономикалық зорлық-зомбылық бойынша ресми статистика жүргізілмейді, сондықтан бұл жайт елдегі тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың жалпы ахуалын бағалауға кедергі болып отыр. ¾ 2021 жылы мемлекет үйдегі зорлық-зомбылықпен күресу үшін 4,5 млрд теңге жұмсаса, оның тек 765 млн теңгесі(17%) тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мен үйдегі зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі әлеуметтік маңызды жобаларға жұмсалған. Үйдегі зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынның айтарлықтай бөлігі құқық қорғау және сот жүйесі саласына жұмсалған, яғни бұл тіпті зорлық-зомбылық түп тамырымен жойылған күннің өзінде шығатын шығынға жатады. ¾ Дағдарыс орталықтары зардап шеккендердің 15%-на ғана жетеді, яғни зорлықзомбылық көрген аудан және ауыл тұрғындарының бәрі дағдарыс орталығына жете алмайды. Сондай-ақ тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен грант аясында жеткілікті қаржыландырылмайды. Бұл бағыттағы жекелеген жобаларды жүзеге асыруға аймақтардың бәрі бірдей қаржы бөлмейді, тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың жалпы ахуалы мен өткізілетін ісшаралар арасында өзара байланыс жоқ. Олар көбіне жүйелі жүрмейді, дөңгелек үстел, семинар өткізу секілді ісшаралар ұйымдастырумен шектеліп қалады, мұндай әрекеттер тұрмыстағы зорлық-зомбылық деңгейі төмендеуіне әсер етпейді. ¾ Тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасына қатысы бар барлық субъектілердің ведомствоаралық өзара әрекеттестігін реттеп, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күрес кезіндегі шаралар қаншалықты тиімді екенін бағалап отыратын ортақ мекеме жоқ, ал бұл тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күрес жолында ортақ көзқарас пен біртұтас стратегия болмауына себеп болып отыр. ¾ Ресми статистикада тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандары жайында әйелдердің, ерлердің, қарттардың, мүгедектігі бар адамдардың, тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болған басқа да адамдардың саны туралы егжей-тегжейлі мәлімет жоқ. Мұндай мәлімет тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа жыныс пен жас 4 5 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау КІРІСПЕ Дүниежүзілік банк есебіне(түрлі елдер бойынша жинақталған мәлімет) назар аудар сақ, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың экономикаға зияны ЖІӨ 1 -нің 1 пайызы нан 2 пайызына дейін жетеді екен. Отбасындағы зорлық-зомбылық жәбірленушіні ем деу және оған қолдау көрсетуге, кінәліні жауапқа тартуға, жұмысы мен табысынан айы рылу сияқты әлдеқайда ірі әлеуметтік және экономикалық шығынға себеп болады да, тиісінше экономикалық өсу баяулайды. Отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық ең жақын отбасы мүшелерімен қоса, қоғамға орасан зор зиян тигізеді. Дегенмен әлемде тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа әйелдер мен балалар әлдеқайда көп ұшырайды. 2021 жылы Қазақстанда 102 пультіне тұрмыстағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша 114 мың қоңырау түскен. Полиция әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөнінде 81 мың қорғау нұсқамасын шығарған. Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кететін шығынды талдау мен бағалау, ұтым ды және қаржы бөлуді қажет ететін кемшін тұстарын анықтауға көмектесу. Зерттеу жұмысының міндеті: - тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасы мен оны қолдану туралы заңна маны талдау; - тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасы мен оған қарсы күреске бөлінген 2021 жылғы шығын бағыттарын анықтау; - мемлекет бюджетінің отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактика сы мен оған қарсы күрес шығынын талдау және бағалау. Бұл зерттеу жұмысы отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы күш көрсетуді болдырмау және оған қарсы жасалып жатқан шараларды анықтаумен және бағалаумен ғана шектеледі. Тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күрес шығынын есептеу ісі Қазақстанда бұрынсоңды атқарылмаған. Бұл анализ – отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық профи лактикасы мен оған қарсы күреске кеткен шығынына сандық және сапалық анализ жа саған алғашқы талпыныс. Сотта отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылық жө нінде 44 мың әкімшілік іс қаралған және 17 мың адамға әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза кесілген. Статистикаға сүйенсек, әр үшінші арыз ғана сотқа жеткен және әр алты арыздың біреуі ғана тұрмыстағы зорлық-зомбылық жасаған адамды қысқамерзімді әкімшілік қамауға алған. Президент Тоқаев отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық, сонымен қатар осы саладағы құқық бұзушылықты қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесін бірнеше мәрте көтеріп, тиімді болатын амалын жасауға назар аударған болатын. Бұл зерттеу жұмысының мақсаты – үйдегі зорлық-зомбылықпен күрес жолында ұста натын ереженің негізгі бағыттары мен басымдықтарын анықтауға мүмкіндік беретін 1 Callan, Aoife; Carney, Patrick; Duvvury, Nata; Lnu,Raghavendra Srinivas. Intimate partner violence: economic costs and implications for growth and development(English). Women’s voice, agency, and participation research series; no. 3 Washington, D.C.: World Bank Group. http://documents.worldbank.org/curated/en/412091468337843649/Intimate-partner-violence-economic-costsand-implications-for-growth-and-development, page 26. 6 7 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау 1. ОТБАСЫЛЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА МЕН ҚҰҚЫҚ ҚОЛДАНУ ПРАКТИКАСЫНА ШОЛУ «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңда жазылғандай,«тұр мыстағы зорлық-зомбылық дегеніміз – отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға(басқаларға) қатысты дене зардабын және(немесе) психикалық зар дап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті(іс-әрекеті не месе әрекетсіздігі)». Қазақстан заңнамасында тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың төрт түрі бар: күш қолдану, психологиялық, сексуалдық және экономикалық. Дегенмен қазір Қазақстанның құқықтық практикасында күш қолдану зорлық-зомбылығына қарсы кү рес саласында ғана әлдеқайда толық статистика бар. Кейінгі бес жылда отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы қылмыс тық құқық бұзушылықтар саны екі есе өскені тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен жүйелі түрде күресу керегін көрсетіп отыр. 1-кесте. Отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар саны(Қазақстан Республикасы бойынша мәлімет), 100 мың адамға шаққанда, 2017–2021 жылдар аралығы 2017 2018 2019 2020 2021 2,46 4,99 5,66 5,68 5,40 Дереккөз 2 . ҚР ІІМ.*2017–2020 жылдардағы 100 мың адамға шаққандағы коэффициентті«Рухани Жаңғыру» ҚҚДИ Отбасы институтын зерттеу орталығының қызметкерлері, 2021 жылғысын осы зерттеу жұмысының авторлары есептеген. 2-кесте. 1000 адамға шаққандағы ҚР облыстарындағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық статистикасы, 2021 жыл Қазақстан Республикасы Астана қ. Ақмола Ақтөбе Алматы қ. Алматы обл. Атырау БҚО Жамбыл Қарағанды Қостанай Қызылорда Маңғыстау Павлодар СҚО Түркістан ШҚО Шымкент қ. 2021 жылы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша түскен қоңырау саны 6 14,5 3,5 7,2 11,1 1,6 8,3 8,2 1,9 2,9 7,3 1,6 3,8 12,7 3,2 0,5 5,1 14,9 Қорғау нұсқамасы саны 4,3 6,6 4,5 4,5 2,8 2,7 3,5 3,4 3,3 6,1 8 2,5 4,1 8,1 4,4 1,9 7,4 4,1 73, 73-1, 73-2 бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылғандар саны 2 2,4 0,9 1,7 1,2 1,4 3,1 2,6 1 2,2 1 4,7 1,8 4,5 5,1 0,8 3,4 0,4 2 Ұлттық баяндама, ҚҚДИ, 2021.- 108-б. https://ru.kior.kz/wp-content/uploads/2022/04/nd-sbn-2021.pdf. 8 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау 2021 жылы полицияға 1000 адамға шаққанда ең көп арыз-қоңырау Шымкент(14,9), Астана(14,5), Алматы(11,1) қаласынан және Павлодар облысынан(12,7) түскен. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша 1000 адамға шаққанда ең аз арыз Түркістан(0,5), Қызылорда(1,6) және Алматы(1,6) облысында түскен. Полиция ең көп қорғау нұсқамасын Павлодар(8,1), Қостанай(8), Шығыс Қазақстан облысында(7,4) және Астана қаласында(6,6) берген, ал ең азы Түркістан(1,9), Қызылорда(2,5) және Алматы (2,7) облысында шығарылған. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша ең көп әкімшілік жауаптылыққа тартылғандар Солтүстік Қазақстан(5,1), Қызылорда(4,7) және Павлодар(4,5) облысында болса, ал ең азы(100 адамға шаққанда бір адамға жетпейді) Ақмола, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында. Бұл анализден 1000 адамға шақ қанда Павлодар облысы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша арыз жазу, қорғау нұсқамасын шығару және әкімшілік жауаптылыққа тартылғандар са нынан алда екенін көріп тұрмыз. Сондай-ақ, керісінше, Түркістан облысы осы үш көр сеткіш бойынша ең соңғы орында тұр. Түркістан облысындағы халық саны Алматы об лысы және Алматы қаласымен барабар, бірақ Алматы қаласында түскен арыз саны Түркістан және Алматы облысынікінен 10 есе көп. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасы төңірегінде жүрген мамандар қа лыптасқан статистиканың себептерін егжей-тегжейлі талдауы керек.«Неге Түркістан және Алматы облысында арыз саны аз?»,«Неге Алматы қаласында 1000 адамға шаққан да 11,1 арыз беру фактісінің біреуін ғана әкімшілік жауаптылыққа тартқан?» және т.б. сұрақтарға жауап іздеуі керек. Сондай-ақ арыз беру саны бойынша алда тұрған(1000 адамға шаққанда 14,9 адам) Шымкент қаласында әкімшілік жауаптылыққа тарту фактісі біреуден де аз екен. Арыз берудің аз болу себебі құқық қорғау органдарына сенбеу және тұрмыстағы зорлық-зомбылық фактісінің жасырын болуы, тұрмыстағы зорлық-зомбы лық үшін лайық жазаның болмауы, гендерлік теңсіздік, патриархал көзқарас және т.б. болуы мүмкін. Қазақстан бойынша орта есеппен полицияға 6 арыз түссе, соның екеуіне ғана әкімшілік жаза кесілген. Бұл тұрмыстағы зорлық-зомбылық көп жағдайда қандай да бір себеппен жазасыз қалатынын көрсетіп тұр. Заңнамада зорлық-зомбылықтың төрт түрі аталғанымен, зорлық-зомбылықтың пси хологиялық және экономикалық түрлерімен күрес жөнінде нақты тәжірибе және прак тика жоқ. Психологиялық және экономикалық зорлық-зомбылықты тіркейтін жалғыз құжат – тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбанын тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрба ны деп таныған соң дағдарыс орталығына түскенде толтырылатын бағалау парағы. Бағалау парағында тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың барлық түрі бойынша зорлықзомбылық кезінде қандай қатыгездік жасалғанын бағалайтын тізім бар. Мысалы, 2021 жылы Алматы қаласы Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Жан-Сая» дағдарыс орталығы» КММ-да 128 әйел мен 261 балаға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілген. Әйелдерді зорлық-зомбылықтың мына түрлері бойынша құрбан деп таныған: арыз берушілердің 100% күш қолдану зорлық-зомбылығын көрген, 92,6% қорқыту мен тіл тигізу және т.