ÄDIL QALA ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Алматы 2023 УДК 323/324(574) ББК 66.3(5Қаз) A20 Ғылыми редакторы: Серік Бейсембаев Жоба жетекшісі: Мерейлім Қален Әділ Нұрмақов Жібек Тоқташ Мақала авторлары : Айдана Тлеукен, Айтуар Қоспақов, Әмір Шайкежанов, Бауыржан Биахметов, Бақытнұр Отарбаева, Балнұр Сүгірәлиева, Жания Хайбуллина, Зейнеп Абетова, Кенжехан Кабдесов, Қасиет Омарова, Мария Лабунцова, Мұхтар Аманбайұлы, Надежда Ряполова, Наталья Ворошилова, Уальшер Аханов, Фатима Әбенова, Шұғыла Қилыбаева. Редактура және корректура – Steppe& World Publishing Беттеу – Steppe& World Publishing Инфографика – Анар Бүркітбаева Мұқаба – Анар Бүркітбаева Айдана Тлеукен, Айтуар Қоспақов және басқалар ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК . Алматы:«DELUXE Printery» баспаханасы, 2023. – 272 б. ISBN 978-601-80914-4-5 ӘОЖ 323/324(574) КБЖ 66.3(5Қаз) ISBN 978-601-80914-4-5 © Фридрих Эберт атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігі, 2023 © Urban Forum Kazakhstan, 2023 МАЗМҰНЫ САЯСАТ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ Бақытнұр Отарбаева ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ САЯСАТЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ(Алматы қаласы)......................... 7 Мұхтар Аманбайұлы ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР ҚҰРЫЛУЫ: SOS.ТАЛДЫКӨЛ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУ............................ 23 Шұғыла Қилыбаева САЯСИ ШЕШІМГЕ ЫҚПАЛ ЕТУ ҚҰҚЫҒЫ ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕС: АЛМАТЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛЕРДІҢ ЖЕРГІЛІКТІ БИЛІКПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ........................................................................ 33 ҚАУІПСІЗ ҚАЛА Айдана Тлеукен АЛМАТЫ ЖӘНЕ АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ БАСЫНУ МӘСЕЛЕСІ........................................................................................... 53 Айтуар Қоспақов, Әмір Шайкежанов ҚАЛА АУМАҒЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗ КУИР-КЕҢІСТІК МАҢЫЗЫ............................................................................................ 77 ЭКОЛОГИЯ: СУ РЕСУРСЫ Бауыржан Биахметов СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР НЕМЕСЕ АҚТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ АУЫЗСУ ТАПШЫЛЫҒЫН АЗАЙТУ ЖОЛДАРЫ............................ 103 Жания Хайбуллина АЛМАТЫДА СУ РЕСУРСЫН ТИІМСІЗ ПАЙДАЛАНУ НЕ НӘРСЕГЕ СЕБЕП БОЛАДЫ?........................................................ 123 БІЛІМ АЛУ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚҰҚЫҒЫ Балнұр Сүгірәлиева ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕКШІ-МИГРАНТТАРДЫҢ БАЛАЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПТЕ БІЛІМ АЛУ ҚҰҚЫҒЫ САҚТАЛЫП ЖҮР МЕ?............................................................................................. 139 3 Надежда Ряполова ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚҰҚЫҒЫ: БАСПАНАСЫЗ АДАМДАРДЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ АЛУЫ................................................. 156 Наталья Ворошилова ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ АУДАНДАРЫНДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМДАРЫНА РЕСУРС ТЕҢ БӨЛІНБЕУІ ТУРАЛЫ.................... 169 ИНКЛЮЗИВ ҚАЛА Зейнеп Абетова, Мария Лабунцова ҚАЛАДА ЕМІН-ЕРКІН ЖҮРУ ҚҰҚЫҒЫ: МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ АУМАҒЫНДАҒЫ ОРТАҚ ОРЫНДАРДЫ КЕДЕРГІСІЗ ПАЙДАЛАНА АЛУЫ («АСТАНА» КЕЙСІ).......................................................................... 185 Қасиет Омарова ИНКЛЮЗИВ ҚАЛА: МҮГЕДЕКТІГІ БАР ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕРДЕН СҰРАҢЫЗ............................................ 209 ИНФРАҚҰРЫЛЫМ Кенжехан Кабдесов АВТОБУС КҮТКЕНДЕ: АЛМАТЫ МАҢЫНДАҒЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ КӨЛІК МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ............................. 227 Фатима Әбенова ҚАЛА ШЕТІНДЕГІ ӨМІР: АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒЫНАН ОСАЛ ТОПТАРҒА ЖАТАТЫН АЗАМАТТАРДЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ СЕГРЕГАЦИЯСЫН ҚАЛАЙ ЕҢСЕРЕМІЗ?................. 242 Уальшер Аханов БАЙТАҚ ДАЛА: АСТАНАНЫҢ ДАМУ ЖОСПАРЫ ҚАЛАДА СЕМІЗДІК ІНДЕТІ ТАРАУЫНА СЕБЕП БОЛУЫ МҮМКІН............ 258 4 САЯСАТ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ Бақытнұр Отарбаева ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ САЯСАТЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ (Алматы қаласы) Бақытнұр Отарбаева botarbayeva@gmail.com Біз шешім қабылдау үдерісіне қоғам араласатын, сол арқылы елді қуатты ететін ашық мемлекет құрамыз. Қ-Ж. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасынан Түйін сөз: қоғамдық тыңдау, қоғамдық талқылау, қоғамдық қаты су, шешім қабылдау, қала құрылысы саясаты, мүдделі жұртшылық «Еститін мемлекет» тұжырымын іске асыру халыққа мемлекетпен әлдеқайда конструктив диалог құруға, қоғамның түрлі саласындағы, соның ішінде қала құрылысы саласындағы маңызды шешіми қабылдау процесіне қатысу құқығын нақты іске асыруға мүмкіндік береді деген үміт сыйлап отыр. Осы тұжырым аясында Алматы қаласы әкімі және аудандар әкімі халықпен кездесіп жатыр және онысы жаңа форматтағы коммуникация алаңына айналды. Дегенмен құрылыс мәселелері бойынша Астана, сондай-ақ Алматы халқы мен жергілікті атқарушы органдар, құрылыс компаниялары арасындағы байланысқа қарасақ, өзара әрекеттестік механизмі әлі де тиімсіз екенін байқаймыз. Қала құрылысын реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттардағы кемшіліктер, қала билігі қала құрылысын реттеу ережесін елемейтіні, сондай-ақ шешім қабылдау рәсімі ашық өтпейтініне байланысты құрылыс объектілері жобасын талқылау процесіне тұрғындар жөнді қатыса алмай отыр. 7 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Белсенді қала халқы пікірін ортаға салу, ұсыныс тастау сияқты мүмкіндіктен қағылған. Мұның бәрі жергілікті атқарушы органдар, тұрғындар мен құрылыс бизнесі өкілдері арасындағы өзара әрекеттестік механизмі бұзылуына себеп. Конструктив диалог болмаған соң тұрғындар құрылысқа тыйым салу керек деген жазуы бар плакаттар ұстап жиылады, жиі митиңге шығады, түрлі флешмобтар өткізіп, мемлекеттік органдарға шағым хаттар мен петициялар жазады. Осы мәселелер Алматыдағы экологияны, инфрақұрылымды, жолкөлік қатынасын ушықтырып жібергенін белсенділер жиі айтып, БАҚ-қа дүркін-дүркін жазған. Бұл мақаланың мақсаты – қала құрылысы саясатын реттеу саласындағы шешім қабылдау рәсіміне азаматтар шынымен қатыса ма; қала құрылысы саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық құжаттар азаматтардың шешім қабылдауға қатысу құқығын қаншалық қорғайды; жергілікті атқарушы органдар мен халықтың өзара байланысы қаншалық тиімді деген сұрақтарға жауап іздеу. Мұның бәрі – дәл бүгін жауап беруді талап етіп отырған өзекті мәселе. Зерттеу әдістемесі Зерттеу барысында Қазақстандағы қала құрылысы саясаты саласында қолданылып жүрген заңнамаларға, 12 сарапшыдан алынған жартылайқұрылымды сұхбатқа, көптің назарын аудартқан қоғамдық тыңдауларға сүйендік. Қосымша дереккөз ретінде ҚР үкіметі, жергілікті атқарушы органдар шығарған қала құрылысы саясатына қатысты құжаты, мемлекеттік органдарға тұрғындар жолдаған материалдар мен оларға берілген ресми жауаптарды да пайдаландық. Әлеуметтік желіде тараған тұрғындар мен құрылыс компаниясы, қала және аудандар әкімдігі, Алматы қаласы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы, Қоғамдық кеңес өкілдері кездескенде таспаланған аудио, видеоматериалдарды да зерттеу нысаны ретінде алдық. Қатысушыларды бақылау әдісіне сүйеніп, жеке-жеке қорытынды шығардық. Іріктелген сарапшылардың қызметі қала құрылысына тікелей қатысты, яғни сәулетшілер, Қала құрылысы кеңесінің жекелеген 8 Бақытнұр Отарбаева мүшелері, Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысы және заңгері, құрылыс мәселелеріне маманданған заңгерлер, ҮЕҰ басшылары – біраз жылдан бері қала орталығына жаңа ғимарат салуға қарсы болып жүрген белсенділер. Талқылау және нәтиже Қоғамдық талқылауға қатысу құқығын реттеу Қазақстан Республикасындағы қала құрылысы саясатында шешім қабылдағанда Жер кодексіне, Экология кодексіне,«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңға сүйенеді. Қазақстан заңнамасында құрылыс салуға қатысты мәселелерді қоғам болып талқылап, бір келісімге келу керегі жазылған.«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңның 13-бабының 3-тармағына сүйенсек, қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасы бекiтiлгенге дейiн жеке және заңды тұлғалардың талқылауға қатысуға, қоғамға не жеке адамдарға тиімсіз саналатын шешiмдердi өзгерту туралы ұсыныстар тастауға қақы бар(Adilet.zan.kz, 2001). Дегенмен заңда«қоғамдық талқылау» ұғымының анықтамасы жоқ және ол құқықты қалай іске асыру керегі, яғни механизмі жазылмаған. Орхус конвенциясындағы қоршаған ортаға әсер етуі мүмкін жоспарланған шаруашылық және басқа да қызметтерге қатысты шешім қабылдау ісіне азаматтардың қатысу тәртібі мен талабына сүйеніп Қазақстан Республикасы Экология кодексінде былай деп жазылған: «қоршаған ортаға қатысты мәселелерде ақпаратқа қол жеткiзудi және шешiмдер қабылдау процесiне жұртшылықтың қатысуын жетiлдiруге қабылданатын шешiмдердiң және оларды жүзеге асыру процесiнiң сапасын арттырады»(Un.org). Сондай-ақ шаруашалық және өзге де қызметтің жоба құжаттамасын әзірлеу барысындағы заңға сәйкес актілер деңгейінде қоғам пікірін ескеру мәселесі де«Қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулық» бойынша жүргізіледі (Adilet.zan.kz, 2007). 9 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Экология кодексінің«Қоршаған ортаға әсерді бағалау» параграфында бұл мәселедегі«мүдделі жұртшылық» деген негізгі ұғымдардың біріне мынадай анықтама берілген:«осы Кодексте мүдделі жұртшылық деп өз мүдделерін қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша қабылданатын шешімдер қозғайтын немесе қозғауы мүмкін немесе осы шешімдерді қабылдау процесіне қатысуға мүдделі жұртшылық түсініледі»(kodeksy-kz.com, 2021). Бұған қоса«Қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу жөніндегі» қолданыстағы нұсқаулықта мынадай маңызды анықтамалар бар: • жұртшылықтың қатысуы(қоғамдық пікірді ескерту) – қоғамдық пікірді білу және әсерді бағалау барысында оны ескерту мақсатымен жұртшылықты жоспарланған қызмет туралы және оның қоршаған ортаға ықтимал әсері туралы хабардар етуге бағытталған, ҚОӘБ шеңберінде жүргізілетін іс-шаралар кешені; • қоғамдық талқылаулар – халықтың(жұртшылықтың) мүдделерін қозғайтын көзделіп отырған қызметті орындау жөніндегі шешімдерді қабылдауға оның қатысуына кепілдік беретін тура және кері ақпараттық байланысты қамтамасыз ететін, ҚОӘБ-тің құрамдас бөлігінің жалпылама атауы(Adilet.zan.kz, 2007). «Мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауына коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуді» мақсат еткен тағы бір заң – 2015 жылғы 2 қарашада шығарылған ҚР«Қоғамдық кеңестер туралы» заңы. Бұл заңда«осы заңның 5-бабы 1-тармағының 1), 5) және 6) тармақшаларында, 5-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген мәселелерді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қоғамдық маңызы бар шешімдерін олардың қоғамдық мүдделерге сәйкестігі мәселесі бойынша жария талқылау үшін жиналыс өткізу арқылы жүзеге асырылатын қоғамдық бақылау рәсімі қоғамдық тыңдау деп түсінілетіні» жазылған(Adilet.zan.kz, 2015). Заңдардан бөлек қоғамдық жария өткізудің тәртібін реттейтін ведомстволық бұйрықтар бар. Мысалы, Қазақстан Республикасы 10 Бақытнұр Отарбаева Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 3 тамыздағы №286«Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы»(Аdilet.zan.kz, 2021), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің«Қала құрылысы жобаларын(егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №505 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы»(Legalacts.egov.kz, 2020) бұйрығы. Дегенмен үш заңгер сарапшының пікірі де мынаған саяды: қала құрылысы саясатындағы шешім қабылдау рәсіміне қоғам болып қатысу жөнінде заңдар мен нормативтік-құқықтық құжаттар барына қарамастан, оларда сол құқықты қалай іске асыру керегі жазылмаған, түсінікті алгоритмі жоқ, сондықтан осы мәселені нақты реттейтін Қала құрылысы кодексін әзірлеп шығару керек. Азаматтардың шешім қабылдауға, басқаруға қатысуы – демократия негізі. Оны деңгейі әртүрлі механизмдер мен формалар көмегімен іске асыруға болады. Қала құрылысы саясаты бойынша азаматтар қаланың Бас жоспары, реновация жобалары, құрылыс жобалары, қала кеңістігін жоспарлау, қоғамдық кеңістікті абаттандыру туралы қоғамдық талқылауға қатысып, пікірін айта алуға тиіс.«Степень вовлеченности граждан в процесс обсуждения и принятия решений, затрагивающих интересы всего общества, – важнейший критерий формирования гражданского общества»(Алмонд&Верба, 2010: 129). Қазіргі саяси ғылымдардың негізін салғандар осылай дейді. Осыған дейін жазылған заңдар нормасы нақты өмірде іске аспай келеді, халық шешім қабылдау рәсіміне тек қағаз жүзінде қатысып келген.«Защитим Алматы» ҚБ басшысы С. Ташимованың айтуынша,«бұрын арнайы шақырылған қоғам өкілдерімен(мұғалімдермен, студенттермен, ҮЕҰ өкілдерімен және т.б.) талқылайтын еді, сондай тәжірибе болған. Ал олар көбіне талқыланып отырған мәселенің мәнін түсінбейтін, сондықтан әкімдік қалай десе, солай дауыс беретін. Ұйымдастырушылар оларды«хлопальщики» дейтін». 11 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Бәленің бәрі майда-шүйдеден шығады немесе ұғымдарға нақты анықтама берудің маңызы 2019 жылғы қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда әлеуметтік-экономикалық даму жөнінде жиналыс өткізіп, жергілікті атқарушы билік өкілдеріне қала құрылысы мәселелерін ашық және жұртшылыққа жария түрде шешіңдер деп тапсырма берді(Newtimes. kz, 2021). 2021 жылғы 25 наурызда қалалық мәслихат депутаттары қала құрылысын жоспарлау туралы жаңа ереже шығарып, онда құрылыс компанияларын«құрылыс салушылар мен алматылықтардың мүддесі арасында үйлесімді тепе-теңдік қалыптастыру» үшін құрылыс басталған аудан халқымен қоғамдық талқылау өткізуге міндеттеген(Almaty. tv, 2021).«Защитим Алматы» ҚБ құрылтайшыларының бірі М. Касенов «Қаланың Бас жоспары жоқ болғандықтан, бұл шаруа оңай шешілмейді. 2021 жылғы 15 сәуірде жаңа Бас жоспар жобасын қоғам болып талқылау нәтижесіз аяқталған еді» дейді. Қоғам белсенділері жоспарға өзгеріс енгізу жөніндегі жобаны талқылауды заңсыз деп тану керек, халық ұсынысын ескере отырып қайта толықтыру керек деп талап еткен. Оның үстіне белсенділер«Қазақстан азаматтарын дәл бұлай кемсіту ҚР Конституциясының 3, 14, 33 және 31-бабын, ҚР«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңын, ҚР«Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» заңын, сондай-ақ ҚР«Экология кодексі» мен«Орхус конвенциясы» нормаларын тікелей бұзып отырғандықтан, жұмыс тобынан шығатынын мәлімдеген»(Facebook.com, 2021). Болған жағдайды реттеу үшін 2021 жылғы мамырда қала құрылысына қойылатын талаптарды, тарихи маңызды объектілерді анықтайтын, құрылыс салу тығыздығын және ғимараттар биіктігін т.б. бекітетін«Алматы қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын» әзірлеп бекітті. Бұл құжатта алда салынатын құрылыс жайы ашық және жария талқылануға тиіс деп жазылған, бірақ«онда«қоғамдық талқылау» ұғымына анықтама берілмеген және оны қалай өткізу керегі жазылмаған. Сондайақ қағиданың«қоғамдық талқылауды Заңның 13-бабы шеңберінде ашық және жария түрде өткізу, қоғамдық тыңдаушылардың пікірін ескеру қажет»(Adilet.zan.kz, 2021) деген 4-тармағы да түсініксіз. Қағидада қоғамдық тыңдаушы деген кім екені жазылмаған. 12 Бақытнұр Отарбаева «ҚР ИИДМ-нің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №505 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» құжатта қоғамдық талқылау ұғымына мынадай анықтама берілген:«ашық жиналыстар өткізу, көпшілік талқылауларын жүргізу арқылы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласына қатысты мемлекеттік және басқарушылық шешімдерді қабылдауға қоғамның қатысу нысандарының бірі» (Legalacts.egov.kz). Осы бұйрық жобасы туралы жазылған түсіндірме хатқа назар аударсақ, көп нәрсеге қанық боламыз:« Анықтама ретінде: Қағидаларды 5-тараумен толықтырылсын. Ашық отырыс тар арқылы қоғамдық талқылауларды өткізу тәртібімен толықты рулар енгізу қажеттігі Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің, қала аумақтарында тұрғын үйлерді нүктелі, тығыз құ рылыс салу, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды алдын ала салмауы іс-әрекетіне көптеген өтініштер мен шағымдардың ке ліп түсуіне байланысты туындады»(Legalacts.egov.kz). Бұл мемлекеттік құрылымдар тұрғындар мен қоғамдық ұйымдардың конструктив өтініштерін ескеру керегін көрсетіп отыр, ал ондай нәтижеге жету үшін, сарапшылардың айтуынша,«уақыт пен адам ресурсы тым көп қажет». Дегенмен шығарылған нормаларға түсіндірме беру және оларды орындау әрдайым заң мәтініне сай бола бермейді, көбіне оны ашық, жария түрде шығармағандықтан, халыққа түсініксіз. А. деген сарапшының пікірінше,«Алматыда қала құрылысы саясатындағы стейкхолдерлердің мүддесін реттейтін конвенциялық механизм ретіндегі қоғамдық талқылау не өтпейді, не көбіне өткізу тәртібін бұза отырып өтеді». Қала тұрғындары түсіндірме алу үшін жергілікті атқару органдарына жүгінсе, әрқайсы түрлі жауап беріп, содан түсініспеу, күмән туып жатады. Түсініспеуге себеп болған тағы бір жайт: ресми құжаттарда азаматтар қатыса алатын жария талқылаудың қоғамдық тыңдау және қоғамдық талқылау деген екі түрлі формасы болуы. Бұл құқық қолдану практикасын түсініксіз етіп, адамды жаңылыстырады және жекелеген лауазымды тұлғалар халықты шатастыруына себеп болады. ҚР Экология кодексінің 73-бабында қоғамдық тыңдау туралы жазылған(Adilet.zan.kz, 2021).«Қоғамдық кеңестер туралы» заңның 13 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК 21-бабындағы қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібінде қоғамдық тыңдауды азаматтық қоғам атынан Қоғамдық кеңес ұйымдастырады делінген.«Қоғамдық талқылау» термині мен анықтамасы«Экологиялық бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» құжатта жазылған (Legalacts.egov.kz). Қоғамдық тыңдау мен қоғамдық талқылау – негізі бір ұғым, екеуі де жобаны талқылайтын жария тыңдау,«тұрғындармен жиналыс өткізу және анықталған пікірлерді ескеру»(Adilet.zan.kz, 2021). Рәсім ретінде екеуінің аса айырмашылығы жоқ. 27.06.2022 жылғы ИИДМ бұйрығында мынадай анықтама бар: «мүдделі жұртшылық – қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша қабылданатын шешімдерде мүдделері қозғалатын немесе қозғалуы мүмкін немесе осы шешімдерді қабылдау үдерісіне қатысуға мүдделі жұртшылық». Қоғамдық талқылауға қатысатын адамдар ортасы қандай болатынын анықтайтындықтан, мұның маңызы өте зор. Жергілікті уәкілетті органдар мұндай адамдар ортасын азайтуға, сиретуге тырысады. Алматы қаласы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы«Алматы қаласының айрықша мәртебесі туралы» ҚР заңына енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды әзірлеп, ҚР Мәжілісіне жолдаған. Мұның бұған дейінгі құжаттардан бір ерекшелігі: құжатты дайындағандар қоғамдық талқылауға түсуі керек құрылыс жобалары тізімін қысқартқан. Тізімнен талай уақыттан бері Алматы қала құрылысындағы негізгі мәселе болып келе жатқан әрі халық наразылығын тудырған көппәтерлі тұрғын үй ғимараттары құрылыс жобасын алып тастаған, тек қаладағы өзендердің су қорғау белдеуіне салынатын көппәтерлі тұрғын үй ғимараттары құрылысын қалдырған. Сөйтіп, басқарма тұрғындарды өздеріне тікелей қатысы бар мәселелерді талқылауға қатысу, алаңдатқан сұрақтарын қою құқығынан айырып, Экология кодексіндегі«мүдделі жұртшылық» деген маңызды нормадан бас тартуды ұсынып отыр. Ұсыныс авторларының ойынша, бұл қағидалар бекітілсе,«конфликтіні шешу жолын анықтауға мүмкіндік береді», ал біздіңше, заңға мұндай өзгеріс енгізу қоғамды шешім қабылдау рәсіміне қатыстыру ісін әділ ұйымдастыру белгісіне қайшы, тұрғындардың«қала құрылысы және 14 Бақытнұр Отарбаева сәулет-құрылыс құжаттамасы бекiтiлгенге дейiн жеке және заңды тұлғалардың талқылауға қатысу, қоғамдық немесе жеке мүдделердi қозғайтын, қабылданатын шешiмдердi өзгерту жөнiнде ұсыныстар енгiзу» құқығын шектеп отыр. Кейс-стади: Самал-2(Алматы қ.) Шешім қабылдау рәсіміне көпшілікті қатыстыруға байланысты құқықтық нормалар қалай іске асатынын білу үшін, құлайын деп тұрған барақтары бар(24 пәтер)«Самал-2» ықшамауданында болған жайтты мысалға алсақ болады. 2021 жылғы қаңтарда «GAB Construction» ЖШС(Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-бабының 2-тармағына сәйкес) осы учаскені зерттеуге рұқсат алған. Компания кұрылысқа арналған аумақты кеңейту және барынша көп пайда табу үшін барақпен бірге Достық даңғылы бойындағы тағы үшқабатты үш кірпіш үйді бұзып, осы үйлердің қожайындарына жаңа пәтер береміз деп уәде берген, сөйтіп, 12 қабатты көппәтерлі үш тұрғын үй кешенін салғанға рұқсат аламыз деп шешкен. Құрылыс салушы 2022 жылғы 13 шілдеде құрылыс жобасын талқылайын деп қоғамдық тыңдау өткізген, бұл жайында Алматы қаласының бас архитекторы мен үйді бұзғанға мүдделі тұрғындарға ғана айтқан. Қоғамдық тыңдау туралы хабарламаны«Вечерний Алматы» газетіне 12 шілдеде берген. Іс-шараны ертесі, яғни 13 шілдеде өткізген, бірақ хабарламада жазылған Абай көшесі, №90 үй мекенжайында орналасқан«Алматыбасжоспар» ғимаратында емес, ҒЗИ ғимаратында, оның үстіне Zoom платформасында онлайн өткізген. Сонымен қатар мүдделі жұртшылыққа, яғни сол маңға жақын жерде тұратын адамдарға, қала орталығына ғимарат салғанға қарсы болып жүргендерге, БАҚ қатысқан жиналыстарда және наразылық акцияларында бірнеше рет ойын айтып жүргендерге Zoom-ға қосылуға мүмкіндік бермеген. Бұл жерде қоғамдық тыңдау/талқылау өткізу қағидасы айтарлықтай бұзылған: • қоғамдық талқылау өткізу қағидаларына сәйкес хабарлама жиналыс болардан 20 күн бұрын жариялануы керек(Adilet.zan.kz, 2021); 15 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК • қоғамдық талқылау болатыны туралы ақпарат бірнеше БАҚ-та, соның ішінде теле-радиоарналарда жариялануы керек болғанымен, бір ғана газетке шыққан; • өтетін орны мен формасы оффлайн форматтан онлайнға ауысқан, ал ол туралы қосымша айтылмаған; • көптеген тұрғындар мен белсенділер Zoom-ға қосыла алмаған, шектеу қойылған; • қоғамдық тыңдау хаттамасы ресми сайтта жарияланбаған. Жиналыс төрағасы кім, дауыс беру қалай өтті, не шешім шығарылғаны туралы бірде-бір ақпарат жоқ. Салынатын құрылыс орнына жақын жерде тұратындар өздеріне тікелей қатысы бар мәселені талқылаған қоғамдық тыңдау заңсыз өтті, пікір айту құқығымызды бұзды дейді. Олар құрылыс туралы не ойлайтынын жазып, ҚР Президенті әкімшілігі мен ИИДМ-ге хат жолдаған. 2022 жылғы 28 қазанда Самал-2 ықшамауданында тұратын белсенділер Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы А. Ахметжановпен кездескен. Белсенділердің бірі «Қатысатын адамдарды қатаң шектей отырып GAB Construction компаниясы өткізген қоғамдық тыңдау заңды ма?» деген сұрақ қойған. А. Ахметжанов« Қоршаған ортаға әсерді бағалау қағидасына сүйенсек, талқылау заңды өтті» деп жауап берген. Сонымен қатар өзімді де қонақ ретінде шақырды деген. Бұл сөздің растығын«Осы хатта жазылған қоғамдық тыңдауды GAB Construction ЖШС ұйымдастырды. Басқарма өкілдері де жоба талқылауында болған өзге де мүдделі тұлғалармен және тұрғындармен тең дәрежеде қатысты» деген 23.11.2022 жылы басқарма жолдаған №02.6-04-ЖТ-202202611892/1 жазбаша хат дәлелдеп отыр. Басқарма басшысы қағидалар бұзылғанына қарамастан, іс-шара заңды өтті деп дәлелдеп баққаны жергілікті атқарушы органдар құрылыс салушыдан қоғамдық тыңдауды бекітілген қағидаға сай өткіз деп талап етпейтінін, тыңдаулар әдетте қағаз жүзінде өтетінін дәлелдейді. Самал-2 ықшамауданында болған осы жайт атқарушы органдар қоғамдық талқылауды қағаз жүзінде ұйымдастырып, ақпарат беру, ашықтық және инклюзивтік принциптерін сақтамайтынын көрсетеді. 16 Бақытнұр Отарбаева Тыңдаудың инклюзивтігі, заңдылығы және маңызы «Жария тыңдауды онлайн форматта өткізгенге рұқсат бар ма?» деген сұраққа сарапшылардың көбі рұқсат бар, сондай-ақ түрлі себептерге байланысты, тыңдау өткізу уақыты жұмыс істейтін азаматтарға ыңғайсыз болуы мүмкін, сондықтан адамның бәрі қатыса алмайтынын ескеріп, тыңдауды аралас түрде өткізген жөн деп отыр. Іс-шараны ұйымдастырушы жиналысқа қатысқысы келетіндердің бәрін қоса алатындай болуы керек, сондай-ақ онлайн қатысып отырғандарды міндетті түрде верификациялау керек. Н. деген сарапшының пікірінше,«Қоғамдық талқылау бекітілген нормативтерге сай өте ме, қағаз жүзінде өте ме, осының бәріне мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, тұрғындар да жауапты. Мүдделі жұртшылық белсенді болуға тиіс. Салынатын құрылыс объектісі қандай да бір топтың жанды жеріне тисе, сол жоба бойынша құжаттарды сұрап алуға, мәселені қолда бар барлық құжат пен заң нормаларына сүйеніп зерттеуге тиіс. Қоғамдық талқылауды ұйымдастыру барысында кемшіліктерді анықтауға және құқық бұзуылуына жол бермеуге тиіс. Азаматтар белсенді болмаса, заңбұзушылықты болдырмау, қала құрылысындағы жөнсіздікке жол бермеу мүмкін емес». Е. деген сарапшы«Бір жаманы, тұрғындар немқұрайлы қарайды, жобаны талқылау барысында білігі жетпейді, жобаның нендей артықшылығы мен кемшілігі барын түсіндіріп беретін маман шақырмайды» дейді. Заңгер сарапшының ойынша, ұйымдастырушылар қоғамдық талқылау өткізгенде заң бұзса, мүдделі жұртшылық сотқа жүгіне алады. «Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы» заңның 2-бабының 23-тармағында жазылғандай,«мүдделі жұртшылық өкілдері болмаған кезде қоғамдық тыңдаулар өткізілмеді деп есептеледі». Оның үстіне«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңға сәйкес тұрғындар«заңдарды немесе мемлекеттiк нормативтердi бұза отырып жүзеге асырылатын қызметке әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен шектеу енгiзуге, тоқтата тұруға немесе тоқтатуға» құқылы(Аdilet.zan.kz, 2001). А. деген сарапшы«қоғамдық талқылауды бастама көтерген сәтте өткізу керек, тапсырыс беруші осы жерге ғимарат саламын деген ниеті барын айтады, қоғам өз талабын қояды, тапсырыс беруші сол талаптарды 17 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК ескереді, нәтижесінде оны жобалау тапсырмасына енгізіп, тұрғындардың пікірі мен талаптары жазылған заңды құжатқа бекітуге тиіс» дейді. Сарапшы пікіріне назар аударсақ, қазір құрылыс салушы ақшасын жер іздеу жұмысына, жобалауға т.б. жұмсап отырғанымен, жоба бекітілмей қалса, шығынға ұшырайтыны анық. Одан бөлек бұл сарапшы Ж. деген сарапшының шешім қабылдау рәсіміне халықты көбірек тартатын, жұртшылықтың пікірі мен талабын тиімді анықтауға мүмкіндік беретін «бірлесе қатысқан жобалау» әдістемесі туралы пікірін қолдады. Бәріміз білетіндей, былтыр күзде Алматы қаласында Қала құрылысы кеңесі құрылды. Оның міндеті – қала құрылысы саясатын іске асыру барысында шешім қабылдау тиімділігін арттыру. Ж. деген сарапшы«Деңгейі жоғары сарапшылар қатысқан Қала құрылысы кеңесінің жұмысы басталған соң қоғамдық талқылаудың керегі болмай қалуы мүмкін» деген еді. А. деген сарапшы бұл пікірге келіскен жоқ. Ол«Қоғамдық талқылаудың қалыптасқан механизмі жоқ, сондықтан Кеңеске үлкен жүктеме түседі. Кеңестің қызметі сараптамаға жақын, біз сәулетшілердің жұмысы жоба міндетіне қаншалық сай екенін тексеріп, бағалап отырамыз. Бір жаманы, қазіргі жобалардың сапасы төмен, сондықтан қарапайым нәрселерді де тексеруіміз керек. Қоғамдық талқылау өткізуді үйренбесек, Кеңес өзіне қатысы жоқ қызметті атқаруға мәжбүр болады». • Сарапшылардан алынған сұхбатта айтылғандарға сүйенсек, мүдделі жұртшылық қала құрылысы саясатындағы шешім қабылдауға қатыса алады, мұның бәрі нормативтік-құқықтық құжаттарда бекітілген, дегенмен нормативтік құжаттардағы ұғымдар нақты емес, іс жүзінде орнымен қолданылмайтындықтан, жемқорлыққа жол ашуы мүмкін. • Мүдделі тараптардың бәрін тиімді қатыстыру әдістері қатарына ашық жиналыс түріндегі қоғамдық талқылау да жатады. • Сарапшылардың көбі қоғамдық талқылау үстірт өтетінін растап отыр. Мемлекеттік органдар талқылауды тәртіп бойынша өткізгенге мүдделі емес. • Ұйымдастырушылар мүдделі жұртшылыққа қоғамдық талқылау туралы ақпаратты үнемі уақытылы жеткізе бермейді дейді сарапшылар. 