б. психологиялық, 43,7% тұрғын үйден айырылу сияқты экономикалық зорлық-зомбылық көрген. Дегенмен бұл бағалау парағы тұрмыстағы 9 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау зорлық-зомбылықтың басқа түрлері бойынша ресми статистика жүргізу мен қорытын ды шығаруға немесе елдегі тұрмыстағы зорлық-зомбылықты зерттеу бойынша анализ жасау мақсатында қолданылмайды. Статистикалық мәліметтерді тұрмыстағы зорлықзомбылықпен күрес жөніндегі шараларды талдау, жасау барысында жүйелі және тұрақ ты түрде ақпарат жинау арқылы нақтылап отыру керек. Заңнамада тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы күреске қатысатын тоғыз мүдделі тарап көрсетілген: үкімет және жергілікті атқарушы органдар, кәмелетке толмағандар мен олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия, әйелдер мен отбасылық-демогра фиялық саясат жөніндегі комиссия, білім және денсаулық саласындағы өкілетті орган дар, ішкі істер органдары, денсаулық сақтау және көмек көрсету ұйымдары. Осы тоғыз тарап құзыретін талдау барысында тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасы субъектілерінің қызметі қаншалықты тиімді екенін талдайтын, бағалайтын бір үйлесті руші немесе уәкілетті орган жоқ екенін байқадық. Сөйтіп, мемлекет жасалып жатқан шаралардың ешқайсын талдамайды, әр тараптың тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасы мен оған қарсы күреске қосқан үлесіне бағада да бермейді, кемшілігін де анықтамайды. Үйлестіруші орган Еңбек және халық ты әлеуметтік қорғау министрлігі бола алар еді. Ведомствоаралық өзара әрекеттестікті қадағалайтын органды да белгілеу керек, яғни ол«жауапты» орган деп құр тағайындап қою үшін емес, ведомствоаралық өзара әрекеттестікте басым бағыттарды анықтағанда, тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы күреске қатысты шешім шығарғанда, ортақ стратегия әзірлегенде тиімдірек жұмыс істеу үшін қажет. ¾ ¾ Шолу барысында тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің статистикасын жүргізудегі кемшіліктер мен отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың бар лық түрі бойынша құрбан болғандардың жынысы мен жасын ескере отырып, мәлі мет жинайтын орган жоқ екені анықталған. Мысалы, ҚР Бас прокуратурасының құ қықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті тұрмыстағы зор лық-зомбылық жөнінде статистика жүргізіп отырады, бірақ тұрмыстағы зорлықзомбылық құрбандарын жынысы мен жас санаты бойынша, яғни ерлер, әйелдер, балалар, қарттар, мүгедектігі бар адамдарды жеке-жеке қарастырмайды. Қазақстан заңнамасындағы отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы зорлықзомбылық мағынасы үйдегі зорлық-зомбылық туралы халықаралық түсініктегі ин тим серіктесі көрсететін зорлық-зомбылықтан ауқымдырақ. Демек, бұл жерде зор лық-зомбылық көрген әйелдер мен халықтың басқа да санатының үлесін анықтау үшін егжей-тегжейлі статистика керек. Оның үстіне ҚР Бас прокуратурасының құ қықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті әкімшілік қамауға алынған адамдар саны жөнінде аймақтар мен жазаның ұзақтығын бөлмей, бірікті рілген мәлімет беріп отыр. Яғни қолда бар мәліметтерге қарап, қамауға алынған дардың жынысы мен жасын ажырату, нешеуін екі сағатқа, нешеуін үш тәулікке қа мауға алғанын және қай аймақта агрессорларға мұндай жаза түрі көбірек кесілге нін білу мүмкін емес. Сондай-ақ зардап шеккендер қандай жарақат алғанын 10 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау анықтайтын статистика жоқ, ал онысы денсаулыққа келтірілген зиян көлемін анықтауға және тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбанының жеке басына және жалпы денсаулық сақтау жүйесіне келтірген материалдық залалды есептеуге қажет болатын еді. Заңнамаға сәйкес денсаулық сақтау ұйымының құзыретіне мыналар жатады:«нарко логиялық, психологиялық, емдеу-профилактикалық көмек көрсету және жәбірленуші мен тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарға медициналық реабилитация жүр гізу; ішкі істер органдарына жәбірленушілердің жүгіну фактілері туралы хабарлау және оларға медициналық көмек көрсету». 3 Денсаулық сақтау министрлігіне бірнеше рет сауал жолдау нәтижесінде денсаулық сақтау ұйымдары жәбірленушілердің өтінішін және оларға көрсетілген медициналық көмекті, тұрмыстағы зорлық-зомбылық жасаған адамдарға қандай психологиялық көмек көрсетілгенін есепке алмайтыны және құжат тамайтыны анықталған, ал мұндай мәлімет зерттеу шеңберінде ақпарат толық болуына және барлық шығынды объектив бағалауға көмектесер еді. Түрлі елдердің үйдегі зор лық-зомбылыққа қарсы күреске жұмсайтын шығынын бағалау жөніндегі зерттеу мәлі меттеріне сүйенсек, медициналық шығын осы саладағы барлық шығын арасындағы ең маңыздысы саналады екен. Біздіңше, мемлекет үйдегі зорлық-зомбылықтың барлық түріне қарсы күресте медициналық шығынды есептеу практикасын және отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық саласындағы ахуал туралы жыл сайынғы баяндама жасау практикасын қалыптастыруы керек. ¾ ¾ ІІМ жүйесіндегі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімше 1999 жылы құрылған, 2021 жылдан бері бөлімше саны арта түскен. Қазір әр аудандық полиция бөлімшесінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспек тор лауазымы бар. Ережеге 4 сәйкес әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөнін дегі инспекторлар әйелдерге жасалған қылмыс пен құқық бұзушылықты сараптап; зорлық-зомбылық формасы, түрі және тәсілі жайлы мәліметтерді; отбасылық-тұр мыстық қарым-қатынастар саласында жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі статистикалық мәліметтерге және әйелдердің құқығына, мүддесі мен бостандығына нұқсан келтіргендерге қарсы жасалған профилактикалық шаралар ды және т.б. талдап, қорытып отыруы керек. Ережеге сәйкес, осы аталған талдау мәліметтері ІІМ жүйесіне жинақталады да, дәл қазіргі уақытта жарияланбайды. Бір құжатқа біріктірілген мәліметтер әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жөніндегі ахуал туралы жыл сайын баяндама жасағанда құнды ақпарат көзі болып, әйелдер дің құқығын зорлық-зомбылықтан жақсырақ қорғау үшін басқару саласында дә лелді шешімдер шығаруға негіз бола алады. 3 «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңның 13-бабы 4 Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1097 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 қаңтарда № 12948 болып тіркелді. 11 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау Тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңнамада жапа шеккен адамға қатысты«жәбірленуші» ұғымы бар, бірақ«агрессор» деген ұғым жоқ. Бұл кемші лік үйдегі зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің жалпы жай-күйіне де әсер етеді. Анализ нәтижесіне қарап, үйдегі зорлық-зомбылықпен күресудегі негізгі қызмет осындай әре кеттерге нақты жауап болатын амал жасаумен және жәбірленушіге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен байланысты екенін байқаймыз. Іс жүзінде көріп жүргеніміздей, жеке профилактикалық амал ретінде ұсынылатын профилактикалық әңгімелесу тұр мыстағы зорлық-зомбылықтан сақтандыруға және оны болдырмауға тоcқауыл бола алмаған. Заңнамада тұрмыстағы зорлық-зомбылық жасаған адамға психологиялық көмек көр сету мен түзеу бағдарламасын жүргізу көзделген. Дегенмен зерттеу барысында іс жүзін де бұл бағдарламалар жүргізілмейтіні және қаржыландырылмайтыны анықталған. Агрессорлармен жұмыс жөніндегі бағдарламаны әзірлеу мен қаржыландыру – зорлықзомбылыққа қарсы күреске жұмсалатын шығынға қарағанда, экономикалық жағынан әлдеқайда тиімді шара. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасы туралы 2009 жылы шығарылған заң тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы күрестегі маңызды қадам болғанымен, зерттеу барысында байқағанымыздай, бұл заң жаңартуды, жұмыс істемейтін нормаларды тағы бір қарап, күрес пен профилактиканың жаңа және жұмыс істейтін нормаларын ензігуді қажет етеді. 12 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау 2. ОТБАСЫНДАҒЫ, ТҰРМЫСТАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ МЕН ОҒАН ҚАРСЫ КҮРЕСКЕ ЖҰМСАЛАТЫН МЕМЛЕКЕТ ШЫҒЫНЫ ¾ ¾ Тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа кететін шығындар жайлы толық мәлімет жоқ болғандықтан, тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы күрес барысында жинала тын мәліметтердің бәрі құжатқа түспейтіндіктен, тұрмыстағы зорлық-зомбылық саласында ақпарат жинайтын және қорытатын уәкілетті орган болмағандықтан, бұл саладағы шығынды жан-жақты сараптау қиын. Шығын толық есепке алынба ғандықтан толық мәлімет жоқ, ал бұл зерттеуге айтарлықтай кедергі болып отыр. Мысалы, осы шолуымызда тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбанын емдеуге және оның реабилитациясына, зорлық-зомбылық жасаған адамға наркологиялық көмек көрсетуге, онымен жұмыс істеуге және т.б. кететін шығын есепке алынбаған. * Заңнамада тұрмыстағы зорлық-зомбылық бойынша жеке профилактиканың он ша расы жазылған: 5 1) профилактикалық әңгімелесу; 2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру немесе қорғау нұсқамасын шығару үшін зорлық-зомбылық жасаған адамды ішкі істер органына апару; 3) қорғау нұсқамасы; 4) әкімшілік ұстау; 5) медициналық сипаттағы мәжбүрлі шаралар; 6) құқық бұзушының жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу; 7) әкімшілік жаза; 8) ата-ана құқығынан айыру не оны шектеу, бала(ұл, қыз) асырап алудың күшін жою, қорғаншыларды және қамқоршыларды өз міндеттерін орындауынан босату және одан шеттету, баланы патронат тәрбиешінің тәрбиесіне беру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу; 9) іс жүргізудің мәжбүрлеу шаралары және қылмыстық процесте жәбірленушілер дің қауіпсіздік шаралары; 10) сот үкімі бойынша қолданылатын шаралар. Осы және өзге де бағыттарға мемлекеттік бюджеттен 4,5 млрд теңге жұмсалған. Соның ішінде құқық қорғау мен сот жүйелерінің тікелей шығыны 2,9 млрд теңге(66%) және 1,5 млрд теңгеге(34%) жеткен. Бұл – дағдарыс орталықтарын қаржыландыруға, үй дегі зорлық-зомбылық профилактикасын жүргізуге арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі полиция инспек торларының қызметіне кеткен бюджет шығыны. 5 Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңы, 17-бап 13 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау 3-кесте. 