18 Бақытнұр Отарбаева • Талқылау хаттамалары дұрыс рәсімделетін және қағидаға сай порталға жүктелетін кезі сирек. Жүйе жоқ, сондықтан іздеп табу қиын. Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы сайтында(https://www.gov.kz/memleket/entities/ almaty-eco/press/article/details/37013?lang=kk) қоғамдық тыңдау өткізу қағидалары бар, бірақ«Жария талқылаудың хаттамалары» деген жер бос. • Қоғамдық талқылау барысында тұрғындар құрылыс салу жөніндегі шешім күшін жойған кезі аз, бірақ бар(Essentai Towers, Таугүл стадионы, Самал-3 ықшамауданындағы саябақ, Көктөбе ықшамауданындағы саябақ). • Заңгер сарапшылар Қала құрылысы кодексі жобасын әзірлеп жатқанда ҚР«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтері туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізудің керегі жоқ деп санайды. Сарапшылар берген сұхбатты тыңдай отырып, қазір жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырып отырған қоғамдық талқылауы, қала құрылысы саясатына тұрғындарды қатыстыруы, сондайақ олардың ұсыныстарын есепке аламыз деуі тек сөз жүзінде қалып отырғанына көз жеткіздік. Қоғамдық талқылау өткізу тәртібін сақтамау, шешім қабылдау мен ақпарат тарату ісі ашық болмауы тұрғындар наразылығына, қаладағы әлеуметтік шиеленіске себеп болып отыр. Жоспарланған құрылыс жобасына қатысты пікірін қоғамдық талқылауда айта алмаған азаматтар жоғары тұрған органдарға шағым-өтініш жазған: ҚР Президенті аппаратына, министрліктерге, ҚР Парламенті депутаттарына т.б. орындарға www.otinish.kz платформасы арқылы петиция жазады, тұрып жатқан жерінде болатын митиңгілерге шығады. Билік пен азаматтар арасындағы конструктив диалог орнауы үшін қоғамдық талқылау қағидалары анық, түсінікті, азаматтардың ойталқыға қатысу, шешім қабылдау рәсіміне атсалысу механизмі мен құралдары ашық болуға тиіс. Шығарылған шешімдер іске асуы шарт. Заң дұрыс болғаны жеткіліксіз, сонымен қатар азаматтар сол заң орындалғанын, биліктен әділдік талап етуге тиіс, елде мемлекеттік қызметкерлер арасында да, халық арасында 19 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК да құқық мәдениетін қалыптастыру керек. Қоғамдық талқылауды талапқа сай өткізсе, мемлекеттік органдарға деген халық сенімі артады, ашық шешім қабылдау, қаладағы азаматтық белсенді болу мәдениетін дамытады. Ұсыныстар Әзірленіп жатқан ҚР Қала құрылысы кодексіне«қоғамдық тыңдау» мен«қоғамдық талқылау» институттары арасында нендей айырмашылық барын енгізу керек. Қайсы қайда қолданылатынын нақты жазу, талқылау мен тыңдауды ұйымдастыру тәртібі, азаматтар қалай қатысады, өткізу мерзімі, тіркеу рәсімі, дауыс беру, кворумы, белгілеу, пікірді есепке алу мен хаттама жазу жолын бекіту керек. Тыңдаудан соң міндетті түрде хаттаманың толық мәтіні сайтқа жариялануы керек. Бұлар қажет талаптар, себебі нақты анықтама болмағандықтан, тәртіп бойынша орындалмағандықтан, заңнама құжаттарын әркім өзінше тарқатып, дұрыс түсінбейді, сондықтан мұндай талап болуға тиіс. • Қала құрылысы кеңесіне құрылыс жобаларын жібермей тұрып, міндетті түрде барлық талапқа сай қоғамдық талқылау өткізіп, сонда қарау керек. Қоғамдық тыңдау хаттамасы жоқ жобаны Кеңесте қарамау керек, өйткені Қала құрылысы кеңесіне мүше адамдар лауазымды қызметтегі адамдар емес, сондықтан олар салынатын құрылыс нысанына қатысты тұрғындар қажеті мен талаптарын білмеуі мүмкін. • Қала құрылысы кеңесі қоғамдық талқылау барысында мүдделі жұртшылықтың осы жобаға қатысты мүддесі мен пікірі қаншалық тең ескерілгенін қадағалауға тиіс. • Тұрғындардың бәрі қатыса алуы үшін талқылау аралас, яғни онлайн және оффлайн түрде өтуі керек. • Дауыс беру рәсімін, ұсыныстарды ескеру мен мақұлдау тәртібін сақтай отырып ашық шешім қабылдауды қадағалау керек. • Талқылау өткізу, дауыс беру, мүдделі жұртшылықтың ұсыныстарын енгізу және ескеру рәсімі заңда қалай бекітілгенін жалпақ тілде түсіндіретін жадынама дайындау керек. 20 Бақытнұр Отарбаева • Мүдделі жұртшылық белсенді болуға тиіс. Қоғамдық талқылауды ұйымдастыру барысында қандай да бір жөнсіздік болса, соны анықтап, оған жол бермеуге тиіс. ДЕРЕККӨЗ 1. Adilet.zan.kz,«Алматы қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын бекіту туралы» Алматы қаласының VII шақырылым мәслихатының кезектен тыс VI сессиясының 2021 жылғы 31 мамырдағы №49 шешімі. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2021 жылғы 7 маусымда №22946 болып тіркелген. – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/ docs/V21R0022946 2. Adilet.zan.kz, Қазақстан Республикасы«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы заңы. – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000383 3. Adilet.zan.kz, Қазақстан Республиасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 3 тамыздағы №286 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2021 жылғы 6 тамызда №23901 болып тіркелген. – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100024934 4. Adilet.zan.kz, ҚР Экология кодексі, 73-бап. Ықтимал әсер ету туралы есептің жобасына қатысты қоғамдық тыңдаулар. – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ K2100000400 5. Adilet.zan.kz,«Қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулық». – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V070004825_ 6. Adilet.zan.kz,«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заң, 13бап. – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z010000242_ 7. Adilet.zan.kz, Экологиялық бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шiлдедегі №280 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 тамызда №23809 болып тіркелді. – URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100023809 8. Алмонд Г.А., Верба С. Гражданская культура. Подход к изучению политической культуры(I) // Полития. 2010. №2(57). С. 131-132. 9. Аlmaty.tv, Конец точечной застройке: как изменились правила градостроительного планирования. – URL: https://almaty.tv/news/dgiznmegapolisa/2205-konets-tochechnoy-zastroyke-kak-izmenilis-pravilagradostroitelnogo-planirovaniya 10. Kodeksy-kz.com, ҚР Экология кодексі, 2021 жылғы 2 қаңтардағы №400-VI ҚРЗ Кодексі, 15-бап. – URL: https://kodeksy-kz.com/ka/ekologicheskij_kodeks/15.htm 11. Legalacts.egov.kz, Қазақстан Республикасы ИИДМ«Қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 қыркүйектегі өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы №505 бұйрығы. – URL: https:// legalacts.egov.kz/npa/view?id=14137105 12. Legalacts.egov.kz, Қазақстан Республикасы ИИДМ«Қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 қыркүйектегі 21 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК №505 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық. – URL: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14137105 13. Legalacts.egov.kz, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің«Қала құрылысы жобаларын(егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №505 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрықтың жобасына түсіндірме хат. – URL: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14137105 14. Newtimes.kz, Как борьба городских активистов изменила градостроительную политику в Алматы. – URL: https://newtimes.kz/obshchestvo/141533-kak-borbagorodskikh-aktivistov-izmenila-gradostroitelnuiu-politiku-v-almaty 15. Un.org, Конвенция о доступе к информации, участии общественности в процессе принятия решений и доступе к правосудию по вопросам, касающимся окружающей среды – URL: https://www.un.org/ru/documents/decl_conv/ conventions/orhus.shtml 16. Facebook.com, Пресс-конференция ОО«Защитим Алматы»«Общественность требует вернуть корректировку Генерального плана на доработку». – URL: https://www.facebook.com/kibhr/videos/744818006216874 22 Мұхтар Аманбайұлы ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР ҚҰРЫЛУЫ: SOS.ТАЛДЫКӨЛ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУ Мұхтар Аманбайұлы mukhtaramanbaiuly@gmail.com КІРІСПЕ Астана халқы жергілікті биліктің Талдыкөл көлінің бір бөлігін кептіреміз деген шешіміне қарсы. Кіші Талдыкөл көлін қорғаушылар Астана қаласы әкімдігінен кіші көлді кептіріп, ғимарат салғанды доғару керек деп талап етіп отыр. Кіші Талдыкөл көлі – қала ортасындағы шұрат. Көлде бес мыңға жуық құс түрі, соның арасында«Қызыл кітапқа» енген құстар мекен етеді. Сол маңға жақын тұратындар табиғат аясында демалу үшін жиі барады. Кейінгі жылдары қоршаған ортаны қорғайтын белсенділер қала әкімшілігінен кіші Талдыкөлдегі құрылысты тоқтатып, көл аумағын сақтап қалып, ол жерге табиғи саябақ салу керек деген талап қойып жүр. Талдыкөл табиғи көл жүйесі – алуан түрлі өсімдік пен жануар мекеніне айналған бірегей экологиялық жүйе. Қазақстан үкіметі оны қорғалатын аумақ деп жариялаған. Көл тобына Астананың заманауи және өсіп келе жатқан сол жағалауындағы Үлкен Талдыкөл мен Кіші Талдыкөл жатады. Жергілікті халық көлдерге барып балық аулайды, ауыл шаруашылығына пайдаланады, жаздың ыстық күндері жағасында демалады. Маусым сайынғы миграция кезінде екі жүзге жуық құс келіп-кетеді(N.D, 2021). Талдыкөл көл жүйесі құстар мен жабайы жануарларға ғана емес, көлдің экожүйе кешенін құрайтын көптеген жәндіктер мен басқа да микроорганизмдерге де аса қажет. Бұл организмдер – экожүйенің ажырамас бөлігі. Экожүйе таза, өнімді болуына да әсер етеді. Талдыкөл көлдері жергілікті климатқа да оң әсерін тигізеді. Қаладағы құрғақ ауаны ылғалдандырады, шаңды басып, халықтың денсаулығына зор пайда тигізіп отыр(Жоямерген, 2021). 23 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Мәселе неде және SOS.Талдыкөл қозғалысы неге құрылды? Бұл көл тобы орналасқан жер – қала құрылысын дамытуға өте ыңғайлы, әр шаршы метрі қымбат, пайда табуға болатын жер. Астананың сол жағалауы қаладағы ең бай және ең қымбат аудан саналады, жаңа тұрғындар көп көшіп барып жатыр. Бұл ауданда сауда орталықтары, ойын-сауық орындары мен мәдени орталықтар көп, сондай-ақ қала орталығына жақын. Сондықтан жергілікті билік органдары мен құрылыс компаниялары осы ауданды коммерцияландыруға қызығып отыр. Коммерцияландырғысы келгендіктен көлді кептіріп, тұрғын үй кешендерін салу жоспары әзірленген. Көлдер – қаладағы табиғи мұраның маңызды бөлігі, оны келешек ұрпаққа тұтас күйінде жеткізуіміз керек дейтін тұрғындар мен сарапшылар бұған наразы болып, қарсы шығып жүр(Логинова, 2021). Олар сондай-ақ көлдегі құрылыс экожүйеге, ауа және су сапасына кері әсер етеді дейді. Көлдерді кептіріп, ол жерді жаңа ғимарат салуға пайдалану туралы жоба айтыла бастағаннан тұрғындар мен жергілікті билік арасында келіспеушілік туған. Талдыкөл көлдерін жоқ қылып жіберсе, жұрт сол көлдегі биоалуантүрлілікті ғана жоғалтып қоймайды, сонымен қатар көлдің экологияға қосып отырған үлесінен айырылып, жергілікті халықтың денсаулығы мен әл-ауқатына кері әсер етеді. Жерді пайдалану мен құрылыс салу туралы шешім шығарарда экологиялық, әлеуметтік және экономикалық салдарын жан-жақты ескеру керек. Табиғатты бүлдіргенге қарсы топқа қоршаған ортаны қорғаушылар, биологтер, ғалымдар, сәулетшілер, мәдениет және қоғам қайраткерлері жатады. Талдыкөл аумағына ғимарат салу құстарға ғана зиян емес, сонымен қатар сол жағалауда су тасқыны қаупі артып, қала климаты нашарлайды. Оның үстіне көлге жақын маңда тарихи құнды қорымдар бар. BirdLife’s Partner серіктесі Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы(ACBK) Талдыкөл көлдер жүйесін сақтап қалу үшін астанада қалалық табиғи саябақ салу керек деген ұсыныс тастап отыр(Vigano, 2022). Бір өкініштісі, қала билігі ғимарат саламыз дегенінен танбай отыр. Сондықтан жергілікті халық жиылып, SOS.Талдыкөл экологиялық 24 Мұхтар Аманбайұлы қозғалысын құрған. SOS.Талдыкөл – 2020 жылы көлді игеруге қарсы және билік органдары шешіміне жергілікті халық наразы екенін көрсету үшін құрылған экологиялық қозғалыс. Жобаға қарсы шыққан Талдыкөл маңында тұратын халық петицияға қол жинай бастаған(Женисхан, 2021). Экологиялық қозғалысты қолдау үшін наразылық, көркем перформанстар, экологиялық науқан және петицияға қол жинау сияқты іс-шаралар өткізген(Adamdar CA, 2021). Бұл қозғалыс қалай дамып жатқанын түсіну өте маңызды. Демократиялық емес режим азаматтық қоғамға және сөз еркіндігіне шектеу қоятындықтан, экологиялық қозғалыстарға кедергі болады, ал белсенділерге күш көрсетіп, қудалауы, қорқытуы мүмкін. Мұндай қиындықтарға қарамастан, экологиялық қозғалыстар әлі де бар әрі ықпалды. Демократиялық емес режимде коалиция құру, цифрлық платформаларды қолдану, халықты жұмылдыру және белсенділердің басын қосу арқылы жергілікті билік органдарын экология мәселелеріне қатысты шешім қабылдауға итермелеп отыр. SOS.Талдыкөл сияқты экологиялық қозғалыстарды зерттей отырып, әлеуметтік және саяси өзгерістерді қолдаудағы азаматтық қоғам рөлін жақсырақ түсіне аламыз. Бұл еңбекте SOS.Талдыкөл қозғалысы қалай құрылғаны, дамуы туралы жазылған. SOS.Талдыкөл қозғалысының мүшелерінен алынған сұхбатты саралай отырып, қозғалыс қалай құрылғанын, уақыт өте қалай дамығанын аңғаруға болады. Астанадағы SOS.Талдыкөл аясына жиылған жұрт пен топ мақсаты не екенін түсінікті болады. Бұл зерттеу демократиялық емес мемлекетте экологиялық қозғалыстар қалай құрылатынын, сол қозғалыстар қалай жұмыс істейтінін көруге көмектеседі. Әдебиеттерге шолу Экологиялық қозғалыс дегеніміз – экология мен қоршаған орта мәселесімен, әдетте адамзат іс-әрекетіне қатысты мәселемен арнайы айналысатын қоғамдық қозғалыс. Зебровски мен Меммот (2022) қоғамдық қозғалысқа«қоғамдық қозғалыс баса назар аударуды мақсат еткен және сол мақсатқа жетуге тырысатын қоғамдық 25 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК ұйым немесе кешен» деген анықтама берген. Делла Порта мен Диани (2006) қоғамдық қозғалысқа қатысушыларға«ұжымдық іс-әрекетке жұмылдыру механизмі бар әлеуметтік процесс формасы» деген анықтама берген. Бұл ғалымдар қатысушылар бейресми желі арқылы байланысады және олардың ұжымдық бірегейлігі ортақ дейді. Бұған қоса қоғамдық қозғалыстарға жүйедегі әлеуметтік мәселелерге қатысты әділетсіз әрекеттерге қарсы тұратын барлық әлеуметтік тап өкілі мүше болады(Suharko, 2020). Қоғамдық қозғалыс дегенге ортақ анықтама беруге тырыссақ, бұл белгілі бір халықтың әлеуметтік құрылымын қалыптастыруға және құқығы мен ресурсын бөлуге деген ұмтылысын көрсететін ортақ сенімі мен идея кешені болып шығады (Zebrowski&Memmott, 2022). Экологиялық қозғалыс көбіне қоршаған орта мәселесімен шектелмейді, өйткені басты мақсаты қоршаған орта мәселесі ғана емес, сонымен қатар этностық, гендерлік, автономиялық мәселелерге, еңбек, адам құқығына және ядролық қарудан бас тартуға қатысты адамдардың ортақ әрекетін де қамтиды. Қазір экологиялық қозғалыс деген түсінік ауқымы кең, ол қоғамдық, саяси және қоршаған орта мәселелерін де қамтиды(Rout, 2022). Бұл түсінікті толықтырсақ, «экологиялық қозғалыс – қоршаған ортаны өзгертуге, әсіресе экологиялық жағдай өзгеруіне, әділетсіз іс-әрекет пен әділетсіз дамуға қарсы шығатын қоғамдық, саяси және ұйымдық шараларды қамтитын ұжымдық іс-әрекет» деген анықтама беруге болады. Қоршаған ортаны қорғаудағы әділдікке«адамдар құрған және мақсаты қоршаған орта мәселесіне тығыз байланысты, бірақ уақыт өте және орны ауысқан сайын қатысушыларының іс-әрекеті мен алаңдайтын мәселесі өзгеріп отыратын ұжымдық іс-әрекет ретіндегі қоғамдық қозғалыс» деген анықтама беруге болады(Rootes, 1997). Бұл мақалада экологиялық қоғамдық қозғалысқа«қоршаған орта мен экологияға төнген қауіпке қарсы тұру деген ортақ мақсатқа жету үшін адамдардың басын қосатын қоғамдық ұйым түрі» деген анықтама береміз. 26 Мұхтар Аманбайұлы Демократиялық емес және демократиялық режимдердегі экологиялық қозғалыс Саяси тұрғыдан репрессия қаупі бар, қоғамдық ұйымдар шектеулі және азаматтық қоғамы әлсіз демократиялық емес режимдегі және демократиялық режимдегі қоғамдық қозғалыстар дамуында айырмашылық көп болады. Қоғамдық қозғалыс екі түрлі жолмен: шешім қабылдау кезеңдеріне мемлекет азаматтарын қатыстыруға, олардың талап қоюына жағдай жасап, мүмкіндік беретін демократиялық режимде және қоғамдық қозғалыс азаматтардың әлеуметтік-саяси саладағы маргиналдануға жауап ретінде құрылатын демократиялық емес режимде құрылады. Демократиялық мемлекеттерде азаматтар шешім қабылдау кезеңіне ресми саяси институттар арқылы да, қоғамдық қозғалыстар арқылы да қатыса алады. Бұл демократия үшін аса маңызды, өйткені сол арқылы азаматтарға пікір айту, өз мүдделерін қорғау мүмкіндіктері беріледі. Мұндай режимде әдетте жергілікті тұрғындар жергілікті мәселелерге жиі араласады, мемлекет те азаматтарымыз қоғам өміріне белсенді аралассын деп жағдай жасайды. Азаматтардың шешім қабылдау кезеңіне қатысу құқығын қорғайтындықтан қоғамдық қозғалыстарды да мысалға алуға болады(Isin and Wood, 1999; Ahmed, 2022). Демократиялық емес елдерде шешім қабылдау кезеңіне жергілікті қауымдастықтардың қатысу мүмкіндігі азырақ. Демократиялық емес режим шешімдерін көбіне қоғам қолдамайтын жылдам және жағымсыз шешімдер деуге болады(Von Stein, 2022). Көбіне қоғам үкімет белгілеген саясатты ұстануға мәжбүр. Үкімет шешім қабылдау кезеңіне қоғамды қатыстыруға дайын кезі сирек. Жалпы, қалыптасқан жүйеге қауіп төндіретін кез келген қоғамдық формациядан қорқады деген тұжырым бар(Ahmed, 2022). Демократиялық емес мемлекетте үкімет шығарған қоғам арасында қолдау таппаған шешімге қарсы қоғамдық қозғалыс құрылатыны да сондықтан. Мұндай мемлекетте қоғамдық қозғалыстар жергілікті билік органдарынан жергілікті қауымдастық пікірін ескерсін деп талап етеді. Көріп отырғанымыздай, демократиялық режимде жергілікті тұрғындардың қоғамдық қозғалыс құруы мүмкіндігі көбірек. Дегенмен сол қоғамдық қозғалыстардың мақсаты – халықтың шешім қабылдау 27 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК кезеңіне қатысу құқығын қорғау. Екінші жағынан, демократиялық емес режимде қоғамдық қозғалыс құру мүмкіндігі азырақ, өйткені авторитар режимде оны құрғанға кедергілер болады. Қоғамдық қозғалыс құрылған күннің өзінде, көпшілік қолдамаған үкімет шешіміне халық қарсы екенін көрсету үшін құрылады. Нәтижесі Сұхбат барысында қозғалыс құруға түрткі болған себептерді түсінуге көмектесетін бірнеше қызық айғақтарды байқадық. Қозғалыстың түрлі құрылу кезеңінде қозғалысқа мүше болған бес адамнан сұхбат алдық. Сұхбат бергендердің әлеуметтік мәртебесі бір-біріне ұқсамайды, қаладағы тұратын аудандары да бөлек. Сұхбат бергендер қозғалыстың басты мақсаты қоршаған орта табиғатын қорғау екенін айта отырып, сонымен қатар қозғалысқа мүше болғандардың:(1) демалуға мүмкіндігі бар жайлы ортада өмір сүрсек;(2) көлді келешек ұрпаққа қалдырсақ деген қалауы бар дейді. Бұлардың бәрі қала маңында табиғи көл болғаны жақсы көңілкүй сыйлайды дейді. Кіші Талдыкөл – жақсы демалыс орны. Сұхбат бергендердің бірі серуендеуге және демалуға қолайлы көл болғаны өте жақсы деді. Тағы екеуі маңайдағы халық татулығы мен көршілер қарым-қатынасын жақындастыру үшін құрылған«Көршілер» әлеуметтік жобасының мүшесі екен. Бұл жобаға Кіші Талдыкөл маңында тұратын адамдар кірген, олар бірге серуендеу, көл маңында бірге сурет салу сияқты шаралар өткізіп тұрады. Сондай-ақ сұхбат бергендер көлді келешек ұрпаққа сақтап қалу керек, себебі бұл жерде балаларымыз тұрады, олар да жайлы өмір сүруі керек дейді. Сұхбат бергендердің бірі көл сұлулығы қала өмірін әлдеқайда жақсартып тұр дегенді алға тартты. Сұхбат бергендер қала әкімшілігі Талдыкөлді қорғауы, Астана өмір сүруге қолайлы қала болсын десе, көлді жоюды доғаруы керек дейді. Сұхбат барысында қозғалыс қалай құрылғаны, құрылымы туралы маңызды ақпарат алдық. Сұхбат бергендердің бәрі қозғалыстың белгілі құрылымы қалыптаспағанын айтса, бес сұхбат берушінің төртеуі әдепкіде көл маңында тұратындар өзара сөйлесіп, келе-келе 28 Мұхтар Аманбайұлы қозғалысқа ұласқан дейді. Көбіне көппәтерлі үйлерде тұратындар WhatsApp-та ашқан топта пәтер иелері кооперативімен сөйлесе келе құрылған. Жергілікті халық көлді кептіруге наразы болған. Сұхбат бергендердің бірінің, яғни пәтер иелері кооперативі өкілінің айтуынша, бұл маңдағы тұрғындар көл жағасында тұру үшін осы жерден үй сатып алған. Көлді кептіру жұмысы басталғанына алаңдаған тұрғындар наразы екенін айта бастаған. Бұл қозғалыс туралы ақпарат қалада кең тарап, жасы, кәсібі, әлеуметтік мәртебесі түрлі адамдар қозғалысқа қосыла бастаған. Осы зерттеу барысында сұхбат бергендердің бәрінің әлеуметтік мәртебесі әртүрлі екеніне көз жеткіздік, арасында фрилансер, заңгер, медиа қызметкері, биолог та бар. Мүшелері түрлі топтан, ал бұл жағдай SOS. Талдыкөл қозғалысы мүшелері ұйымдасуына кедергі болады. Қозғалыс мүшелерінің бірігу деңгейі өте төмен, ресми құрылымы жоқ, өткізетін шаралары да әртүрлі. Сұхбат бергендердің көбі жаңа адамдарды қосқанда, ақпарат таратқанда және іс-шаралар туралы хабар бергенде Instagram-дағы парақшаларының маңызы зор дейді. Instagram парақшасында жарияланған постты немесе іс-шараны көрген халық келіп іс-шараға қатысып жатады. Көлді сақтап қалуға көмектескісі келген адам қозғалысқа қосылады. Тек халықты қосылуға шақыратын және қозғалысқа мүше ретінде қабылдайтын құрылымы жоқ екені аңғарылды. SOS.Талдыкөлдің бір мүшесі берген жауабында мүше болғысы келгендерді бейресми жолмен қалай қабылдайтынын айтып берген, яғни қозғалысқа қызығушылық танытқан адамды WhatsApp топқа қосады. Жаңа мүшелерді қабылдайтын ресми бөлім жоқ, адам WhatsApp топқа қосылған бойда өзін қозғалыс мүшесімін деп санауына болады. Демек, бұл қозғалыс мүддесі ортақ адамдардан құралған ресми құрылымы жоқ топ болып отыр. Құрылымы жоқ болғандықтан, қозғалыс мүшелерінің арнайы міндеттері немесе рөлдері де жоқ. Сұхбат бергендердің бәрі де іс-шараларға бос уақытында қатысады екен. Көбі қолынан келгенше қатысып жүргенін алға тартады, өйткені көбі таңғы 9.00-ден кешкі 18.00-ге дейін жұмыста, сондықтан белсенді болып, міндеттерді атқаруға көп уақыт бөле алмайды. Сөйтіп, бәрі бірнеше міндетті қатар атқарады, кейде бірі-бірінің міндетін қайталайды. Мысалы, қозғалыс 29 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК мүшелерінің міндеттері әртүрлі болуы мүмкін: Instagram парақшасын жүргізеді, серіктестермен байланысады, медиаға материал дайындайды, оны редакциялайды, іс-шара ұйымдастырып, бастан-аяқ алып жүреді. Ешкімнің нақты міндеті мен жауапкершілігі бекітілмеген, сондықтан топ арасындағы басшылық топ мүшелерінің қалауымен жүзеге асады. Қозғалыстың ресми құрылымы болмағандықтан, адамдар осы қозғалыстың мүшесі екенін және арнайы міндеті барын сезіне бермейді, соның кесірінен мүшелерінің көбі біраз уақыттан соң қозғалыстан шығып кетеді. Бұл SOS.Талдыкөл қозғалысы тап болып отырған көп кедергінің бірі ғана. Ұйым ретінде құрылымы болмағаны қозғалысқа зиян тигізіп, сонымен қатар қозғалыс жұмысына қатысты жалған ақпарат тарауы, сырттан қауіп төнуі секілді сыртқы қауіптерге тап болып отыр. Қозғалыс туралы жалған ақпаратты естігендер ұйымға мүше болғанымыз дұрыс болды ма деп күмәнданып қалады. Сұрағымызға жауап берген қозғалыс мүшесі қозғалысты«өтірік»,«антиваксер» топтардың бірі деп атағандарды көрген. Сұхбат бергендер қозғалыс жұмысына бөгет болғысы келген адамдар барын, олар арандату әрекеттерін жасауға тырысқанын айтқан еді. SOS.Талдыкөл қозғалысында ішкі де, сыртқы да кедергілер бар, жетістікке жету үшін соларды еңсеруі керек, бірақ мүшелерін нақты ұйымдастыратын ішкі құрылымы болмағандықтан, сыртқы қауіптің ықпалы әлдеқайда көбірек болып отыр. Сұхбат бергендердің бәрі халық басын қосқанда медианың атқарар рөлі зор дейді. Қозғалыс құрылуына, әрі қарай дамуына әлеуметтік медианың ықпалы зор болғанын айта кеткен жөн. Сұхбат бергендер іс-шара туралы ақпарат таратқанда, халықтың басын қосқанда, жұрт назарын аударғанда және қала халқымен байланыс орнатқанда Instagram, Facebook әлеуметтік желісін және WhatsApp месенжерін пайдаланады. 30 Мұхтар Аманбайұлы ТҮЙІН SOS.Талдыкөл қозғалысына қарап демократиялық емес экономикада экологиялық қозғалыс қалай құрылатынын, оның даму жолын көре аламыз. Қазақстанда экологиялық қозғалыс көп емес. Бұл қозғалыс жергілікті халық өз қаласының дамуына қалай алаңдайтынын, көлдерді сақтап қалу үшін қандай істерге баратынын, қоршаған орта мәселесін ойлап, оны сақтауға тырысатынын көрсетіп отыр. Түрлі топ өкілдері мен әлеуметтік мәртебесі бір-біріне ұқсамайтын адамдардың басын әлеуметтік медиа мен ауыздан ауызға тараған ақпарат біріктіріп тұр. Талдыкөл көлдерінің экологиялық мәселесіне алаңдаған халық бірігіп, осындай қозғалыс құрған. SOS.Талдыкөл қозғалысының қазіргі жағдайы бірізге түспеген, нақты құрылымы жоқ деген ой қалыптасады. Қозғалыс мүшелерінің арнайы міндеті белгіленбеген және жауапкершілігі бөлінбеген. Сондай-ақ қозғалыс дамуына кедергі болып отырған бірқатар мәселе бар: қозғалыс мүшелері іс-шараларға бос уақытында ғана қатысады, жалған ақпарат тарату, қозғалысқа қатысты арандату әрекеттері. Бұл жағдайлар қозғалыс ұйымдастырған іс-шаралар беделіне нұқсан келтіреді. Дегенмен қозғалыс мүшелері әлеуметтік медианы тиімді пайдаланып, кей кедергілерді еңсеріп келеді. Сонымен қатар жаңа адамдар тартқанда да, болатын іс-шаралар туралы хабар таратқанда да әлеуметтік медиа көмегіне жүгінеді. Қозғалыс әлі дамып келеді. Осы мақалада жазылғандарды оқи отырып, басқа да қозғалыстарды салыстыруға болады. ДЕРЕККӨЗ 1. Adamdar, CA. Акция протеста у Малого Талдыколя, 2021. – URL: https://adamdar. ca/kk/post/aktsiya-protesta-u-malogo-taldykolya 2. Azattyq, В столице прошел митинг против массовой застройки города и засыпки озера Малый Талдыколь, 2022 – URL: https://rus.azattyq.org/a/31996989.html 3. Калиаскарова – Мусирова T. Котлован, гитары, романтика: активисты провели флешмоб«Спасём Кок Жайлау!», 2014. – URL: https://vlast.kz/obsshestvo/ kotlovan_gitary_romantika_aktivisty_proveli_fleshmob_spasjom_kok_zhajlau-6823. html 4. Логинова О. Мы призываем к благоразумию, 2021. – URL: https://vlast.kz/ obsshestvo/46226-my-prizyvaem-k-blagorazumiu.html 31 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК 5. Женисхан Д. SOS Taldykol. Ради элитного жилья власти Астаны решили засыпать землей озеро с фламинго, но встретили отпор горожан, 2021. – URL: https://mediazona.ca/article/2021/10/08/taldykol 6. Жоямерген О. Орнитолог рассказал, почему необходимо сохранить озеро Талдыколь, 2021. 7. Ahmed, S.(2022). Unpacking the environmental movement in megacity Dhaka: how does the resource mobilisation theory explain local urban complexity? Local Environment, 27(5), 639–654. – URL: https://doi.org/10.1080/13549839.2022.20681 44 8. Burman, A.(2022). A taste for ecology: class, coloniality, and the rise of a Bolivian urban environmental movement. Latin American and Caribbean Ethnic Studies, 17(2), 193–218. – URL: https://doi.org/10.1080/17442222.2021.1918841 9. Heinrich, V. F.(2005).«Studying Civil Society across the World: Exploring the Thorny Issues of Conceptualization and Measurement» Journal of Civil Society 1(3): 211–228. doi:10.1080/17448680500484749. 10. N.D,(2021). The water surface of Maly Taldykol will be preserved. – URL: https://yapresident.com/en/the-water-surface-of-maly-taldykol-will-bepreserved/?lang=en 11. Rout, S.(2022). Global Local Linkages in Contemporary Environmental Movements: Networking, Diffusion and Scale Shift in the Niyamgiri Movement of Odisha. Sociological Bulletin, 71(2), 210–231. – URL: https://doi. org/10.1177/00380229221081979 12. Rootes, C.(1997). Environmental movements and green parties in western and eastern Europe. In M. Redclift& G. Woodgate(Eds.), International handbook of environmental sociology(pp. 319–348). Edward Elga. 13. Sen, A.(1999). Development as Freedom. Oxford: Oxford University Press. 14. Suharko Suharko.(2020). Urban environmental justice movements in Yogyakarta, Indonesia. Environmental Sociology, 6, 231–241. 15. Tarrow, S.(1998). Power in movement: Social movements and contentious politics. Cambridge University Press. 16. Von Stein, J.(2022). Democracy, Autocracy, and Everything in Between: How Domestic Institutions Affect Environmental Protection. BRITISH JOURNAL OF POLITICAL SCIENCE, 52(1), 339–357. 17. Vigano’ M.S.(2022). Kazakh people are fighting to preserve the natural lakes of Nur‑Sultan. – URL: https://www.birdlife.org/news/2022/01/17/kazakh-people-arefighting-to-preserve-the-natural-lakes-of-nur-sultan/ 18. Zebrowski, W.,& Memmott, T.(2022). Mobilization momentum: A network approach to the temporality and effectiveness of environmental movements. Energy Research& Social Science, 93. – URL: https://doi.org/10.1016/j. erss.2022.102835 32 Шұғыла Қилыбаева САЯСИ ШЕШІМГЕ ЫҚПАЛ ЕТУ ҚҰҚЫҒЫ ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕС: АЛМАТЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛЕРДІҢ ЖЕРГІЛІКТІ БИЛІКПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ Шұғыла Қилыбаева shugyla.kilybayeva@gmail.com Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан мегаполисі – екі миллионға жуық халқы бар Алматы қаласы(Алматы в цифрах, 2021) белсенді тұрғындар қаласына айналған. Бұл қалада саяси және азаматтық белсенділер, құқық қорғаушылар, урбан-белсенділер, экобелсенділер, феминистер, мүмкіндігі шектеулі адамдарға ыңғайлы орта қалыптастыруға тырысып жүрген белсенділер, арт-белсенділер сияқты көптеген белсенділер бар. Алматыдағы белсенділіктің формасы да, мүддесі де бір-біріне ұқсамайды, бірақ сол белсенділіктің мақсаты біреу: елдегі жағдайды жақсарту жолында жергілікті және мемлекеттік деңгейдегі шешім қабылдау процесіне ықпал ете алу(Kilybayeva, 2017: 53–71). Қазақстандықтарды үйлестіру және жұмылдыру, ішінара биліктің саяси шешіміне ықпал ету ісінде интернет пен әлеуметтік желі маңызды рөл атқарды, себебі сол арқылы халыққа ақпарат беріп отырады, халықтың қолдауына ие болады, сөйтіп, қозғап отырған мәселесіне билік назарын аудара алады (Kilybayeva, 2020: 62–75). Елдегі азаматтардың бәрі бірдей оффлайн саяси белсенді емес, өйткені көбі саяси және азаматтық белсенділігін әлі де ашық көрсете бермейді, бірақ кейінгі кездері белсенділердің даусы жиі естіле бастады. Алматыда тұрғындар мен қала әкімшілігі арасында тиімді байланыс орнатуға қатысты бірқатар қиындық бар. Алматылық белсенді азаматтар жергілікті билік органдарының саяси шешім қабылдауына 33 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК ықпал ету үшін түрлі формалар мен тактикаларды қолданады. Оффлайн да, онлайн да белсенді болады. Мысалы, митиң, петиция, БАҚ пен әлеуметтік желі арқылы шу көтеру, ақша не донат жинау, әкімдікке, министрлікке ресми хат жолдау, президентке үндеу жолдау т.б. Оның үстіне кейінгі он жылда Қазақстанда зерттеу жұмыстары мен ұсыныстарын белсенді жариялап жүрген, еңбегін жұртшылықпен бөлісіп жүрген т.б. ғалымдар көбейген. Дегенмен азаматтардың биліктен белгілі бір саяси шешім талап ету жолында қолданып жүрген осы амалдарының көбі оң нәтиже бермей отыр. Бұл жұмыста алматылық белсенділер қаладағы мәселелерді шешу үшін жергілікті билікпен, яғни әкімдікпен қалай жұмыс істейтінін зерттейміз. Белсенділер билік шығарған саяси шешімдерге қаншалық ықпал ететінін зерттеу үшін«қар добы» әдісін пайдаланып 25 жартылайқұрылымды сұхбат жүргіздік(2022). Әр сұхбаттың ұзақтығы 50–90 минут. Респонденттер қатарында қала белсенділері, сәулетші-урбанистер, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған ыңғайлы орта құруға талпынып жүргендер, экобелсенділер(көлік, ауа сапасы, қоқысты қайта өңдеу, ағаштарды заңсыз кесу бойынша), нүктелі құрылысқа қарсы белсенділер, әкімдік қызметкерлері, белсенді тұрғындар, азаматтық белсенділік тақырыбын зерттеп жүргендер, урбанистика тақырыбына қызығатын IT-мамандары бар. Сондай-ақ белсенділер 2021 жылғы қаңтар мен 2022 жылғы қазан аралығында әлеуметтік желідегі парақшасында және тобында не жазғандарына контент-анализ жасадық. Алматы тұрғындарының төмендегі белсенділігі Алматының географиялық, табиғи және климаттық ерекшелігі, бай тарихи-мәдени мұрасы мен әлеуметтік-экономикалық артықшылығы(жұмыс табуға, сапалы білім алуға, денсаулық сақтау саласында мүмкіндік көп болғаны, демалыс және спорт инфрақұрылымы дамығаны) қала урбанизациясына, Алматы агломерациясындағы халық саны айтарлықтай артуына және кейінгі он жылда Алматы қаласы аумағының 33,3 мың гектардан 68,3 мың гектарға дейін екі есе үлкеюіне жол ашты(Алматы қаласы әкімдігі, 2022). Сонымен қатар 34 Шұғыла Қилыбаева қала демографиясы өскендіктен, халық көп тұратын аудандарда электр желісі, жылумен және сумен қамту желілері тозғаннан бөлек басқа да әлеуметтік және коммуналдық салалар инфрақұрылымында бірқатар қиындық туды. Алматы қаласындағы қоғамдық көлікті дамыту мен оны(метроның жаңа желілері мен қоғамдық көліктің жылдам түрлерін) бірыңғай көлік жүйесіне біріктіру жобасы кейінге қалдырылды, сондықтан қала мен облыс арасындағы маятник миграция, қаланың барлық аудандарындағы жол қауіпсіздігі, жол және көлік қатынасын дамыту, кептеліс, автобус және метро пойызында адам тым көп болуы, экологиялық емес көлік түрлеріне тыйым салу және сол сияқты басқа да мәселелер әлі шешілмеген. Қазір мегаполистегі экологиялық ахуал тым күрделеніп кетті әрі қауіпті деңгейге шықты. Алматы халқы бұл мәселеге де алаңдап отыр. Дүниежүзілік банк есебіне сүйенсек, Қазақстан қалаларында үй шаруашылығында және газға көшпеген жылу электр орталықтары (ЖЭО) көмір жаққанда бөлінетін ұсақ бөлшектерден ауа ластанып, соның салдарынан адамдардың денсаулығына кері әсер етіп, ерте өмірден өтуге себеп болады(The World Bank, 2022). Алматыда жылу электр орталықтары мен жекеменшік үйлер қыста көмір жаққанынан бөлек, көлік шамадан тыс көп болғандықтан, олардан бөлінетін улы газдан да ауа ластанады. Сонымен қатар көпқабатты тұрғын үй кешендері көптеп әрі ретсіз салынғандықтан, қала ішінде жөнді жел соқпай, ол да мәселеге айналған(The World Air Quality Project, 2022). 2019 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев«еститін» мемлекет тұжырымын ұсынды(Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты, 2022), онда азаматтармен конструктив диалог жүргізгенге дайын, қазақстандықтардың сұрауына дер кезінде жауап беретін, сондай-ақ қоғамы шешім қабылдау процесіне қатыса алатын«ашық» мемлекет жайлы айтты(Silvan, Kilybayeva, 2022). Билік елдегі кей қиын жағдайға(Алматы мен Қазақстанның басқа да қалаларындағы экологиялық дағдарысқа) назар аударып отырғанымен, көп мәселе шешілмеген, сондықтан азаматтар қазіргі«еститін» мемлекет нарративі іс жүзіндегі саяси шараларға сай болмағанына наразы екені байқалады(Silvan, Kilybayeva, 2022). 35 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК ҚСЗИ тапсырысы бойынша жүргізілген сауалнама қорытындысына сүйенсек, Қазақстан халқының үштен бірі(33%) Қазақстан үкіметі азаматтардың елдегі мәселелерін«естімей» және шешпей отыр деп санайды(Kazinform, 2022). Т. Канапьяновтың айтуынша, Қазақстандағы билік бөлінісінде тиісті тепе-теңдік пен тежемелік жоқ(Kanapyanov, 2018), сондықтан елдегі мемлекеттік менежмент сапасы ақсап тұр. Авторитар саяси жүйе жергілікті өзін-өзі басқаруды тежеп отыр, азаматтар саяси шешім қабылдау процесіне ықпал ете алмайды. Қазақстан 2019 жылы жемқорлықты болдырмау көрсеткіші рейтиңінде 113-орында болса, 2021 жылы 102-орынға шыққан, сот жүйесі, полиция мен медицина жүйесіндегі жемқорлық әлі де күрделі мәселе(Vlast.kz, 2022). Қаладағы мәселелерге қатысты билік саясатына Алматы тұрғындарының наразы болған кезі аз емес және оны өзгерту мақсатында қолға алынған азаматтық бастамалары да көп. Үкімет пен қала басшылығы негізінен тек шулы істерге назар аударады. Алматыдағы шулы істердің бірі – Көкжайлау шатқалындағы тау шаңғысы курортын салуға қатысты іс. Көптеген алматылық белсенділер осы Көкжайлау ісінен соң саясатқа араласа бастады. Бұл жағдай азаматтардың төмендегі белсенділігі биліктің саяси шешімін азаматтарға пайдалы болатындай етіп шешуге болатынын көрсетті. Қазақстандықтардың төмендегі белсенділігі 2020 жылғы жазда COVID-19 індеті ушығып тұрғанда да байқалды, коронавирус ауруы тарағанда тұрғындар бірбіріне көмектесе бастады: дәрі іздеуге және дәрі жеткізуге көмектесті(Vlast.kz, 2022), коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасын жүргізетін сайт жасады, жас ғалымдар халыққа коронавирус, вакцинация т.б. мәселелер бойынша ақпарат беру үшін әлеуметтік желіде MedSupport парақшасын ашты. 2022 жылы қала тұрғындары Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев отставкаға кетсін деп талап етті, бұл да үлкен іс болды(Vlast.kz, 2022). Otinish.kz сайтындағы онлайн петицияға 20 000 адам қол қойған. Отставка туралы петицияның мәтінінде қала тұрғындары Сағынтаевтың саясатына наразы екені байқалады: «…Қалаға күн туғанда бізге рухани жағынан да, физикалық тұрғыдан да қолдау көрсете алған жоқ. Эфирге шығып, 36 Шұғыла Қилыбаева алматылықтарға үндеу жолдаған жоқ. 8 қаңтардан бері халық алдына шыққанын көрмедік…»( петиция мәтінінен үзінді) (Otinish.kz, 2022). Алматы тұрғындары Бақытжан Сағынтаев отставкаға кетсін, қала әкімінің лауазымына ашық сайлау өткізу керек деген талап қойды. Әкім Сағынтаев 2020-2021 жылдары індет кезінде қаланы нашар басқарғаны және 2022 жылғы қаңтар басындағы трагедия кезінде халық алдына шықпай, үн-түнсіз қалғаны үшін сынға ұшырады. Сөйтіп, билік әрекетсіздігін көрген саналы азаматтар мәселені өзіміз шешеміз деп жұмыла кірісті. Мемлекет араласуын қажет етпейтін мәселелердің көбін тұрғындар өз күшімен шешуге тырысып жүр, дегенмен ол мәселелердің көбіне билік араласпаса, тұрғындар өз бетімен шеше алмайды. Атқарушы органдар мен қала тұрғындарының қарым-қатынасындағы қиындықтар Демократиялық даму жөніндегі зерттеу жұмыстарының көбі мем лекеттік саясаттағы басқаруды(governance in public policy)(Asare, 2009) зерттеуге арналған. Мемлекеттік сектордағы тиімді басқа ру(good governance) тұжырымы – мемлекет өз азаматтарымен қалай өзара әрекеттесуі керегін түсінуге арналған негізгі тұжырым. Мемлекеттік секторды тиісті деңгейде басқару үшін билік жедел әрекет етіп, міндетті түрде есеп беріп, ашық болуы, жемқорлықпен күресуі, құқықтық база нақты болуы және азаматтар белсенді қатысуы керек(Poniatowicz&Dziemianowicz&Kargol-Wasiluk, 2020). Сараптама сұхбаттар мен жарияланымдарға жасалған контентанализден байқағанымыздай, Алматы әкімдігінің қала тұрғындарына деген қатынасына белсенділердің көңілі толмайды. Алматылықтар қаладағы мәселелерді көтеріп, байланыс орнатудың түрлі әдістерін қолданып, биліктің саяси шешіміне ықпал ететін жол іздеп жүр. Осы орайда байланыстың бір түріне, яғни қала тұрғындарының әкімдікке жазбаша жүгінуіне тоқталайық. Көптеген алматылықтар талаптары мен ұсыныстарын қала және аудандық әкімдікке e-gov.kz, open-almaty.kz, almaty.gov.kz порталдары 37 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК арқылы жолдайды, әкіммен кездесуге барады, жазбаша өтінішін әкімдік кеңсесіне, электрон поштасына жолдайды, әкімдіктің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына жазады. Тұрғындар негізінен қоғамдық көлік пен жолға, ауа сапасына, қаланы абаттандыруға, жер қатынасына, орта және мектепке дейінгі білім беруге, энергетика және коммуналдық шаруашылыққа т.б. қатысты мәселелерді айтып өтініш жазады(Open Almaty: диалог власти и общества в действии, 2021). Әкімдікке жүгінбейтін азаматтар не байланыс әдістерін білмейді, не қала мен аудан басшылығы тиімді жұмыс істейтініне сенбейді. Сұхбат бергендердің бірі әкімдіктің қаланы дамыту жөнінде тұрақты жоспары жоқ, қаладағы аула мен тротуарларды жөндеу сияқты кезек күттірмейтін ағымдағы мәселелерді шешумен ғана айналысып отыр, ал жалпы қаланы дамытуға қатысты жұмыс істеп отырған жоқ дейді. «Алматыға қаланы гүлдендіре беретін тұрақты институт керек, ол институт әкім ауысқанына қарамайды. Жаңа әкім бұрынғы әкімнің жұмысын жалғастырмайтын кез көп болды. Сөйтіп, бюджет ақшасы, бұрынғы қызметкерлердің энергиясы мен ресурсы шығын болып отыр»(аноним, сұхбат, 2022). «Әкімдік қала бюджетін тиімсіз жұмсап отыр. Жап-жақсы тұрған нәрсені қайта жасайды, ал қалада одан да маңызды қанша мәселе бар»(аноним, сұхбат, 2022). «Былтыр салған жиектас пен жолды қайта салып жатыр»(аноним, сұхбат, 2022). Шенеуніктермен байланысамын деген тұрғын әкімдікке жазбаша жүгінуі немесе әкіммен кездесуге баруы керек. Әкімдікте қашан да жұмыскер жетпей жатады, күн сайын түсетін, дереу жауап беру керек хат көп. Әкімдік кеңсесінде істейтін қызметкерлер кейде хатқа не деп жауап берерін білмей жатады, себебі бір мезетте мыңдаған хат келіп түседі – күнделікті жұмыс барысында мәселені шешу жолын бірден табу қиын. Әкімдік кеңсесінде істейтін қызметкердің айтуынша(сұхбат, 2022), шағым жазған тұрғындар хатын көбіне басқа бөлімге жолдап жатады. Әкімдік кеңсесі адресаты дұрыс емес 38 Шұғыла Қилыбаева хаттарды, өтініштерді, шағымдарды, басқа да жазбаша талаптар мен хаттарды жинап, әкімдіктегі тиісті бөлімдерге жолдайды. Тиісті адресатын табуға көп уақыт кетеді, сөйтіп, хатқа жауап бергенге де біраз уақыт қажет болады. «Жауап беруді үнемі талап ететін хаттар бар. Әкімдіктің басты міндеті— хатқа дер кезінде жауап беру. Негізі, мұны машинаның бұрандасы қозғалып тұратындай етіп жасау керек»(Дана Шаяхмет, сұхбат, 2022). Билік естісін десек, азаматтар жергілікті және аудандық әкімдікке хатты қалай жазу керегін білуі және жаза алуы керек. «Азаматтар жүріс-тұрыс ережесін сақтаса, оффлайн және онлайн өтініш берсе, әкімдік пен басқа лауазымды тұлғалармен кездесуге барса, әкімдік оларды естір еді»(аноним, сұхбат, 2022). Оның үстіне әкімдік кеңсесіне жазбаша өтініш пен шағым жазу талабы көп, өтініш аноним болмауы керек(Open Almaty, 2022), олай болған жағдайда хат жолдау, оған жауап алу жолы қиындайды. Сондықтан тұрғындар хат жазғанда әкімдікке«ыңғайлы» мәтін жазуға ғана емес, сондай-ақ әкімдіктің қызметі мен құрылымын да білуге міндетті сияқты көрінеді, әйтпесе автордың хаты адресатқа жетемін дегенше көп уақыт кетеді. Ал тұрғындар хатын қай бөлімге және нақты кімге жолдайтынын білуге міндетті емес. Ондай егжейтегжейлі ақпаратты тіпті мемлекеттік басқаруы қалыптасқан дамыған елдердің азаматтары да біле бермейді. Қазақстандағы тұрғындар шағым, ұсынысын жазатын порталдар мен уеб-сайттарды жетілдіру керек және тұрғындар шағым жазып, ұсыныс тастап қоймай, әкімдік жұмысына баға беретін мобайл қолданба жасау керек. Мәселе сол: Қазақстандағы қала әкімдігі сатылы және бюрократиялық жолмен жұмыс істейді, әкімдікте тәртіп те, тиімділік те, жақсы менежмент те жоқ. «Құрылымның ішкі коммуникациясында қиындық бар, сол қиындықтар халықты тыңдап, мәселені шешуге кедергі болып, уақытты, энергияны, адам әлеуетін, жұмыс ресурсын көп жұмсауды талап етіп жатады»(Алеся Нугаева, сұхбат, 2022). 39 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК «Қандай да бір мәселелер, өтініштер бойынша Open Almaty қоғамдық қабылдау порталынан бізге жазып жатады, атап айтқанда, пандус салу сияқты мәселелермен жүгінеді. Мысалы, тіпті кейде Open Almaty мәселені дұрыс шеше алмайды, мысалы, өтінімді өңдеу үшін мәдениет басқармасына жолдап жатады. Ал пандусты жөндеткеннің орнына, әкімдіктің қабылдау бөліміндегілер бір апта бойы бұл өтінішті кімге жолдаймын деп, яғни адресатты іздеп отырамыз дейді»(Алеся Нугаева, сұхбат 2022). Әкімдік бөлімдері арасында байланыс болмағандықтан, жұмыс жүйесі сатылы және жемқорлыққа жол беретіндей тиімсіз. Сатылы байланыстың ең төменінде сол сатылы байланыстан және қысымнан ең көп жәбір көретіндер тұрады: «Бастық не айтса да заң»(Қайрат, бұрын әкімдікте жұмыс істеген, сұхбат, 2022). «Әрине, шенеуніктердің бәрі бірдей сауатсыз, жауапсыз немесе жемқор емес, халыққа жаны ашитын, өзі де қарапайым халық арасынан шыққан, жауапты, сауатты, заң білетін, елі мен халқын ойлайтын мемлекеттік қызметкерлер де бар, бірақ ондай адамды сатылы байланыс пен жүйе тұншықтырып тастайды»(Дана, сұхбат, 2022). «Мемлекеттік қызметтегі басшы қандай болатынын білеміз, тым авторитар басшылық түрі дәл осы мемлекеттік қызметте қатты байқалады. Тапсырма берілді ме, оны орындау керек, әскердегідей, сенің пікіріңді ешкім тыңдағысы да келмейді»(аноним, сұхбат, 2022). Алматы қаласындағы урбан және экобелсенділік 2015 жылдан бері Алматыда құрылыс қарқынды дамығанымен, бейберекет салынып келеді, экологиялық нормаларды ескермеген және қауіпсіздік стандартына сай емес биік үйлер көбейді. Алматыдағы осындай тығыз салынған және нүктелі құрылыстар көп қиындық тудырып отыр: белгілі бір аудандарда халық тым тығыз орналасқан, әлеуметтік инфрақұрылым дамымаған, жаңа құрылыстар салу барысында техникалық шарттар бұзылған, ескі және жаңа 40 Шұғыла Қилыбаева тұрғын үй кешеніндегі жылумен және/немесе сумен қамту жүйесі жарылған, сейсмикалық қауіпсіздікке қауіп төнген(Стоп Застройке, 2023). Алматыда ауа тым ластанғанымен қатар жаңа көпқабатты құрылыстар да жел жөнді соғуына кедергі болып отыр(Салтанат Тәшімова, сұхбат, 2022), соның салдарынан қала тұрғындарының тыныс алу жолдарының, жүрек-қан тамырлар жүйесінің жұмысы бұзылып, созылмалы және онкологиялық аурулардан зардап шегіп отыр. Сұхбатты қорыта келе, Алматыдағы қоғам қайраткерлері мен сарапшылар қаладағы құрылысқа қатысты қала басшылығына қояр бірқатар сұрағы бары, сарапшылар құрылыс салу барысында да, объектіні пайдалануға беру кезінде де қадағалау жетіспейді деп ойлайтыны байқалды. Зерттеуші Серік Бейменбетов(сұхбат, 2022) авторитар неолиберализм теориясына сүйене отырып қаланы дамыту жерификациялау(« jentrification» сөзі ағылшыншадан аударғанда« қаланың қо лайсыз кварталдарына барынша ауқатты тұрғындарды тарту мақ сатында сол аймақты қайта жаңғырту және жайлы жағдай жасау» деген мағынаны білдіреді) арқылы қаланың шамадан тыс неолиберал урбандалуына себеп болады дейді. Қаладағы бірқатар ғимараттардан көптеген кемшілік анықталған(365info.kz, 2021).«Стоп застройке!» тобының мүшесі Василий Мартынов(Malim.kz, 2022) мемлекеттік органдар қалада тәртіп орнағанына қызығып отырған жоқ деп санайды. Қалада нүктелі құрылысқа қарсылық білдіріп жүрген белсенділер көп. Мысалы: Салтанат Тәшімова, Абай Ерекенов, Мұрат Қасенов, Василий Мартынов, Ажар Жандосова және өзгелері. Белсенділердің бірі суретші Салтанат Тәшімова талайдан бері Алматыдағы заңсыз салынған құрылыспен күресіп келе жатыр, 2015 жылғы шілдеде Facebook әлеуметтік желісінен«Защитим Алматы!» тобын ашты, қазір бұл топтың 16 600 мүшесі бар. 2016 жылғы маусымда«Сохраним и защитим деревья!» тобын ашқан, қазір оның 2 800 мүшесі бар. Салтанат Тәшімованың Facebook парақшасындағы(2021 жылғы қазаннан 2022 жылғы қазан аралығындағы) жарияланымдарына контент-анализ жасап, өзі және пікірлестері қаладағы көптеген мәселелерді шешуге атсалысып жүргенін байқадық. Мысалы: заңсыз салынған құрылыс, ағаштарды кесу(мысалы, Кооптехникум ісі(Тәшімова, 2021-2022), тауды шетінен қырып алу, жануарларды аямау(Талғар 41 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК су қоймасындағы жүздеген жануар қырылғаны, әйнек ғимараттардың кесірінен құстар қырылғаны). Салтанат Тәшімова жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңды жетілдіруге көмектесіп (Аdilet.zan.kz, 2022), заңгерлермен бірлесіп, зоозаңдар нормасын түзетуге қатысты жұмыс істеп жүр. С. Тәшімованың айтуынша, орманды және алма ағаштарын ормантанушы және эколог сараптамасынсыз, сонымен қатар рұқсат етілмеген құрылыс көбейгені кесірінен кесіп жатыр. Сондай-ақ экобелсенді қоқысты сорттау мәселесін де көтеріп жүр, өйткені үлкен қоқыс орындары мен одан шығатын сасық иіс тұрғындардың денсаулығына кері әсер етеді, жалпы қоршаған ортаны ластайды(Тәшімова, 2021-2022). Салтанат Тәшімова сұхбатында қаланың тұрақты дамуына жемқорлық, қала тұрғындары мен жергілікті билік органдары және бизнес(құрылыс салушылар) арасында диалог жоқ екені кедергі болып отыр дейді(Тәшімова, 2022). «Тұрғындар көп жағдайда өз көзқарасын қорғауға мәжбүр болады (Бақытнұр Отарбаева, Жамилә, сұхбат, 2022), өйткені билік пен құрылыс салушылар арасында тікелей диалог құру қиын». Келіссөз процесі басталғанымен, көбіне әкімдік тұрғындардың шартын орындауға ықылас танытпайды, өйткені ол әкімдікке тиімсіз, ал құрылыс салушылар заңсыз объект салу жөнінде әкімдікпен келісіп қойған. «Тұрғындар жаппай бейбіт наразылық акциясына шыға бастаса ғана, қозғала бастайды, осы әдіс әсер етеді. Мысалы, Таугүлдегі саябақты бұзып, орнына спорт объектісін салуға жұрт қарсы болып, жаппай акция болды. Билік сонда ғана іске көшіп, Алматы тұрғындарын тынышталдыруға тырысты»(Салтанат Тәшімова, сұхбат, 2022). Қазақстандағы урбанистика және сәулет саласын зерттеп жүргендер біраздан бері қалада инженерлік инфрақұрылымды қайта жаңғырту мен жетілдіру бағдарламасын қолдану керек деп жүр, өйткені қаладағы бұрыннан келе жатқан панель үйлер аумағындағы тығыздық артып кеткен және ондағы әлеуметтік инфрақұрылым, көлік және коммуналдық жүйе әбден қалыптасып қалған.«Қайта жаңғырту» дегеніміз ескі үйлердің ішкі коммуникациясын(шатырын, 42 Шұғыла Қилыбаева терезесін, есіктерін, баспалдағын т.б. ауыстыру) түгел қайта салу. Бұл – ескірген тұрғын үйлер мәселесін шешуге бағытталған экономикалық жағынан ең тиімді шешім. Осы ұғым орнына«бұзу» ұғымын қолданып жүргені алматылықтардың ашуын туғызып отыр. Мысалы, қала әкімі Досаев 2023 жылғы 25 қаңтарда Алматы қаласы Әуезов ауданының халқымен кездесу барысында панель үйлерді(1940–1960 жылдары салынған) бұзамыз дегені урбанистердің, сәулетшілер мен кей қалалықтардың ашуын туғызды. «Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев аудан халқымен ай сайын кездеседі, оның жақсы қырлары баршылық, дегенмен осындай байқаусызда, ойланбай айтқан сөздері бәрін бүлдіреді»(Сәуле, сұхбат, 2023). Қайта жаңғырту туралы бағдарламада«реновация» ұғымы ескірген үйлердің ішкі коммуникациясын түгел қайта салу емес, ескіні бұзып, орнына жаңа тұрғын үй салу дегенді білдіреді. Сұхбат бергендердің бірі қала басшылығы ескі үйлерді неге жаппай бұзғысы келетінін былай түсіндірді: «Қала басшылығы мен құрылыс компанияларына Кеңес одағы кезінде салынған ғимараттардың орнына жаңа«құмырсқаның илеуін» салған тиімді, оларға сәулеттің тарихи келбетін сақтап қалу да, ол үйлерде тұратын халыққа не болатыны да қызық емес»(Алмас, сұхбат, 2023). Дегенмен: «Ескі үйлердің(кейбірін бұзбай-ақ жөндеуге болады) тұрғындары жаңа тұрғын үй кешенінен тегін пәтер алғысы келеді, сондықтан құрылыс салушыларды қолдап, белсенділерге қарсы шығып отыр»(Салтанат Тәшімова, Бақытнұр Отарбаева, Жамилә, сұхбат 2022). Салтанат Тәшімова мен оның пікірлестері құрылыс салушылардың әкімдіктегі лоббиін көрсеткен сот шешімімен күресіп келеді, қоғамдық тыңдау мен кездесу ұйымдастырып қатысады, азаматтар мен әкімдік арасындағы байланысты дамытуға күш салып жүр. Салтанат Тәшімова белсенділер мен сарапшыларға басқарма басшыларымен және аудандық әкімдік өкілдерімен, кей құрылыс салушылармен байланысуына көмектеседі. 43 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Шешім қабылдау үшін зерттеу жүргізудің маңызы Ғылыми деректер шешім шығаратын адам мәселені мұқият түсінуіне, нақты жағдайға пікір білдіруіне, шешім қабылдау жолдарын анықтауға көмектеседі. Жергілікті билік көбіне асығыс, қатері көп шешім қабылдайды, себебі қалада күнібұрын зерттеу жүргізбейді (Ерқанат Заитов, Мейрам Байгөжеков, Фатима Әбенова, сұхбат, 2022) және тәуелсіз мамандарды, сарапшылар мен бастамашыл топтарды қатыстырмайды(Әділ Нұрмақов, Әсел Есжанова, сұхбат, 2022). Саяси шешім қабылдайтын кезде азаматтарды қатыстыру керек, сол саланың мамандарынан кеңес сұрау керек. Әкімдік мәселенің ерекшелігін білмей, тәуелсіз сарапшыларды қатыстырмай өз бетінше шешім қабылдамауы керек. «Қазақстанда қандай да бір зерттеу мәліметін зерделемей, сарапшылардың пікірін, азаматтардың талғамын ескермей-ақ шешім қабылдайды. Мысалы, Италияда жергілікті қоғамдастық өз құқығын қатты қорғайды және шешім қабылдау барысына ықпал етіп отырады»(Фатима Әбенова, сұхбат, 2022). АҚШ урбанистикасын зерттеп жүрген сәулетші және урбанист Ерқанат Заитов(сұхбат, 2022) Қазақстанда урбанистиканы, қаланы және көлік қатынасын жоспарлау мәселесі толық зерттелмеген деп санайды. Ғимаратты салар алдында міндетті түрде зерттеп алу керек. Өзге сарапшылар да жобалау алдында міндетті түрде талдау жүргізуі керек, себебі құрылыс салушы ондай талдау жасамаса, өз жобасын дәлелдеуі, жұртшылық алдында қорғауы қиын болады дейді. Ал олар талдау жасаса, шешімді сол деректерге сүйеніп шығарса, жобалаушылар да жобасын оңай қорғайды, неге мұндай шешім қабылдағанын халыққа түсіндіру де жеңіл болады(Әсел Есжанова, сұхбат, 2022). Әкімдік жобалау алдындағы зерттеуді міндетті етіп заңнамаға енгізуі және ондай зерттеу құрылыстың әр кезеңінде міндетті болуы керек. «Италияда тарихты(яғни ауданның тарихын) талдауға; демографияға(қай ауданда қанша адам тұратынына, нешеуі шетелдік, нешеуі қарт екеніне) көп мән береді және соған байланысты жастарға, көпбалалыларға т.б. арнап пәтердің түрлі 44 Шұғыла Қилыбаева типін салады. Қазақстанда сәулетшілер жобалау алдында осы факторлардың бәрін ескере отырып талдау жасайтын кезі сирек» (Фатима Әбенова, сұхбат, 2022). Дегенмен белгілі сәулетші Айдын Ақбай(сұхбат, 2022) Қазақстанда жобалау алдындағы талдау сирек жасалады деген пікірмен келіспейді. Ол ғимарат құрылысын жоспарлағанда қала құрылысы және сәулет туралы заң уақыт және қаржы жағынан көптеген сәулетшілер қолын байлап отыр дейді. Қала белсенділері арасында жайлы орта туралы алғаш болып зерттеу жүргізген және азаматтардың талабы бойынша балама жолдар ұсынған, шағымдарын жинаған орталық – Урбанистика орталығы. «2016 жылы Урбанистика орталығын құрғандағы басты мақсатымыз азаматтарды шешім қабылдау процесіне қатыстыру, сондықтан осындай наразылық өтініштерді көптеп қабылдайтын арнаға айналдық»(Мейрам Байгөжеков, Ерқанат Заитов, сұхбат, 2022). Қазақстанда көп деректі алу мүмкін емес, зерттеушілер ол деректерді алу үшін көп күш-жігер жұмсауы керек. Бағдарламашы Әлихан Нұрланұлы(сұхбат, 2022) деректерді оңай ала алсақ, тіпті«Оңай» картасы арқылы ала алсақ, автобустардың, маршруттар мен жолаушылардың санына қатысты көп мәселені талдауға болар еді, сөйтіп, жергілікті билікке мәселелерді анықтауға және оны шешуге ұсыныс тастап көмектесер едік дейді. Сондай-ақ Әлихан АҚШ-тың Бостон қаласындағы үлгіге сүйеніп, тұрғындарға арналған мобайл қолданба жасау керек, тұрғындар сол қолданбаны пайдаланып, әкімдік жұмысын сынай, бағалай алатындай болуы керек дейді. Қазір Қазақстанда зерттеумен айналысып, қаланы жоспарлауға қатысты инновация енгізіп отырған тағы бір белгілі ұйым –«Urban Forum» қоғамдық қоры. Құрылтайшылары Әсел Есжанова мен Әділ Нұрмақов. Бұл ұйым Қазақстан қалаларын билікпен, әр тұрғынмен бірлесе отырып абаттандырумен және дамытумен айналысады, сондай-ақ қаланы дамыту форумын жүргізеді. Urban Forum түрлі қоғамдастықтарды қолдауға және қала тұрғындарын шешім қабылдау процесіне қатыстыруға, ашық алаң, азаматтар мен билік арасында диалог орнатып, билікпен байланысуға көп мән береді. 