2021 жылы тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізілген басты бағыттар Шығын бағыты Әкімшілік өндіріс Полицияға жүгіну(102 пульті) Сот-медициналық сараптама шығыны ОТЗЗ жөніндегі сот шешіміне кеткен шығын(ӘҚБтК) ОТЗЗ бойынша қамауға алынғандарды ұстау шығыны Денсаулық сақтау шығыны ОТЗЗ бойынша жеке профилактика шарасы(полиция қызметі) ӘТЗЗҚ полициясының қызметі Қорғау нұсқамасы(полиция қызметі) Ерекше талаптар(полиция қызметі) Қылмыстық өндіріс ОТЗЗ бойынша соттың шешім шығару шығыны(ҚР ҚК) ОТЗЗ бойынша сотталғандарды ұстау шығыны Дағдарыс орталықтарын қаржыландыру(арнаулы әлеуметтік қызметтер) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар, гранттар Жиыны Сомасы, теңге 169 697 472 147 694 845 267 685 248 79 411 500 90 850 000 744 000 000 486 087 936 66 674 304 39 908 160 1 586 628 000 765 243 476 24 592 928 4 468 473 869 Мемлекет 2021 жылы тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасына көп шығын шығармаған. Ең көп қаржы жұмсалған салалар(кему реті бойынша 200 млн теңгеден асатыны): ОТЗЗ бойынша сотталғандарды ұстау, арнаулы әлеуметтік қызметтерді, дағдарыс орталықтарын, ӘТЗЗҚ полициясы қызметін қаржыландыру, қорғау нұсқамасы (полиция қызметі) және ОТЗЗ фактісін сотта Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сай қарау шығыны. Пайызға шаққанда мынадай: 14 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау 1-график. 2021 жылғы шығын бағыты,% шаққанда Əкімшілік өндіріс 17% 1% 17% 29% 36% Қылмыстық өндіріс ОТЗЗ бойынша жеке профилактика шарасы(полиция қызметі) Арнаулы əлеуметтік қызметтер (дағдарыс орталықтары) ОТЗЗ-дан сақтандыру жəне профилактикаға бөлінген мемтапсырыс Сөйтіп, айтарлықтай көп қаржы қылмыстық өндіріске— 36% және ОТЗЗ жеке профилактикасына(полиция қызметіне)— 29% бөлінген. 4-кесте. Әр бағытқа бөлінген шығын құны, біреуіне бөлінген қаржы көлемі Шығын бағыты Әкімшілік өндіріс Қылмыстық өндіріс ОТЗЗ бойынша жеке профилактика шарасы (полиция қызметі) Сомасы, теңге 755 339 065 1 626 536 160 1 296 762 240 саны 44 974 1 020 81 668 біреуіне бөлінгені 1 679 502 1 594 643,29 1 587 846 Бұл цифрлар барлық шығынның басым бөлігі қылмыстық өндіріске, ал аз ғана бөлігі әкімшілік өндіріске жұмсалатынын растап отыр. Сонымен қатар 2021 жылы ОТЗЗ саласында құқық бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке қарағанда әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар саны 44 есе көп болған. Сонымен қатар зорлық-зомбылықты қылмыс деп қарастырғаннан, қылмыс ретінде қарастырмаған мемлекетке 48 есе арзан түседі. Оның үстіне тұрмыстағы зорлық-зомбылықты декриминалдандыру шығынын есептегенде негізге алынатын құқық қорғау мен сот жүйелерінің шығыны сол күйі қалады, бұл шығын тұрмыстағы зорлық-зомбылық азаюына немесе көбеюіне еш әсер етпейді. Сөйтіп, қазір тұрмыстағы зорлық-зомбылық көбіне зорлық-зомбылық құрбанының өз денсаулығын құртуы, өмір сүру сапасы нашарлауы, еңбек өнімділігін жоғалтуы түріндегі ауыртпалық болып отыр және ортамерзімді кезеңде адам капиталы сапасын жоғалту және тұрмыстағы зорлық-зомбылық салдарынан еңбекке жарамсыз болып қалған құрбандарды бюджет есебінен асырап-бағу қажет болғандықтан, экономика мен қоғамға ауыртпалық салады. Демек, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы барлық құқық бұзушылықтарды әлде де мұқият сараптап, тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа жол ашатын заңнамалық, институттық және қоғамдық нормаларды жою керек, зорлық-зомбылық қайталануына жол бермейтін, 15 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау керісінше, тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың жасырын түрлерін табуға жол ашатын амалдарды қарастыру керек, агрессорларды міндетті түзеу бағдарламасын енгізу керек. Дағдарыс орталықтары арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету Заңнамаға сәйкес жәбірленуші деп танылған адам белгілі бір арнаулы әлеуметтік қызметтерді пайдалана алады. 2017 жылы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму ми нистрлігі тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартын 6 әзірлеген, яғни жәбірленуші дағдарыс орталықтарында, арнайы панада(үй-жай), әлеуметтік көмек орталығында және басқа да ұйымдарда әлеуметтік көмек ала алады. Бұл стандартқа сәйкес тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандары осы жерлерде уақытша күндіз немесе тәулік бойы алты айға дейін қала алады. ¾ ¾ 2021 жылы дағдарыс орталықтары арқылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді қаржыландыруға мемлекеттен 765 млн теңге немесе тұрмыстағы зорлық-зомбы лық профилактикасына жұмсалатын тұтас қаржының 17% бөлінген. Бұл шығынға әйелдердің(балалардың да) дағдарыс орталықтарында(үй-жайда) тұру шығыны да кіреді.«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңның 1-бабына сәйкес,«арнау лы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін жеке және(немесе) заңды тұлғалар». Сөйтіп, арнаулы әлеуметтік қызметті мемле кеттік мекемелер де, үкіметтік емес ұйымдар да көрсетеді. Жолдаған сауалымызға берілген жауаптарға сүйенсек, дағдарыс орталықтары қызметі республикалық бюджеттен қаржыландырылады, яғни бұл – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жоспардағы трансферті, сондай-ақ жергілікті бюджет пен мемле кеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы тікелей қаржыландырылады. 6 Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы заңы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 1079 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20 қаңтарда № 14701 болып тіркелді. 16 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау 5-кесте. Дағдарыс орталықтарын қаржыландыру, 2021 жыл Аймақ РБ-дан ЖБ-дан қаржыландыру, қаржыландыру, теңге теңге АӘҚ-ті мемтапсырыс арқылы қаржыландыру, теңге Астана қ.-/- 39 246 000 28 911 492 Ақмола 3 989 000 67 827 000-/Ақтөбе 5 431 000 18 497 000 20 310 000 Алматы қ. 2 422 000 91 800 000-/Алматы обл. 2 581 000 56 840 000-/Атырау-/- 20 959 800 2 680 000 БҚО 2 628 000 78 235 000-/Жамбыл 3 484 000 120 422-/Қарағанды 1 125 000-/- 124 010 407 Қостанай 3 633 000 42 001 000 1 399 850 Қызылорда 2 850 000 56 593 000-/Маңғыстау 2 607 000- /--/Павлодар-/- 209 835 6 700 000 СҚО 2 850 000 28 648 450-/Түркістан 6 715 000 26 993 220 -/ШҚО 3 624 000 9 322 000-/Шымкент-/--/--/Жиыны: 43 939 000 537 292 727 184 011 749 Жиыны: 765 243 476 * Дереккөз: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, әкімдіктер ұсынған деректер Жиыны, теңге 68 157 492 71 816 000 44 238 000 94 222 000 59 421 000 23 641 800 80 863 000 3 604 422 125 135 407 47 034 150 59 443 000 2 607 000 6 909 835 31 498 450 33 708 220 12 946 000 765 243 476 Кестеден көріп отырғанымыздай, дағдарыс орталықтарына ең көп қаржы Қарағанды облысында(125 млн теңге), Алматы қаласында(94 млн теңге) және БҚО-да(81 млн тең ге), ал ең азы Маңғыстау(2,6 млн теңге), Жамбыл(3,6 млн теңге) және Павлодар(6,9 млн теңге) облысында бөлінген. Бірқатар аймақтарда дағдарыс орталықтары қызметін мемлекеттік әлеуметтік тап сырыс арқылы үкіметтік емес ұйымдар қосымша қаржыландырған, ал Қарағанды облы сында(ең көп қаржыландырылған) арнаулы әлеуметтік қызмет негізінен мемлекеттік тапсырыс арқылы қаржыландырылған. Дегенмен, Қарағанды облысы Полиция департа ментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобының аға инспекторы 7 Гүлбану Сәтпаева-Алпысбаеваның айтуын ша,«мемлекеттік дағдарыс орталықтары жетіспейді», ал мемлекеттік әлеуметтік тапсы рыс бойынша тендермен жұмыс істейтін дағдарыс орталықтары тұрақты емес және бел гілі бір жобаны жүзеге асыру кезінде ғана жұмыс істейді. Дағдарыс орталықтары жетіс пейтіні, әсіресе, ауылдық жерлерде анық байқалады. Тұрақты жұмыс істейтін дағдарыс орталықтары әлі де қажет, бұл орталықтар ОТЗЗ құрбандарының жедел әлеуметтік кө мек алуына кепіл болып отыр. 7 https://strategy2050.kz/ru/news/krizisnye-tsentry-neobkhodimy-v-kazhdom-regione-inspektor-po-zashchite-zhenshchin-otnasiliya/ 17 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау 6-кесте. Дағдарыс орталықтарындағы(үй-жайдағы) арнаулы әлеуметтік қызметтер ауқымы, 2021 жыл Аймақ Әйелдер Балалар Астана қ. 100 209 Ақмола 54 71 Ақтөбе 43 86 Алматы қ. 128 261 Алматы обл. 33 75 Атырау 22 67 БҚО 38 74 Жамбыл 112 78 Қарағанды 47 27 Қостанай 40 85 Қызылорда 104 240 Маңғыстау 55 64 Павлодар 59 91 СҚО 28 46 Түркістан ШҚО 56 65 Шымкент Жиыны 616 1000 *Дереккөз: әкімдіктер мен дағдарыс орталықтары ұсынған мәліметтер Жалпы ауқымы 309 125 129 389 108 89 112 190 74 125 344 109 150 74 92 121 2357 Сөйтіп, тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдер мен балаларды ең көп қамтып отырған аймақтар— Алматы қ.(389 адам), БҚО(344) және Астана қ.(309), ал ең аз қамтығандары— Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан(74), Атырау(89) мен Түркістан облысы(92). Кестеге қарап, Алматы қаласы мен БҚО-да қаржыландыру ауқы мы үлкен,(мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы) дағдарыс орталықтарын ең көп қаржыландырған Қарағанды облысында тым аз екенін байқаймыз. Қазақстанның жанжақты ақпарат берген үш аймағында мемлекет дағдарыс орталықтары мен үкіметтік емес ұйымдар арқылы 1 616 адамға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетсе, оның мыңы немесе 61% кәмелет жасына толмаған балалар екен. Сонда орта есеппен әр құрбанға 1,6 баладан келіп тұр. Құқық қорғау органдары академиясының ведомствоаралық ғылыми-зерттеу инсти тутының сараптамасында жазылғандай,«үйдегі зорлық-зомбылықтың көбі жасырын қалады. Тиран күйеуінен зардап шегетін әйелдердің 70 – 90% ұзақ уақыт бойы полицияға хабарласпай жүре береді». 8 Бұл тезисті ғалым Н.К. Абдрахманова мен Е.О. Алауханов та қолдап,«Латентность домашнего насилия в Республике Казахстан на современном эта пе» 9 деген мақаласында«тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы сұрағымызға жауап берген құрбандардың 66,7% көмек сұраған» дейді. Демек, 2021 жылы түскен 114 мың арыз отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық саласындағы барлық құқық бұзушы лықтың 25% ғана болуы мүмкін. Бұл жағдайда зорлық-зомбылыққа куә болған 8 https://academy-gp.kz/?p=10638&lang=ru 9 https://cyberleninka.ru/article/n/latentnost-domashnego-nasiliya-v-respublike-kazahstan-na-sovremennom-etape/viewer 18 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау балаларды, жасырын қалған жайттар статистикасын ескерсек, 700 мыңнан асуы мүмкін. Демек, балалардың дені үйдегі зорлық-зомбылыққа куә болған және қосымша көмек қажет етеді. Зорлық-зомбылыққа куә болған балалар тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың ресми статистикасына кірмейді, сөйтіп, жалпы деректен тыс қалады, оларға бағыттал ған арнайы реабилитация мен басқа да көмек түрлері әзірленбейді. Зорлықзомбылықпен күрес шығынын есептегенде отбасындағы зорлық-зомбылық жанама ке сірін тигізген балаларға көмек көрсету шығынын да ескеру керек. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс 10 пен гранттарды қаржыландыру 2021 жылы тұрмыстағы зорлық-зомбылық бағытындағы мемлекеттік әлеуметтік тап сырыстың(МӘТ) жалпы көлемінің 96% дағдарыс орталықтары арқылы арнаулы әлеу меттік қызметтерді қаржыландыруға бөлінген және 4%(9,5 млн теңге) ғана тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан сақтандыруға қатысты әлеуметтік маңызды жобаларды іске асы руға бөлінген. Мемлекеттік сатып алу порталында«Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зом былық профилактикасы» тақырыбында бары 9 592 928 теңгеге 11 жеті шарт жасалған және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығынан 15 000 000 теңгеге бір грант бөлін ген. 2021 жылы тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасына кеткен жалпы шы ғын 24 592 928 теңге болған. 2-график. 2021 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жұмсалу бағыты, млн теңге 9,5 184 арнаулы әлеуметтік қызметтер профилактика 10 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. МӘТ«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы»(№36, 2005 жылғы 29 сәуір) заң аясында реттеліп, іске асады. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша шаралар мемлекеттік тапсырысты іске асыру ережесіне сай жүреді. Қызмет көрсетушілер конкурс арқылы анықталады. Жергілікті әкімдік тапсырыс беруші болады(ішкі саясат бөлімі және басқа да меморгандар). 11 Мәлімет«Датаномикс» мемлекеттік сатып алуға мониториң жасау және сараптау жүйесінен алынған. 19 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау Бұл мәлімет«Датаномикс» мемлекеттік сатып алуға мониториң жасау және сараптау жүйесінен алынған. Шарттарды іздегенде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жобалар сипаттамасындағы кілт сөздерді(яғни отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зом былық профилактикасына тікелей бағытталған жобаларды іріктеп қостық) пайдалан дық. Сөйтіп, МӘТ-ті бұлай іріктеуге«отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық профи лактикасы»,«зорлық-зомбылық құрбаны» сияқты нақты сөз тіркестерін қолдандық. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасына жанама қатысы бар ісшаралар мем лекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша басқа жобаларға да жататынын естен шығарма дық, өйткені бір жобада бірнеше тақырып бағытын біріктірген мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар да бар. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар бойынша жүктеліп алынған деректерді сарап тау барысында 2021 жылы барлық аймақ тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактика сы бойынша жекелеген жобаларды қаржыландырмағаны анықталды. 7-кесте. Отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларының саны мен қаржыландыру сомасы Аймақ Жоба саны Сатып алу қорытындысы бойынша сомасы 1 Ақмола облысы 2 3 456 500 2 Алматы облысы 1 1 071 428 6 БҚО 2 4 170 000 4 Қарағанды облысы 1 400 000 5 Қостанай облысы 1 495 000 6«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» АҚ 1 15 000 000 7 Жиыны 24 592 928 *Дереккөз: goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу порталы мен«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» АҚ сайты Бұл жобалар отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандарына, көбіне әйелдер мен балаларға көмектесуге бағытталған. Жобалар аясында семинар, дөңгелек үстел, трениң, акция өткізу сияқты ісшаралар жоспарланған. 8-кесте. Жобалар тізімі № Тапсырыс беруші Жеткізуші Шарт сомасы, теңге 1.«Қостанай ауданы«Қостанай облысының пси- 495 000 әкімдігінің«Ішкі хологтар қауымдастығы» саясат бөлімі» мем- қоғамдық бірлестігі лекеттік мекемесі Жоба атауы Отбасы құндылықтарын көтеру және насихаттау, отбасы институтын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы Техникалық ерекшелігінің қысқаша сипаттамасы Семинар өткізу, видеролик түсіру 20 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау 2«СҚО Жамбыл ау-«Адам және қоғам» үкімет- 1 071 428 дандық ішкі саясат, тік емес ұйымы» қоғамдық мәдениет, тілдерді бірлестігі дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі 3«Қарағанды облысы «Қарағанды облыстық 400 000 Приозерск қалалық жастар мен балалар ұйымішкі саясат, мәде- дарының одағы» жастар ниет және тілдерді қоғамдық бірлестігі дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі 4«Ақмола облыстық «QAZAQSTAN JASTARY» қоішкі саясат басқарғамдық қоры масы» мемлекеттік мекемесі 2 990 000 5 БҚО Бөрілі ауданы «Ақсай жастары» жастар әкімдігі«Бөрілі ауқоғамдық бірлестігі дандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі 1 000 000 6 Ақмола облысы «Қорғалжың аудандық 466 500 «Қорғалжың ауданіскер әйелдер қауымдастыдық еңбекпен қамту ғы» қоғамдық бірлестігі және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 7 БҚО«Орал қалалық «Жайық таңы» қоғамдық ішкі саясат бөлімі» бірлестігі мемлекеттік мекемесі 695 835 Этносаралық, конфессияаралық қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту, гендерлік саясатты жүзеге асыру және әйелдердің отбасындағы қатынасын нығайтуды іске асыру, тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың кез келген түріне төтеп беруге қатысты ісшаралар ұйымдастыру және өткізу Қиындыққа тап болған әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша«Үйдегі зорлық-зомбылық – дәстүр емес, қылмыс» тақырыбына семинар ұйымдастыру және өткізу Ісшаралар өткізу, үнпарақ тарату, БАҚ-та жариялау және т.б. семинар өткізу, буклет дайындау Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру аясында тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарға психологиялық және құқықтық көмек көрсетуге бағытталған ісшаралар ұйымдастыру Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында неке және отбасы институтын нығайтуға бағытталған ісшаралар кешенін, отбасылық құндылықтарды насихаттау және тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасын өткізу Тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен және қиындыққа тап болған адамдарға кеңес беру, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету аясында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық және суицид профилактикасы» дағдарыс орталығын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру аясында ісшаралар ұйымдастыру/өткізу бойынша қызмет көрсету – отбасылық құндылықтарды насихаттау және тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасы бағытында ісшаралар өткізу Трениңдер, оқу курстарын, арнайы акциялар және т.б. өткізу отбасылық конкурстар, сауалнама, рейд 8 семинар өткізу, кемі 1 рет іссапарға шығу отбасылық конкурс өткізу Сөйтіп, жобалардың техникалық ерекшеліктерін 12 сараптау барысы тұрмыстағы зор лық-зомбылықтың жалпы жағдайы мен жеке-жеке өткізілетін ісшаралар арасында өзара байланыс жоқ екенін, негізінен тұрмыстағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендетуге 12 Техникалық сипаттама мемлекеттік сатып алу туралы шарттың ажырамас бөлігі саналатынын, онда жазылған барлық ісшаралар міндетті түрде өткізілуі керек екенін еске саламыз(ісшараны көбейту, жақсарту жағын жеткізуші жасай алады). 21 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау барынша аз септігін тигізетін дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізумен шектелетінін көрсетіп отыр. Жалпы саясатты, соның ішінде тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларын әр аймақтың ерекшелігіне қарай тақырып бойынша бөліп, біріктіріп, реттейтін және іске асыратын, жұмысты үйлестіріп отыратын ортақ мекеменің жоқ болғаны осы жайтқа бірден-бір себеп. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстан бөлек, әлеуметтік маңызы бар жобаларға грант бөлетін«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» АҚ 2021 жылы«Дағдарыс орталықтарының қызметін жетілдіру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және агрессорлармен жұмыс жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру» жобасына 15 млн теңге бөлген. 2021 жылы«Қазақстанның тең құқық және тең мүмкіндік институты» қоғамдық қоры Қазақстан аймақтарында тұрмыстағы зорлық-зомбылықты болдырмау механизмдерін жетілдіру жөніндегі республикалық жоба кеңсесін құру туралы жобасын іске асырған. Жоба аясында мынадай нәтижеге жету жоспарланған: 13 - Қазақстан Республикасы заңнамасын, соның ішінде дағдарыс орталықтарына қатысты заңнаманы жетілдіру туралы сараптама жасау және ұсыныстар әзірлеу; - республиканың 17 аймағындағы тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 700 әйел мен балаға психологиялық көмек көрсету; - республика аймақтарындағы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау және кәмелетке толмағандармен жұмыс жөніндегі 75 инспектордың білігін арттыру және құзыретін көтеру; - республиканың барлық аймағындағы азаматтар(кемінде 4 500 адам) тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі дағдарыс орталықтарының қызметі туралы көбірек білуі үшін жұмыс істеу; - 17 аймақтағы тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі дағдарыс орталықтарының қызмет көрсету сапасын жақсарту; - аймақтардағы дағдарыс орталықтарының жұмысына жүргізген мониториң қорытындысына сүйеніп, қазақша және орысша анализ жасап, баяндама әзірлеу; - әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау және кәмелетке толмағандармен жұмыс жөніндегі инспекторларға арнап агрессормен қалай жұмыс істеу керегін түсіндіретін қазақша және орысша нұсқаулық дайындау; - әлеуметтік желілерге жарияланымдар, газеттерге мақалалар жазу және аймақтық және республикалық телевидениеге сұхбат беру. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен мемлекеттік гранттар аясында әлеуметтік жобаларды іске асыру барысындағы ең өзекті мәселелер: таңдап алынған әдіс тиімділігі, тұрақты нәтиже және қаржыландыру көлемі мен өткізілетін ісшаралар санының сәйкес келуі. 3. Зерттеу жүргізу барысындағы ақпарат алу Бұл зерттеу жұмысы – зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жолында бюджет қаржысы қалай жұмсалып жатқанын сарапқа салған алғашқы талпыныс, сондықтан мемлекеттік органдар ақпарат беруге жан-жақты көмек берсе – мүдделі тараптардың бәрінің бірлескен жұмысына айтарлықтай үлес қосар еді. 2022 жылғы шілдеден қыркүйекке дейінгі аралықта 53 сауал жолдадық. 53 жазбаша және 30 электрон сауалдың 12% жауапсыз қалды, 33%-ға жуығын алған мекеме басқа мекемеге жолдаған немесе сұраған ақпаратты толық бермеген. Дегенмен көбі(55%) сұраған ақпаратты толық берген. 