45 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Мысалы, 2020 жылы«Участие по бюджету» жобасын бастап, қала тұрғындары мен жергілікті билік арасында аумақтарды тиімдірек басқару туралы диалог жүргізуге тырысты. Сондай-ақ Urban Forum семинарлар, мастер класс, ресми және мүдделі тараптарды шақырып дөңгелек үстел өткізіп, сарапшылар пулын қалыптастыруға үлес қосып отыр. Мысалы, Urbanitarium(Urban Forum, 2022) – білім беру жобасы жаңа шешімдер табу үшін урбанистер, сәулетшілер, әлеуметтанушылар, экологтер мен өзге де мамандар пайдаланатын құралдар тілін меңгеруге бағытталған 13–16 жасар жасөспірімдерге арналған жазғы семестр. Urban Forum сарапшыларының ойынша, қалада коммуналдық қызмет, сәулет және қала құрылысы саласын жетілдіруге керек қоғамдық механизм жоқ. Қала басшылығы сарапшыларды, тұрғындар мен жергілікті қоғамдастықтарды қатыстырмай шешім қабылдайды, сондықтан Urban Forum Алматы келбетін қалыптастыратын қалалық сәулет құрылысы саласындағы шешім қабылдау рәсімі ашық болуына және оған жұртшылық қатысуына жағдай жасау үшін Алматыда тәуелсіз сарапшылар кеңесін ұйымдастыру керек деген ұсыныс тастады. Міне, көптеген алматылықтар қалада бар мәселелерді түсініп, сол мәселелерді көтеріп, жергілікті билікке мәселені жеткізеді. Дегенмен қазір Қазақстанда азаматтар мен билік өкілдері арасында байланыс орнату қиын. Тұрғындар ыңғайлы, инклюзив орта болсын деп, сол жолда күресіп, қаладағы тұрмыс сапасын арттыру керек деген талап қойып отыр. Алматылықтар өз қаласын жақсы көреді және оның тұрақты дамуына үлес қосқысы келеді, ерікті және белсенді азамат ретінде қатыссам дейді. Қаладағы ауа сапасы, қала инфрақұрылымы, қоғамдық көлік мәселелерін шешуге байланысты әкімдік жүргізіп отырған саясатқа наразы. Алматы халқы да Қазақстанның басқа қалаларындағыдай тұрғын үй арзан, қоғам инклюзив, көлік жүйесі дамыған және заманауи болғанын, ЖЭО көмірден бас тартып, газға қосылғанын,«құмырсқаның илеуіндей» заңсыз ғимараттар салынбағанын және т.б. қалайды. Сұхбатта айтылғандарды қорытындылай келе, белсенді азаматтар жергілікті билікпен байланысып, қарым-қатынас орнатып 46 Шұғыла Қилыбаева жатқанымен, Алматылықтар мен қала басшылығы арасында байланыс әлі де әлсіз екеніне көз жеткіздік. Қайткен күнде де, алматылық белсенділер мен сарапшылар қоғамдық тыңдауға қатысуға, кездесулерге баруға, азаматтар мен әкімдік арасындағы байланысты дамытуға тырысады. Дегенмен қала басшылығы тұрғындар қаланы дамыту мәселелерін талқылауға, шешім қабылдау процесіне қатыссын деп отырған жоқ. Алматы қаласының әкімшілігі сатылы байланысқа құрылған, бюрократиясы көп, әкімдіктегі бөлімдер арасындағы байланыс әлсіз. Қалалардағы және жалпы елдегі жағдайды жақсарту үшін зерттеу жұмыстарын көбірек жүргізу, мәселелерді сол зерттеулерге сүйене отырып шешу, деректер ашық болуы, әлеуметтік ғылымдарды зерттеушілер, урбанистер, бағдарламашы-сарапшылар бірлесіп мемлекеттік қызметтің сапасы мен қазіргі саясатты іске асыру барысын талдай алуы керек. Қала билігі азаматтарға ашық болуы және есеп беріп отыруы шарт. Тұрғындар шағымдана алуы, ұсыныс тастай алуы керек, әкімдік пен әкім жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін тұрғындарға арналған мобайл қолданба жасап шығару керек. Ұсыныстар • Атқарушы билік органдарындағы бір орталықтан басқару және сатылай байланысқа қарсы реформа қажет. Қазақстанға саяси реформа, мемлекеттік институттарды демократияландыру, заңға бағынуды қолдау және жемқорлыққа қарсы жұмысты жалғастыру керек. Қазіргі орталық, аймақтық және жергілікті басқару салаларындағы бір орталықтан басқаруға қарсы амал жасау шарт. Басқару тиімді болсын десек, жергілікті билік органдарына басқару құзыретін беру керек. Сондай-ақ Алматыдағы аудандық әкімдіктер, яғни Алатау, Алмалы, Медеу, Бостандық, Түркісіб, Жетісу, Наурызбай, Әуезов ауданы қала басшылығына, яғни қалалық әкімдікке толық тәуелді болмағаны жөн. • Басқаруға қатысуды және оның инклюзивтігін арттыру керек. Жергілікті билік, азаматтық қоғам және бизнес бірлесіп диалог 47 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК құратын тұрақты алаң болуға тиіс. Әкімдік онлайн және оффлайн-әңгімелесу әдісін қолданып, тұрғындармен байланысын жақсарта алады, сонда әкімдікке деген қоғам сенімі күшейе түседі. • Әкімдік Алматы қаласын қалай дамытқалы жатқанын, жоспарын тұрғындарға түсіндіреді, құжаттардың бәрін ашық дереккөздерден ала алады, соның арқасында сарапшылар, зерттеушілер, белсенділер мен мүдделі азаматтар Алматы қаласын дамыту бағдарламасын талқылап, өз үлесін қоса алатын болады. • Әкімдік жұмысы ашық болуы, ал әкімдер тұрғындарға есеп беріп отыруы керек. • Әкімді қала тұрғындары сайлауы керек. • Жергілікті билік органдарында істейтін қызметкерлердің білігі мен саяси-құқық сауатын арттыру керек. • Тәуелсіз сарапшылар пулын арттыру керек. Қаладағы мәселелерді шешу үшін кездесулер, дөңгелек үстелдер, пікірталастар ұйымдастырып, зерттеу жобаларын іске асырып, оған белсенділерді, сарапшыларды, зерттеушілерді көбірек тартып, саяси шешім қабылдау ісіне қатыстыру шарт. • Қала тұрғындары белсенді болуы керек. Азаматтар қаланы дамытуға қызығуы, саяси және азаматтық мәселелерге мұқият болуы; қаланың тұрақты дамуын(экологиясын, инфрақұрылымын т.б.) маңызды деп түсінуі; жаңалық оқуы, көруі, азаматтық және саяси мәселелерді отбасымен және достарымен бірге талқылауға, сонымен қатар қаланың өзіндік ерекшелігі мықты болуға тиіс. 48 Шұғыла Қилыбаева ДЕРЕККӨЗ 1. Алматы қаласы әкімдігі, Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар, 2022. – URL: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/ documents/1?lang=kk&type=56 2. Алматы в цифрах, 2022. – URL: https://online.zakon.kz/Document/?doc_ id=31081923 3. Аdilet.zan.kz, Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №97-VII ҚРЗ, 2022 – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2100000097 4. Vlast.kz,«Более 6 тыс. подписей уже собрала петиция за отставку Сагинтаева», 2022. – URL: https://vlast.kz/novosti/48193-bolee-6-tysac-podpisej-uze-sobralapeticia-za-otstavku-sagintaeva.html 5. Vlast.kz,«Казахстан ухудшил свои позиции в Индексе восприятия коррупции Transparency International», 2022, 26 қаңтар. – URL: https://vlast.kz/novosti/48379kazahstan-uhudsil-svoi-pozicii-v-indekse-vospriatia-korrupcii-transparencyinternational.html 6. Загрязнение воздуха на Almaty, 2022. – URL: https://aqicn.org/city/almaty/ru/ 7. Kazinform,«Кому казахстанцы доверяют больше всего – соцопрос», 2022, 2 наурыз. – URL: https://www.inform.kz/ru/komu-kazahstancy-doveryayut-bol-shevsego-socopros_a3906467 8. Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты, 2022. – URL: https://www. akorda.kz/ru/addresses/addresses_of_president/poslanie-glavy-gosudarstvakasym-zhomarta-tokaeva-narodu-kazahstana 9. Malim.kz,«Бизнес выигрывает суды – активисты Алматы о точечной застройке», 2022. – URL: https://malim.kz/article/society/biznes-vyigryvaet-sudyaktivisty-almaty-o-tocecnoi-zastroike-18574 10. Open Almaty, Подача обращений на портал общественной приемной акимата, 2022. – URL: https://frontoffice.open-almaty.kz/Client/Cabinet/AppealInstruction 11. Open Almaty: диалог власти и общества в действии(2021). – URL: https:// almatydc.kz/press/news/open-almaty-dialog-vlasti-i-obschestva-v-deystvii 12. Otinish.kz,«Петиция по отставке акима», 2022. – URL: https://www.otinish.kz/ru/ petition/83/ 13. Стоп Застройке, Контент-анализ публикации группы в Facebook, 2023. – URL: https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0kFfj9B5xz5JfKAxQLpya 4Y2KLTs1s55Bse87GEXwARqWP8WUE7mj9SbMmHnMrEcDl&id=100071247545033 14. Тәшімова Салтанат. Facebook-та жарияланған(2021–2022) жарияланымдарына контент-анализ. – URL: https://www.facebook.com/100000626190770/ videos/263753682444546/ 15. Тәшімова Салтанат. Facebook-та жарияланған(2021–2022) жарияланымдарына контент-анализ. – URL: https://www.facebook.com/100000626190770/ videos/496788378503435/ 16. Тәшімова Салтанат, 2022. Сапаршы сұқбаты. 17. Tengrinews.kz,«Казахстанцы помогают друг другу в поиске лекарств», 2020. – URL: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazahstantsyi-pomogayut-drugdrugu-v-poiske-lekarstv-407432/ 18. Urban Forum(2022). – URL: https://urbanforum.kz/participatory-budget 49 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК 19. 365info.kz,«Точечная застройка Алматы: хитрости строителей и ГАСК», 2021. – URL: https://365info.kz/2021/01/tochechnaya-zastrojka-almaty-hitrosti-stroiteleji-gask 20. Asare, T.(2009). Internal auditing in the public sector: Promoting good governance and performance improvement. International Journal on Governmental Financial Management, 9(1), 15–28. 21. Kilybayeva, S., Nurshanov, A.(2020). The Impact of Social Media on Kazakhstani Youth’s Political Behavior. Central Asia and the Caucasus, 20(1), 62–75 22. Kilybayeva, S., Nassimova, G., Massalimova A.(2017). The Kazakhstan’s Youth Engagement in Politics. Studies of Transition States and Societies, Vol. 9(1), 53–71 23. Poniatowicz, M., Dziemianowicz, R., Kargol-Wasiluk, A.(2020). Good governance and institutional quality of public sector: theoretical and empirical implications, 2020. 24. Role and Place of the Parliament of Kazakhstan in the system of Checks and Balances. Communist and Post-Communist Studies, Vol. 51(1), 2018, 81–87 25. Silvan, K., Kilybayeva, S.(2022). The State Failing People’s Expectations: Resentment at the Pandemic Policy in Belarus and Kazakhstan. Sixth Annual Tartu Conference on Russian and East European Studies, 12-14 June. 26. The World Air Quality Project(2022). Available at – URL: https://aqicn.org/city/ almaty/ru/ 27. The World Bank(2022). More Efficient Residential Heating in Kazakhstan Can Help with Cleaner Air and Improved Health, Says New Bank Report // The World Bank, 2022. – URL: https://www.worldbank.org/en/news/press-release/2022/09/07/ more-efficient-residential-heating-in-kazakhstan-can-help-with-cleaner-air-andimproved-health 50 ҚАУІПСІЗ ҚАЛА Айдана Тлеукен АЛМАТЫ ЖӘНЕ АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ БАСЫНУ МӘСЕЛЕСІ Айдана Тлеукен aidanatleuken@gmail.com АБСТРАКТ Қаладағы басыну – қазіргі Қазақстан қоғамындағы өткір тақырыптың бірі. Қаланы жоспарлағанда қауіпсіздікті ескермеген, сондықтан әйелдер өзін қауіпсіз сезінбейді. Зерттеу мақсаты – Алматы және Астана қаласында әйелдер көретін әділетсіздік мәселесін көшедегі харассмент тұрғысынан зерттеу. Осы екі қалада тұратын әйелдерден онлайн сауалнама алу, қалада харассментке ұшыраған әйелдерден толық сұхбат алу, сондай-ақ түрлі стейкхолдер ұйым өкілдерінен сұхбат алу әдісін қолдандық. Осы деректерге сүйене отырып, көшедегі, қоғамдық көліктегі харассментті шешу жолдарын ұсындық. КІРІСПЕ Қазір әйелдерге қатысты харассмент мәселесіне жұрт назар аудара бастаған. Оның түп тамыры жынысына қарай алалау, патриархал әлеуметтік нормалар мен гендерлік стереотиптерде жатыр(Guillem Fortuny Fillo and Ala Negruta, 2020). Орталық Азияда әдетте ерлерді әйелдің қорғаны деп санайды, бірақ заң әйелдерді зорлық-зомбылықтан жөнді қорғап отырған жоқ, сондықтан әйелдер мен қыздарға қатысты харассмент жиі кездеседі(ibid). Көп қалада әйелдер қоғамдық орындардағы басынуға, соның ішінде визуал, сөзбен және физикалық басынуға және/немесе дене бітімі, келбеті немесе жүрістұрысына қатысты сексуал сипаттағы пікір айту; ізінен қалмау; сүйкену; жыныс мүшесін әйелдерге көрсету сияқты сексуал агрессив 53 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК әрекетке тап болады. Осындай жағдайға дұрыс жоспарланбаған қала, қоғамдық орындарды жөнді реттемеу де жанама себеп болуы мүмкін. Кез келген агрессия әйелдерге қалада еркін жүріп-тұруға, әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан белсенді болуға айтарлықтай кедергі болады, себебі әйелдер өзін қорғансыз және әлсіз сезінеді. Сөйтіп, мынадай гипотеза туады: Қазақстан қалаларында тұратын әйел өзін қауіпсіз сезінбейді. Сондықтан осы жұмыстың мақсаты – әйелдердің өзін қаншалық қауіпсіз сезінетінін, қауіпсіз сезінуіне нақты нендей элементтер керегін Алматы және Астана қаласындағы жағдайды мысалға ала отырып зерттеу және жиналған деректерге сүйеніп қаладағы әйелдердің қауіпсіздігін қалай жақсартамыз деген мәселеге байланысты ұсыныс тастау. Алматы және Астана қаласында тұратын әйелдерден(2022 жылғы қарашада) алынған онлайн сауалнама(сұрақтар 1-қосымшада тұр) және Qualtrics құралының көмегімен ақпарат жинадық. Сауалнама репрезентант емес және пилоттық жоба, себебі қай тақырыпқа назар аудару керегін анықтап алу керек болды. Сондай-ақ стейкхолдер ұйымдар өкілінен сұхбат алдық (n=12, сұрақтары 2-қосымшада тұр). Пилоттық сауалнама алған соң Алматы қаласында тұратын үш әйел және Астана қаласында тұратын бес әйелден жан-жақты сұхбат алдық(сұрақтары 3-қосымшада тұр). 54 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Мәселені талдау Мәселе контексті Көшедегі жынысына қарай басыну – Қазақстанда да өзекті мәселе. Заңнамада жынысына қарай басынуға жаза жоқ, тіпті ондай бап та жоқ, дәл қазір бұған ең жақын жалғыз бап –«Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүр ету» деген 123-бап(Елизавета Цой, n.d.). Қоғамда қаладағы әйелдер қауіпсіздігін арттыру бағытында бастама әзірлеп жатқандар да бар. Солардың бірі –«Столик 99» деген Қазақстандағы оқушылар әзірлеген әлеуметтік жоба. Көмек аламын дегендер қосымшаны ашып, картадан осы жобаға қатысатын жақын маңдағы кафе, бар немесе мейрамхананы табуы керек, сосын қызметкеріне«Столик 99» код сөзін жолдауы керек, сонда қызметкері оны қауіпсіз орынға жіберіп, қолдау қызметіне, полицияға хабарлайды(The Village Kazakhstan, 2022). Жынысына қарай басынуға қарсы әрекет етудің тағы бір жақсы жолы – жақында ғана әзірленген оқиғалар картасын көрсететін Stopharass.kz платформасы(Stopharass.kz, Жынысына қарай басыну оқиғалары картасы, 2022). 1-суреттен Алматы және Астана қаласының картасынан қай жерде харассмент оқиғасы болғанын көре аласыз. Ізге түсу қала көшелерінде ғана емес, қоғамдық көліктерде де болады. Автобустағы жынысына қарай басыну тергеп-тексерілмейді десе де болады, өйткені жәбірленушілер ондай оқиғаны көбіне ешкімге айтпайды(Титова, 2021). Мысалы, жақында Қазақстан жұртшылығы автобуста 12 жасар қыз жынысына қарай басынуға тап болғанын айтып, ыза болды(Liter.kz, 2020). Almaty Management University-де оқитын студент қыздар арасында қоғамдық көліктегі харассментке қатысты жүргізілген зерттеу нәтижесіне сүйенсек, студент қыздардың жартысынан көбі автобуста жынысына қарай басынуға тап болған(Космагамбетова et al., 2022). Қала тұрғындары такси қызметіне де сене бермейді. Орталық Азиядағы әйелдердің 56 Айдана Тлеукен шамамен 81% таксиде жынысына қарай басынуға ұшыраған(Раисова et al., n.d.). Дегенмен такси жүргізушілері басынғанын өзі мойындаса ғана жазалануы мүмкін(Кулахметова&Жайлау, 2022). Кейінгі кездері таксидегі жынысына қарай басынумен күресу үшін әйел жүргізушілер стартапы басталған, бірақ оның өзі де әлі күмәнді. 1-СУРЕТ. Астана(сол жақта) және Алматы(оң жақта) қаласындағы жынысына қарай басыну оқиғалары картасы(STOPHARASS.KZ, Жынысына қарай басыну оқиғалары картасы, 2022) Әйелдерге қатысты көшедегі харассмент мәселесінің жалпы логикасын қарастырып, оны 2-суреттегідей ағаш түрінде сипаттауға болады. Салдары Мәні Орта Дереккөз Азаматтар құқығы бұзылуы Қоғамдағы қысым артуы Қыздар қалада емін-еркін жүре алмайды, қаладағы іс-шараларға қатыса алмайды Көшеде әйелдерді жынысына қарай басыну және зорлық-зомбылық көрсету Көшедегі харассмент немесе зорлық-зомбылық көрсеткендерге қатаң жаза кесетін заң жоқ Қаланы басқару саласында әйелдер аз Виктимблеймиң – болған қылмысқа қоғам болып әйелдерді кінәлау. Қаланы жоспарлағанда әйелдер қажетіне мән бермеу Әйелдерге зорлық-зомбылық көрсету үйреншікті болып кеткен әлеуметтік-мәдени норма 2-СУРЕТ. Мәселе ағашы 57 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Мәселе астарында қоғамның патриархал құрылымы жатыр, соның салдарынан әйелдер екінші орынға ығысқан, сондай-ақ басыну мен зорлық-зомбылыққа ұшырағанына қыздардың өзін кінәлайтын виктимблеймиң мен көзқарас бар. Тағы бір маңызды фактор – басынғандарға кесетін жазасы жоқ заң жүйесі. Осы жағдайдың салдарынан азаматтардың құқығы үнемі бұзылады, сондай-ақ басына ма деп қорыққан қыздар қалада емін-еркін жүре алмайды. Мәселе ауқымы мен көрінісі Кейінгі жеті жылда қоғамдық орындарда, көшеде, алаңда, саябақта, бақтарда 123-бап бойынша тіркелген құқықбұзушылықтар туралы мәліметті 3-суреттен көре аласыз(Qamqor.gov.kz, 2021). 2021 жылға дейінгі алты жылда мұндай құқықбұзушылық туралы арыз тіркелмеген болса, 2021 жылда төрт құқықбұзушылық тіркелген. Бұған қарап жынысына қарай басыну оқиғасы не өте аз екенін, не оны айтып полицияға арыз жазатындар көп емесін көреміз. 4 3 2 1 0 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 3-СУРЕТ. Қылмыстық кодекстің 123-бабы бойынша тіркелген құқықбұзушылықтар туралы мәлімет(Qamqor.gov.kz дереккөзінен бейімдеп алынды, 2021) Тұрғын әйелдерден алынған сауалнама нәтижесі Алған сауалнамамыздың нәтижесіне сүйеніп, қаладағы әйелдер өзін қаншалық қауіпсіз сезінетінін, қай қоғамдық орынға мүлде барғысы келмейтінін және оған не себеп екенін, сондай-ақ әйелдердің 58 Айдана Тлеукен қала көшелерінде, қоғамдық орындарда жынысына қарай басынуға қаншалық жиі ұшырайтынын, қалай ұшырайтынын талдадық. Астана қаласынан 150 адам жауап берді, оның арасынан 107 жауапты әрі қарай талдауға іріктеп алдық(ұяшықтардың 30%-нан көбі бос қалған жауаптарды алған жоқпыз). Алматы қаласынан 95 жауап келді, оның жетпісін әрі қарай талдауға іріктеп алдық(ұяшықтардың 30%-нан көбі бос қалған жауаптарды алған жоқпыз). 4-суреттен Астана қаласындағы әйелдердің көбі(57%) қалада өзін өте жиі қауіпсіз сезінеді, кейде қауіпсіз сезінетіндері – 40%. Қалада жүргенде үнемі қауіпсіз сезінемін деп ешкім жауап бермеген. Алматыдағы респонденттердің көбі(44%) өзін кейде қауіпсіз сезінеді екен. Бұл қалада үнемі қауіпсіз сезінетіндер де(3%), мүлде қауіпсіз сезінбейтіндер де(1%) бар. Астана Алматы Тым сирек 3% Үнемі Тым сирек 3% 11.1% Кейде 40% Өте жиі 57% Кейде 44.4% Өте жиі 40.4% 4-СУРЕТ. «Қалада өзіңізді қаншалық қауіпсіз сезінесіз?» деген сұраққа берген жауаптардың пайызға шаққандағы үлесі 5-суретке назар аударсаңыз, Астанадағы әйелдердің 80%-ға жуығы мен Алматыдағы әйелдердің 74%-ға жуығы қалада жынысына қарай басыну немесе зорлық-зомбылықтың қандай да бір түріне тап болғанын көресіз, Астанада әр төртінші әйел, ал Алматыда әр бесінші әйел ондайға жиі немесе өте жиі ұшырайды екен. 59 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК 25% 20% 15% 10% 5% 0% Иә, өте жиі Иә, жиі Астана Иә, кейде Иә, сирек Иә, тым сирек Жоқ, мүлде 40% 30% 20% 10% 0% Иә, өте жиі Иә, жиі Алматы Иә, кейде Иә, сирек Иә, тым сирек Жоқ, мүлде 5-СУРЕТ. «Жынысына қарай басыну немесе зорлық-зомбылықтың қандай да бір түріне тап болғансыз ба?» деген сұраққа берген жауаптардың пайызға шаққандағы үлесі «Иә» деп жауап берген әйелдер қай жерлерде тап болғанын да айтқан(6а-суретке қараңыз): Жағалау маңында(Қабанбай батыр көшесін қоса алғанда), Шұбары ықшамауданы(әсіресе Космонавтика көшесінде),«Артем» базары маңында, ескі т/ж вокзалы маңында, Пирамиданың ар жағындағы Байтұрсынов көшесінде, Уәлиханов көшесі, Мәмбетова көшесі бойындағы жағалау,«Евразия» СОО, Жерұйық саябағында, оңтүстік-шығыстағы Абылай хан даңғылы бойында, ЕҰУ маңындағы Жұмабаев/Қажымұқан көшелері қиылысында, EXPO, Тұран, Сауран маңы, Алматы көшесі, Назарбаев университеті аялдамасында,«Керуен» СОО мен MEGA SilkWay маңында, Хан Шатыр(әсіресе«Театральный» ТК мен салынып жатқан құрылыс маңында), Ботаникалық бақ, Ұлы Дала даңғылы, 17 мекенжайында. Әйелдер сондай-ақ жынысына қарай басынуға №53, №34, №9 60 Айдана Тлеукен («Астаналық» базары маңында), №37(«Әсем» базары маңында), сондай-ақ №51 және №40 қоғамдық көліктерде ұшыраған. «Иә» деп жауап берген алматылық әйелдер жынысына қарай басынуға шамамен мына маңдарда тап болдым деген(6ә-суретке қараңыз): Арбат, Панфилов бульварында,«Арасан» моншасы маңындағы саябақта, Наурызбай батыр көшесіндегі«Ортау» ТК, Тастақ, Абай, Назарбаев даңғылы, Көк базар, Алтын орда, Оқушылар сарайы маңында, Хамит Ерғалиев жағалауы, Баум тоғайы, Саяхат, 7–10 ықшамаудандар, Сайран маңы, барахолка, салынып жатқан құрылыс маңы. Сондай-ақ Абай–Байтұрсынов, Абай–Жароков, Алтынсарин– Жандосов, Гагарин–Левитан, Жароков–Левитан, Құрманғазы– Байтұрсынов, Момышұлы–Райымбек, Гоголь–Қонаев, Тимирязев– Розыбакиев, Төле би–Байтұрсынов, Шәріпов–Төле би, Төле би– Шөкин, Рысқұлов–Ахременко, Төле би–Мұратбаев көшелері қиылыстарында тап болған. Қоғамдық көліктер: №99 автобус,«Райымбек» метро бекеті, №69 автобус(Алатау ауданындағы аялдамада), Ақпаев аялдамасы маңында, №11 троллейбус, №38, №127, №86, №63, №121, №16, №201 маршрут. 6-суретке назар аударсақ, Астанада жынысына қарай басыну оқиғалары қаланың барлық аудандарында тең екенін байқаймыз, ал Алматыда басқа аудандарға қарағанда қаланың тарихи орталық аудандарында, яғни«алтын шаршыда» азырақ екенін көруге болады. (а) (ә) 6-СУРЕТ. а) Астана, ә) Алматы қаласындағы жынысына қарай басыну оқиғалары картасы 61 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Stopharass.kz картасымен салыстырсақ, жынысына қарай басыну оқиғалары картасы мен зерттеу нәтижеміз қатты ұқсайды, бұл сауалнамамыз пилоттық жоба екеніне қарамастан, дұрыс нәтижеге жеткенін көрсетіп тұр. Екі қалада да оқиға вокзал, базар, ықшамаудандар(Астанада оңтүстік-шығыстағы ықшамаудандар маңы, Алматыда 7–10 ықшамаудандар) сияқты адамдар көп жүретін орындарда жиі болатынын көрсетіп тұр. Сондай-ақ Астанада Есіл ауданындағы Экспо, кісі аяғы сирек Тұран даңғылы сияқты орындар, инфрақұрылымы енді-енді дамып келе жатқан аудандар да аталған. 7-суреттен екі қаладағы әйелдер де базарға, саябақтарға барғысы келмейтінін, белгілі бір көшелермен және/немесе жаяужолмен жүргісі келмейтінін көруге болады. Респонденттер негізінен салынып жатқан құрылыс, жер үйлер, тұйық көшелер, көңіл көтеретін орындар маңында кешкі уақытта, әсіресе қараңғы және адам аяғы аз орындарда өзімді қауіпсіз сезіне алмаймын деген. Базар Астана Саябақ Алматы Көпір Алаң Жағалау Жағалау Алаң Көпір Саябақ 0% 25% 50% 75% Базар 0% 25% 50% 75% 7-СУРЕТ. «Кешке не түнде қай қоғамдық орындарға бармауға тырысасыз?» деген сұраққа берген жауаптардың пайызға шаққандағы үлесі 8-суреттен қалада өзін қауіпсіз сезіне алмауға, ең алдымен, адам аз және жарық жоқ болғаны себеп екенін көре аласыз. 62 Айдана Тлеукен Астана Гендерлік әралуандық жоқ Объектілер кесірінен көру қиын 8-СУРЕТ. «Неге бұл жерлерге кешке немесе түнде барғыңыз келмейді?» деген сұраққа берген жауаптардың пайызға шаққандағы үлесі Жарық нашар болғандықтан, дұрыс көрінбейді 9-суреттен Адам аз қаладағы қауіп0% 25% 50% 75% сіздікті арттыру үшін не істеуге Алматы болады дегенге Адам аз әйелдер ұсыныс нендей тастаЖарық нашар болғандықтан, дұрыс көрінбейді ғанын көре аласыз(«Мәселені шешуге қатысОбъектілер кесірінен көру қиын ты ұсыныстар» бөлімінен толық Гендерлік әралуандық жоқ оқуға болады). 0% 25% 50% 75% Астаналық респонденттер сенімді видеобақылау камерасын көбірек қою керек десе, алматылық респонденттер қалаға көбірек жарық тарту керек дейді. Сондай-ақ қыздар көңіл көтеретін жерлер қауіпсіз болуы, ерлерді дұрыс тәрбиелеу, Оңтүстік Кореядағыдай полицияны дереу шақыруға мүмкіндік беретін SOS батырмасы керек, жәбір көргенді айыптамайтын, зорлық көрсеткенді ақтамайтын әділ жүйе, жынысына қарай басынғандарға айыппұл төлетіп, бас бостандығынан айыратындай заңды күшейтіп, ел алдында сөгіс жариялау керек деген ұсыныс тастады. Пилоттық сауалнаманың нәтижесіне қарап, Алматы және Астана қаласындағы қыздар қаладағы харассментке шынымен алаңдайтынын көрдік, сондықтан қалада және қоғамдық көлікте жынысына қарай басынуға тап болған қыздармен сөйлесіп, сұхбат алдық. Сұхбаттың басты мақсаты: 63 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Астана Жарықты жақсартқанда Алматы Жарықты жақсартқанда Камера қойғанда Камера қойғанда Патруль көп болғанда Патруль көп болғанда Басқа 0% 10% 20% 30% 40% 50% Басқа 0% 25% 50% 75% 100% 9-СУРЕТ. «Қай жағдайда әйелдер коғамдық орындарда барынша емін-еркін жүре алады?» деген сұраққа берген жауаптардың пайызға шаққандағы үлесі 1. Әйелдер жынысына қарай басыну дегенді қалай түсінетінін, оның басты себебі не екенін анықтау. 2. Әйелдер жынысына қарай басыну оқиғасына қала жағдайы қаншалық әсер етеді деп санайтынын анықтау. 3. Сондай-ақ қаладағы жағдайды жақсартуы мүмкін деген ұсыныстарды іске асатын-аспайтынын, қаншалық пайдалы екенін тексеру. Респонденттердің бәрі Алматы және Астана қаласындағы қауіпсіздікке алты деген балл қойған, яғни орташадан сәл жоғары бағалаған. Бұған қаланың орталық аудандарында патруль, камера, жарық болғанымен, адам жүрмейтін және жарығы жоқ қауіпті болуы мүмкін аудандары бары да әсер еткен. Жауап бергендер жынысына қарай басыну адамның жеке шекарасын бұзу деп санайды, сонымен қатар ондай кезде әйел өзін жайсыз сезінеді деп жауап берген. Олар жынысына қарай басынуға әйел қаламаса да, әңгімеге тарту, күш көрсету, денесінен сипау және/немесе денесін қысып ұстау(атап айтқанда, бөксесін, жыныс мүшесін ұстау), кэтколлиң жатады дейді. Әйелдер мұндай жағдайға тап болғанда көбіне қорқады, сілейіп тұрып қалады, содан соң ызаланады, жиіркенеді. Сұхбат бергендердің ешқайсы өтіп бара жатқан адамдардан(адамдардың мән бермегенін сезген) немесе полициядан (айғақ жоқ болғандықтан, кінәліні жазалайтынына сенбеген) көмек сұрамаған. 64 Айдана Тлеукен Қоғамдық орындарда харассментке тап болған респонденттердің ешқайсы жынысына қарай басыну мен қала жағдайы арасында байланыс бар деп ойламаған, көбіне мына жағдайларға байланыстырған: 1) әйелдерге зорлық-зомбылық көрсету үйреншікті жағдайға айналған патриархал дәстүр; 2) жынысына қарай басынудан қорғайтын арнайы бабы жоқ, бар баптың өзінде ауыр жаза кесілмеген әлсіз заңнама. Ал автобуста жынысына қарай басынуға тап болғаны қоғамдық көліктер аз болғандықтан, адамдар сығылысып тұрғанына байланысты деп ойлаған. Сондай-ақ қыздар автобус паркіне шағымданғысы келсе, жол жүру билетін көрсеткені жеткілікті болса, жүргізушінің аты-жөні сияқты қосымша күрделі ақпаратты білуге міндетті болмаса деген қосымша пікір айтты. Харассментке тап болған қыздардың жаны жараланады, жанжағына қорқа қарап, психолог көмегіне жүгінуі керек болады. Қоғамдық көлікте харассментке тап болған қыздардың бәрі жынысына қарай басыну оқиғасы туралы хабарлайтын батырма болса, көп көмектесер еді деген. Дегенмен қыздардың көбі сол батырманы баса алмай, не істерімізді білмей мелшиіп қаламыз дейді. Қалада харассментке тап болған қыздар камерасы бар, жарық жерлерде өзімізді барынша қауіпсіз сезінеміз дейді. Сондай-ақ көмек сұрайтын мобайл қолданба болса дегенімен, бәрі бірдей сол қолданбаны қолданғанға даяр емес екен. Ұйым мүшелерінен алған сауалнама нәтижесі Стейкхолдерлермен, яғни феминистер және урбанистер ұйымдары өкілдерінен алған қосымша сұхбат нәтижесіне сүйенсек(n=10), қаладағы жынысына қарай басыну Қазақстандағы өткір мәселе екеніне көз жеткіземіз. Стейкхолдерлердің 80%-нан астамы жұмыс барысында жынысына қарай басынуға тап болған әйелдерді кезіктірген. Мысалы, еркектер әйелдердің бөксесінен салып қалады, мемлекеттік органдардағы жынысына қарай басыну, жөнсіз сипалау т.