13 Әлеуметтік жобаның толық сипаттамасы, 2021 жылғы 1 наурыздағы №5 грант туралы шартқа №3 қосымша. https://cisc.kz/ projects/razrabotka-i-realizacziya-mer-po-sovershenstvovaniyu-deyatelnosti-krizisnyh-czentrov-profilaktike-semejno-bytovogonasiliya-i-rabote-s-agressorami 22 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау Мемлекеттік органдарға жолданған сауалдарға берілген жауаптар Жауап бермеген Толық емес және басқа мекемеге жолдаған Толық жауап берген Денсаулық сақтау ұйымдары психологиялық көмек көрсету фактілерінің есебі мен құжатын жүргізбейді деуге болады, ал онысы мәліметтердің толық болуына және зерттеу аясында барлық шығынды объектив бағалауға әсер етеді. Сондай-ақ Жоғарғы соттан толық жауап ала алмадық, себебі сұрап отырған ақпаратымызға есеп жүргізілмейді немесе«қызмет бабында пайдалану үшін» санатына жататындықтан, ол ақпаратты ала алатындар қатарын шектеп қойған. Зерттеу жұмысымыз отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық саласында жан-жақты статистика жүргізгенде кемшіліктер барын және тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасы субъектілерінің бәрінде бар мәліметтерді осы саладағы жағдайды ортақ бағалап, сарапқа салу үшін біріктіру керегін көрсетіп отыр. 4. Әдістеме Бұл зерттеу жұмысы тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі 2021 жылғы шараларды, соның ішінде осы бағыттағы мемлекеттік шығынды сарапқа салып, әрі қарай түйіндеп, бағалайды. Жоба әдістемесі ресми сауалдар нәтижесіне және әлеуметтік сауалнама жүргізбей-ақ құжаттарды сараптау секілді көпшілік оқи алатын ашық дереккөздегі ақпаратқа сүйенген. Анализ пәні – Қазақстанның отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы күш қолдану зорлық-зомбылығына қарсы күреске жұмсаған 2021 жылғы шығыны. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасы мен оған қарсы күрес шығынының нақты құны мен басты бағыттарын анықтау үшін тұрмыстағы зорлық-зомбылық бойынша жеке профилактиканың он шарасын 14 мынадай бес топқа бөлдік: 14 Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңы, 17-бап 23 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау 1. Әкімшілік өндіріс. 2. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық бойынша жеке профилактика шаралары(полиция қызметі). 3. Қылмыстық өндіріс. 4. Дағдарыс орталықтарын(арнаулы әлеуметтік қызметтерді) қаржыландыру. 5. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасына бөлінген мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар және гранттар. «Әкімшілік өндіріс» тобына мына жұмыстарға кеткен шығын жатады: полицияның 102 пультіне хабарласу; тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің сотмедицина сараптамасына кеткен шығын; сотта зорлық-зомбылық жасаған адамдар ісін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекске сүйеніп қарауға кеткен шығын; сот қаулысымен әкімшілік қамауға алынғандарды ұстау шығыны; тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандарына медициналық көмек көрсету шығыны. «Жеке профилактика шаралары» тобына полицияның қорғау нұсқамасы мен ерекше талаптар шығару және бақылаушы қызметіне, сондай-ақ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлардың қызметіне жұмсалатын шығын жатады. «Қылмыстық өндіріс» тобы шығынына отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық саласында жасалған құқық бұзушылықтарды сотта қарау шығыны мен сотталғандарды бас бостандығынан айыру орындарында ұстау шығыны кіреді. «Дағдарыс орталықтарын(тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді) қаржыландыру» тобы шығынына республикалық және жергілікті бюджеттен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін үкіметтік және үкіметтік емес дағдарыс орталықтарын қаржыландыру жатады. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс» тобы шығынына жергілікті және республикалық бюджеттен бейкоммерциялық ұйымдардың тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасына қатысты жобаларын қаржыландыруға және бөлінген гранттарға кеткен шығын кіреді. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасы мен оған қарсы күрестің шығынын анықтағанда жалпы полиция мен сот шығынынан тұрмыстағы зорлық-зомбылық саласына кеткен шығынды ғана бөліп алдық. Сондай-ақ сот қызметі шығынын есептегенде қылмысты қарауға кететін ең аз уақытты алдық, ал ол орташа көрсеткіштен бірнеше есе көп болуы да мүмкін. Сондықтан зерттеу нәтижесі қолда бар мәліметтерге сүйене отырып, тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы күреске кететін ең аз шығынды көрсетіп отыр. Ақпарат көзі: тиісті мемлекеттік органдарға жолданған сауалдар жауабындағы деректер, Ұлттық статистика бюросының мәліметтері, мемлекеттік сатып алу порталындағы статистика, БАҚ-та ресми жарияланған мәліметтер. Бұл зерттеу жұмысында тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандарының жеке шығынын, сондай-ақ өмір сүру сапасы төмендеуі, еңбекке жарамай қалуы, кірісінен айырылуы және шетелдік зерттеу жұмыстарында ескерілетін өзге де шығын түрлері есепке алынған жоқ, есепке алынған жағдайда тұрмыстағы зорлық-зомбылық бойынша мемлекет өткізетін профилактика мен оған қарсы күреске кететін тікелей шығын бірнеше есе көп болуы мүмкін. Мұндай бағалау үйдегі зорлық-зомбылықтың болашақ құнын объектив бағалау үшін аса маңызды. 24 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау Қорытынды және ұсыныстар Кейінгі бес жылда тіркелген үйдегі зорлық-зомбылық статистикасы екі еседен көбірек өскені осы бір жағымсыз құбылыспен күрес жолында батыл болып, тиісті амалын жасау керегін көрсетіп отыр. 2021 жылғы үйдегі зорлық-зомбылық бойынша статистикаға сүйенсек, полицияға түскен арыздардың 40% ғана сотқа жететінін, ал сотқа жеткен істердің 39%-на ғана екі сағаттан үш тәулікке дейін қамауға алу сияқты әкімшілік жаза кесілгенін көрсетіп отыр. Тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің қазіргі жай-күйі жәбірленуші құқығының көбірек қорғалуына да, агрессордың зорлық-зомбылықты қайталамауына да әсер етпейді. 2021 жылы үйдегі зорлық-зомбылыққа мемлекеттен 4,5 млрд теңге шығын шыққан, соның 765 млн теңгесі(17%) ғана тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік көмек көрсету және үйдегі зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша әлеуметтік маңызы бар жобаларға кеткен. Үйдегі зорлық-зомбылыққа қарсы күрес шығынының айтарлықтай бөлігі, тіпті үйдегі зорлық-зомбылық түбегейлі жойылса да жұмсала беретін құқық қорғау және сот жүйесіне тиесілі. Демек, мемлекет бұл салаға жеткілікті қаржы бөліп отырған жоқ, үйдегі зорлық-зомбылық профилактикасы мен құрбандарға дағдарыс орталықтары арқылы көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге бөлінетін қаржы көлемі жеткіліксіз. Дағдарыс орталықтары тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің 15%-ын ғана толық қамти алады, демек, бұл – аудандардағы, ауылдық жердегі жәбірленушілер(әйелдер, балалар) дағдарыс орталықтарына жете алмайды деген сөз. 2021 жылғы қорытындыға сүйенсек, тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерді алғандардың 61% – үйдегі зорлық-зомбылыққа куә болған балалар. Дегенмен тұрмыстағы зорлық-зомбылық фактілерін құжатқа түсіргенде зорлық-зомбылыққа куә болған балалар статистикаға енбеген, сөйтіп, балалар арнайы көмек көрсету жүйесінен тыс қалып, оларға арнайы реабилитация бағдарламасы мен басқа да көмек түрлері әзірленбеген. Зорлық-зомбылыққа куә 25 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау болған балаларды есепке алу отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық жағдайын толық бағалауға және оларға қандай көмек көрсетуге болатынын анықтауға қажет. Жасырын статистиканы ескерсек, зорлық-зомбылыққа куә болған балалар саны 700 мыңнан асуы мүмкін. Заңнамада зорлық-зомбылық жасаған адамдарға психологиялық көмек көрсету мен түзеу бағдарламасы бойынша жұмыс істеу жағы қарастырылған. Дегенмен зерттеу ая сында мұндай бағдарламалар іс жүзінде орындалмайтыны және қаржыландырылмай тыны анықталған. Тұрмыстағы зорлық-зомбылықты қылмыс деп танымау, оған лайық және бұлтартпас жаза болмағаны құрбан жағдайын нашарлатып, қылмыс қайталануына себеп болады. Заңнамада тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың төрт түрі(күш қолдану, психология лық, сексуалдық және(немесе) экономикалық) жазылған, дегенмен мемлекет күш қол дану зорлық-зомбылығына қарсы күреске ғана мән беріп отыр. Психологиялық және экономикалық зорлық-зомбылық бойынша статистика жүргізілмейді. Бұларға қатысты мәліметті зорлық-зомбылық құрбандары дағдарыс орталықтарына келгенде толтыра тын сауалнамадан ғана ала аламыз. Дегенмен бұл мәліметтер әрі қарай статистика жүр гізуге немесе отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық саласындағы жағдайды тал дауға пайдаланылмайды. Психологиялық және экономикалық зорлық-зомбылықты құ жатқа түсіру және статистикасын жүргізудің механизмі мен рәсімі жоқ. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы» заңнамасында отбасылық-тұрмыс тық қарым-қатынастар ұғымына«ерлі-зайыптылар, бұрынғы ерлі-зайыптылар, бірге тұратын немесе бірге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы(балалары) бар адамдар арасындағы қатынас» деп анықтама берген. Бірақ ресми статистикада тұрмыс тағы зорлық-зомбылық құрбандарының жынысы мен жасы, қандай жарақат алғаны жа зылмаған, яғни тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдердің, ерлердің, балалардың, қарттардың, мүгедектігі бар адамдардың және басқа да адамдардың саны туралы жария мәлімет жоқ. Бұлай бөліп көрсету жағдайды жыныс пен жас параметрлері бойынша барынша толық бағалауға және құрбанның денсаулығына қандай зиян келге нін мүмкіндігінше дәл анықтауға мүмкіндік берер еді. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы» заңнамада тұрмыстағы зорлық-зомбылық кезінде зиян шеккен адамға қатысты«жәбірленуші» деген ұғым бар, бірақ зиян келтір ген адамға қатысты«агрессор» деген ұғым жоқ. Бұл кемшілік үйдегі зорлық-зомбылық қа қарсы күрестің жалпы жағдайына әсер етеді, өйткені мемлекеттік органдар бар кү шін жәбірленуші тарапты қорғауға, тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетуге салады, ал агрессорлармен жұмыс істейтін нақты шара жоқ. Анализ нәтижесі нен үйдегі зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі негізгі қызмет құқықтық әрекет тер мен жәбірленуші тарапқа арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге байланысты екенін байқаймыз. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттар аясында тұрмыстағы зорлық-зомбы лық профилактикасына жеткілікті қаржы бөлінбейді. Үйдегі зорлық-зомбылық профи лактикасына тікелей қатысы бар әлеуметтік маңызды жобаларды қаржыландыруға 24 26 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау млн теңге жұмсалған, оның 15 млн теңгесі«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» АҚ грантына тиесілі. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша қаржыландырылған жобаларға жасалған анализден осы тақырыптағы ісшараларға аймақтардың бәрі бірдей қаржы бөлмейтінін, тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың жалпы жағдайы мен өткізілетін ісшаралар арасында өзара байланыс жоқ екенін байқаймыз. Ісшаралар бір-бірін толық тырып тұрған жоқ, сонымен қатар нәтижесі тұрмыстағы зорлық-зомбылық деңгейі тө мендеуіне әсер ете қоймайтын дөңгелек үстел, семинар өткізумен шектеледі. Тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың осыған дейін айтылған аспектілері бойынша есеп жүргізілмегені және құжатқа түспегені елдегі үйдегі зорлық-зомбылық жағдайын жал пы бағалауға кері әсер етіп отыр. Ведомствоаралық байланысты үйлестіруге арналған ереже мен тиісінше отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасы субъ ектілері саналатын органдардың бәрі жасап отырған амалдар қаншалықты тиімді еке нін бағалайтын жүйе болмағандықтан, үйдегі зорлық-зомбылық мәселесі бойынша мә лімет жеткіліксіз болып отыр. Отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилак тикасы мен оған қарсы күрес жүргізетін барлық тарап жұмысын үйлестіретін орган жоқ, сондықтан күрестің ортақ стратегиясы да жоқ. Отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зом былық профилактикасы субъектілерінің жұмысын үйлестіріп отыратын орган болса, барлық атқарылып жатқан жұмыстарды сараптап, бағалап, зорлық-зомбылыққа қарсы ортақ ереже қалыптастыруға болады. Ұсыныстар: ¾ ¾ тұрмыстағы зорлық-зомбылықты қылмыс деп тану мәселесін қарастыру және зор лық-зомбылық қайталанбауы үшін шара жасау; ¾ ¾ заңнамада тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізетін барлық тарап тың ведомствоаралық өзара әрекеттестігі мен үйлестіруге және жағдайдың жыл сайынғы бағалауын ескере отырып, зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің ортақ стратегиясын әзірлеуге жауапты органды белгілеу; ¾ ¾ заңнамада тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасы субъектілерінің бәрі нен ақпарат алу және жалпы жағдайды бағалаудың тиімді механизмін қамтамасыз ету үшін ведомствоаралық регламент белгілеу; ¾ ¾ елдегі барлық аймақта тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағ дарыс орталықтарын ашу және олардың қаржыландыруын бірізге түсіру; ¾ ¾ тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа куә болған балалар санын анықтау, ондай бала ларға арналған реабилитациялық бағдарлама дайындау; ¾ ¾ психологиялық және экономикалық зорлық-зомбылықты есепке алатын жауапты органды белгілеу, оны анықтаудың нақты критерийлері мен көрсеткіштерін және құжатқа түсіру мен тіркеу жолдарын нақты белгілеп алу; ¾ ¾ отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қатысты жағдайды толық бағалау үшін тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандарының жынысы мен жасын, қандай жарақат алғанын анықтап, статистикасын жасау; 27 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау ¾ заңнамаға«агрессор» ұғымын енгізу керек, бұл осы санаттағы адамдарға міндетті түзеу бағдарламасын енгізу үшін қажет; ¾ агрессорларға міндетті түзеу бағдарламасын өтуді заң жүзінде бекіту; ¾ әр аймақта тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі әлеуметтік маңызды жобаларды қаржыландыру жолын қарастыру, іске асырылатын жобалардың техникалық ерекшелігінде отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық саласындағы нақты мәселелерді, әсіресе, гендерлік теңдік, адам құқығы, ар-намысына тимеу, қадір-қасиетін төмендетпеу секілді негізгі құқықты насихаттау жолы көрсетілуі керек. 28 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау Дереккөз: 1.«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV Заңы. 2.«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Кодексі(23.07.2022 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген). 3.«Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 23 мамырдағы №232 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 22 маусымда №7030 тіркелді. 4.«Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №1097 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жығы 28 қаңтарда №12948 болып тіркелді. 5.«Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2006 жылғы 21 желтоқсандағы №1079 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20 қаңтарда №14701 болып тіркелді. 6. Sinéad A., Nata D., Srinivas R., Stacey S., O’Donovan D., 2017,«Methodological Approaches for Estimating the Economic Costs of Violence against Women and Girls». h t t p s:// w w w.w h a t w o r k s. c o. z a/ d o c u m e n t s/ p u b l i c a t i o n s/ 9 0- m e t h o d o l o g i c a l approaches-for-estimating-the-economic-costs-of-vawg/file. 7. KPMG, 2016«The cost of violence against women and their children in Australia». https://www.dss.gov.au/sites/default/files/documents/08_2016/the_cost_of_violence_ against_women_and_their_children_in_australia_-_summary_report_may_2016.pdf. 8. IWPR, Cynthia Hess, Ph.D., and Alona Del Rosario, M.A.,«Dreams Deffered: A Survey in the Impact of Intimate Partner Violence on Survivors`, Education, Careers and Economic Security». https://iwpr.org/iwpr-publications/report/dre… 29 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау I. ТҰРМЫСТАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТЕН КЕТКЕН ШЫҒЫНДЫ БАҒАЛАУ Құқық қорғау жүйесінің шығыны Құқық қорғау органдарының отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы күреске кеткен шығынын есептегенде тұрмыстағы зорлық-зомбылық фактісі туралы арыздар мен хабарламаларды қарау, профилактикалық есепке алу және профилактика лық бақылау, қорғау нұсқамасын жазу, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша өндірісті жүргізуге,«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профи лактикасы туралы» заңның 10-бабына сәйкес басқа да шараларға сүйендік. 1-көрсеткіш: 102 кезекші пульті қызметі Құнды есептеу үшін ішкі істер органдары қызметкерлерінің орташа еңбекақысы не гізге алынады, атап айтқанда, отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық фактілері бойынша 2021 жылы 102 пультіне түскен қоңыраулар(қоңырауға жауап беру, қызмет көрсету, есеп беру) туралы мәлімет алынады. ∑= 250 000 теңге: 21 ж.к.: 8 с.= 1 488 теңге Әр қоңырауға орта есеппен кезекшінің 1 сағат жұмыс уақыты кетеді деп алдық(рә сімдеу, есеп беру және т.б.). ∑= 1 488* Q мұндағы Q— әр аймақта түскен қоңырау саны Аймақ Астана қ. Ақмола Ақтөбе Алматы қ. Алматы обл. Атырау БҚО Жамбыл Қарағанды Қостанай Қызылорда 1-кесте. 102 пультіне тұрмыстағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша хабарласқандар саны ОТЗЗ бойынша 2021 жылы түскен қоңырау саны 17 134 2 610 6 459 22 039 3 262 Кезекшінің орташа еңбекақысы, теңге 250 000 250 000 250 000 250 000 250 000 1 сағаттың құны, теңге 1 488 1 488 1 488 1 488 1 488 Барлық қоңырауға төленгені, теңге 25 495 392 3 883 680 9 610 992 32 794 032 4 853 856 5 451 5 412 2 136 3 992 6 273 1 325 250 000 250 000 250 000 250 000 250 000 250 000 1 488 1 488 1 488 1 488 1 488 1 488 8 111 088 8 053 056 3 178 368 5 940 096 9 334 224 1 971 600 30 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау Маңғыстау Павлодар СҚО Түркістан ШҚО Шымкент Жиыны 2 767 9 502 1 719 1 042 6 944 15 977 114 044 250 000 250 000 250 000 250 000 250 000 250 000 1 488 1 488 1 488 1 488 1 488 1 488 4 117 296 14 138 976 2 557 872 1 550 496 10 332 672 23 773 776 169 697 472 2-көрсеткіш: Учаскелік инспектордың қызметі(қорғау нұсқамасы) Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрмыстағы зорлық-зом былық жасаған адамға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылады(«Тұрмыстық зорлықзомбылық профилактикасы туралы» заңның 20-бабы). Қорғау нұсқамасын учаскелік по лиция инспекторы шығарады, қорғау нұсқамасы кімге шығарылса, сол адамның қолына тиген күннен бастап отыз тәулікке дейін жарамды. Күнтізбелік жеті күнде кемі бір рет тексеріліп тұрады. Сөйтіп, үйдегі зорлық-зомбылыққа қарсы күреске жұмсалатын тікелей шығынның екінші көрсеткішіне учаскелік полиция инспекторларының қорғау нұсқамасын шығару ға және отыз тәулік ішінде профилактикалық бақылау жүргізген жұмыс уақытында ке тетін шығыны жатады. Есеп мынадай жолмен шығарылды: учаскелік инспектордың жұмыс құнын анықтау үшін оның айына 21 жұмыс күнін және күніне 8 сағат жұмыс уақытын ескере отырып, сондай-ақ әр қорғау нұсқамасын рәсімдеуге орта есеппен 2 сағат кетеді деп алып, орта ша еңбекақысын есептеп шығардық. Сондай-ақ заңнамаға сәйкес учаскелік инспектор тұрмыстағы зорлық-зомбылық жасаған адамға бару және әңгімелесу түрінде профилак тикалық есеп жүргізіп, бақылайды. Бақылауға кететін жұмыс уақыты: әр тексеруге 30 минут(30 күнде 4 рет). Учаскелік инспектор шығаратын қорғау нұсқамасы – агрессорға өзіндік«ескерту», одан әрі оған бюджеттен шығын шықпайды. Дереккөз: ҚР ІІМ-нің учаскелік полиция инспекторының 2021 жылғы орташа еңбека қысына қатысты сауалға берген жауабы және 2021 жылы шығарылған қорғау нұсқама сының саны жөніндегі дерегі. ∑= 250 000 теңге: 21 ж.к.: 8 с.= 1 488 теңге Әр қорғау нұсқамасына отыз күн ішіндегі бақылауды қосқанда, орта есеппен, учаске лік инспектордың 4 жұмыс сағаты кетеді(бұл жерде ең аз өлшемді алдық, ал нақты өл шем бұл көрсеткіштен асып кетуі мүмкін). ∑ 1= 1 488* 4* Q мұндағы Q— әр аймақтағы нұсқама саны 31 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау 2-кесте. 2021 жылғы қорғау нұсқамасы саны Аймақ ОТЗЗ бойынша 2021 жылы түскен қоңырау саны Кезекшінің орташа еңбекақысы, теңге Астана қ. 7 822 250 000 Ақмола 3 282 250 000 Ақтөбе 4 015 250 000 Алматы қ. 5 580 250 000 Алматы обл. 5 671 250 000 Атырау 2 298 250 000 БҚО 2 221 250 000 Жамбыл 3 725 250 000 Қарағанды 8 376 250 000 Қостанай 6 942 250 000 Қызылорда 2 041 250 000 Маңғыстау 2 984 250 000 Павлодар 6 052 250 000 СҚО 2 380 250 000 Түркістан 3 851 250 000 ШҚО 10 024 250 000 Шымкент 4 404 250 000 Жиыны 81 668 Дереккөз: ҚР ІІМ мәліметі(жолдаған сауалға берген жауабы) 1 сағаттың құны, Барлық қоңырауға теңге төленгені, теңге 1 488 1 488 1 488 1 488 1 488 1 488 1 488 1 488 1 488 1 488 1 488 1 488 1 488 1 488 1 488 1 488 1 488 46 556 544 19 534 464 23 897 280 33 212 160 33 753 792 13 677 696 13 219 392 22 171 200 49 853 952 41 318 784 12 148 032 17 760 768 36 021 504 14 165 760 22 921 152 59 662 848 26 212 608 486 087 936 3-көрсеткіш: Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сот тұрмыстағы зорлықзомбылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеуі мүмкін(22-бап). «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы кодексте ерекше талаптарға үш айдан бір жыл ға дейінгі мерзім бекіткен(ӘҚБтК 54-бабы). Құқық бұзушының мiнез-құлқына қойылатын ерекше талаптардың қолданылу мерзiмi аралығында оған профилактикалық әңгiмелесу үшiн айына бiр реттен төрт рет ке дейiн iшкi iстер органдарына келіп тұру мiндетi жүктелуi мүмкiн(ӘҚБтК 54-бабы). Ерекше талап уақыты үш ай деп бекітілген жағдайда, учаскелік полиция инспекторы профилактикалық әңгімелесуге кемі 4 сағатын жұмсайды. Дереккөз: ҚР ІІМ-нің учаскелік полиция инспекторының 2021 жылғы орташа еңбекақысына қатысты сауалға берген жауабы және 2021 жылы ерекше талаптардың саны жөніндегі дерегі ∑= 250 000 теңге: 21 ж.к.: 8 с.= 1 488 теңге Әр қорғау нұсқамасына отыз күн ішіндегі бақылауды қосқанда, орта есеппен, учаске лік инспектордың 4 жұмыс сағаты кетеді(бұл жерде ең аз өлшемді алдық, ал нақты өл шем бұл көрсеткіштен асып кетуі мүмкін). 