б. басыну түрлерін көрген. Ұйымдағы әйелдердің бірі өзім де қоғамдық орында жынысына қарай басынуға тап болғанмын дейді. Бұл мәселені негізінен ұйымдағы белсенді әйелдер өзі шешіп жүргенімен(мысалы, арнайы мобайл қолданба мен веб-сервис дайындап жатыр), бұлардың мұндай ісіне мемлекет қолдау көрсетпейді. Сондай-ақ сұхбат барысында 65 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК респонденттердің жартысы қоғамдық көліктегі қауіпсіздіктің маңызы зор дейді, ал онысы екі қаладағы әйелдердің пікірімен де толық сәйкес болып отыр.«Қай қоғамдық орын әйелдерге аса қауіпті?» деген сұраққа өкілдер«тұйық көшелер, жер асты өткелдері, қараңғы аулалар мен көшелер, ғимараттар кіреберісі, көңіл көтеретін орындар мен түнгі клубтар, қоғамдық көліктер» деп жауап берген. Алматы қаласы әкімдігі өкілдері талап бойынша қоғамдық көлік тоқтайтын жаңа аялдамалар халық көп жиылатын жерлерге – СОО, азық-түлік және басқа да дүкендерге, университетке, мектепке, т/ж вокзалына, кинотеатрға, қонақүйге, банккке жақын болуға тиіс дейді. Стейкхолдерлер қатысуын талдау Бұл бөлімде стейкхолдерлердің істеп жатқан жұмыстарын талдадық, әр стейкхолдер қаладағы әйелдер қауіпсіздігі мәселесін шешуге қалай атсалысқанына назар аудардық(1-кесте). Қаладағы стейкхолдерлерге мына санаттағылар жатады: қала халқы, қала жоспарлаушылар, әкімдік, зерттеу институттары, ғалымдар, медиа. Әр стейкхолдердің қатысуы деңгейі әртүрлі, сондықтан мәселеге ықпал ету деңгейі де бір-бірінікіне ұқсамайды. • Қала халқы көбіне әлеуметтік белсенділік арқылы мәселені шешуге тырысады, бірақ ықпалы аз. • Медиа олардың белсенділігін жариялап, халық талабына назар аудартады, сондықтан медианың ықпал ету деңгейі – орташа, ал негізгі мақсаты – жұмысқа қажет маңызды және сапалы материал дайындау. • Қала жоспарлаушылар мен ғалымдар мәселені зерттеп, сараптамаға сүйене отырып, қаланы жақсарту жолдарын ұсынады. Олар қоғамға маңызды мәселелерді зерттеу арқылы қаланы жақсартуды көздейді. • Әкімдік тұрғындардың қажетін өтеу үшін шешім қабылдайды және тиісті саясат жүргізеді. Мәселені шешуге зор ықпал ететін – осы әкімдік. Зерттеу жұмысы барысында медиадан басқа стейхолдерлердің бәрі сұхбат берді. 66 Айдана Тлеукен 67 Акторлар Қала халқы (әйелдер) Қала халқы (ерлер) Қала жобалау- шылар Әкімдік, аудан әкімдігі Зерттеу институттары, ғалымдар Медиа Не шешім шығарады Қалада қай жолмен жүретінін Әйелдерге қатысты ісәрекетін Қала дизайны нұсқаларын Қалаға қатысты саясат жүргізу Мәселені зерттеу Мәселені жариялау 1-КЕСТЕ. Стейкхолдерлер қатысуын талдау Мәселені шешуге қаншалық қатысады Мәселені шешуге ықпал ету деңгейі Мүддесі/мотивациясы Әлеуметтік белсенділік, мәселені әлеуметтік желіде жариялау Төмен Өз қауіпсіздігі Әлеуметтік белсенділік, мәселені әлеуметтік желіде жариялау Төмен Жақындарының қауіпсіздігі, әлеуметтік жауапкершілік Қаланы өзгерту мәселесін зерттеу және шешу жолдарын ұсыну Орташа Қала жағдайын жақсарту Қала қауіпсіздігін жақсартуға қатысты тиісті саясат жүргізеді Мәселені шешу жолдарын ұсынады Жоғары Орташа Түрлі деңгейдегі өзгеріс Орташа керегін жариялайды Қала азаматтарының қажетін өтеу, саяси рейтиңді арттыру Қоғамға маңызды, «өткір» мәселелерді зерттеу, сілтеме беру Қоғамға маңызды, «өткір» мәселелерді зерттеу, медиарейтиңін өсіру Ресурстар-- Түрлі іс-шараларды өткізуге қаржылай бюджет, релевант білім Қала жағдайын өзгертуге қаржылай бюджет, саяси билік Релевант білім БАҚ-қа шығу, медиабилік Қалай қатыса алады? Әлеуметтік желіде жариялау Әлеуметтік желіде жариялау Тиісті жобаларды ұсыну Тиісті жобалар ұсыну, әлеуметтік желіде жариялау Тиісті жобаларды ұсыну Тиісті жобаларды ұсыну, әлеуметтік желіде жариялау ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Мәселені шешуге қатысты ұсыныстар Сұхбат пен әдебиеттерді шолып шығып, соның нәтижесіне сүйене отырып мынадай ұсыныстар даярладық: Ұсыныстардың алғашқы тобы қала инфрақұрылымына қатысты: 1) Қала көшелерінде жүргенде төңіректі анық көргенге мүмкіндік беретін жарық деңгейі. Мысалы, әйелдер көбіне салынып жатқан құрылыс маңынан тезірек өтіп кетуге тырысады. Зерттеу барысында адам қауіпсіз екенін сезінуі үшін 5–10 люкс қажет екеніне көз жеткіздік(Svechkina, Trop, Portnov, 2020). 2) Жұмыс істеп тұрған бақылау камералары жеткілікті болуы керек. Кей қалаларда камераларды көбейткен соң, қылмыс деңгейі азайған(Kern L., 2020). 3) Белгілі бір орындардағы оқиға туралы хабарлауға немесе полиция/күзет көмегін сұрауға болатын мобайл қолданба әзірленуі керек. Қыздар сол қолданба арқылы волонтермен байланыса алуы, ал волонтер ол қыз қаланың қай маңында жүргенін қашықтан бақылай алуы керек. ІІМ Алматы қаласы ПД өкілдері«102» деген мобайл қолданба бар, онда SOS батырмасы қосылған дейді. Дегенмен сұхбат берген қыздар ол жайлы білмейді, демек, қолданба жарнамасын жасау керек. 4) Қала жоспарлағанда үлкен(< 1 м) және өте биік(1 метрден аспайтын) қоқыс жәшіктері мен қалың өскен өсімдік(мысалы, ағаштар шам жарығын көлегейлемейтіндей) және соған ұқсас құрылыс элементтері болмайтындай етіп жобалау керек, себебі бұлардың бәрі жәбірленушіге кедергі болып, төңірегін жөнді көре алмайды. Ал мұндай қараңғы жерлерде қылмыскер ешкімге көрінбей жәбірленушіні оңай аңди алады. 5) Әр жерге дабыл қағатын және полиция шақыратын батырма орнату керек. 6) Адамы көп, әйелі де, еркегі де аралас тұратын қоғамдық көлік аялдамалары әйелдерге қауіпсіз көрінеді. Автобус аялдамасын дүкен, кафе, басқа да қоғамдық орындардың маңына немесе керісінше істеу арқылы бұл мәселені шешуге болады. 68 Айдана Тлеукен 7) Өзге елдер тәжірибесіне қарасақ, қалада қауіпсіздік аудитін тұрақты пайдаланса, ол қаладағы гендерлік қауіпсіздікке әсер ететін орындарды анықтауға ғана көмектесіп қоймай, сонымен қатар әйелдер қауіпсіздігіне қоғам ерекше назар аударатынын да көрсетіп отыр. Қауіпсіздік аудитіне орындардағы жарықты көбейту, таңба қою(адам өзі қай жерде жүргенін білуге көмектесу), шолу(кеңістік көрінуі), оқшаулану, қосымша жолдар, аумақтағы басқа да нәрселер жатады. Әйелдер қауіпсіздігі аудитін алғаш 1989 жылы Канадада Торонто әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күрес комитеті әзірлеген(METRAC)(UN Habitat 2008). Үндістанда жасөспірімдерге бағытталған«Барынша қауіпсіз қала» бастамасы аясында еріктілер өздері өмір сүретін қоғам қауіпсіздігіне аудит жүргізеді, жарығы нашар, тротуары бұзылған, қыздарды басынғысы келетін ер адамдар жиылатын орындарды анықтап, картаға түсіріп отырады. Мысалы, олар Манголпуриде дүкен иелерін қауіпті жерлерге жарық қоюға және видеобақылау камерасын орнатуға көндірген. Қала басшылығы көшедегі сынған шамдарды жөндеуіне және қоғамдық дәретханаларды тазартуына түрткі болған(Alia Dharssi, 2017). Ұсыныстардың екінші тобы қоғамдық көлікке қатысты және автобус, трамвай, метро, такси сияқты т.б. көлік түрлерін қамтиды. • Қоғамдық көліктерде жынысына қарай басыну оқиғасы туралы хабарлайтын арнайы жүйе болуы керек. • Қоғамдық көліктердің жұмыс уақытын ұзарту, сондай-ақ жолаушылар көп жүретін уақытта автобус санын арттыру да адам толы автобуста харассментті азайтып, адамдар жиі такси шақырмайтын болады. • Такси қызметі клиент жеткен-жетпегенін қадағалап отыруға тиіс. Уақытында жетпегенін анықтаса, зорлық-зомбылық қаупін болдырмау үшін клиент телефонына хабарласып, не үшін уақытында жете алмай жатқанын анықтап отыруға тиіс. Респонденттер арасында такси жүргізуші гендерін таңдауға мүмкіндік болса деген ұсыныс тастағандары болды. Сарапшылардан тағы мынадай ұсыныстар түсті. Олар қаладағы қауіпсіздікті арттыру үшін мыналарды істеуге болады дейді: 69 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК • жәбірленушіге көмек беретін қызметтер(әйелдерді жынысына қарай басыну және зорлық-зомбылықтың өзге де түрлері туралы хабарлайтын жедел желі, ал құқық қорғау органдары қызметкерлерінің даярлық деңгейі сәйкес болуы керек); • саяси реформалар(қаланы басқару ісіне әйелдер де ерлермен тең қатыса алуы керек, әйелдер құқығын қорғауға мүдделі және қабілетті менежерлер мен саясаткерлер көбірек болуы, заңға әйелдер құқығын бұзғандар мен кез келген зорлық-зомбылық түрін көрсеткендерге жаза кесетін бап енгізу керек); • ақпарат беру саясаты(әйелдер қалада өзін қауіпсіз сезінуі құқығы мен мүмкіндіктері туралы ақпарат алуына, шешім қабылдауына қолдау көрсету; балаларды гендерлік теңдікке, айналасындағыларға көмектесуге ерте жастан үйрету; қоғамдық көліктерде ақпарат тарату; айналасындағыларға қауіп төндірген адамға нендей жаза кесілгені туралы БАҚ-та ауқымды мақала жазылып, түсіндірме жұмысын жүргізу. Бұл мәселе туралы барлық билік орындары біліп, талқылауға тиіс). Әйелдер өз пассив құқығын пайдаланып, қаладағы қауіпсіздік мәселесін шешуге қатысты мемлекет саясатына араласуға тиіс. ҚОРЫТЫНДЫ Бұл зерттеу жұмысы қаладағы қауіпсіздік мәселесі әйелдерді де толғандырып жүргенін, бейжай қарай алмайтынын көрсетті. Сауалнамаға қатысқандардың шамамен 80% жынысына қарай басыну оқиғасына тап болған. Зерттеу нәтижесіне қарап, Астанада харассмент оқиғасы қаланың барлық ауданында теңдей кездесетінін, ал Алматыда басқа аудандарға қарағанда«алтын шаршыда» салыстырмалы түрде аз екенін байқадық. Әйелдер қауіпсіздігін арттыру үшін қала жағдайын өзгерту жолдарын бірнеше санатқа бөлдік: 1) инфрақұрылым: жарық деңгейі жеткілікті болуы, барлық жерге бақылау камерасын қою, төңіректі көруге кедергі болатын құрылыс элементтері болмауы, қала кеңістігіне аудит жасайтын 70 Айдана Тлеукен және көмек сұрап хабар беретін мобайл қолданба әзірлеу, қоғамдық көлік аялдамасы төңірегінде адам көп болуы. 2) қоғамдық көлік: жынысына қарай басыну оқиғалары туралы хабарлау жүйесі болуы, қоғамдық көліктердің жұмыс уақытын ұзарту, жолаушы көп жүретін уақытта автобус санын көбейту, такси қызметі клиенті жеткенін тексеруі, жүргізушіні гендеріне қарай таңдау мүмкіндігі болуы керек. Келешектегі зерттеу жұмыстарында басқа қалалардағы әйелдерден, сондай-ақ басқа да стейкхолдерлерден(мысалы, аудандық әкімдіктерден) сауалнама мен сұхбат алып, қауіпсіздік аудитін жүргіземіз. Оған қоса жынысына қарай басынуды болдырмауға қала жағдайын жақсарту ғана емес, жалпы жынысына қарай алалауға қарсы жұмыстар: жыныстық тәрбие, әлеуметтік жарнама, дұрыс заң сияқты жұмыс әдістері де көмектеседі. Алғыс Автор зерттеу барысында көмектескен мына ұйымдарға алғыс айтады: Urban Forum Kazakhstan, Friedrich-Ebert-Stiftung Kazakhstan, PaperLab, Femin-erkin, Kazakhstan Women’s Power Alliance, «Феминита» қазақстандық феминистік бастама,«АДАМ ДАМУ» қоғамдық қоры, Table 99, StopHarass.kz. 71 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК ДЕРЕККӨЗ 1. Карта инцидентов, 2022. – URL:https://stopharass.kz/(Соңғы қаралған күні: 2022 жылғы 29 қараша). 2. Космагамбетова А., Нурбекова С., Черняева Е., Маненгазы М., Нугиманова А., Коснижан К., Изделеуова Л., Байбульсинова А., Ануар Ж., Нигай Н., Таиров Д.«Харассмент в общественном транспорте». Almaty Management University, 2022 3. Кулахметова A., Жайлау Е.,«Don’t be shy’ – Kazakh girls fight sexual harassment» EurasiaNet, 2022. – URL:https://eurasianet.org/dont-be-shy-kazakh-girls-fight-sexualharassment(Соңғы қаралған күні: 2022 жылғы 12 қазан) 4. Liter.kz,«Случайно трогал за бедра: 12-летняя астанчанка подверглась домогательствам в автобусе», 2020. – URL:https://liter.kz/sluchaino-trogal-za-bedra-12-letniaia-astanchankapodverglas-domogatelstvam-v-avtobuse-1653036865/(Соңғы қаралған күні: 2022 жылғы 14 қараша). 5. Раисова З., Жусупова Н., Джумъа М., Матвиенко, И.«Харассмент в такси в Центральной Азии». – URL:https://longreads.cabar.asia/taxi 6. Титова A.«Оргазм в час-пик. Фроттеризм как сексуальное извращение», MKRU, 2021. – URL:https://mk-kz.kz/social/2021/12/01/orgazm-v-chaspik-frotterizm-kak-seksualnoeizvrashhenie.html(Соңғы қаралған күні: 2022 жылғы 14 қазан). 7. Форма Отчета №1-М«О Зарегистрированных уголовных правонарушениях» Раздел 1. Сведения о зарегистрированных уголовных правонарушениях. – URL:https://www. qamqor.gov.kz/crimestat/statistics).(Соңғы қаралған күні: 2022 жылғы 28 қараша) 8. Цой Е.«Что значит сексуальное домогательство в Казахстане?», Vlast.kz. – URL:https:// vlast.kz/obsshestvo/25618-cto-znacit-seksualnoe-domogatelstvo-v-kazahstane. html#:~:text=%D0%92%20%D0%BE%D0%B4%D0%BD%D0%BE%D0%BC%20 %D0%B8%D0%B7%20%D0%BE%D1%82%D0%B2%D0%B5%D1%82%D0%BE%D0 %B2%20%D0%B3%D0%B5%D0%BD%D0%BF%D1%80%D0%BE%D0%BA%D1%83% D1%80%D0%B0%D1%82%D1%83%D1%80%D1%8B,%D0%B8%D0%BB%D0%B8%20 %D0%B8%D0%BD%D1%8B%D0%BC%20%D0%B4%D0%B5%D0%B9%D1%81%D1%82%D 0%B2%D0%B8%D1%8F%D0%BC%20%D1%81%D0%B5%D0%BA%D1%81%D1%83%D0%B 0%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D0%BE%D0%B3%D0%BE%20%D1%85%D0%B0%D1%80% D0%B0%D0%BA%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%B0%C2%BB.(Соңғы қаралған күні: 2022 жылғы 2 желтоқсан). 9. The Village Kazakhstan,«Школьницы запустили проект по защите женщин от нежелательного внимания», 2022 жылғы 23 ақпан. – URL:https://www.the-village-kz. com/village/city/news-city/21445-shkolnitsy-zapustili-proekt-po-zaschite-zhenschin-otnezhelatelnogo-vnimaniya(Соңғы қаралған күні: 2021 жылғы 9 қаңтар). 10. Dharssi A.(2017).«How Young Women in Delhi Are Fighting Street Harassment», Al Jazeera. – URL:https://www.aljazeera.com/features/2017/12/12/how-young-women-in-delhi-arefighting-street-harassment/(Соңғы қаралған күні: 2022 жылғы 30 қараша). 11. Fillo G. F., Negruta A.(2020). Keep the Promise, Accelerate the Change, UN Women. – URL:https://eca.unwomen.org/sites/default/files/Field%20Office%20ECA/Attachments/ Publications/2020/10/Beijing%20Report-min.pdf(Соңғы қаралған күні: 2022 жылғы 30 қараша) 12. Kern, L.(2020). Feminist City: Claiming Space in a Man-Made World. Verso Books, ISBN 1788739817, 9781788739818 13. Svechkina А., Trop, T., Portnov, B.A. How Much Lighting is Required to Feel Safe When Walking Through the Streets at Night? Sustainability, 2020. 12, 3133. – URL: https://doi.org/10.3390/ su12083133 72 Айдана Тлеукен Қосымша 1-ҚОСЫМША. Алматы және Астана қаласындағы әйелдерден алынған пилоттық сауалнама үлгісі 1. Жынысыңызды белгілеңіз. • Әйел • Ер • Басқа/Айтқым келмейді 2. Алматы/Астана қаласында тұрғансыз ба немесе қазір тұрып жатырсыз ба? • Иә • Жоқ 3. Қалада өзіңізді қаншалық қауіпсіз сезінесіз? • Үнемі • Өте жиі • Кейде • Тым сирек • Мүлде 4. Кешке не түнде қай қоғамдық орындарға бармауға/жүрмеуге тырысасыз? • Саябақ • Алаң • Жағалау • Көпір • Белгілі бір көшелермен және/немесе жаяужолмен жүрмеуге • Базар • Басқа 5.«Белгілі бір көшелермен және/немесе жаяужолмен жүрмеуге» деп жауап берсеңіз, қай көше екенін айта аласыз ба? 6. Неге бұл жерлерге кешке немесе түнде барғыңыз келмейді? • Адам аз • Жарық нашар болғандықтан, дұрыс көрінбейді • Объектілер кесірінен(мысалы, баспалдақ/биік қоқыс жәшігі/қалың өскен өсімдік т.б.) көру қиын • Гендерлік әралуандық жоқ(мысалы, еркектер көп) • Басқа 7. Жынысына қарай басыну немесе зорлық-зомбылықтың қандай да бір түріне(кэтколлиң, жынысына қарай тіл тигізу т.б.) тап болғансыз ба? 73 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК • Иә, өте жиі • Иә, жиі • Иә, кейде • Иә, сирек • Иә, тым сирек • Жоқ, мүлде 8.«Иә» деген жауаптың бірін таңдасаңыз, оқиға қай жерде болғанын айтыңызшы(мысалы, аудан/ квартал/ көшелердің қиылысы/ көшесі немесе автобус нөмірі). 9. Қалада немен жүрген ыңғайлы? • Жаяу • Қоғамдық көлікпен • Таксимен • Жеке көлікпен(автокөлік, велосипед т.б.) • Басқа 10. Қалада не нәрсеге байланысты өзіңізді қауіпті жерде жүргендей сезінесіз? Санамалап айтыңызшы. 11. Қай жағдайда әйелдер коғамдық орындарда барынша емін-еркін жүре алады? • Жарықты жақсартқанда • Камера қойғанда • Патруль көп болғанда/мықты күзет • Басқа 12. Тағы не нәрсе қалада өзіңізді қауіпсіз сезінуіңізге кедергі болады? Санамалап айтыңызшы. 13. Әйелдердің қауіпсіздігін жақсарту үшін қалаға нендей өзгерістер енгізу керек деп ойлайсыз? Ұсынысыңызды жазыңызшы. 2-ҚОСЫМША. Стейкхолдер ұйымдарға жолданған сауалнама сұрақтары 1. Әйелдер өзін қалада қаншалық қауіпсіз сезінеді деп ойлайсыз? • Үнемі • Жиі • Кейде • Сирек • Мүлде 2. Жұмыс барысында қалада(көшеде, көлікте т.б.) жынысына қарай басынуға немесе зорлықзомбылыққа тап болған әйелдерді кезіктірген кезіңіз болды ма? • Иә • Жоқ 74 Айдана Тлеукен 3. Сұраққа«иә» деп жауап берсеңіз, егжей-тегжейлі айтып беріңізші. 4. Қаладағы әйелдерге қай қоғамдық орын аса қауіпті деп ойлайсыз? 5. Қаладағы қауіпсіздікті жақсарту үшін не істеуге болады деп ойлайсыз? 6. Қосымша айтар пікіріңіз бар ма? 3-ҚОСЫМША. Әлеуметтік-демографиялық сұрақтар: 1. Өзіңіз жайлы айтыңызшы: атыңыз кім, жасыңыз нешеде және не істейсіз? Харассментке қатысты сұрақтар: 2. Қалалардағы көшелер әйелдерге қаншалық қауіпсіз деп ойлайсыз? 10 балдық шкала бойынша бағалаңыз, мұндағы 1 – мүлде қауіпсіз емес, 10 – тым қауіпті. Неге олай бағалағаныңызды түсіндіріңіз. 3. Жынысына қарай басынуға тап болған адамдарды көрдіңіз бе? Ол: a. қайда және қалай болды?(қаласы, мекенжайы немесе автобус нөмірі/ көлік түрі); b. не істедіңіз? не сездіңіз? c. көмек сұрадыңыз ба? полицияға хабарладыңыз ба? сұрамасаңыз, неге сұрамадыңыз? сұрасаңыз, нәтижесіне көңіліңіз тола ма? 4. Қоғамдық жерлерде неге адамдар жынысына қарай басынады деп ойлайсыз? Әйелдер қауіпсіздігіне қала инфрақұрылымының ықпалы туралы сұрақтар: 5. Әйелдерді жынысына қарай басынуды болдырмауға қала инфрақұрылымы(жарық, камера, кеңістікті реттеу т.б.) әсер ете ме? Рөлі қандай деп ойлайсыз? 6. Әкімдік пен қала басшылығы жасап жатқан қай жұмыс қоғамдық орындардағы жынысына қарай басынумен күреске көмектеседі деп ойлайсыз? 75 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Ұсыныстарды тексеруге қатысты сұрақтар: 7. Мына жұмыстардың/шешімдердің қайсы әйелдерді жынысына қарай басыну оқиғасымен күресте өте тиімді болады деп ойлайсыз? Қала кеңістігіндегі харассмент(көшеде, алаңда, саябақта): • жарық санын және көшедегі жарық деңгейін арттыру; • бақылау камераларын көбейту. Олар қауіпсіз екенімізді сезінуге көмектесе ме? • көмек сұрауға немесе қауіпсіздікке қатысты мәселені мобайл қолданба көмегімен хабарлау; • төңіректі көруге кедергі болатын үлкен қоқыс контейнерлерін, қалың өскен өсімдіктерді немесе биік құрылыс элементтерін азайту; • харассмент қоғамдық көлік аялдамасында болса, аялдаманы адам көп және еркек те, әйел де көп жүретін жерге салу керек пе? Айналасында дүкен, кафе бола ма? Қоғамдық көліктегі харассмент(автобуста, трамвайда, метрода, таксиде): • харассмент автобуста/трамвайда/метрода болса, қоғамдық көліктегі харассментті хабарлау жүйесі көмектесер ме еді? Мысалы,«стоп» батырмасының орнына хабарлау батырмасы болғанына не дейсіз? • харассмент таксиде болса, автобустардың/трамвайлардың/ метроның жүру уақытын ұзарту көмектесер ме еді, әлде мүмкіндігіңіз болса, басқа көлік түріне мінер ме едіңіз? • болған оқиға жайында такси қызметіне хабарлар ма едіңіз? • такси жүргізушісінің гендерін таңдау мүмкіндігі болғанын қалар ма едіңіз? 76 Айтуар Қоспақов, Әмір Шайкежанов ҚАЛА АУМАҒЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗ КУИР-КЕҢІСТІК МАҢЫЗЫ Айтуар Қоспақов kospakov.aituar@gmail.com Әмір Шайкежанов amir.shaikezhanov@gmail.com АБСТРАКТ Бұл мақалада қаладағы қоғамдық орындар ЛГБТК+ адамдарға қаншалық қауіпсіз, инклюзив екені, қауіпсіз орта қалыптастыру ерекшеліктері зерттелген. Сондай-ақ қала кеңістігі мен адамның жынысын, бірегейлігін қабылдау, қалыптастыру процесі арасындағы байланысты да қарастырамыз. Біздіңше, қауіпсіз куир-кеңістік – ЛГБТК+ адамның психологиялық тұрғыдан сау және өзін жайлы сезінуіне жағдай жасағанда маңызды рөл атқаратын, нәтижесінде олар инклюзив ортаға еш кедергісіз сіңісіп кетуіне мүмкіндік беретін қаладағы ортаның бір бөлігі. Сондай-ақ зерттеу барысында ЛГБТК+ адамға қауіпсіз кеңістік деген не, оған нендей талап қойылатыны жан-жақты жазылған. КІРІСПЕ Қоғамдық кеңістіктегі қауіпсіздік – инклюзив, әділ қоғам құрып, оны дамытудың ажырамас құрамдас бөлігі. БҰҰ Бас ассамблеясы бекіткен тұрақты дамудың(бұдан әрі – ТДМ) 11-мақсатында қалалар мен елді мекендерді жайлы, қауіпсіз және инклюзив ортаға айналдыру, ал 16-мақсатында инклюзив және бейбіт қоғамның дамуына, зорлық-зомбылық пен дискриминацияның кез келген формасын жоюға жағдай жасау маңызды деп жазылған(United Nations, 2015). Мемлекеттер ел деңгейінде де, қала деңгейінде де қауіпсіз кеңістікті 77 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК дамыту бағдарламасын, стратегиясын әзірлей бастаған. Мысалы, Ванкувер қаласы(Канада) мен Мелбурн қаласы(Аустралия)(City of Vancouver, n.d.; Inclusive communities and workplaces, n.d.). Бағдарлама, стратегия әзірленгеніне қарамастан, қаладағы қоғамдық кеңістіктерді қауіпсіз және баршаға инклюзив болып отыр деуге әлі ерте, өйткені қоғамдағы кей топтар қоғамнан оқшауланып, дискриминацияға ұшырап отыр, сондықтан қаладағы кеңістіктер бұл топтарға айтарлықтай қауіпті. Сексуалдық пен қаладағы қоғамдық орындар географиясын зерттеген ғалымдар ол жердегі қалыптасқан кеңістіктер гетеронорматив, соның кесірінен сексуалдыққа әдеттен тыс қысым түсіріп, ЛГБТК+ 1 адамдар қаладағы негізгі қоғамдық орындардан ығысып, қоғамнан оқшауланып, қаланың саяси, экономикалық және әлеуметтік өміріне толыққанды қатыса алмай, шет қалып отыр дейді(Binnie, 1997). Гетеронорматив сипаттар мен оған қатысы бар нормалар, талаптар басым болғаны осындай айрықша адамдарды маргиналдауға, қаладағы қоғамдық орындарға ЛГБТК+ адамдар баруын қатты шектеуге себеп болады. ЛГБТК+ адамдарға қатысты осындай мән-жайдың бәрін ескерсек, қауіпсіз кеңістік құру – өзекті мәселе. 1970 жылдардың басында әйелдер мен ЛГБТК+ қоғамдастығының құқығын қорғайтын қозғалыстар шыға бастаған сәтте осы саладағы пікірлестер біріне-бірі басынан өткенін айту үшін қауіпсіз жерге жиылатын, сол физикалық кеңістікті«қауіпсіз кеңістік» деген. Қауіпсіз кеңістік тұжырымы сол кезде шыққан.«Қауіпсіздік» термині ЛГБТК+ саясатындағы басты ұғым және ол түрлі(әлеуметтік қызмет көрсету, саяси ұйым, демалыс) салаларды қамтып отыр. Мысалы, оған комьюнити орталық, медицина мекемелеріндегі достық кабинеті, білім беру мекемелеріндегі психологиялық көмек қызметі, гейбар, гей-клуб т.б. жатады. Лоу және Ивсон деген ғалымдар мойындау, әділ іс-әрекет, интербелсенді әділдік, баршаға ортақ орындарды тең пайдалану, көмектесу және қалпына келтіру сияқты қоғамдық орындардағы әділдіктің түрлі сипатын қамтитын әлеуметтік-әділ қоғамдық кеңістік үлгісін 1 ЛГБТК+ – өзін лесбиян, гей, бисексуал, трансгендер, куир т.б. санайтын адамдарды білдіретін қысқарған сөз. 78 Айтуар Қоспақов, Әмір Шайкежанов ұсынған(Setha Low&Kurt Iveson, 2016). Лоу мен Ивсонның осы бағалау құрылымына сүйенген бір топ ғалым қаладағы қоғамдық кеңістік ЛГБТК+ адамдардың еркін жүріп-тұруына және қоғамнан оқшаулануына әсер ететінін анықтаған(Nash et al., 2019). Иерусалим қаласындағы қоғамдық ЛГБТК+ кеңістікті зерттеген Хартал кеңістік қалай қалыптасатынын, қалыптасуы мен қызметі барысында нендей қиындықтар туатынын зерттеп, қауіпсіз кеңістіктің бес түрлі фреймін(белгісін) көрсеткен: кеңістіктегі қауіпсіздік механизмін нығайту, анонимдік, инклюзивтік, жекелеген сипаттағы топтарға арналған кеңістік құру, сондай-ақ оқыс жағдайды қадағалау. Сонымен қатар ғалым бұл кеңістіктер жыныстық және гендерлік сипатқа әсер етеді дейді(Hartal, 2017). Фреймдердің егжей-тегжейлі сипатын 1-қосымшадан қараңыз. Сонымен қатар ғалымдардың екінші бір тобы маргиналданған топтардың әрқайсы қауіпсіз кеңістік ұғымын әрқалай түсінеді, яғни қандай да бір кеңістік қауіпсіздігі объектив белгілер мен ықпалдардан бөлек, әр индивидтің субъектив көзқарасына да қарап бағаланады дейді(Pascar et al., 2022). Қазақстан заңнамасы, қоғамдағы стигма және психологиялық жайлылық Қазақстандағы ЛГБТК+ қоғамдастығы контексін түсіну үшін заң нормаларын, әлеуметтік және интерналданған(өзіне бағытталған) стигмаларды түсіну керек. Қазақстанда ЛГБТК+ ұғымын криминалдайтын немесе оған тыйым салатын заң нормасы жоқ болғанымен, алалайтын бірқатар нормалар бар. Неке және отбасы кодексінде былай жазылған:«Неке(ерлі-зайыптылық) – еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ»;«Еркек пен әйелдің, сондай-ақ бір жыныстағы адамдардың шын мәнінде бірге тұруы неке(ерлі-зайыптылық) деп танылмайды»;«Бір жынысты адамдардың араларында неке қиылуына(ерлі-зайыпты болуына) жол берілмейді».(«Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі, 2011). Оның үстіне ЛГБТК+ өкілдері бала асырап ала алмайды, оған тікелей тыйым салынған.«Дәстүрлi емес жыныстық бағдар ұстанатын… 79 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК адамдарды қоспағанда кәмелетке толған адамдар бала асырап алушылар болуы мүмкін»(ҚР Үкіметінің қаулысы, 2012). Трансгендерлік ауысуды реттейтін«Жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды медициналық куәландыру және олардың жынысын ауыстыруды жүргізу қағидалары» құжатындағы мәлеметті өзгерту үшін трансгендер адамдарды жыныс мүшелерін хирургиялық жолмен түзейтін операция істетуге міндеттеп, тікелей стигматизация және дискриминация жасап отыр. Сол арқылы трансгендер адамдарды зарарсыздандырып тастайды.«Жынысын ауыстырғаннан кейін Комиссия адамның әлеуметтік(паспорттық) жынысын өзгерту мүмкіндігі туралы қорытынды шығарады»(Жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды медициналық куәландыру және олардың жынысын ауыстыруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы бұйрық, 2020). Бұл нормалар ЛГБТК+ адамдарды дискриминациялап қоймай, оларды стигматизациялайтын көзқарасты күшейтіп отыр, яғни антидискриминациялық заң жоқ болғандықтан, гомосексуалдықты қылмыс деп танып, қудалаған 1997 жылға дейінгі кезеңнен қалған әлеуметтік стигманы жоюға мүмкіндік бермей отыр. Ондай стигма уақыт өте осы топ өкілдеріне де қалыпты көрініп, адамның жан дүниесіне сіңіп(интерналданып), адамның әлеуметтенуі мен ақыл-ес саулығына түсетін қысымды арттырады. А. Сексенбаев Қазақстандағы гейлер мен бисексуалдар арасындағы ақыл-ес саулығы мен суицид туралы зерттеуінде дәл осы интерналданған стигмалар салдарын талдаған. Зерттеуге қатысқандардың 55,4% өзіне қол жұмсау қаупі бар топқа жатқызған, жартысына жуығында түрлі депрессия, ал 35%-да мазасыздықтың бастапқы деңгейінен бастап ауыр деңгейіне дейінгі түрі барын анықтаған. Қатысқандардың жасын, депрессиясы мен мазасыздық деңгейін ескерсек, өзін бисексуалмын дейтіндерге қарағанда өзін геймін дейтіндердің өзіне қол жұмсау қаупі орта есеппен 75% жоғары(Seksenbayev, 2018). World Values Survey(әрі қарай WVS) ғалымдары алтыншы және жетінші толқыннан мәлімет жинағанда қоғам таңатын стигмалар жалпы халық арасында да бары анықталған, сауалнамаға қатысқандардың 73,6%(2011) және 73,4%(2018) гомосексуал адаммен көрші болуға қарсымын деген(World Values Survey, n.d.). 