32 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау ∑ 1= 1 488* 4* Q мұндағы Q— әр аймақтағы ерекше талаптар саны 3-кесте. Ерекше талаптар саны Аймақ ОТЗЗ бойынша 2021 жылы түскен қоңырау саны Кезекшінің орташа еңбекақысы, теңге Астана қ. 403 250 000 Ақмола 666 250 000 Ақтөбе 1 152 250 000 Алматы қ. 497 250 000 Алматы обл. 699 250 000 Атырау 559 250 000 БҚО 388 250 000 Жамбыл 367 250 000 Қарағанды 1 237 250 000 Қостанай 1 209 250 000 Қызылорда 460 250 000 Маңғыстау 205 250 000 Павлодар 655 250 000 СҚО 630 250 000 Түркістан 535 250 000 ШҚО 1 314 250 000 Шымкент 226 250 000 Жиыны Дереккөз: ҚР ІІМ мәліметі(жолдаған сауалға берген жауабы) 1 сағаттың құны, теңге 1 488 1 488 1 488 1 488 1 488 1 488 1 488 1 488 1 488 1 488 1 488 1 488 1 488 1 488 1 488 1 488 1 488 Барлық қоңырауға төленгені, теңге 2 398 656 3 964 032 6 856 704 2 958 144 4 160 448 3 327 168 2 309 376 2 184 384 7 362 624 7 195 968 2 737 920 1 220 160 3 898 560 3 749 760 3 184 320 7 820 928 1 345 152 66 674 304 4-көрсеткіш: Сот-медициналық сараптама Шығынның тағы бір түрі – сот сараптамасын жүргізуге кететін шығын. Мұны есептегенде бір сот-медициналық сараптамасының құнына және ҚР ӘҚБтК 73-1, 73-2 бабы бойынша қанша ОТЗЗ фактісі барын ескердік. Әділет министрлігі сауалымызға берген жауабында жазғандай,«осыған дейін аталған сот-медициналық сараптама аясында процесс жүргізетін органдар отбасындағы, тұр мыстағы зорлық-зомбылыққа қатысты істерден бөлек қылмыстық құқық бұзушылық тар, бұзақылық, азаптау және т.б. сүйеніп басқа да денеге зиян келтіру фактісі бойынша сараптама тағайындайды». 33 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау 4-кесте. Сот-медициналық сараптама саны Бап атауы Кесілуі мүмкін жаза түрлері ӘҚБтК 73-1-бабы денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру 15 АЕК мөлшерінде айыппұл не 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу, ескерту жасау немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу, 20 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу, 40 АЕК мөлшерінде айыппұл ӘҚБтК 73-2-бабы ұрып-соғу 10 АЕК мөлшерінде айыппұл не 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу, ескерту жасау немесе 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу, 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу, 30 АЕК мөлшерінде айыппұл ∑= 16 257 теңге* Q мұндағы Q— сараптама саны 5-кесте. ӘҚБтК 73-1, 73-2 бабы бойынша сараптама саны № Аймақ 73-1-бап 73-2-бап 1 Астана қ. 298 318 2 Ақмола 36 259 3 Ақтөбе 303 199 4 Алматы қ. 150 483 5 Алматы обл. 416 886 6 Атырау 123 350 7 БҚО 122 178 8 Жамбыл 195 115 9 Қарағанды 379 91 10 Қостанай 258 77 11 Қызылорда 378 264 12 Маңғыстау 247 233 13 Павлодар 303 135 14 СҚО 204 30 15 Түркістан 637 364 16 ШҚО 566 235 17 Шымкент 250 3 Жиыны * Дереккөз: ҚР ІІМ, ҚР Әділет министрлігінің мәліметі Сараптама құны, теңге 16 257 16 257 16 257 16 257 16 257 16 257 16 257 16 257 16 257 16 257 16 257 16 257 16 257 16 257 16 257 16 257 16 257 Барлық бап бойынша құн, теңге 10 014 312 4 795 815 8 161 014 10 290 681 21 166 614 7 689 561 4 877 100 5 039 670 7 640 790 5 446 095 10 436 994 7 803 360 7 120 566 3 804 138 16 273 257 13 021 857 411 302 147 694 845 5-көрсеткіш: Сот шешімдерінің саны «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңның 21-бабына сәйкес «Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы бар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу мақсатында және жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қорғау нұсқа масын шығару жеткіліксіз деп ұйғаруға негіздер болған жағдайда ішкі істер органдары ның лауазымды адамы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды арнаулы орында мәжбүрлеп ұстай отырып, іс-әрекет және жүріп-тұру бостандығынан уақытша айыруды көздейтін әкімшілік ұстауды жүргізеді». 34 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау 6-кесте. ҚР ӘҚБтК ОТЗЗ фактісі жөніндегі баптары 73-бап Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде қарастырылған әрекеттер он тәулiкке дейiнгі мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға себеп болады 73-1-бап 1 және 1-1-бөлігі. Он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу 2-бөлігі. Жиырма тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу 73-2-бап 1 және 1-1-бөлігі. Он тәулiкке дейiнгі мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу 2-бөлігі. Он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу 461-бап Қорғау нұсқамасын бұзу Бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу 669-бап Құқық бұзушының мінез-құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзу Жеті тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу 3-бөлігі. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанған, осы баптың екінші бөлігінде қарастырылған әрекеттер он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға себеп болады ∑= 500 000 теңге: 21 ж.к.: 8 с.= 2 976 теңге ОТЗЗ-ға қатысты әкімшілік іс бойынша сот шешімін шығаруға, орта есеппен, судья ның 1 жұмыс сағаты кетеді(бұл жерде ең аз өлшемді алдық, ал нақты өлшем бұл көрсет кіштен асып кетуі мүмкін). ∑ 1= 2 976* Q мұндағы Q— әр аймақтағы сот шешімі саны № Аймақ 1 Астана қ. 2 Ақмола 3 Ақтөбе 4 Алматы қ. 5 Алматы обл. 6 Атырау 7 БҚО 8 Жамбыл 9 Қарағанды 10 Қостанай 11 Қызылорда 12 Маңғыстау 13 Павлодар 14 СҚО 15 Түркістан 16 ШҚО 17 Шымкент Жиыны 73-бап 2 227 353 1 041 1 785 1 622 1 566 1 399 855 2 585 559 3 159 806 2 976 2 518 548 3 855 153 7-кесте. Әр бап бойынша сот шешімдерінің саны 73-1-бап 298 36 303 150 416 123 122 195 379 258 378 247 303 204 637 566 250 73-2-бап 318 259 199 483 886 350 178 115 91 77 264 233 135 30 364 235 3 461-бап 397 273 285 177 139 169 97 165 693 162 407 140 629 183 115 1 055 93 669-баптың, 2-бөлігі 146 65 244 150 89 198 79 51 326 32 254 66 166 296 53 474 14 Сомасы 20 153 472 5 868 672 12 332 544 16 338 240 18 760 704 14 320 512 11 160 000 8 219 712 24 248 448 6 475 776 26 557 824 8 880 384 25 051 968 19 230 912 10 219 584 36 813 120 3 053 376 267 685 248 35 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау 6-көрсеткіш: Ұстау/қамаққа алу(арнайы қабылдау орнында ұстау) Арнайы қабылдау орны – әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібі мен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабыл дауға және ұстауға арналған ішкі істер органдарының арнайы мекемесі. Сөйтіп, бұл көрсеткіш Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа байланысты бес бабы бойын ша әкімшілік қамауға алынған адамдарды ұстауға қанша шығын кеткенін көрсетеді. ІІМ жауабынан:«Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін ар наулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға қа мауда және уақытша ұстау изоляторында отырғандар үшін денсаулығы мен күш-қуа тын сақтауға жеткілікті деп белгіленген тамақ нормасы беріледі, материалдық-тұрмыс тық қажетімен қамтамасыз етіледі. ІІО арнайы мекемелерінде бір тәуліктегі тамаққа орта есеппен 1 адамға 1 500 теңге кетеді». ∑= Q* 1 500 теңге мұндағы Q – арнайы қабылдау орнындағы тәулік саны 8-кесте. Қамауға алынған адамдар саны ӘҚБтК бабы 73-бап 73-1-бап 73-2-бап Сот шешімдерінің саны 7 800 Арнайы қабылдау орнында 3 тәулік ұстау құны 1 500 Сомасы 35 100 000 Жиыны 79 411 500 * Дереккөз: ҚР ІІМ мен ҚР Бас прокуратурасының жауабы 1 589 1 500 7 150 500 887 1 500 3 991 500 461-бап 1 761 1 500 3 991 500 669-бап 5 610 1 500 25 245 000 7-көрсеткіш: Медициналық қызмет шығыны Бұл көрсеткіш медициналық көмек көрсетуге байланысты кеткен шығынды көрсете ді. Есептегенде 73, 73-1, 73-2 бабы бойынша барлық факт сомасы, сондай-ақ терапевке бір рет баратынын ескердік(бір рет терапевке барғаны ғана есепке алынды, басқа ана лизге, дәрі-дәрмекке және арнайы мамандардың қызметіне кеткен шығын есепке алынбады). ∑= 5 000 теңге* Q мұндағы Q— 73, 73-1, 73-2 бабы бойынша факт саны 36 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау 9-кесте. Баптар бойынша факт саны Аймақ 73-1, 73-2 бабы бойынша факт саны Терапевке кіру және емінің құны, теңге Астана қ. 616 10 000 Ақмола 295 10 000 Ақтөбе 502 10 000 Алматы қ. 633 10 000 Алматы обл. 1 302 10 000 Атырау 473 10 000 БҚО 300 10 000 Жамбыл 310 10 000 Қарағанды 470 10 000 Қостанай 335 10 000 Қызылорда 642 10 000 Маңғыстау 480 10 000 Павлодар 438 10 000 СҚО 234 10 000 Түркістан 1 001 10 000 ШҚО 801 10 000 Шымкент 253 10 000 Жиыны * Дереккөз: ҚР ІІМ мәліметі * Терапевтің бір рет тексергенде алатын нарықтағы бағасы Жалпы сомасы, теңге 6 160 000 2 950 000 5 020 000 6 330 000 13 020 000 4 730 000 3 000 000 3 100 000 4 700 000 3 350 000 6 420 000 4 800 000 4 380 000 2 340 000 10 010 000 8 010 000 2 530 000 90 850 000 Емделуге жүгінгендер саны отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық фактісіне тең. 8-көрсеткіш: ОТЗЗ фактісі бойынша қылмыстық істер Қылмыстық процестегі процестік мәжбүрлеу және қауіпсіздік шаралары Отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық саласындағы істер бойынша қылмыс тық өндіріске кететін шығынды толық есептеп шығу қиын, себебі бұған қатысты толық мәлімет алу мүмкін емес. Мысалы, жедел іздестіру қызметіне кететін шығынды есептеп шығу мүмкін емес. Есептеу үшін ҚР Қылмыстық кодекстің 99, 106, 107 бабы бойынша отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық саласындағы құқық бұзушылықтар жөнін дегі статистикаға сүйендік. Отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құ қық бұзушылықтар бойынша сот қызметі мен бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарды ұстау шығынын есептедік. Бірінші сатыдағы сот судьяларының еңбекақысын ОТЗЗ фактілері бойынша әр қыл мыстық іске 1,5 сағат жұмсайды деп алдық. ∑= 500 000 теңге: 21 ж.к.: 8 с.= 2 976 теңге 37 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау Әр қылмыстық іске судья орта есеппен бір жарым сағат жұмыс уақытын жұмсайды деп алдық, ал нақты көрсеткіш бұдан бірнеше есе көп болуы мүмкін. ∑ 1= 2 976* 1,5* Q мұндағы Q— әр аймақтағы қылмыстық істер саны 10-кесте. ОТЗЗ бойынша 2021 жылғы қылмыстық іс саны Аймақ ОТЗЗ бойынша 2021 жылғы қылмыстық іс саны 1 Астана қ. 47 2 Ақмола 68 3 Ақтөбе 35 4 Алматы қ. 38 5 Алматы обл. 118 6 Атырау 7 7 БҚО 20 8 Жамбыл 34 9 Қарағанды 99 10 Қостанай 56 11 Қызылорда 10 12 Маңғыстау 12 13 Павлодар 97 14 СҚО 52 15 Түркістан 46 16 ШҚО 131 17 Шымкент 24 Жиыны *Дереккөз: ҚР ІІМ мәліметі Бірінші сатыдағы сот судьясының жұмыс құны 15 сағат 44 640 44 640 44 640 44 640 44 640 44 640 44 640 44 640 44 640 44 640 44 640 44 640 44 640 44 640 44 640 44 640 44 640 Барлық шығын, теңге 2 098 080 3 035 520 1 562 400 1 696 320 5 267 520 312 480 892 800 1 517 760 4 419 360 2 499 840 446 400 535 680 4 330 080 2 321 280 2 053 440 5 847 840 1 071 360 39 908 160 9-көрсеткіш: ОТЗЗ фактісі бойынша 2021 жылы жазасын өтеп жатқан адамдар (сотталғандар) статистикасы Есептегенде ҚАЖК 2021 жыл қорытындысы бойынша берген ақпаратын басшылыққа алып, жазасын өтеп жатқандар санына сүйендік. Қорытынды соманы есептегенде бас бостандығынан айырылған адамды ұстауға ай сайын кететін 88 500 теңгені ескердік. ∑= 88 500 теңге* 12 ай* Q мұндағы Q— жазасын өтеп жатқан адамдар саны 38 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау 11-кесте. 