80 Айтуар Қоспақов, Әмір Шайкежанов Сондай-ақ денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтіндер де ЛГБТК+ адамдарды жақтырмайтыны және алалайтыны анықталған, сондықтан респонденттер жыныстық бағдары мен гендерлік кімдігін жасыруға мәжбүр(Soros Foundation, 2009: 108). Тағы бір зерттеуде Қазақстандағы ер адамдармен жыныстық қатынасқа түскен ер адамдардың(ЕМЕ) жалпыұлттық есебі жүргізілген, нәтижесінде ЕМЕ адамның иммун тапшылығы вирусына(АИТВ) анализ тапсырғанда нендей әлеуметтік және құрылымдық кедергілерге тап болатыны анықталған(Wu et al., 2017). А. Пушилин баяндамасында ЛГБТК+ өкілдері стигматизация мен гомофобия деңгейі жоғары болғандықтан, жыныстық бағдары мен гендерлік кімдігіне(ЖБГК) қарай алалау мен зорлық-зомбылыққа ұшырайды дейді. Дегенмен жәбірленушілердің көбі құқық қорғау органы мен сотқа жүгінбеген, ал жүгінгендері тиісті көмек ала алмаған, полиция, медицина қызметкерлері де алалаған(A. Pushilin, 2016: 23). Қазақстандық«Феминита» феминистік бастамасының есебіне сүйенсек, сұхбат бергендердің 44,3% ЖБГК белгісі байқалғандықтан, зорлық-зомбылық көрдім, адамдар жақтырмай қарады деп жауап берген, ал 2% құқық қорғау органдары заңсыз ұстады деген(Feminita, 2017). Қазақстанда қауіпсіз ЛГБТК+ кеңістігіне сай келетін белгілер жоқ деуге болады. Мысалы, ЖИТС-пен күрес және профилактика сияқты мемлекеттік мекемелер жұмыс істейді, олардың жанында достық кабинеті бар, бірақ ол жерде ЛГБТК+ адамдарға деген қоғамдық стигма бәрібір белгілі бір деңгейде барын түсінген жөн(АИТВ 2.0 жұқтырған адамдардың стигма көрсеткіші). Куир-қоғамдастыққа қауіпсіз саналатын кеңістік түріне сол қоғамдастыққа арналған бизнестер жатады. Мысалы: клубтар, барлар, сауналар. Дегенмен олардың бәрі бірдей қауіпсіз кеңістік тұжырымына сай емес және оған сай болсам дегенді мақсат тұтпайды. Әйтсе де олардың арасында дәл сондай жағдай жасауға тырысатындар бар, сондықтан қауіпсіздік, инклюзия деген не екенін түсінуге талпынатындар көбейіп жатыр. Осыған дейін ҚР-да болмаған ЛГБТК+ адамдарға арналған қауіпсіз кеңістік міндеті, қызметі және нендей талап қойылатынына қарап зерттеу жұмысының өзектілігін көруге болады. 81 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Әдістер 2022 жылғы желтоқсан 2023 жылғы қаңтар аралығында Алматы, Астана қаласында жүргізілген зерттеу жұмысы кезінде онлайн сауалнама алынды. Сауалнама қазақ және орыс тілінде әзірленген, бірақ аударма дәл болсын және зерттеу тұжырымын сақтайық деп кері-параллель аударма әдісін қолдандық, өлшемдер мен шкалалар ағылшын тілінен қазақ және орыс тіліне және кері аударылған(Brislin, 1986). Сауалнамада бірнеше бөлікке бөлінген 37 сұрақ пен мәлімдеме бар. Сауалнаманың бірінші бөлігі респондент немесе респонденттің жақындары шеттетілген және/немесе қауіпсіздігі бұзылған кезі болды ма, болса – олар мәселені шешу үшін нендей әдіс қолданғанын анықтауға бағытталған. Одан кейінгі екі бөлікте азшылық топтар тап болатын күйзеліс, дискриминация, өз арасындағы ЛГБТК+ үрей деңгейін анықтауға арналған мәлімдемелер бар. Сондай-ақ респонденттердің ықпал ету деңгейін, мақсатын және қауіпсіз кеңістікке қаншалық жиі баратынын анықтайтын сұрақтар бар. Сауалнаманың төртінші бөлігінің мақсаты – әлеуметтік және психологиялық жағдайын анықтау. Сауалнаманың соңғы бөліміне гендерлік сипаты, жыныстық бағдары, жасы, этносы және діні сияқты әлеуметтік-демографиялық деректерді анықтауға арналған сұрақтар бар. Гендерлік стереотиптер мен ескірген көзқарас ықпалынан құтылайық деп сауалнамадағы мәлімдемелер тілдегі гендерлік бейтараптықты(инклюзивтікті) ескере отырып әзірледік(Wasserman& Weseley, 2009; Sarassin et al., 2012). Этика қағидасы Онлайн-сауалнама әлеуметтану ғылымындағы этика кодексі талаптарына сай әзірленді(International Sociological Association, 2001; American Sociological Association, 2018). Респонденттерге зерттеу туралы, зерттеудің мақсатын қысқаша түсіндіріп өттік. Респонденттер OneClickSurvey(https://www.1ka.si/) платформасындағы онлайн-сауалнаманы толтырды. Онлайн сауалнама Instagram, Facebook әлеуметтік желісіндегі және Telegram мессенжеріндегі ЛГБТК+ пен френдли-топтарда жарияланды және өз еркімен қатысқысы келгеннің бәрі қатыса алды. Респонденттердің бәрі 82 Айтуар Қоспақов, Әмір Шайкежанов сауалнаманың тиісті жолағында жазылған жауап нұсқаларының бірін басып, зерттеуге қатысамын деп келісім берді. Дерек жинау әдісі толық аноним болды және қатысушылардың аты, мобайл телефон нөмірі немесе электрон поштасы сияқты жеке идентификаторын сұрағанымыз жоқ. Респонденттерге зерттеуге қатысқаны үшін ақшалай немесе басқа да сыйақы төленген жоқ. Респонденттерге қазақ, орыс тілін таңдау мүмкіндігі берілді. Респонденттер Сауалнамаға 300 адам қатысқан, олардың 41% әйел, 37,3% еркек, 13,8% бейбинар және 2,8% трансгендер, ал 2,8% гендерлік кімдігін көрсеткісі келмеген, сондай-ақ респонденттердің 2,3% – гендерфлюид, яғни гендерлік ауысу процесі барысында өзі таңдаған нұсқасын көрсететін адамдар және кез келген есімдікті қолданатындар. Зерттеуге қатысқандардың орташа жасы 24,9 жас. Жыныстық бағдары бойынша гомосексуал ерлер үлесі 28,6%, бисексуал адамдар 25,8%, лесбияндар 14,7%, пансексуал адамдар 13,8%, куир-адамдар 6,9%, гетеросексуалдар 5,1%, асексуалдар 2,3%, сондай-ақ респонденттердің 2,8% жыныстық бағдары деген тұсқа өз нұсқасын жазған. Қатысушылардың этносы: қазақтар 47%, орыстар 29,5%, өзге этностар үлесі 23,5%, олардың арасында украиндар, ұйғырлар және метистер т.б. бар. Онлайн сауалнамаға жауап бергендердің 93,3% орыс тілін, қалған 6,7% қазақ тілін таңдаған. Әлеуметтік-демографиялық сипаттама параметрі бойынша сипаттау статистикасын 2-қосымшадан көре аласыз. Нәтижесі және талқылау Қаладағы қауіпсіздік пен инклюзивтік Зерттеудің бұл бөлігінде респонденттердің өзі және жақындары қала мен қала кеңістігін қаншалық инклюзив деп білетінін қарастырдық. Сонымен, респонденттердің көбі, яғни 40,3% қала мен қала кеңістігін ішінара инклюзив десе, 35% жақындарым ішінара инклюзив деп біледі деген жауапты таңдаған. Сонымен қатар қала 83 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК мен қала кеңістігін инклюзив деп санайтын респонденттер үлесі 31% болса, жақындарым инклюзив санайды дейтіндер үлесі 38,7% болды. Дегенмен қатысушылардың 25%-нан көбі қала мен қала кеңістігі сәл-пәл инклюзив және мүлде инклюзив емес деп жауап берген. Сонымен қатар біз қауіпсіз кеңістікке жиі бару қоғамды инклюзив деп қабылдауға қаншалық әсер ететінін білгіміз келді. Нәтижесінде қауіпсіз кеңістікке айына бірнеше рет баратын қатысушылар қала мен қала кеңістігін әлдеқайда инклюзив деп санайтынын, ал қауіпсіз кеңістікке жылына бір рет және одан да сирек баратындар қала кеңістігін инклюзив емес деп санайтынын көрдік. Сондықтан қауіпсіз кеңістікке баратын адам кеңістіктен де басқа жерде өзін қауіпсіз, жайлы сезінеді, соған мүмкіндік ашады деп ойлаймыз. Зерттеуге қатысушылардың пікірінше, мына диаграммадағы топтар мен қоғамдастықтар қосымша қауіпсіздікті қажет етеді. 1-диаграммадан түрлі қоғамдастықтарға және топтарға қатысты мәліметті көре аласыз. Балалар Әйелдер ЛГБТ+ Мүгедектігі бар адамдар Үй жануарын асырайтындар Жасы келгендер Әлеуметтік осал топқа жататындар Басқа топтар(жазыңыз) 0% 5% 10% 15% 20% 25% 1-ДИАГРАММА. Қосымша қауіпсіздікті қажет ететін қоғамдастықтар және топтар (N=300;%-ға шаққанда) 84 Айтуар Қоспақов, Әмір Шайкежанов Қала кеңістігінде қауіпсіздік пен инклюзивтік саясатын жүргізуге белгілі бір алғышарттар керек. Талдау нәтижесіне сүйенсек, заң бойынша әлсіз топтар мен азаматтар мүддесін қорғайтын полиция қауіпсіздік пен инклюзивтік саясатын іске асыратын өте өзекті алғышарт екенін көреміз. Сонымен қатар шағын және орта бизнесті халықтың бәріне бірдей қауіпсіз орынға айналдыратын қала кеңістігі мен орындарға арналған жеке инклюзивтік саясаттың да маңызы зор екені байқалды. Сауалнамаға қатысқандар қауіпсіздік пен инклюзивтік саясатын жүргізуге қажет алғышарттарға қатысты берген жауаптарын сараладық, нәтижесін 2-диаграммадан көре аласыз. Осал топтарды заң жүзінде дискриминациядан қорғау Азаматтар мүддесін қорғайтын полиция Қала кеңістігіне және қоғамдық орындарға арналған инклюзивтік саясаты Кедергісіз орта Ыңғайлы қоғамдық көліктер Бірнеше тілдегі көрсеткіштер Басқа 24.1% 23% 16.6% 14.9% 12% 8.2% 1.2% 2-ДИАГРАММА. Қала кеңістігіндегі инклюзивтік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қажет алғышарттар(N=300;%-ға шаққанда) Дегенмен осы аталған алғышарттар толық іске аспағандықтан, қала кеңістігіндегі қауіпсіздік пен инклюзивтік жиі бұзылады. Респонденттердің 37,3% қалада жүргенде түрлі қауіпті жайттарға тап болған, өзгелер шеттеткен, ал 41,7% ондай жағдайға жақындарым тап болды деген. Нендей жолсыздық болғанын 3-қосымшадан көре аласыз. Сонымен қатар қала кеңістігіндегі инклюзивтік пен қауіпсіздік бұзылуы мәселесін шешетін түрлі тәсілдер бар. Оларға мемлекеттік органдарға ресми жүгіну, eGov/ e-otinish платформасынан электрон арыз, әкімдікке шағым, петиция жазу, сондай-ақ мәселеге назар аударту үшін әлеуметтік медианы пайдалану жатады. 85 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Зерттеу барысындағы сауалнамаға қатысқандар инклюзивтік пен қауіпсіздік бұзылуы мәселесін шешетін ең танымал тәсілдерге мыналарды жатқызып отыр: инклюзивтік пен қауіпсіздік саясатын ұстанатын балама кеңістік іздеу – 38,7%; әлеуметтік желілерге жариялау – 21,4%; әкімдікке шағым түсіру – 10,2%. Инклюзивтік пен қауіпсіздік бұзылуы мәселесін шешетін тәсілдер арасындағы eGov/ e-otinish платформасын пайдалану тәсілін респонденттердің 4,4%, мемлекеттік органға ресми жүгіну тәсілін 4% пайдаланады екен. Қатысушылардың 18% инклюзивтік пен қауіпсіздік бұзылуы мәселесін шешу үшін ешқандай шара қолданбаған жөн деп санайды. Инклюзивтік пен қауіпсіздік бұзылуы мәселесі бойынша неше жағдай шешімін тапқанын, шығарылған шешімге адамдар қаншалық көңілі толатынын 1-кестеден көре аласыз. 1-КЕСТЕ. Шешімі шыққан жағдайлар мен шығарылған шешімдерге қанағаттану көрсеткіші (%-ға шаққанда) Шешімі шыққан жағдайлар%(N=224) 1,8% – толық шешілгені 23,7% – ішінара шешілгені 40,6% – сенімсіз 33,9% – шешілмегені Шығарылған шешімдерге қанағаттану(N=156) 3,2% – толық қанағаттанған 20,5% – ішінара қанағаттанған 47,4% – жауап беруге қиналған 28,8% – қанағаттанбаған Зерттеу барысында қала кеңістігіндегі инклюзивтік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін түрлі факторлар маңызын талдауға тырыстық. Респонденттерге белсенділер қозғалысы, мемлекеттік саясат жұмысы, шағын және орта бизнес шешімі, ҮЕҰ мен халықаралық ұйымдар белсенділігі, сондай-ақ жекелеген топтарға қауіпсіз кеңістіктер болуы сияқты факторлар тізімін ұсынып, олар сол факторларды маңызына қарай Лайкерттің қорытынды шкаласымен бірден жетіге дейін бағалауы керек болды, ондағы 1 – ең маңыздысы, 4 – орташа, 7 – мүлде маңызды емесі. Талдау нәтижесіне сүйеніп әр фактордың орташа мәнін есептеп шығардық. Сонымен, респонденттердің пікірі бойынша, қала кеңістігіндегі инклюзивтік пен қауіпсіздікті 86 Айтуар Қоспақов, Әмір Шайкежанов қамтамасыз еткенде белсенділер қозғалысы, мемлекеттік саясат жұмысы және қауіпсіз кеңістік болуы маңызды рөл атқарады(3-диаграмманы қараңыз). Маңызды Орташа Мүлде маңызды емес Белсенділер қозғалысы Мемлекеттік саясат жұмысы Қазір бар қауіпсіз кеңістіктер ШОБ шешімі ҮЕҰ белсенділігі Халықар. қорлармен жұмыс Басқасы 0 25 50 75 3-ДИАГРАММА. Қала кеңістігіндегі инклюзивтік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер ететін факторлар(N=300,%-ға шаққанда) ЛГБТК+: дискриминация және қала кеңістігі Сауалнаманың екінші бөлігі жыныстық бағдары мен гендерлік сипатына байланысты қатысушылар нендей ауыр сөз естіп, алалауға тап болғанын, сондай-ақ ЛГБТК+ адамдарды қатты алалайтын ортаны анықтауға арналды. Құрал ретінде бірқатар әлеуметтік-психологиялық шкалалар мен әдістерді пайдаландық. Сонымен, респонденттерге күнделікті өмірдегі жағдай туралы тоғыз тұжырымы бар тұрмыстағы дискриминация шкаласын (Williams, 2016) ұсынып, жағдайдың қаншалық жиі кездесетінін бірден(ешқашан) алтыға(күнде дерлік) дейінгі алты балдық шкала бойынша бағалаңыз деп сұрадық. Талдау барысында сенімділік 87 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК деңгейі жоғары екенін(Кронбах α =.92) көрдік, ал барлық тұжырым бойынша орта мән: m=2,3. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, барлық күрделі жағдайлар арасында өте жиі кездескендері(айына бірнеше рет және одан да көп): басқа адамдар ЛГБТК+ өкілдерін көргенде анайы(25,6%) және дөрекі(26%) сөйлеп, менсінбей, жақтырмай(36,6%) қараған. Бұл сөзімізді осыған дейінгі зерттеулер нәтижесі де дәлелдеп отыр(Feminita, 2017; FES Kazakhstan, 2016, 2020; ADC Memorial, 2020). Сонымен қатар тұрмыстағы алалауға тап болып, оған қарсы жауап бергендегі қатысушылардың когнитив мінез-құлық реакциясын да зерттедік. Бұл параметрді өлшеу үшін алты тұжырымы бар, респонденттер ондай жағдайға қаншалық жиі тап болатынын бірден(ешқашан) беске(өте жиі) дейінгі бес балдық шкаламен бағалайтын, нәтижені өте дәл көрсететін шкаланы(Williams, 2016) қолдандық. Талдау барысында сенімділік деңгейі жоғары(Кронбах α =.90) екенін көрдік, ал барлық тұжырым бойынша орта мән: m=3,2. Жалпы, зерттеуге қатысқандардың көбі шкаладағы екінші және үшінші тұжырымнан басқасының асқан қырағылық деңгейі айтарлықтай жоғары екенін көрсетті. 4-қосымшада асқан қырағылық шкаласы бойынша салыстырмалы ақпарат берілген. Оның үстіне жыныстық бағдар, гендерлік сипат және асқан қырағылық шкалалары арасында p=0,01 және p=0,05 деңгейіндегі айтарлықтай статистикалық байланыс барын анықтадық. Корреляциялық талдау нәтижесі адамның гендерлік сипаты мен жыныстық бағдары қырағылық деңгейіне әсер ететінін көрсетіп отыр. Мысалы, адам әр адымына сақ болады, қай жерде не деу керегін ойланып, айналадағы адамдарға мұқият қарайды. Жыныстық бағдарға немесе гендерлік сипатқа қатысты дискриминация формасы туралы айтсақ, сауалнамаға дискриминация формаларына(Zurich Intergroup project, 2016) байланысты тұжырымдар енгізілді, сондай-ақ дискриминацияға қай жерлерде өте жиі ұшырайтынын жеті балдық шкала бойынша бірден(ешқашан) жетіге(өте жиі) дейін бағалауы керек болды. Бұл шкала бойынша талдау нәтижесіне қарап, сенімділік деңгейі жоғары(Кронбах α =.83) 88 Айтуар Қоспақов, Әмір Шайкежанов екеніне көз жеткіздік, ал барлық тұжырым бойынша орта мән: m=3,14. Дискриминацияның өте жиі кезігетін формаларына ЛГБТК+ өкілдеріне қарата айтылатын әзіл мен дөрекі сөз(65%), адамдардың ЖБГК дегенге үстірт қарауы(61%), сондай-ақ құқығы мен мүмкіндігі тең болмауы, әділетсіз шектеу сияқты құрылымдық дискриминациялар(36,6%) жататынына талдау барысында көз жеткіздік. Күш көрсету сияқты дискриминация мен жақын танымайтын және бейтаныс адамдардың жыныстық бағдарына қатысты ашық әлеуметтік кемсітуі жиілігі арасында байланыс барын анықтадық. ЛГБТК+ екенін ашық жариялаған адамдар жыныстық бағдарына бола өзгелерден таяқ жеп қалу ықтималдығы жоғары. Оның үстіне респонденттер қаладағы қай қоғамдық орында ЖБГК-ға қарай дискриминацияға жиі тап болатынына тоқталдық. Бұл шкала бойынша сенімділік деңгейі жоғары(Кронбах α =.88) екенін талдау барысында көрдік, барлық тұжырым бойынша орта мән: m=2,27. Сонымен, респонденттер дискриминацияға білім беру мекемелерінде жиі тап болады екен(36,1%). Дегенмен мұндағы 21 жасқа дейінгі респонденттердің үлесі 30% екенін, сондай-ақ сауалнамаға қатысқандар арасында білім және ғылым саласы өкілдері көбірек екенін де ескеру керек. Дегенмен қаладағы өзге қоғамдық орындарда дискриминацияға ұшырағандар саны азырақ болғанымен, бәрібір бейинклюзив көзқарас барын және қоғамдағы маргиналданған топтар қауіпсіздікті толық сезіне алмайтынын көрсетіп отыр. Бұған дейін айтып өткеніміздей, қауіпсіздік пен инклюзивтікке бағытталған қоғамдық орындар болуы мен дамуы өзекті мәселе болып отыр. Қауіпсіз кеңістік: сипаты және ықпал ету деңгейі Респонденттер қай қоғамдық орында өзін қауіпсіз сезінетінін де айтуы керек болды. Қатысушылардың берген жауабын талдап, сол қоғамдық орындарды тематикалық мақсатына қарай жіктеуге мүмкіндік туды. Қатысушылардың көбі(48,7%) қауіпсіз және инклюзив деп куир және ЛГБТК+ кеңістерді атаған. 2-кестеде қауіпсіз кеңістіктер санаты бойынша егжей-тегжейлі ақпарат берілген. 89 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК 2-КЕСТЕ. Қауіпсіз кеңістіктер санаты және олардың аталу жиілігі(N=113;%-ға шаққанда) Санаты ЛГБТК+ адамдар мен қоғамдық қорларға арналған комьюнити-орталықтар ЛГБТК+ өкілдеріне арналған френдликеңістіктер Мәдени орталықтар Куир-кеңістіктер+ тематикалық барлар Сауда орталықтары Үй Саябақтар мен көшелер Гей-клубтар Орналасқан жері Барлығы Аталу жиілігі 15 12 20 113 10 16 11 26 9 232 %-ға шаққанда 6,47 5,17 8,62 48,71 4,31 6,9 4,74 11,21 3,88 100% Маңызды Орташа Мүлде маңызды емес Құпиялық Жайлы сезіну Орналасқан жері Қауіпсіздік шарасы Инклюзивтік Емін- еркін жүруге мүмкіндік болуы Тілдік орта Құндылықтар сәйкестігі 0 25 50 75 100 4-ДИАГРАММА. Қауіпсіз кеңістік сипаттамасы(N=226;%-ға шаққанда) 90 Айтуар Қоспақов, Әмір Шайкежанов Қауіпсіз кеңістік тұжырымын түсіну үшін және сол кеңістік сипаттамасын анықтау үшін респонденттер ұсынылған сипаттамаларды маңызына қарай бірден жетіге дейінгі бағалауы керек. Мұндағы 1 – өте маңызды, 7 – маңызды емес. Қатысушылардың көбі(60%-дан көп) кеңістікті қауіпсіз орын деп атау үшін ұсынылған сипаттамалардың маңызы зор дейді. Қауіпсіз кеңістік сипаттамаларын 4-диаграммадан көре аласыз. 3-кестеден қауіпсіз кеңістікке бару жиілігін көре аласыз. 3-КЕСТЕ. Қауіпсіз кеңістіктерге бару жиілігі(N=226;%-ға шаққанда) Шкала Саны% 6 – күнде дерлік 8 3,5% 5 – аптасына кемінде бір рет 28 12,4% 4 – айына бірнеше рет 120 53,1% 3 – жылына бір рет 43 19% 2 – жылына бір реттен аз 1 – ешқашан Барлығы 23 10,2% 4 1,8% 226 100 Қауіпсіз кеңістік адам өзінің және бөтен адамның жыныстық бағдары мен гендерлік сипатын мойындауына, түсінуіне қаншалық ықпал ететінін анықтау үшін респонденттер оны бірден(мүлде ықпал етпейді) жетіге дейін(қатты ықпал етеді) бағалауы керек болды. Адам өзінің және бөтен адамның жыныстық бағдары мен гендерлік сипатын мойындауына, түсінуіне қауіпсіз кеңістіктің ықпал ету деңгейі орта есеппен 4,71% және 4,92% болды. Бару жиілігі, емін-еркін жүру мен қауіпсіз кеңістіктің ықпал ету деңгейі арасында статистикалық маңызды байланыс анықталған жоқ. Қауіпсіз кеңістікке бару мақсатын талдадық. Талдау кезінде өз ортасымен байланысын нығайтуға, достарымен сөйлесіп, уақыт өткізуге және жаңа таныс табуға, сондай-ақ қауіпсіздікті сезінуге және емін-еркін жүре алуға бағытталғанын көрдік, бұл жағдай азшылық топ қоғамға сіңісіп кетуге мұқтаж екенін көрсетіп отыр. Сонымен қатар респонденттердің бір бөлігі қауіпсіз кеңістікке өзіне серік табу үшін баратынын, онда барғанда көмек сұрайтынын, қызмет алуға көмектесетінін де көрсетті. 91 Айтуар Қоспақов, Әмір Шайкежанов ҚОРЫТЫНДЫ Бұл мақалада қауіпсіз кеңістіктер ЛГБТК+ қоғамдастығына қажет алғышарттарды, сипаттамаларды және белгілерді, сондай-ақ қызметті қарастырдық, сондай-ақ қаладағы басқа кеңістіктер инклюзивтікті сезінуіне ықпал ететін түрлі факторларды, респонденттердің ақылес саулығын және адам өзінің және/немесе бөтен адамның ЖБГК-сын мойындауына қоғамдық кеңістіктің ықпал ету деңгейін қарастырдық. Одан бөлек әділ қала контексіндегі инклюзивтік пен қауіпсіздікті ЛГБТК+ адамдар қалай сезінетінін де талдадық. Зерттеу барысында қауіпсіз кеңістіктер ЛГБТК+ адамдардың қоғамға еркін сіңісіп кетуіне мүмкіндік беретіні анықталды. Психологиялық жағынан тиімділік деңгейі және өзінің не басқаның жыныстық бағдары мен гендерлік сипатына қатысты инклюзивтігі деңгейі арасында аз ғана байланыс бары анықталды. Сөйтіп, жалпы қаладағы инклюзивтікті қалыптастыруға қауіпсіз кеңістіктің ықпал ету деңгейі әжептәуір екенін байқадық. Егер әділ және инклюзив кеңістік қалыптастыру қалалық әкімдік міндетіне кірсе, онда олар түрлі топқа, оның арасында ЛГБТК+ те бар, қауіпсіз кеңістік құрып беруге, қорғауға және қолдауға тиіс. Мысалы, жынысына, ұлтына, жыныстық бағдары мен кімдігіне қарай адамды алалауға төзбеу керегін ашық айтып, қолдаса болады. Қаладағы қоғамдық кеңістіктерде маргинал топтардың емінеркін жүруін жақсарту жұмыстарындағы ерекшеліктер мен қазір қолда бар қауіпсіз кеңістіктер тәжірибесін ескеру керегін ұсыныс ретінде айтқымыз келеді. Сонымен қатар қауіпсіздік пен инклюзивтікке жету үшін ЛГБТК+ қоғамдастығының қоғамдық орындарға деген сұранысы қаншалық екенін ескеретін құндылық ережесінің де маңызы зор. Кеңістіктегі қауіпсіздік пен инклюзивтікті дамыту үшін қауіпсіз, инклюзив орталарды білетін ЛГБТК+ белсенділерімен, ҮЕҰ-мен бірге жұмыс істеп, басқару тәжірибесін алмасу керек, сондықтан басшылар мен қоғамдық кеңістікті басқаратындарға инклюзивтік және қауіпсіздік ережесін дамытуды үйрететін трениңдер мен семинарлар өткізу керек. Дегенмен зерттеу барысында бірқатар шектеу болғанын да айта кеткен жөн. Мысалы, қатысушыларды іріктеу жұмысы тек онлайн 93 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК болды, сондықтан интернеті жоқ немесе ЛГБТК+ қоғамдастығымен байланысы жоқ адамдар қатыса алмады. Одан бөлек гомофобия деңгейі жоғары болғандықтан, ЛГБТК+ адамдар жыныстық бағдарын немесе гендерлік сипатын жасырғысы келеді, онысы зерттеудің жалпы қорытындысына әсер етті. Осыған байланысты ендігі зерттеулерде факторларға әлдеқайда репрезентатив іріктеуі бар сапалық және сандық зерттеу тұрғысынан жан-жақты қарау керек. ДЕРЕККӨЗ 1. Аdilet.zan.kz, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №380 қаулысы. – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1200000380 2. Аdilet.zan.kz, Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы ҚР кодексі, №518-IV (2011). – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518(Соңғы қаралған күні 2023 жылғы 10 ақпан) 3. Аdilet.zan.kz, Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 қарашада №21680 болып тіркелді. – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021680 4. Индекс стигмы людей, живущих с ВИЧ 2.0. Отчет по результатам исследования. Центрально-Азиатская Ассоциация ЛЖВ. – URL: https://caapl.org/wp-content/ uploads/2023/01/otchet_indeks-stigmy-lzhv-2.0_kazahstan_2022_fv.pdf 5. Стигматизация ЛГБТК-сообщества на приеме взаимодействия с правоохранительными органами в Республике Казахстан, 2016. – URL: https://www.soros.kz/wp-content/ uploads/2018/02/Stigmatization_of_LGBTIK_community.pdf 6. «Я называю свою партнерку сестрой:» Соблюдение прав лесбиянок, бисексуальных и квир-женщин в Казахстане, 2019. – URL: https://feminita.kz/wp-content/uploads/2019/12/ Feminita.-Needs-Assessment-of-LBQ-Women-in-Kazakhstan-rus_cmp.pdf 7. American Sociological Association(2018). ASA Code of Ethics. – URL: https://www.asanet. org/sites/default/files/asa_code_of_ethics-june2018.pdf 8. Binnie, J.(1997). Coming out of geography: Towards a queer epistemology? Environment and Planning D: Society and Space, 15, 223–237. 9. Brislin, R. W.(1986). The Wording and Translation of Research Instruments. In W. L. Lonner, & J. W. Berry(Eds.), Cross-Cultural Research and Methodology Series, Vol. 8. Field Methods in Cross-Cultural Research(pp. 137-164). Thousand Oaks, CA: Sage Publications. 10. City of Vancouver, Retrieved 15 Jan. 2023. – URL: https://vancouver.ca/people-programs/ equity-diversity-inclusion.aspx. 11. Corey L. M. Keyes(2002). The Mental Health Continuum: From Languishing to Flourishing in Life. Journal of Health and Social Behavior, 43(2), 207–222. – URL: https://doi. org/10.2307/3090197. 12. Friedrich Ebert Stiftung Kazakhstan(2020). Cennosti kazahstanskogo obshhestva v sociologicheskom izmerenii[Values of Kazakhstani society in the sociological dimension]. 94 Айтуар Қоспақов, Әмір Шайкежанов DELUXE Printery. – URL: https://www.gcedclearinghouse.org/sites/default/files/ resources/200125rus.pdf 13. Friedrich Ebert Foundation Kazakhstan,& Hurrelmann, K.(2016). Youth in Central Asia: Kazakhstan. Based on sociological survey. – URL: https://library.fes.de/pdf-files/bueros/ kasachstan/13343.pdf 14. Gilly Hartal(2017). Fragile subjectivities: constructing queer safe spaces, Social& Cultural Geography, DOI: 10.1080/14649365.2017.1335877 15. Hässler, T., Ullrich, J., Sebben, S., Selvanathan, H. P.,& Tropp, L.(2021, September 8) Zurich Intergroup Project – Measures. – URL: https://doi.org/10.17605/OSF.IO/UV7AQ 16. Inclusive communities and workplaces, Retrieved 15 Jan. 2023. – URL: https://www.vic.gov. au/inclusive-communities-workplaces 17. International Sociological Association(2001) Code of Ethics. – URL: https://www.isasociology.org/en/about-isa/code-of-ethics 18. Nash, C. J., Maguire, H.,& Gorman-Murray, A.(2019). LGBTQ communities, public space and urban movement: towards mobility justice in the contemporary city. In N. Cook& D. Butz(Eds.), Mobilities, Mobility Justice and Social Justice(pp. 188–200). – URL: https://doi. org/10.4324/9780815377047 19. Nel, J. A., Yi, H., Sandfort, T. G.,& Rich, E.(2013). HIV-untested men who have sex with men in South Africa: the perception of not being at risk and fear of being tested. AIDS and Behavior, 17, 51–59. 20. Pascar, L., David, Y., Hartal, G.,& Epstein, B. Queer Safe Spaces and Communication. Oxford Research Encyclopedia of Communication. Retrieved 20 Jan. 2023. – URL: https:// oxfordre.com/communication/view/10.1093/acrefore/9780190228613.001.0001/acrefore9780190228613-e-1197 21. Sarrasin, O., Gabriel, U.,& Gygax, P.(2012). Sexism and attitudes toward gender-neutral language. Swiss Journal of Psychology. – URL: https://doi.org/10.1024/1421-0185/a000078 22. Seksenbayev, A.(2018). Mental health and suicidality among gay and bisexual men in Kazakhstan. A prevalence study. NU School of Medicine. 23. Setha Low& Kurt Iveson(2016). Propositions for more just urban public spaces, City, 20:1, 10–31,DOI: 10.1080/13604813.2015.1128679 24. United Nations(UN)(2015). Transforming Our World: The 2030 Agenda for Sustainable Development. United Nations, New York. – URL: https://sdgs.un.org/publications/ transforming-our-world-2030-agenda-sustainable-development-17981 25. UN Women(2019) Safe Cities and Safe Public Spaces for Women and Girls Global Flagship Initiative: International Compendium of Practices. New York: UN Women. 26. Wasserman, B. D.,& Weseley, A. J.(2009). ¿Qué? Quoi? Do languages with grammatical gender promote sexist attitudes?. Sex Roles, 61(9), 634–643. – URL: https://doi.org/10.1007/ s11199-009-9696-3 27. Williams, D. R., Priest, N.,& Anderson, N.(2016). Understanding Associations between Race, Socioeconomic Status and Health: Patterns and Prospects. Health Psychology, 35(4), 407–11. 28. World Values Survey Wave 6–7: 2010–2020.