2021 жылы жазасын өтеп жатқандар статистикасы Аймақ Адам саны Ұстауға кететін ай сайынғы шығын, теңге 2021 жылғы барлық шығын, теңге 1 Астана қ. 17 88 500 18 054 000 2 Ақмола 67 88 500 71 154 000 3 Ақтөбе 26 88 500 27 612 000 4 Алматы қ. 2 88 500 2 124 000 5 Алматы обл. 29 88 500 30 798 000 6 Атырау 12 88 500 12 744 000 7 БҚО 130 88 500 138 060 000 8 Жамбыл 76 88 500 80 712 000 9 Қарағанды 187 88 500 198 594 000 10 Қостанай 342 88 500 363 204 000 11 Қызылорда 7 88 500 7 434 000 12 Маңғыстау 7 88 500 7 434 000 13 Павлодар 56 88 500 59 472 000 14 СҚО 318 88 500 337 716 000 15 Түркістан 54 88 500 57 348 000 16 ШҚО 164 88 500 174 168 000 17 Шымкент 0 0 0 Жиыны 1 586 628 000 *Дереккөз: ҚАЖК сотталғандар жөніндегі мәліметі https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/byudjet-tratit-zaklyuchennyih-5-bolshe-na-detey-deputat-430640/ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша ҚАЖК жауабында екі аймақтың көрсеткішін бірден көрсеткен. 10-көрсеткіш: ӘЗЗҚБ қызметі Бұл көрсеткіш бойынша жеке сауал жолдағанбыз, бірақ ресми жауапқа сәйкес бұл мә ліметтер«қызмет бабында пайдалану үшін» санатына жатады екен. Есептегенде инспекторлардың орташа айлық еңбекақысына сүйену керек деп шештік. Аймақтағы әр ауданда бір өкіл болады деп алып, соның жылдық еңбекақысын есептедік. 12-кесте. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелері маманының қызметі Аймақ ӘЗЗҚБ инспекторлары саны Айлық еңбекақысы, теңге 2021 жылғы барлық шығын, теңге 1 Астана қ. 7 250 000 21 000 000 2 Ақмола 20 250 000 60 000 000 3 Ақтөбе 15 250 000 45 000 000 4 Алматы қ. 11 250 000 33 000 000 5 Алматы обл. 22 250 000 66 000 000 6 Атырау 10 250 000 30 000 000 39 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау 7 БҚО 15 8 Жамбыл 13 9 Қарағанды 20 10 Қостанай 10 11 Қызылорда 21 12 Маңғыстау 8 13 Павлодар 15 14 СҚО 15 15 Түркістан 7 16 ШҚО 22 17 Шымкент 17 Жиыны: 248 * Дереккөз: ҚР ІІМ мәліметі 250 000 250 000 250 000 250 000 250 000 250 000 250 000 250 000 250 000 250 000 250 000 45 000 000 39 000 000 60 000 000 30 000 000 63 000 000 24 000 000 45 000 000 45 000 000 21 000 000 66 000 000 51 000 000 744 000 000 11-көрсеткіш: Дағдарыс орталықтарын қаржыландыру Бұл көрсеткіште тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін дағдарыс орталықтарында әйелдерді(және балаларды) ұстау шығы ны ескерілген. Арнаулы әлеуметтік қызмет«Арнаулы әлеуметтік қызметтер» туралы заңға сәйкес көрсетіледі. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңның 1-бабында«арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін жеке және(немесе) заңды тұлғалар» деп жазылған. Сондықтан арнаулы әлеуметтік көмекті мемлекеттік мекемелер де, үкіметтік емес ұйымдар да көрсетеді. Бұл есепті жергілікті атқарушы органдардың сауалымызға берген ресми жауабы мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйеніп жүргіздік. Аймақ Астана қ. Ақмола Ақтөбе Алматы қ. Алматы обл. Атырау БҚО Жамбыл Қарағанды 13-кесте. Дағдарыс орталықтарын қаржыландыру РБ-дан қаржыландыру, 2021 ж., теңге 0 3 989 000 5 431 000 2 422 000 2 581 000 0 2 628 000 3 484 000 1 125 000 ЖБ-дан қаржыландыру, 2021 ж., теңге 39 246 000 67 827 000 18 497 000 91 800 000 56 840 000 20 959 800 78 235 000 120 422 -/Арнаулы әлеуметтік қызметті қаржыландыру 28 911 492 0 20 310 000 0 0 2 680 000 0 0 124 010 407 40 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау Қостанай 3 633 000 42 001 000 1 399 850 Қызылорда 2 850 000 56 593 000 0 Маңғыстау 2 607 000- /- 0 Павлодар 0 209 835 6 700 000 СҚО 2 850 000 28 648 450 0 Түркістан 6 715 000 26 993 220 0 ШҚО 3 624 000 9 322 000 0 Шымкент 0-/- 0 Жиыны 43 939 000 537 292 727 184 011 749 765 243 476 *Дереккөз: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, облыстар әкімдігі берген мәлімет Қарағанды, Маңғыстау облысының және Шымкент қаласының әкімдігі мәлімет бер ген жоқ. 14-кесте. Отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы 2021 жылғы мемлекеттік тапсырыс бойынша жасалған жобалар саны мен оларды қаржыландыру сомасы Аймақ Жоба саны Сатып алу қорытындысы бойынша сомасы 1 Ақмола облысы 2 3 456 500 2 Алматы облысы 1 1 071 428 3 БҚО 2 4 170 000 4 Қарағанды облысы 1 400 000 5 Қостанай облысы 1 495 000 6«Азаматтық бастамаларға қолдау көрсету орталығы» АҚ 1 15 000 000 7 Жиыны 24 592 928 *Дереккөз: goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу порталы және«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» АҚ сайты 41 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау ІІ. ҮЙДЕГІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ҚҰНЫН ЕСЕПТЕУДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕГЕ ШОЛУ Әлемде зорлық-зомбылық құнын есептеудің бірыңғай тәсілі мен әдістемесі жоқ. Дамыған елдер үйдегі зорлық-зомбылық экономикаға қандай зиян келтіреді деп осы дан елу жыл бұрын ойланып, есептеуді қолға алған. Аустралия, Ұлыбритания, АҚШ және Еуроодаққа кіретін елдерде үйдегі зорлық-зомбылыққа қарсы күреске мемлекет пен жекеменшік сектор шығынын есептеудің белгілі бір жүйесі бар. Үйдегі зорлық-зомбы лыққа кететін шығынды талдау барысында үйдегі зорлық-зомбылыққа қарсы күрес шы ғынының құнын, экономикаға келтірген зиян көлемін және зорлық-зомбылық салда рынан жұмысқа жарамай қалып, табысы мен кірісінен айырылу мәселесі зерттеледі. Қазір үйдегі зорлық-зомбылық өмір сүру сапасына, экономикалық өсудің келешегіне кері әсер етеді деп пікір айтатындар көбейген. Тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күрес шығынын есептеу ісі Қазақстанда бұрынсоңды атқарылмаған. Бұл анализ – отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық профи лактикасы мен оған қарсы күрестің шығынына сандық және сапалық анализ жасаған алғашқы талпыныс. Еуроодақ 2021 жылы Еуропа гендерлік теңдік институты(EIGE) ЕО-ның 27 еліндегі әйелдерге қатысты интим серіктесінің зорлық-зомбылық құны 152 млрд евроға 15 жуық болған деп жариялаған. EIGE зерттеуі барысында шығынның үш түрін сарапқа салған: - жұмыс орны мен жұмысқа жарамдылығына байланысты түрлі шығынға ұшыраған дықтан айырылған экономикалық пайда; - мемлекеттік қызметтерге кететін шығын, соның ішінде денсаулық сақтау қызметі не, жеке басына, қылмыстық және азаматтық сот төрелігі жүйесіне, өзі қаржылан дыратын сотқа, үй-жай мен балаларды қорғауға кететін, сондай-ақ мамандардың қызметіне төлейтін шығын; - үйдегі зорлық-зомбылық кезінде күш қолдану мен эмоциялық тұрғыдан әсер етке ні салдарынан өмір сүру сапасы төмендегенінен туатын залал. EIGE зерттеу жұмысына көз салсақ, ең көп шығын күш қолдану мен эмоциялық тұр ғыдан әсер еткенде(56%), содан кейін қылмыстық сот төрелігіне(21%) және айырылған экономикалық пайдасына(14%) кететінін көреміз. Ұлыбритания Ұлыбританияның Ішкі істер министрлігінің 2019 жылы жариялаған«Үйдегі зорлықзомбылықтың экономикалық және әлеуметтік шығыны» деген анализ есебінде 20162017 жылдардағы Англия мен Уэлсте болған үйдегі зорлық-зомбылық құны есептелген. 15 https://eige.europa.eu/gender-based-violence/costs-of-gender-based-violence-in-eu 42 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау 2017 жылғы 31 наурызда аяқталған 16 есептегі мәліметке сүйенсек, жыл ішінде үйдегі зорлық-зомбылық шығыны 66 млрд фунт стерлиңнен асып кеткен. Жалпы құнының ең көп бөлігі – құрбандарға күш қолдану мен эмоциялық тұрғыдан зиян келтіруге(47 млрд фунт стерлиң) тиесілі, бұл үйдегі зорлық-зомбылыққа кеткен барлық шығынның 71%-ын алып отыр. Экономикалық зиян – 14 млрд фунт стерлиң – жұмысқа жарамсыз болып қалған күндері табыс таппағанымен және үйдегі зорлық-зомбылық салдарынан еңбек өнімділігі төмендегенімен байланысты. Қалған 5 млрд фунт стерлиң мемлекеттік шығынға кеткен(денсаулық сақтауға, полицияға және зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету шығыны). Үйдегі зорлық-зомбылық құнын есептегенде мына бағыттардағы шығын есептелген: - ескерту(қорғау және профилактика ісшараларына кеткен шығын); - салдары(мүлікті сындыру, күш қолдану мен эмоциялық залал, жұмысқа жарамай қалу, денсаулық сақтау қызметі); - жауап беру(полиция мен қылмыстық сот төрелігі жүйесі). Аустралия Our Watch және Victorian Health Promotion Foundation(VicHealth) қорының сұрауы бойынша PricewaterhouseCoopers Australia(PwC) 2015 жылы дайындаған анализ есебі не 17 сүйенсек, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық салдарынан жылына 21,7 млрд дол лар шығын шығады, оның үстіне осы шығынның негізгі бөлігін құрбандардың өзі тө лейді. Үкіметтен(мемлекеттен, штаттан, аймақтан) кететін шығын көлемі екінші орын да тұр, яғни жылына 7,8 млрд доллар, бұған денсаулық сақтау, әкімшілік және әлеумет тік қамсыздандыру шығыны кіреді. Ғалымдардың болжамынша, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау үшін әрі қарай бір амал жасамаса, шығын 2014-2015 жылдардан 2044-2045 жылдар аралығындағы 30 жылда 323,4 млрд долларға жетпек. Ғалымдар әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмаудың нендей артықшы лықтары барын бағалағанда зорлық-зомбылық салдарынан туған экономикалық шы ғынды есептейтін және мұндай шығын шығармау қаншалықты мүмкін екенін анықтай тын шығын-пайда анализін қолданған. АҚШ Бір топ ғалым 2018 жылғы тамызда жарияланған«АҚШ ересектері арасындағы интим серіктесінен зорлық-зомбылық көргендердің өмір бойғы экономикалық ауыртпалығы» деген ғылыми зерттеуге 18 назар аударсақ, интим серіктесінен зорлық-зомбылық көр гендердің экономикалық ауыртпалығы 3,6 трлн АҚШ доллары болған(2014 жыл, АҚШ). Зерттеу нәтижесі бойынша, интим серіктесінен зорлық-зомбылық көрген құрбан өмірінің шамамен алғандағы құны: 1 әйел құрбандікі – 103 767 АҚШ доллары; 1 ер 16 https://assets.publishing.service.gov.uk/government/uploads/system/uploads/attachment_data/file/918897/horr107.pdf 17 https://www.pwc.com.au/pdf/a-high-price-to-pay.pdf 18 https://www.ajpmonline.org/article/S0749-3797(18)31904-4/fulltext 43 Қазақстандағы отбасындағы, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күреске кеткен шығынды бағалау құрбандікі – 23 414 АҚШ доллары. Сөйтіп, АҚШ-та 43 миллион ересек құрбан болғанын ескерсек, құрбанның өмір бойғы ауыртпалығы 3,6 трлн АҚШ долларына жетеді екен (2014 жыл, АҚШ). Бұл шығынның 2,1 трлн доллары(бүкіл соманың 59%) медициналық шығынға, 1,3 трлн доллары(37%) қылмыскер мен құрбанның жұмысқа жарамай қалуы на байланысты шыққан шығынына, 73 млрд доллары(2%) қылмыстық сот төрелігінің қызметіне және 62 млрд доллар(2%) басқа да шығынға(жәбірленуші мүлкінің бүлінуі не, пайдалануға жарамай қалуына) кеткен. Мемлекет өмір бойғы экономикалық ауырт палықтың шамаман 1,3 трлн долларын(37%) өтейді. 44