(n.d.). World Values Survey. – URL: http://www. worldvaluessurvey.org/WVSOnline.jsp(Соңғы қаралған күні 2023 жылғы 10 ақпан) 95 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Қосымша 1-ҚОСЫМША. ЛГБТК+ қауіпсіз кеңістігіндегі фреймиң-процесі элементтері Фрейм Нығайту Анонимдік Инклюзивтік Бөлек кеңістік құру Қадағалау Саясат және практика Кеңістікке күзет қою Сұрақ қоймайтын кеңістік құру Коммуникация бойынша келісілген ережелер мен ұсыныстар Топтың уақытша кеңістігін әлеуметтік шекаралар көмегімен бөлу Кеңістікті жауып, кіріпшыққандарды шектеу Негізгі пайымдар Пана іздеп кету/пана іздеп келу құқығы Жеке өміріне тиіспеу құқығы Қадір-қасиет және жеке өміріне тиіспеу құқығы, жынысына қарай бөлмеу Мәдени өмірге араласу құқығы, сөз еркіндігі Жеке өміріне тиіспеу құқығы, сөз еркіндігі Қатысты салдарлары Зорлық-зомбылықтан қорқу Стигма мен ұяттан қорқу Зорлық-зомбылықтан қорқу, стигма мен ұяттан қорқу, тиестілігі қалыптасуы Тиестілікке жататын сөзбен зорлық-зомбылық көрсетуден қорқу Стигма және ұяттан қорқу 2-ҚОСЫМША. Әлеуметтік-демографиялық сипаттама( N=217) Гендерлік кімдік Нұсқалар Ер Әйел Трансгендер адам Бейбинар адам Жауап бергім келмейді Өз нұсқам Саны% 81 37,3% 89 41% 6 2,8% 30 13,8% 6 2,8% 5 2,3% 96 Айтуар Қоспақов, Әмір Шайкежанов Жыныстық бағдары Нұсқалар Саны Асексуал 5 Бисексуал 56 Гетеросексуал 11 Гомосексуал 62 Куир 15 Лесбиян 32 Пансексуал 30 Өз нұсқам 6 % 2,3% 25,8% 5,1% 28,6% 6,9% 14,7% 13,8% 2,8% Ұлты Нұсқалар Қазақ Орыс Өзбек Украин Өзгелері Саны% 102 47% 64 29,5% 1 0,5% 4 1,8% 46 21,2% Білімі Нұсқалар Ресми білімі жоқ Орта білім Арнаулы орта білім Күндізгі бөлімде оқимын Бакалавр Магистр және одан жоғары дәреже Басқа Саны% 2 0,9% 22 10,1% 49 22,6% 30 13,8% 72 33,2% 34 15,7% 8 3,7% 97 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Жұмыс істеу мәртебесі Нұсқалар Жұмыс істеймін Жұмыссызбын, іздеп жүрмін Жұмыссызбын, іздеп жүрген жоқпын Студентпін Өз нұсқам Саны% 120 55,3% 30 13,8% 5 2,3% 51 23,5% 11 5,1% Қаржылай қауіпсіздікті сезінуі Нұсқалар Саны Қауіпсіздігі аздау 91 Жұртпен бірдей 91 Қауіпсіздігі жоғарырақ 35 % 41,9% 41,9% 16,1% Діндарлық деңгейі Нұсқалар Мүлде діндар емеспін Аса діндар емеспін Біршама діндармын Өте діндармын Саны% 129 59,4% 62 28,6% 25 11,5% 1 0,5% 3-ҚОСЫМША. Құқығы, жеке шекарасы және/немесе қауіпсіздігі бұзылуы деңгейін сипаттау Құқығы, жеке шекарасы және/немесе қауіпсіздігі бұзылуы мына санаттардың бірімен байланысты: өз басынан өткені Гомосексуал ерлерге, жалпы ЛГБТ-ға төзе алмау, гомофобия Сырт келбеті Зорлық-зомбылық Жынысына қарай басыну(респонденттердің өзі басыну деп таныған немесе жынысына қарай жеке шекарасын бұзған жағдайлардың бәрі) Харассмент(жынысына қарай жеке шекарасын бұзу) Лесбофобия Неше рет аталғаны 27 15 13 12 11 9 98 Айтуар Қоспақов, Әмір Шайкежанов Трансфобия 8 Сексизм 6 Басқалары 6 Ұлты және/немесе азаматтығы 7 Орны және/немесе саласы. Мысалы, емхана 4 Полиция 4 Буллиң 3 Тұрмыстағы мәселелер 3 Мүгедектік және/немесе денсаулық 4 Жұмысы 2 Құқығы, жеке шекарасы және/немесе қауіпсіздігі бұзылуы мына санаттардың бірімен байланысты: респондентің туысының және/немесе жақынының басынан өткені Гомосексуал ерлерге, жалпы ЛГБТ-ға төзе алмау, гомофобия Мүгедектік және/немесе денсаулық Зорлық-зомбылық Сырт келбеті Харассмент(жынысына қарай жеке шекарасын бұзу) Жынысына қарай басыну(респонденттердің өзі басыну деп таныған немесе жынысына қарай жеке шекарасын бұзған жағдайлардың бәрі) Ұлты және/немесе азаматтығы Басқасы Сексизм Трансфобия Тұрмыстағы мәселелер Лесбофобия Буллиң Полиция Орны және/немесе саласы Неше рет аталғаны 24 20 17 13 11 9 6 6 5 5 4 4 3 3 2 99 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК 4-ҚОСЫМША. Асқан қырағылық шкаласы бойынша респонденттер жауабының салыстырмалы сипаттамасы( N=248;%-ға шаққанда) Жиілігі Шкала Ешқашан Өте сирек Көп емес Айтарлық тай жиі Өте жиі Барлығы Орташа(m) Тап болуыңыз мүмкін мәселе туралы күнібұрын ойланасыз 4,2 21,2 19,3 Үйден шығарда мазақтауы немесе тіл тигізуі мүмкін екенін ойлап, дайындалуға тырысасыз 36,7 22,3 20,5 Қалыпты қызмет көрсетуі немесе тіл тигізбеуі үшін барынша абай болу керегін сезесіз 18,9 17,4 17,8 Не айту, қалай айту керегін ойланып барып шешесіз 5,3 14,8 18,6 Айналаңызда не болып жатқанына мұқият қарайсыз 3,4 11 14 Нақты бір орыннан немесе әлеуметтік жағдайдан қашуға тырысасыз 5,7 9,1 20,1 39 14 29,5 37,1 42 40,2 16,3 6,4 16,3 24,2 29,5 25 100 100 100 100 100 100 3,42 2,30 3,06 3,61 3,86 3,72 100 ЭКОЛОГИЯ: СУ РЕСУРСЫ Бауыржан Биахметов СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР НЕМЕСЕ АҚТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ АУЫЗСУ ТАПШЫЛЫҒЫН АЗАЙТУ ЖОЛДАРЫ Бауыржан Биахметов bauyrzhanbiakhmetov@gmail.com АННОТАЦИЯ Ақтау қаласындағы ауызсу мәселелері жергілікті халықты бұрыннан мазалап, шешілмей келе жатыр. Ауызсу жай ағады, өшіп қала береді, су түсі сарғыш, қоңыр т.б. Осы секілді мәселелер біраз уақыттан бері бар. Келешекте халық саны артып, қала аумағы кеңейген сайын ауызсуға деген сұраныс та артуы мүмкін. Ауызсуды жеткізетін инфрақұрылым тозғанына, сондай-ақ қаланы жоспарлағанда кеткен кемшіліктерге байланысты және ауызсу жеткізуге бағытталған жобалар уақытында аяқталмағандықтан немесе уақытын шегергендіктен ауызсу мәселесі күн сайын ушығып барады. Сондай-ақ 2022 жылғы жаз кезінде халық ауызсу тапшылығын қатты сезді. Бұған қоса климат өзгеріп жатқандықтан, келе-келе ыстық маусым бұрынғыдан да ұзақ болып, ауызсу тапшылығы одан әрі өсуі мүмкін. Осы мақалада ауызсу мәселесін талдап, оның себептерін анықтаймыз әрі келешекте болуы мүмкін жағдайларды қарастырамыз. КІРІСПЕ Тұщы судың негізгі көзі Ақтау қаласында және жалпы Маңғыстау облысында табиғи тұщы су көзі жоқ, сондықтан қала мен облыс халқы тұтынатын ауызсудың негізгі көзі – теңіз және жерасты суы. Теңіз суын буға айналдырып дистилденген су алады, оны кейін 500 метр тереңдіктен,«Құйылыс» кен орнынан алынған жерасты минерал суымен араластырып, 103 Бауыржан Биахметов механикалық және химиялық тазарту процестерінен өткізеді. Ақтау қаласына баратын ауызсудың негізгі мөлшері Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында(МАЭК) өндіріледі. МАЭК 1968 жылдан бері жұмыс істеп келеді, қазір 52 000 м 3 тұщы су, сондай-ақ электр энергиясы мен жылу энергиясын өндіреді. МАЭК-те өндірілген тұщы су, электр және жылу энергиясын Ақтау қаласынан бөлек Маңғыстау облысындағы елді мекендерге де жібереді. Жақында электр және жылу орталықтары тексерістен өткен, сонда МАЭК-ті Қазақстандағы тозығы жеткен мекемелер қатарына қосыпты, яғни МАЭК-тің 76,4% ескірген. МАЭК-тен басқа Ақтау қаласында«Каспий» су тұщыту зауыты бар. Бұл зауыт теңіз суын кері осмос әдісімен тұщытып, ауызсу алады. «Каспий» су тұщыту зауыты 2005 жылы ашылғанымен, 2014 жылы ғана жұмыс істей бастады, өйткені 2013-2014 жылдары Ақтау қаласында ауызсу тапшылығы мәселесі жиі көтеріле бастаған. 2013 жылғы жазда ақтаулықтар тәулігіне 48 000 м 3 ауызсу тұтынған.«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2022 жылдың аяғына дейін«Каспий» су тұщыту зауыты тәулігіне 40 000 м 3 дейін су тұщытуы керек болғанымен, жұмыс уақытылы аяқталмай, су тұщыту қуаты әлі күнге артқан жоқ. Қазір зауыт күніне 25 000 м 3 ауызсу өндіріп отыр. Зауыт қуаты артқанның өзінде, қазіргі Ақтау қаласы халқының сұранысын толық өтей алмайды, тек ең қажет дегеніне ғана жетеді. Айта кететін жайт, МАЭК пен«Каспий» су тұщыту зауытынан шыққан ауызсуды құбырмен халыққа жеткізетін кәсіпорын –«Каспий жылу, су арнасы» МКК. Су тапшылығына байланысты кейінгі 10 жылда жаңа су тұщыту зауытын салу немесе қазір қолда бар МАЭК пен«Каспий» зауытының су тұщыту қуатын арттыру мәселесі талай талқыланғанымен, нақты қадамдар жасалмаған, яғни аяқталған жобалар саны жоспарланған жобалардан әлдеқайда аз. Ауызсу тапшылығы Маңғыстау облысының, соның ішінде Ақтау қаласының қазіргі демографиясы мен даму тенденциясын ескерсек, 2025 жылға қарай мұндағы халық тәулігіне 250 000–260 000 м 3 су тұтынады, ал су тапшылығы 100 000–110 000 м 3 -ге жетеді деген болжам бар(Adilet.zan.kz, 2021). 105 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Осы жоба аясында алынған сұхбаттардан білгеніміздей, қазір Ақтау қаласында қыста тәулігіне 30 000 м 3 ауызсу тұтынады, ал жазда бұл көрсеткіш 52 000 м 3 -ге жетеді. Шамамен қазір Ақтауда тәулігіне 15 000 м 3 су тапшы. 2022 жылғы жаз осыған дейінгі жылдарға қарағанда ыстығырақ болды. Осы уақытта ауызсу тапшылығы әдеттегіден 10–15% артқаны анықталған. Жаһандық жылыну салдарынан ауызсу тапшылығы одан әрі ушығуы мүмкін. Әлем қалаларының көбінде, орта есеппен алғанда, жаз әдеттегіден 10 0 С-ға дейін ыстық болуы мүмкін, ал жалпы ыстық күндер саны арта түседі(Bastin, 2019). Ақтау қаласындағы ауызсу мәселесі қарастырылғанда климат өзгеруі әсері ескерілмеген. Бұл, әрине, келешекте ауызсуға қатысты болуы мүмкін қауіпті арттырады. Ауызсу тапшылығы көптен бері шешілмей келе жатыр, бұл мәселе жергілікті халыққа да қиын тиіп отыр. Ауызсу үнемі ағып тұруы – тұрғындар денсаулығы мен олардың тұрақты дамуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Сондай-ақ ауызсу жеткізетін желілер тозғандықтан, ауызсу сапасы нашарлаған деп шағымданған адам көп. Зерттеуімнің басты мақсаты – Ақтау қаласы тұрғындарының ауызсу мәселесін толыққанды түсініп, келешекте ауызсуға деген қажетін қазіргі қала дамуын, демографиясын және климат өзгеруін ескере отырып талдау. Сондай-ақ қала халқына ауызсу жеткізу бойынша бірнеше сценарий қарастырып, қандай қауіп барын анықтау. Әдістеме Ақтау қаласындағы ауызсу мәселесін толыққанды түсініп, шешу жолдарын анықтау үшін мынадай жұмыстар атқарылған: 1. 2021 жылғы қыркүйекте Маңғыстау облысы әкімдігі облыс тұрғындарымен, соның ішінде ақтаулықтармен арадағы байланысты жақсарту мақсатында Telegram-нан чат ашқан. Бұл чат ашық, кез келген адам қосылып, әкімдікке, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық қызметін, қала тазалығы және т.б. қызметтер көрсететін кәсіпорындар мен компанияларға 106 Бауыржан Биахметов мәселелерін еркін айта алады, шағымдануына болады. Жалпы, Маңғыстау облысы, әсіресе Ақтау қаласы халқы нендей мәселелерді жиі көтеретінін жақсырақ түсіну үшін чатта жазылған шағымдарды талдадық. 2. Ақтау қаласындағы ауызсу тарифін Қазақстанның басқа қалаларынікімен салыстырдық. 3. Ақтау қаласы демографиясы мен салынған тұрғын үйлер көлемін талдадық. 4. Ақтау қаласындағы ауызсу мәселесін, атқарылып жатқан жұмыстарды жақынырақ түсіну үшін Ақтау қаласының депутатынан, Маңғыстау облысындағы су мәселесін зерттеп жүрген маманнан және бастамашыл топтың өкілдерінен сұхбат алдық. 5. Ақтау қаласындағы негізгі ауызсу мәселелері cұхбаттасу және чаттағы шағымдарды талдау барысында анықталғаннан кейін, сол мәселелерді нақтылайық деп осы қалада тұратын 50 шақты адамнан сауалнама алдық. Адамдар кездейсоқ таңдалды. Халықтың көзқарасын толық білу үшін қаладағы ықшамаудандар мен Ақтау қаласына жататын елді мекендерде тұратындарды қамтыдық. Ауызсу тапшылығының жергілікті халыққа әсері Ақтауда ауызсу тапшылығы кейінгі бірнеше жылда жиі байқалып жүр, әсіресе 2022 жылғы жазда қатты сезілді. Тұрғындар мен облыс әкімдігі өкілдері бар telegram-чаттағы хаттарды талдау барысында 2022 жылы 2021 жылға қарағанда МАЭК-те болған түрлі жөндеу жұмыстарына байланысты ауызсуды жиі өшіріп тастағанын байқадық. Суды жеткілікті мөлшерде тұщытпағандықтан, қысым төмен болғандықтан, ауызсуды жинап-жинап жіберіп отырған. Тіпті көпқабатты үйлерге уақытпен жіберген кездері де болған. Бұл жерде ақтаулықтар ғана емес, МАЕК-тен ауызсу алатын елді мекендердің, әсіресе Мұнайлы ауданының халқы да шағымданған. Сондай-ақ жаз кезінде жалпы қала тұрғындары суды көбірек тұтынады(бау-бақша, көгал суаруы керек, аптап ыстықта көбірек ауызсу қажет болады т.б.). 107 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Жаз кезінде Ақтау қаласында тәулігіне 30 000–40 000 м 3 көлемінде ауызсу жетіспей қалады. 2022 жылғы шілде айының басында ақтаулықтарға ауызсу жетіспейтіні қатты байқалды. Бұл мәселені Ақтау қалалық әкімдігінде су және электр энергиясын жеткізу мәселелері жөнінде болған брифиңде былай сипаттаған: 1) күн ыстық болғандықтан теңіз суының температурасы 30 о С-қа дейін жылыған, ал су тұщытатын қондырғылар 20 о С болатын теңіз суын тұщытуға арналған(су тұщыту 10–15% азайды); 2) күн ысығандықтан, қаладағы күнделікті ауызсу тұтыну мөлшері 33 000 м 3 -ден 40 000 м 3 -ге дейін ұлғайған. Жалпы, telegram-чаттағы шағымдардың бәрін қарастырсақ, ауызсу, техникалық су, жылуға қатысты шағымдар басқа шағымдарға (электр энергиясы, қоғамдық көлік) қарағанда көбірек. Қыста көбіне ыстық су, ауызсу және жылуға қатысты шағым жиі жазылады, ал жазда ауызсу, техникалық су, қоқыс-қалдықтар жайлы шағым көп. Ауызсуға қатысты айтар болсақ, негізгі мәселелерге қысым төмен болуы, ауызсу мүлде өшіп қалуы, су сапасына қатысты шағымдар жатады. Ақтау қаласы халқынан алынған сауалнама нәтижесіне сүйенсек, ауызсу сапасына тұрғындардың көбінің көңілі толмайды (1-сурет). Сұхбаттасқанда Ақтау қаласындағы ауызсуға қатысты негізгі 8 мәселені анықтап, осы мәселелер жайында тұрғындардан сұрап, сауалнама алдық. Тұрғындар ауызсуға қатысты негізгі 8 мәселенің үшеуіне жиі кезіккен: ауызсуды жиі өшіріп тастау(30,2%), ауызсу түсі сарғыш немесе қоңыр(25,6%) және ауызсу қысымы төмен (11,6%). Тұрғындардың 30,2% ауызсуға қатысты мәселелер кейінгі 2 жылда тіпті ушығып кетті десе, 67,4% еш өзгеріс жоқ дейді. Осы орайда айта кетер бір жайт бар, telegram-чатта«Химик» сияқты саяжай аумағында тұратындар бір орталықтан басқарылатын ауызсу жүйесінен су келмей қалды, су таситын көлік сатып алған суымызды жөнді әкелмейді деп шағымданған. Кей тұрғындар ұзақ уақыт ауызсу жоқ деп шағымданғанын да көрдік. Мысалы, №12 ықшамаудандағы 64 көпқабатты үй тұрғындары 2022 жылғы мамыр айынан бастап желтоқсанға дейін ауызсу аққан жоқ деген. Тұрғындардың айтуынша, ауызсуды өшіріп тастағанда дүкендердегі 5 литрлік бөтелкедегі су бағасы 510–520 теңгеден 580 теңгеге дейін қымбаттап 108 Бауыржан Биахметов Жақсы 8.5% Өте нашар 21.3% Орташа 40.4% Нашар 29.8% 1-СУРЕТ. Ауызсу сапасына қатысты ақтаулықтардың пікірі(n=50) кетеді екен(Mangystau Media, 2019). Айта кетерлік жайт, тұтынушылар ауызсудан шығатын жағымсыз иіске, сары-қоңыр болып аққанына көп шағымданған.«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-дан және «Каспий» су тұщыту зауытынан шығатын су талапқа сай болғанымен, құбырлар ескірген, сондықтан үйді-үйге жеткенше су сапасы нашарлап кетеді. Сондай-ақ тұрғындар техникалық су қысымы өте төмен болып, сыздықтап аққанда немесе мүлде өшіріп тастағанда, оның орнына ауызсуды пайдаланамыз дейді. Сапалы, бағасы қымбат ауызсуды сапасы нашар, бағасы арзан техникалық су орнына пайдалануға мәжбүр. 2-суретте көрсетілгендей,«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-дан тұтынушыларға жететін ауызсу бағасы техникалық суға қарағанда шамамен 2 есе қымбат. 109 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК 400 300 200 100 0 орташа тариф Ауызсу Техникалық су жеке тұлғаларға заңды тұлғаларға бюджеттік мекемелерге 2-СУРЕТ. 2022 жылғы Ақтау қаласындағы ауызсу және техникалық су тарифі(ҚҚС-ны қоса есептегенде),(«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп») Ауызсу тарифі туралы да қысқаша айта кеткенді жөн көрдік. Ауызсу проблемасын шешеміз десек, тарифті де ұмытпау керек, өйткені мұның атқаратын рөлі зор. Ақтау қаласындағы 2022 жылғы желтоқсандағы ауызсу тарифіне назар аударайық: жеке тұлғаларға – 233,77 теңге/м 3 , заңды тұлғаларға – 373,06 теңге/м 3 , бюджеттік мекемелерге – 384,97 теңге/м 3 . Жеке тұлғалар тарифін Қазақстанның басқа қалаларынікімен салыстырсақ, Ақтаудағы баға бәрінен қымбат екенін байқаймыз(3-сурет). Суретте 2022 жылғы желтоқсандағы ауызсу тарифі көрсетілген. Кей қалаларда 2023 жылдан бастап ауызсу тарифі өзгерген, тіпті кей қалаларда сәл арзандаған. Мысалы, Астана қаласында жеке тұлғалар текше метріне бұрын 56,292 теңге төлесе, жыл басынан бері 48,458 теңге төлейтін болған. Ал Ақтау қаласында, керісінше, ауызсу бағасы одан әрі қымбаттамақ. 110 Бауыржан Биахметов жеке тұлғаларға заңды тұлғаларға 400 300 200 100 0 қтау А Астана аты ды тау най дар лм ған ше ста ло Қ А ар К а өк Қо Пав емей С орған қ алды Т Тар мі а р з тау Те 3-СУРЕТ. Қазақстан қалаларындағы ауызсу тарифі Ора ске л мен Ө Келешекте тарифті өсіру қажет болады, өйткені инфляция жоғары болуы, ауызсумен қамтитын инфрақұрылым тозуы, суды тұщытуға қажет газ бағасы қымбаттауы әсер етеді. AdilQala жобасы аясында осы мақаланы жазғанда жергілікті чаттарға сауалнама жолдап, қала халқының ой-пікірін білдік. Сауалнама нәтижесіне сүйенсек, қазіргі ауызсу мәселесін шешеміз деп тарифті көтергенге тұрғындардың 75,6% түбегейлі қарсы. Адамдардың 5% ауызсу мәселесін шешкеннен кейін көтерсе болады деді. Ал 19,4% ғана тариф көтергенге қарсы емес. Сондай-ақ бастамашыл қоғамдық топ өкілі Лариса Перминова тарифке қатысты былай дейді:«Басқа қалалармен салыстырғанда Ақтауда су бағасы өте қымбат. Өңірде тұрақтылық жоқ, наразылық бар, ешкім қаңтардағы жағдай тағы қайталанғанын қаламайды, сондықтан шенеуніктер мен су шаруашылығы мекемелері халықтың мүддесін ескеруі керек дегенді үнемі айтып келемін». Қорыта келе, ауызсу тарифін қымбаттатқанда да тұрғындардың пікірін және қазіргі тозған инфрақұрылымның күйін ескере отырып, рационал қарау керек. 111 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Су тапшылығына не себеп болды? 2013-2014 жылдардан бері тұрғындар ауызсу тапшы екенін, келекеле бұл мәселе күрделене түсетінін жиі айта бастаған. Ақтау қаласының VII шақырылым депутаты,«Эко Маңғыстау» ҮЕҰ-ның директоры Кирилл Осин ауызсу тапшылығына не нәрсе себеп болғанын былайша түсіндірді:«Қала аумағы айтарлықтай артып, ұлғайғандықтан және жаңа ықшамаудандар бой көтергендіктен ауызсу тапшылығы туды. Он жыл көлемінде бірнеше жаңа толыққанды ықшамаудан салынған. Тиісінше кейінгі 10–12 жылда қаладағы халық саны бір жарым есе өскен. Ал осы уақыт аралығында су өндіру қуаты қажетінше артпаған, сондықтан осындай мәселе туып отыр». Қала аумағы артқанын халық саны және тұрғын үй құрылысы сияқты көрсеткіштер бойынша қарастырады. Демография Маңғыстау облысының демографиясын басқа облыстардікімен салыстырсақ, халық саны қарқынды өскенін байқауға болады. Кейінгі 25–30 жылда халық саны 2 есе өсіп, 720 мыңнан асты. Мысалы, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәліметтерге сүйенсек, 2019 жылы облыста 20 459 бала дүниеге келген, ал өлген адамдар 250,000 200,000 150,000 100,000 50,000 0 жыл 201 2 1 01 2 2 01 2 3 01 2 4 01 2 5 016 201 2 7 01 2 8 01 2 9 02 2 0 02 2 1 022 4-СУРЕТ. Ақтау қаласындағы халық саны 112 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК саны – 3 054. Ақтау қаласында да халық саны өскен. 2022 жылғы қаңтар–сәуір аралығында Ақтауда 2 349 сәби дүниеге келген, 440 адам дүниеден өткен. 4-суреттен көріп тұрғаныңыздай, Ақтау қаласындағы ресми тіркелген халық саны жылдан-жылға тұрақты түрде артып келеді. 2011 жылы халық саны 170 мыңдай болса, 2022 жылдың басында шамамен 215 мыңдай адамға жеткен. Ресми тіркелмегендерді ескерсек, қаладағы халық саны бұдан да көп болуы мүмкін. Құрылыс Ақтау қаласында 2016 жылдан бері қанша тұрғын үй пайдалануға берілгенін 5-суреттен көруге болады. Қазір жылына шамамен 600 000 шаршы метрден аса тұрғын үй пайдалануға беріледі. 750,000 500,000 250,000 0 2016 2017 2018 2019 2020 2021 5-СУРЕТ. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің ауданы, м 2 (Stat.gov.kz) Кейінгі екі суретті салыстырсақ, қаладағы тұрғын үйлер мен адам саны артқанын көреміз, дегенмен ауызсу өндіру қуаты жеткілікті 114 Бауыржан Биахметов дәрежеде өсіп отырған жоқ. Қала дамуын жоспарлағанда салааралық және әкімдік арасында өзара жұмыста кемшіліктер барын көруге болады. Мысалы, сұхбат алып жүріп, тіпті кей жаңа ықшамаудандарды жоспарлау және салу кезінде аурухана, мектеп немесе балабақша секілді тұрғындарға қажет құрылымдар қарастырылмағаны белгілі болды. Шағын аудандар салынып болған соң тұрғындар әкімдікке шағымданған, содан соң барып осы құрылымдарды салу қарастырыла бастаған. Бұл айтқанымыз суға тікелей қатысы болмағанымен, жалпы қаланы жоспарлағанда кемшілік кеткенін көреміз. Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласы қазіргі экономикалық өсім тенденциясын келешекте де сақтап қалады, сәйкесінше ауызсуға деген сұраныс өсе бермек. Айта кететін жайт, климат өзгеруі салдары да ауызсуды көбірек тұтынуға әсер етеді, дегенмен ауызсуға қатысты шешім шығарып, жоспар құрғанда бұл мәселе қарастырылмаған. Егер облыс немесе қаланың даму стратегияларында климат өзгеруінен туындайтын қауіптерді ескеріп, кейін жоспарлар мен межелер белгіленбесе, ауызсу тапшылығы күрт өсіп кетуі мүмкін. NASA жасаған анализге сүйенсек, 2022 жыл әлемдегі ең жылы бесінші жыл болған(NASA, 2023). Былтыр жаһандық жылыну салдарынан көптеген табиғи апат болғаны мәлім, сонысымен де көптің есінде қалды. Қатты құрғақшылық немесе тым көп жауған жауын-шашын, ормандарда, далада өршіген өрт т.б. жағдайлар болды. 2022 жылы Қазақстанның біраз аймағында құрғақшылық болып, бұрнағы жылдармен салыстырғанда өртенген алқаптардың аумағы артқан. Болған апаттарды зерттеп, толық қорытындысы шығарылған жоқ. Келешекте климат өзгеруі салдарынан бұдан да көп табиғи апаттар болуы мүмкін деп болжап отыр мамандар. Ал осы апаттарға мемлекет дайын ба? ҚР Ұлттық экономика министрлігі жасаған мемлекеттік бағдарламалар мен жол карталарында климат өзгеруіне бейімделу іс-шаралары толық қарастырылмаған. Ақтау қаласындағы ауызсуға мұның қатысы болмаса да, климат өзгеруіне және оның салдарына бейімделуге бағытталған жұмыстар жай жүріп жатқанын көрсетеді. Қазақстанда климат өзгеруіне бейімделеміз деп 2021–2030 жылдары отыз шақты іс-шара өткізу жоспарланған(ҚРЭТРМ). Өзен-көлдер 115 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК тартылуы және су ресурсын тиімді пайдалануға бағытталған ісшаралар болғанымен, Ақтау секілді ауызсу мәселесі өзекті қалаларға арнайы әзірленген іс-шаралар жоқ. Маңғыстау облысын(соның ішінде Ақтау қаласы да бар) әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021– 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында климат өзгеруі салдары ескерілген не соған бағытталған шаралар жоқ. Бұрнағы жылдарға қарағанда 2022 жылғы жазда ауызсуға қатысты мәселелерді халық анығырақ сезген, яғни ауызсуды жиі өшіріп тастаған, қысым төмен болып, су жай аққан. Климат өзгеруі Ақтау қаласына немесе жалпы Қазақстанға қалай әсер ететінін толық зерттеген жұмыстар болмағанымен, 2022 жылғы жазда ауызсу жетіспеушілігі сезілгеніне климат өзгеруі әсер еткеніне күмән жоқ. Келешекте 2022 жылғы жаздағы жағдайға ұқсас жағдай қайталануы мүмкін, яғни климат өзгеруі әсерінен ауызсу тапшылығы жылдан жылға артуы ықтимал. Қала немесе облыстың даму стратегияларында және басқа да даму бағдарламаларында бұл мәселе қарастырылмағандықтан, келешекте жаз кезінде ауызсу жетіспей, қатты тапшылық болмақ. Ақтау қаласындағы ауызсу мәселесін қарастырғанда Маңғыстау облысын түгел алған жөн, өйткені Ақтау қаласындағы ауызсу мәселесі Маңғыстау облысындағы басқа елді мекендердегі ауызсу жағдайымен тығыз байланысты. Ақтау халқына ауызсу жеткізіп отырған МАЭК пен«Каспий» зауыты басқа елді мекендерді де ауызсумен қамтып отыр. Маңғыстау облысы қазір тәулігіне шамамен 150 000 м 3 ауызсу тұтынады. Осы орайда тәулігіне әлі де 51 000 м 3 ауызсу жетіспейтінін айта кету керек(Adilet.zan.kz, 2021). 2025 жылға қарай Маңғыстау облысының демографиясы мен даму стратегиясын ескерсек, өңірде тәулігіне 250 000–260 000 м 3 ауызсу тұтынады, ал 100 000–110 000 м 3 ауызсу жетіспейтін болады(Adilet.zan.kz, 2021). Аймақтағы ауызсу тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған 2021– 2025 жылдарға арналған облыстық кешенді жоспар бар. Астрахан–Маңғышлақ магистраль су құбырын жаңғыртып, су айдау қуатын тәулігіне 110 000 м 3 -ден 170 000–200 000 м 3 -ге дейін арттыру көзделген. Магистраль су құбырын жаңғыртқан соң екі облыстың ауызсу мәселесі жеңілдейді деп отыр, алайда бұл жерде Атырау облысында да ауызсу тапшылығы қатты екенін, алдағы 5 жылда 40% 116 Бауыржан Биахметов артатынын ескеру керек. Сондай-ақ«Қаражанбас» кен орнында тәулігіне 17 000 м 3 су тұшытатын қондырғыларды іске қосып, кей ауылдық жерлердің ауызсу мәселесін біршама жеңілдетті. 2022 жылдың аяғына қарай Ақтаудағы«Каспий» зауытының су тұщыту қуаты 20 000 м 3 -ге артуы керек болғанымен, әлі күнге жұмысы толық аяқталмағандықтан бұл межеге жеткен жоқ. Маңғыстау облысында бірнеше су тұшыту зауытын салу керек деп жоспарланған. Әрине, бұл зауыттар уақытында салынса, облыстағы және Ақтау қаласындағы ауызсу мәселесі біршама жеңілдер еді, дегенмен мәселені түбегейлі шеше алмайды. Қазақстанның басқа өңірлерімен салыстырғанда Маңғыстау облысы ауылшаруашылық өнімдерін әлдеқайда аз өндіреді. Мысалы, 2020 жылы жалпы республикалық ауылшаруашылық өнімінің 0,3% ғана өндірген. Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021– 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында бұған тұщы су ресурсы болмауы және жайылымдарға қажет су қоры жоғы негізгі себеп ретінде көрсетілген. Ауызсу мәселесін шешуге бағытталған келешектегі сценарийлер Маңғыстау облысы республикалық бюджетке донор облыстардың бірі болғанымен, мұнай-газ саласынан түсетін пайда азайғанына байланысты 2023 жылдан бастап дотацион аймаққа айналды. Бұл, әрине, облыс тұрғындарының әлеуметтік мәселелері одан әрі ушығуына себеп болуы мүмкін. Мысалы, жұмыс орындары азайып, халықтың төлем қабілеті төмендеуі ықтимал. Облыста болып жатқан жайттар ақтаулықтарға кері әсер етері анық. Бұл мәселені шешу жолы – экономиканы диверсификациялау, жаңа жұмыс орнын ашу үшін жеке кәсіпкерлерге жағдай жасау. Ақтау қаласын қарастырсақ, жеке кәсіпкерліктің көптеген түрін немесе саласын дамыту коммуналдық инфрақұрылым дамуына келіп тіреледі, яғни оларды ауызсумен, электр энергиясы секілді негізгі қажетімен қамту керек. Ақтауда қазір ауызсу мәселесі ушығып тұрғанда қала экономикасын дамытып, жұмыс орындарын ашу мүмкін бе деген сұрақ туады. 117 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласының даму жоспарына және демографиясына қарасақ, келешекте ауызсуға деген сұраныс өсе бермек. Жоспарланған инфрақұрылымды жаңғырту мен жаңа су тұщытатын зауыт салу шамамен 3–5 жыл ауызсу мәселесіне нүкте қоюы мүмкін, одан кейін бұл мәселе қайта туады. Демография өсімі тенденциясын, қала аумағы артуын және климат өзгеруін ескере отырып, ауызсу мәселесін шешуге бағытталған ұзақмерзімді кешенді жоспар не бағдарлама жоқ. Қазіргі ауызсу мәселесін, тозған инфрақұрылым, климат өзгеруі салдары су мәселесіне қалай әсер ететінін, қаланың даму жоспары, әкімдік пен ауызсумен қамтитын кәсіпорындар бірлесе жұмыс істеуі тиімділігін ескере отырып, келешекте іске асуы мүмкін 3 сценарий дайындадық: 1. Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласының экономикалық даму көрсеткішін төмендетпейік деп әкімдік көздеген межесіне жетуге тырысады, бірақ ауызсу өндіру көрсеткіші айтарлықтай өспей, жалпы ауызсу тапшылығы артып, тозған инфрақұрылым одан әрі ескіре береді. Сондықтан ауызсу мәселесі күрделене түседі, жөндеу немесе ауызсуды өшіріп тастау жиілейді, су қысымы төмендеп, жалпы сапасы да одан әрі нашарлай бермек. Климат өзгеруіне байланысты жазда ыстық күндер саны артады, су тапшы болғаны сондай – тіпті төтенше жағдай жариялануы мүмкін. Ауызсу берілуі мен сапасына қалалықтардың наразылығы күшейеді. 2. Cу жеткізетін инфрақұрылымды толық болмаса да, ішінара жаңғыртады. Көбірек ауызсу өндіреді. Дегенмен өндірілген су халыққа жетпейтіндіктен, жаз кезінде жұрт көбірек тұтына бастағанда, ауызсу мәселесі тағы да қала халқын мазалары анық. 3. Ақтау қаласындағы қазіргі ауызсу мәселесі толыққанды зерттеліп, келешекте демографияны, қала және экономика өсімін, климат өзгеруі секілді жағдайлар ескеріліп, ауызсуды қалай тұтыну керек деген сұраққа жауап іздеп, ұзақмерзімді жоспар құрылады. Өндірілетін ауызсу көлемін ұлғайтатын, инфрақұрылымды жаңғыртатын жобалар кейінге қалдырылмай, уақытылы және тез арада іске асырылады. Бұл, әрине, келешекте 118 Бауыржан Биахметов қала және экономика өсімін, ашылатын жаңа жұмыс орындарын тежемеуге жақсы әсер етеді. Тек қала аумағы артуы, экономика дамуы және тағы басқа ауызсуды қажет ететін жоспарлар одан әрі ауызсу тапшылығын ушықтырмайтындай етіп жасалуы керек. Ауызсуға қатысты салааралық жұмыстар тура бір ағза сияқты жұмыс істеуі шарт. Осы аталған сценарийлер арасынан қала тұрғындарына аса қажеті – үшінші сценарий. Бұл сценарийді іске асыру үшін, яғни ауызсу мәселесін толыққанды шешу үшін кешенді жұмыстар атқарылуы керек. Атқарылуға тиіс негізгі жұмыстар мыналар: • Ауызсу мәселесін шешуге бағытталған ұзақмерзімді жоспар жоқ. Облыста тұщы су көзі жоқ екенін ескерсек, ауызсуға деген сұраныс үнемі өсе бермек. Облыс әкімдігі ұзақмерзімді жоспар құруға кеңес беруі керек, өйткені бұл ауызсу тапшылығын болдырмауға септігін тигізеді. • Қала және облыс әкімдігіндегі қаланы жоспарлау барысын жақсарту, яғни жаңа аудандарды жобалау кезінде инфрақұрылым жағдайын бағалау керек. Қала үлкейіп жатқанда ауызсу жеткізетін инфрақұрылымдарда қандай да бір кемшілік шықса, сол мәселені күнібұрын шешу үшін не істеу керегін анықтау қажет. • Қалада пайдаланылған су кәріз құбырларымен кәріз суларын тазартатын бекеттерге жетеді, сол жерде бірнеше тазарту сатысынан өткен соң«Қошқар ата» радиоактив қалдық су қоймасына құйылады. Қалдық су қоймасына құйылған суды табиғи жолмен буға айналдырып, жойып жібереді. Қаланың су мәселесін шешеміз десек, кәрізден аққан суды тазартып, қайта пайдалану жолдарын қарастыру керек. Облыстың және қаланың даму жоспарларына көз жүгіртсек, кәрізден аққан суды тазартып, қайта пайдалануға бағытталған ешқандай шешім жоқ. Кәріз суын тазартып, қалаға немесе өндіріс орындарына жіберсе, өңірдегі су мәселесін жеңілдетуге септігін тигізер еді. Сондай-ақ бұл кәріз суын тазартып қайта қолдану қалдық су қоймасынан туындайтын экологиялық мәселелерге оң әсер етуге тиіс. 119 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК • Қала маңайында және Маңғыстау облысында орналасқан көптеген кен орындарынан және кәсіпорындардан шыққан суды тазартып, қайта пайдалануға және су ресурсын үнемдеп тиімді тұтынуға ынталандыратын тетіктерді қарастыру керек. • Ауызсуға қатысты климат өзгеруі салдарына бейімделуге бағытталған іс-шараларды қаланың даму жоспарына қосу керек. Мысалы, климат өзгеруі келешекте ауызсуды тұтынуға қалай әсер ететінін талдап, арнайы іс-шаралар дайындау, сонымен қатар суды тиімді пайдалану технологияларын енгізуді қарастыру керек. • Жоспарланған су тұщыту зауыттарының жұмысын уақытылы аяқтауға тырысу керек, өйткені осы уақытқа дейін ауызсу мәселесін шешуге бағытталған жобалардың көбі уақытында аяқталмаған. Қаладағы, облыстағы зауыттардың ауызсу өндіру қуатын арттыруға тырысу керек. • МАЭК және«Каспий» зауытынан шыққан таза ауызсу сапасы тозығы жеткен құбырлармен халыққа жеткенше нашарлап кетеді. Үйге келіп тұрған ауызсу сапасын жақсарту үшін ауызсу жеткізетін инфрақұрылымды жаңғырту керек. • Қазақстандағы басқару саласында кететін кемшіліктер су мәселесіне теріс әсер ететін негізгі себептердің бірі дейді халықаралық сарапшылар. Су үнемдеу немесе тиімді пайдалану технологияларын енгізу керек. Мысалы, қала көшелеріндегі немесе аула алдындағы көгалды суаруға тамшылатып суару технологиясын пайдалануға болады. Бұл – өте қарапайым әдіс. Сонымен бірге қала халқына су тапшылығына қатысты мәселелерді уақытылы хабарлап, айтып отыру керек. Бұл жұмыс сапасын арттырған жөн. 120 Бауыржан Биахметов ҚОРЫТЫНДЫ Ақтау қаласына қажет ауызсуды негізінен теңіз суын тұщытып алады. Қазір ауызсу тапшылығы, әсіресе жаз кезінде қатты сезіліп жүр. Сауалнама нәтижесінен көргеніміздей, ауызсуға қатысты негізгі үш мәселені атап өтуге болады: 1. ауызсуды жиі өшіру; 2. ауызсу түсі сарғыш немесе қоңыр; 3. ауызсу қысымы төмен. Уақыт өткен сайын ауызсу мәселесі шешімін тапқан орнына ушығып барады. Ауызсу мәселесін күрделендіріп жіберген негізгі себептер мыналар: • қаладағы халық саны және қала аумағы артқанымен, соған сәйкес өндірілетін ауызсу көлемі артпаған, яғни қаланы жоспарлау барысында кемшіліктер бар; • ауызсу жеткізетін инфрақұрылымды кешенді жаңғыртпаған, инфрақұрылым тым тозып кеткен, ал бұл ауызсу сапасына және қала халқына дұрыс жетуіне теріс әсер етеді; • ауызсу өндірісін арттыратын жобалар уақытылы іске аспайды, мерзімін шегере береді. Сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына қарағанда Ақтау қаласындағы ауызсу тарифі тым жоғары, яғни ең қымбат баға осы жақта. Инфрақұрылымды жаңғыртамыз деп тарифті өсіргенге тұрғындардың көбі қарсы. Тарифті өсіру қажет болғанымен, мемлекет қолдауынсыз қиындау. Сөйтіп, қазіргі жағдайды ескере отырып, келешекте болуы мүмкін үш сценарий қарастырылды. Бірінші сценарийде ауызсу мәселесін шешу үшін ешқандай жұмыс атқарылмайды, сәйкесінше мәселе ушыға береді, тіпті төтенше жағдай болуы мүмкін. Екінші сценарийде ауызсу мәселесін шешуге бағытталған жұмыстар атқарылғанымен, бұл жұмыстар мәселені түбегейлі шешпейді, бірнеше жылдан соң тура қазіргідей ауызсу мәселесі қайта күн тәртібінде тұрады. Үшінші сценарийде ауызсу мәселесін шешуге бағытталған ұзақмерзімді жоспар құрылып, жобалардың бәрі уақытылы аяқталады. Ауызсу мәселелерінің біразы шешіліп, қала халқының тұрақты дамуына, қала мен экономиканың өркендеуіне кедергі болмайды. 121 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК ДЕРЕККӨЗ 1. Аdilet.zan.kz, Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021–2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қарашадағы №784 қаулысы. – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2100000784 2. Mangystau Media, Ақтау дүкендерінде ауызсу бағасы қымбаттады. – URL: https://mangystaumedia.kz/kk/zhanalyktar/mangystau-zhanalyktary/aktau_ dukenderinde_auiz_su_bagasi_kimbattadi_su(Соңғы қаралған күні: 2022 жылғы 12 желтоқсан) 3. «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» кәсіпорынының ресми сайты, Есептер мен тарифтік сметалар. – URL: https://maek.kz/index.php/home-2/reports 4. ҚРЭТРМ, Мероприятия по адаптации к изменению климата в Казахстане на 2021–2030 гг. – URL: https://docs.google.com/document/ d/1ynC1PtZFIbAJxzjQxeY_y-TNFwd2Onp0/edit# 5. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі. Ұлттық статистика бюросы, ҚҰРЫЛЫС СТАТИСТИКАСЫ. – URL: https://stat.gov. kz/region/260907/statistical_information/industry/47162 6. Bastin JF, Clark E, Elliott T, Hart S, Van Den Hoogen J, et al.(2019) Correction: Understanding climate change from a global analysis of city analogues. PLOS ONE 14(7): e0224120. 7. NASA, NASA Says 2022 Fifth Warmest Year on Record, Warming Trend Continues, (2023). – URL: https://www.nasa.gov/press-release/nasa-says-2022-fifth-warmestyear-on-record-warming-trend-continues 122 Жания Хайбуллина АЛМАТЫДА СУ РЕСУРСЫН ТИІМСІЗ ПАЙДАЛАНУ НЕ НӘРСЕГЕ СЕБЕП БОЛАДЫ? Жания Хайбуллина khaibullina.zhaniya@gmail.com ТҮЙІНДЕМЕ Алматыда су ресурсы мәселесі қай кезде де ауа, топырақ пен көгалдандыру мәселесінен кейін тұрады. Дегенмен Алматы халқы мен қаладағы кәсіпорындар су ресурсына толық тәуелді. Әйтсе де су өмірімізде қаншалық орын алатынын үйдегі краннан аққан су тоқтап қалғанда ғана ойлап жатамыз. Cумен қамтуда және су бұруда қиындық Алматының барлық ауданында бар, ал ол қиындық су ресурсын тиімсіз басқарып отырғаннан туып отыр. Су құбырлары тозған, жыл сайын су желісін амортизация есебінен қайта құрылымдаса да, ескірген құбырларды ауыстырып үлгермейді. Оның үстіне дұрыс салынбаған құрылыс, адами фактор және өндіріс процесі суды ластап, қала тұрғындарының денсаулығына қауіп төндіріп отыр. КІРІСПЕ Қазір Қазақстан қалаларындағы орталық су құбырлары жүйесінің 90%-нан астамы Кеңес одағы кезінде салынған, кейін пайдалану барысында техникалық қызмет көрсетілмегендіктен, қазір жарамсыз. Қалалар тез өскен сайын қала маңындағы аудандарды қамтып үлгермей жатыр. Қазақстан – экономикасы өтпелі кезеңде тұрған ел, сондықтан бұрынғы астанасы, қазіргі ең ірі мегаполисі Алматы қаласында урбанизация процесі тез жүріп жатыр. Қазақстандағы негізгі сумен қамту жүйелері не бір орталықтан басқарылады, не бір орталықтан басқарылмайды(Тусупова, 2016). Бір орталықтан басқарылатын жүйелер негізінен үй шаруашылығына қажет суды құбыр арқылы, не жалпыға ортақ колонка арқылы жеткізеді. 123 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Кейінгі 10 жылда қала көлемі екі есе ұлғайған. Экономикалық және саяси орталық саналатын Алматыға ауылдық жерлерден, көрші мемлекеттерден халық ағылып келіп жатыр. Сонымен қатар қалалық сумен қамту жүйесі Алматы тұрғындарына ғана емес, қала маңындағы бірқатар елді мекендерге де қызмет көрсетіп отыр. Қала шекарасы кеңейіп, картасында жаңа тұрғын аудандар пайда болған сайын су мәселесі ушығып барады. Халық көші-қонын қадағалау мүмкін емес, сондықтан қала пропорционал өспей, қала орталығы мен шалғай аудандары арасында теңсіздік пайда болған. Қала тез өсіп, экономикасы жылдам дамыған сайын халық санына шаққандағы су тұтыну мөлшері мен суға деген жалпы сұраныс артып, су ресурсы мен инфрақұрылымына түсетін жүктеме көбейген. Алматының тау баурайындағы аудандарындағы, Наурызбай, Бостандық, Медеу аудандарының оңтүстік бөлігіндегі су желісі мен құрылысы тозған не мүлде жоқ, сондықтан сумен қамту жұмысы нашарлап, су тапшылығы байқалған. Халық саны өскенін, қала кеңейгенін және климат өзгергенін ескере отырып Алматы қаласының сумен қамту жүйесін қайта зерделеу керек. Климатқа сай стратегияны іске асыру үшін сумен қамтудың тұрақты жүйесін, әсіресе техникалық, экологиялық, әлеуметтік және басқа да салаларды сумен қамтитын су көзін әртараптандыру керек. Зерттеу әдістемесі Зерттеу аясында қолданылған мәлімет жинау және өңдеу әдістері: Desk-research (сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған материалдарды зерттеу); Сарапшылар кеңесі, экология мен гидрология саласындағы тоғыз маманның кеңесі(қазақстандық және шетелдік ғалымдар, мемлекеттік билік органдары өкілдері, құқық мәселелері жөніндегі сарапшылар, халықаралық ұйымдар өкілі); Алматы қаласы бойынша су тұтыну көрсеткіші туралы статистика, су жеткілікті екені жөніндегі статистика, су құбырларын жаңарту әдісі су сапасын жақсартуға, жаңа аудандарға жіберілетін су мөлшерін арттыруға қаншалық көмектесетіні жөнінде мәлімет аз, мұны зерттеу барысындағы шектеуге жатқызуға болады. 124 Жания Хайбуллина Қазір Алматыда суды қалай бөледі? Алматы қаласының ерекшелігі Алматы Қазақстанның оңтүстігінде, Іле Алатауы баурайында, Қырғызстанмен шекаралас таулы жерде, Үлкен және Кіші Алматы, Есентай, Қарғалы деген төрт өзеннің алқабында орналасқан. Климаты жайлы, тау қоршап тұрғандықтан жел көп соқпайды. Алматы қаласы теңіз деңгейінен 600 метрден(солтүстігінде) 1400 метрге(оңтүстігінде) дейін биікте жатыр, ал таулы аудандарында 4000 метрге дейін жетеді. Қаланың географиялық орналасуынан және таудан келген ауадан температура инверсиясы туып, ластануына кедергі болады. Дегенмен Алматы – Қазақстандағы ауасы өте қатты ластанған қаланың бірі. Мұнда қатерлі ісік туу қаупі, өткір және созылмалы әсері, тыныс алу мүшелерінің созылмалы сәулелену қаупі көрсеткіші жоғары. Алматыда далада жұмыс істейтін адамдар жылдың суық маусымында өршитін тыныс жолдары ауруына жиі шалдығатыны байқалған. 1940 жылдары Алматы қаласында 100 000 адам болған, 2021 жылы 20 еседен аса артып, 2,1 миллион адамға жеткен(ҚР Статистика комитеті ұсынған ресми ақпаратқа сәйкес). Дегенмен Ресейден, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан(басқа да көршілес елдерден) келген еңбекші мигранттардың ағымын ескерсек, бұл көрсеткіш тағы 200 000–300 000 адамға көп болуы мүмкін. Досаев: 2030 жылға қарай Алматыда 4 миллион адам тұрады| Inbusiness.kz Алматы қаласының әкімі Е. Досаев айтқандай, мегаполис халқы жылдам артып келеді, халық саны өсуінің алпыс пайызы миграцияның әсерінен жүреді. Алматы – Қазақстанның бұрынғы астанасы, тәуелсіздік алғаннан бері халық саны екі есе өсіп, 2 147 100 адамға жеткен(2022 жылғы 1 қазандағы қала маңындағы халықты қосқандағы мәлімет). 125 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Демек, қаланы сумен қамту жүйесін қайта зерделеу керек. Алматыдағы су құбыры желісінің ұзындығы 3,6 мың шақырым болса, орта есеппен оның 54,3%(1,9 мың шақырым) тозған. АЛМАТЫ – АЙМАҚТАҒЫ ТАРТЫЛЫС ОРТАЛЫҒЫ Кейінгі 10 жылда Алматы халқы 500 мыңға өскен , сонымен қатар әлеуметтік, көлік және қаладағы басқа да инфрақұрылымға түсетін жүктеме де артқан. Халықтың табиғи өсімі, мың адам Көші-қон сальдосы, мың адам Халық саны өсуінің алпыс пайызы миграцияның әсерінен жүреді. Олардың арасында жоғары білімі бар адамдар саны 2012 жылы 30% болса, 2021 жылы 60% болған. Түрлі қажетке су жеткізетін су көздері «Су арнасы» МҚК директоры Анатолий Прокудиннің айтуынша, оңтүстік астанамыздағы 2008 жылы қолданыста болған су құбырлары мен кәріз желісінің көбі 1950–1990 жылдар аралығында салынған, кейін бұл салаға жеткілікті инвестиция құйылмағандықтан 1998–2008 жылдар аралығында кәсіпорын өз қаржысына тек 40 шақырым су құбырын ғана салған. Желі тозғандықтан, жиі апат болады. Мысалы, 1997 жылы су желісінде 1 304 апат болса, 2007 жылы – 3 267, ал 2020 жылы – 559 апат тіркелген. Шығынды есептеу әдістемесін мына сілтемеден таба аласыз: https://www.egfntd.kz/upload/NTD/MP/2.pdf. Ш. Сержан – инженерлік желі және құрылыс жөніндегі жетекші жобалаушы инженер. 126 Жания Хайбуллина Автор бұл әдістемені талдай келе су ресурсын басқару жүйесі бір органға бағынбайды деген ой түйген. Мысалы, құрамында темір және химиялық элемент бар-жоғын ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті анықтайды. Оны Орталық Азия, Кавказ және Монғолия арасындағы жаһандық су серіктестігінің жасыл экономика және тұрақты даму жөніндегі сарапшы Б. Есекиннің сөзі де растап отыр:«Су ресурсын бағалау және болжау жұмыстарына қатысты ақпарат гидрометқызметте, су тасқыны, сел қаупі туралы ақпарат Қазселқорғауда болады, санитарлық қызмет ауызсу сапасын қадағалайды, ал геология комитеті жерасты суын пайдалануға рұқсат берумен айналысады». Сонымен қатар су шығыны нормадан тыс көбейіп жатқаны байқалады: қазір техникалық шығыны бүкіл беріліп жатқан судың 38%нан асқан. Ал бұл көрсеткіш Монополияға қарсы комитет бекіткен техникалық шығын нормасынан екі есе көп. Су құбыры желілері тым жиі бұзылады. 2018 жылы 2 849 апат болса, 2019 жылы 2 129 апат, ал 2020 жылы 2 640 апат болған. 127 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Қазір сумен қамтитын негізгі екі көз бар: 40% – тау суы, 60% – жерасты суы. Сумен қамту жүйесінде 386 ұңғыма бар. Ұңғымалар қала ішінде де(Алматы жерасты суы көзі), қала сыртында да орналасқан. Су алатын негізгі көздер Талғар ауданына қарасты Гүлдала елді мекенінің қасында. Ондағы судың 30%-ға жуығы қалаға барады. ЖЭО-ның бәрі жылу шығаруға және ыстық сумен қамтуға осы суды пайдаланады, сондай-ақ Түркісіб, Жетісу, ішінара Алатау және Медеу ауданына да осы жақтан су жібереді. Қала ішінде тереңдігі 150 – 500 метр болатын бірнеше ұңғыма бар. Жерасты суы – Алатау, Әуезов, ішінара Алмалы ауданын сумен қамтитын негізгі көз. Медеу ауданының көп бөлігіне және барлық жоғары жақтағы аймақтарға су«Медеу» сүзгі бекетінен барады. Бекетте Кіші Алматы өзені мен оның салаларынан жететін тау суын сүзгіден өткізеді. Негізгі тазарту орындары суды Үлкен Алматы өзенінен алып, Бостандық және ішінара Алмалы ауданын сумен қамтиды. Тағы Қарғалы мен Ақсай деген екі өзен бар. Бұл екі өзен Наурызбай ауданының жоғары бөлігін сумен қамтиды. Құбырларды жыл сайын ауыстырады не тазалайды. Осы жете ме? Қалаға қосылған ықшамаудандардың инженерлік инфрақұрылымын дамыту аясында кейінгі жылдары бірнеше жүз шақырым болатын су құбыры желісі салынды. 2022 жылға дейін қаладағы ықшамаудандардың бәріне бір орталықтан су жететіндей желі салынады. Наурызбай, Алатау, Түркісіб және Медеу ауданындағы ықшамаудандарда әлі де су желілері салынып жатыр. Желі салу барысында тұрғындарға уақытша қолайсыздық туып отыр, бірақ пайдалануға берген соң біраз уақытқа дейін құбыр жөндеу мәселесі тумайды. Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы су құбырларының жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дейді. Ведомство берген«Алматы Су» МҚК ақпаратына сүйенсек, қазір 3,5 мың шақырым су құбыры желісінің 55%, 1,8 мың шақырым кәріз 128 Жания Хайбуллина желісінің 58,5% тозған. Дегенмен бұрынғы көрсеткіштерге қарағанда 2022 жылғы бұл көрсеткіш біршама жақсарған. Бұрын су құбыры желісінің 58,9%(3,4 мың шақырым) және кәріз желісінің 59,8%(1,7 мың шақырым) тозған еді. Дегенмен жаңа желі салып, оны қала балансына бергеннің арқасында тозған инженерлік желілер азайған. 2019-2020 жылы 161,87 шақырым су құбыры, 169,5 шақырым кәріз желісі пайдалануға берілген. Жоспарлы-профилактикалық жұмыстар аясында биыл орындалған жұмыстар: • 530 шақырым су құбыры желісі салынған; • 2 500 құдық жөнделген, 800 люк ауыстырылған. Люкке тор түріндегі 4 000 қосымша қақпақ салынған; • 1 640 өрт сөндіру гидранты қойылған және жөнделген; • 5 мыңнан астам бекітпе ауыстырылған және жөнделген. Алматыда судың шаршы метріне 48 теңге төлейді, бұл тариф елдегі ең төмен тарифтердің бірі. «Дегенмен құрылыс сапасы техникалық талаптарға үнемі сай бола бермейді. Құрылыс барысында айтарлықтай кемшілік болып жатады. Материал сапасы(негізінен полиэтилен) қысымды көтермейді, құбырлар тігінен жарылып жатады, апат салдарын жою үшін қымбат муфта пайдалану керек, құбырлардың кей учаскесін болат құбырға ауыстырады, қозғалмалы фланецтер мен электрмуфталарды біріктіріп жатады» дейді әкімдіктегілер. Сондай-ақ басқармадағылар қаладағы урбанизация ұлғайып, көпқабатты үйлер көп салынған сайын су құбыры мен кәріз желісіне, су сору бекетін және сумен қамту, су бұру желілерін тазарту жұмысына түсетін жүктеме көбейгеніне назар аударып отыр. Қалдық су мөлшерін салыстыра қарағанда, көрсеткіш тәулігіне 44 мың текше метрге (11,14%) көбейген. Ведомство берген ақпаратқа сүйенсек, жаңа көпқабатты тұрғын үй объектілерін салушылар сумен қамту және су бұру жүйесіне түсетін жүктемені реттеп отырған жоқ. Құрылыс салушылар желіге қосылатын құбырлардың диаметрін үлкейтіп, қайта құрылымдайық дейді. 129 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Дегенмен жабдықтарды, құбырларды тексеру мен жөндеудің нормативтік мерзімі бар. Оны мына жерден көре аласыз: Организация и проведение планово-предупредительного ремонта водопроводноканализационных сетей и сооружений(стр. 2)| Контент-платформа Pandia.ru(Ш. Сержан). Жалпы, қала тез өскендіктен, тиісті мекемелер құбыр ауыстыруға, оны тазартуға үлгермейді. Алайда мәселе шешілген жоқ 2021 жылғы мамырда тау баурайындағы жоғары аудандарда тұратын халық су алып отырған Ақсай, Қарғалы және Кіші Алматы өзенінің суы ластанып,«Алматы Су» су алу мөлшерін шектеуге мәжбүр болған, сәйкесінше сумен қамту шектеліп, желідегі қысым азайған. Медеу ауданына қарасты Каменское плато ауданында, Юбилейный ықшамауданында және Керей-Жәнібек хандар көшесінде су қысымы азайған. Ақжар, Қарағайлы, Құрамыс, Таужолы, Таусамалы ықшамауданына, Наурызбай батыр ауданындағы бағбандық серіктестіктердің бірқатарына су жөнді бармаған. 2023 жылғы қаңтарда Бостандық ауданындағы бірқатар үй сусыз қалған.«Кеше түнде 50 жыл бойы істеп келген диаметрі 600 мм болатын су құбыры жарылып, төтенше жағдай болды.«Алматы Су» МҚК апат бригадасы апат салдарын тез арада жойды» деп жазылған хабарламада. Одан бөлек қала ауасы ластанған. Лас ауа да суды ластайды. Алматы ауа бассейнінің ластану деңгейі атмосфераға түскен зиян қалдықтар санына ғана емес, ластаушы заттарды түзіп отырған жағымсыз климаттық алғышарттарға да байланысты. Қала атмосферасында көміртегі оксиді, азот диоксиді және формальдегид көп, бұл химиялық элементтердің орташа шоғырлануы санитарлық нормада белгіленген шоғырлану деңгейінен асып кеткен. Алматы ауасы кейінгі жылдары нашарлап кеткен және ластаушы көздер саны артқан сайын, әсіресе автокөлік саны, өзен мен меридиан көшелер бойындағы ауа ағымына кедергі болатын жоспарланбаған биік үйлер көбейіп, сондай-ақ қаладағы халық саны өсіп, ағаш, көгалдандырылған аумақ азайған сайын тіпті нашарлап барады. 130 Жания Хайбуллина Қыста, жылу бере бастағанда қала аспанында лас түтінге ұқсайтын бұлт пайда болады. Онысы уақыт пен кеңістік тұрақтылығына және инерттігіне байланысты. Соның нәтижесінде кей күндері тұман мен түтін араласып тұмша пайда болады да, құрамындағы жанғыш өнімдердің улылығы бірнеше есе өседі. Жазда күндіз солтүстік аңғардан соғатын жел лас ауаны тау жаққа қуады. Сөйтіп, түтін перде пайда болып, тау анық көрінбейді. Кешке күн салқындағанда лас ауа тау бөктері мен шатқалға өтіп, жерге шөгіп, топырақ пен таудағы өзен суын ластайды. Қай заманнан бері қала халқы түнгі ауаны жақсы көреді, өйткені дәл сол уақытта қалаға таудан таза ауа соғады. Осы айырмашылықтар нәтижесінде ауа температурасында тау-аңғар церкуляциясы пайда болады. Ол жыл он екі ай тәулік бойы оңтүстікшығысқа қарай соғатын жел бағытын күнібұрын анықтайды. 2022 жылы мегаполис атмосферасына 10 000 тонна ластайтын зат түскен. Оған қоса 36 000 тонна қалдық шығаратын ЖЭО-2, 12 246 тонна қалдық шығаратын ЖЭО-3 жұмысын да айта кету керек. Қуаты 510 МВт болатын, көмір жағатын ЖЭО-2 осы аймақтағы ең ірі жылуэлектр бекеті саналады және Алматыдағы жылудың 60%, электр энергиясының 40% өндіреді. Ауа ғана емес, су ресурсы ластануына да себеп болып отырған тағы бір жағдай бар. Ол – тұрмыстық қатты қалдықтар. 2022 жылдың басынан бері қаладан 203 000 тонна қалдық шығарылса, оның бар-жоғы 16,6% қайта өңделген. Қайта өңдеу деңгейі әлі де төмен. Бұл да бір мәселе. Қайта өңдей қоймайтындықтан қаладан шыққан тұрмыстық қатты қалдықтарды Алматы облысындағы полигондарға апарып төгеді. Қарасай ауданындағы(қаладан 35 шақырымдағы) полигонға күн сайын 1 200–1 500 тонна қалдық төгіледі, қалған 400– 500 тонна қалдықты қала маңындағы шағын полигондарға апарады. Сондықтан қай салада болмасын адамдар қалдықтарды бөліп жинауы керек деген тәртіп енгізіп, оны қатаң қадағалау керек. Пластик бөлшектері ауызсуға түсіп жатыр. Осы айтылған мәселелер қатарына қалада көлік көп екенін, сондай-ақ жел соғуына кедергі болатын және су ресурсына қосымша жүктеме түсіретін тығыз салынған құрылыстарды қосуға болады. Бұл орайда көшіп-қонған халықты, әсіресе Ресейдегі әскери 131 Жания Хайбуллина жұмылдыруға байланысты көшіп келіп жатқан адамдарды да қосу керек. Сонымен қатар су ресурсы саласына қатысты талдау жасалмайтындықтан және жұмысын реттемейтіндіктен, халыққа, өнеркәсіп пен күнделікті қажетті өтейтін кәсіпорындарға керек су жетпей, тұтыну тізбегі бұзылады. Тізбек бұзылған соң, адамдардың өмір сүру сапасы да төмендейді. Жоспарлы жөндеу кезінде жұмыс артады, келешекте сумен қамту жүйесі толық істен шығуына себеп болады. Су тапшылығы қаладағы жағдайды құлдыратып, санитарлық ахуал ушығып, ауру көбеюіне, әлеуметтік шиеленіс пен қоғамдағы тұрақсыздық күшеюіне себеп болары анық. Жерасты көздерiнен рұқсатсыз су алса, жерасты су қабатын бұзса, сол аймақтағы немесе одан да үлкен аймақтың топырағы шөгуі мүмкiн. Ал жеке тұлғалар ретсіз су ала берсе, су көздерi ластануы ықтимал. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР Автор Қазақстандағы су мәселесін зерттеп жүрген жетекші сарапшылардың қолдауымен осыған дейін жазылған мәселелерді шешу үшін мынадай қадамдарды ұсынады: Алдымен, басқару құрылымын құру керек. Су ресурсын реттеу мәселелерін қарастыратын, өнеркәсіп, экология, экономика секторынан тәуелсіз агенттік ретінде қызмет ететін дербес мемлекеттік орган жоқ. Дегенмен Б. Есекин«бүкіл су ресурсын бір орган басқара алмайды, Еуропалық одаққа кіретін әр елде үйлестіруші орган болуы керек деп талап ететін шеңбер директива бар» дейді. Екіншіден, нормативтік-құқықтық құжаттарға өзгерту енгізу керек. Кеңес дәуірінде әзірленген ҚНжЕ, ҚН, ҚЕ сияқты құжаттарды қазір мұқабасын ғана жаңартып, қайта басып шығарған. Су тұтыну нормасы қазіргі өмірге сай бейімделмеген, тұрғын үй құрылысында ауызсумен және техникалық сумен қамту жүйелері бөлінбеген, пәтерлерде суды қайта пайдалану сияқты басқа да жүйелер жоқ. Содан соң су және экология секторы саласына қатысты негізгі білім беруді қолға алу, суды дұрыс пайдалану ережесін мектептен, коллежден бастап үйрету. 133 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Ең соңында, ҚР Су ресурсы институтын құру, ақпарат қаншалық өзекті екенін түсіндіру, білікті кадрлар даярлау, нормативтік құжаттама базасын әзірлеу. Қоғамдық кеңес болғаны маңызды екенін айта кеткен жөн, бірақ«органдар арасындағы конфликтіден қорқудың керегі жоқ» (Б. Есекин). Бұл мақаланың авторы тиісті органдарға бірнеше рет сауал жолдаса да, Алматы қаласындағы су ресурсын басқаруға қатысты сұхбат, пікір ала алмаған. Сарапшылардан алған сұхбатты зерделей келе, Қоғамдық кеңес талқылауға жасыл энергетиканы енгізу сияқты жалпы сұрақтарды шығарып отырғанына қарап, өзіне де, тұтынушы мен атқарушы органға да нақты мақсат пен тапсырма бермегеніне көз жеткізуге болады. Қазір жоғары су деңгейінің 300 метріндегі су жарамсыз екенін, суды 300 метрден аса тереңнен алатынын көріп-біліп отырған олар:«Бұл біздің шаруамыз емес, біз су жеткізумен ғана айналысамыз, сапасына жауап бермейміз» деп жауап берген. Мысалы,«Жасыл Алматы» бағдарламасымен айналысып отырған Еуропалық банк Алматыда су мәселесі жоқ, ауызсу сапасы өте жақсы дейді. Олар ресми статистикаға сүйеніп отыр, ал ол статистика күмәнді болуы мүмкін. Осы айтылғандарға сүйене отырып, Алматыдағы өзендер еркін ағуына жағдай жасап, әкімдік аудандарға бөлмеу керек, сөйтіп, тұрғындар жазда салқын самалмен тыныстап, өзен бойында жайнап тұрған бақтан ләззат алады. Одан бөлек жерасты суын көлік жууға пайдалануға тыйым салу керек, тамшылатып суару әдісін қолдану керек. Мысалы, Еуропада су молырақ болса да, былтыр ЕО-да қуаңшылыққа байланысты бассейн мен жакузи толтыруға су ресурсын пайдаланғанға тыйым салған. Су шаруашылығының жай-күйін талдауды қорытындылай келе, автор су ресурсын басқаруға қатысты талдауын қорыта келе, халық басқарушы ғана емес,«акционер» де бола алады(Б. Есекин) дейді. Біреу-міреу өзен-көл жағасында көлік жуып жатқанын көрсеңіз, бұлай көлік жуу суды ластайтынын біле тұра, ол жерден үндемей өтіп кетпеуіңіз керек, өйткені дәл сол суда сіз сатып отырған не сіз жеп отырған балық өсіп жатыр. Климат өзгеруі туралы конвенцияда 134 Жания Хайбуллина кейінгі 10 жылдағы нақты цифрлар жазылғанымен, су ресурсын басқаруға(СРБ) қатысты бұл мәселені бүгін қолға алу керек. Басқарудың бұл моделін төменнен бастап енгізген жөн, сонда ғана әрқайсымыз шығарылған әр шешімге жауапты боламыз. ДЕРЕККӨЗ 1. Almatysu.kz, Водоснабжение Алматы. – URL: https://almatysu.kz/?page_ id=2236&lang=ru 2. Egfntd.kz, URL: https://www.egfntd.kz/upload/NTD/MP/2.pdf 3. Inbusiness.kz, Досаев: К 2030 году в Алматы будет проживать 4 млн человек, 2022. – URL: https://inbusiness.kz/ru/news/dosaev-k-2030-godu-v-almaty-budetprozhivat-4-mln-chelovek 4. Ism.kz, В Алматы растут проблемы с водопроводом и канализацией, 2021. – URL: https://lsm.kz/v-almaty-rastut-problemy-s-vodoprovodom-i-kanalizaciej 5. Kapital.kz, Инвестиции в сферу водоснабжения сократились на 6%, 2022. – URL: https://kapital.kz/economic/106642/investitsii-v-sferu-vodosnabzheniya-sokratilisna-6.html 6. Pandia.ru, Организация и проведение планово-предупредительного ремонта водопроводно-канализационных сетей и сооружений(стр.2). – URL:https:// pandia.ru/text/79/511/39772-2.php 7. The-village-kz.com, Мы то, чем дышим: Эколог и урбанист о ситуации в Алматы и борьбе со смогом, 2020. – URL:https://www.the-village-kz.com/village/city/ situation/11823-chto-zagryaznyaet-vozduh-v-almaty-kompleksnyy-otvet-ekologai-urbanista 8. Torabi Haghighi, A., Baubekova, A., and Xenarios, S.: Climate-justified strategies for sustainable urban water supply system: sources diversification in Almaty city, Kazakhstan, EGU General Assembly 2022, Vienna, Austria, 23–27 May 2022, EGU22-12115. – URL: https://doi.org/10.5194/egusphere-egu22-12115, 2022 9. Tussupova, K.; Berndtsson, R.; Bramryd, T.; Beisenova, R. Investigating Willingness to Pay to Improve Water Supply Services: Application of Contingent Valuation Method. Water 2015, 7, 3024-3039. – URL: https://doi.org/10.3390/w7063024 Алғыс Автор осы зерттеу тақырыбына қатысты пікір білдірген сарапшыларға, атап айтқанда, Азиза Баубековаға, профессор Али Торабиге, Болат Есекинге және Шерхан Сержанға, сондай-ақ атын атағанды жөн көрмеген басқа да сарапшылардың бәріне алғыс айтады. 135 БІЛІМ АЛУ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚҰҚЫҒЫ Балнұр Сүгірәлиева ШЫ МКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕКШІМИГРАНТТАРДЫҢ БАЛАЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПТЕ БІЛІМ АЛУ ҚҰҚЫҒЫ САҚТАЛЫП ЖҮР МЕ? Балнұр Сүгірәлиева balnur.sugiraliyeva@alumni.nu.edu.kz АБСТРАКТ Кейінгі жылдары Шымкентке Орталық Азия елдерінен балаларымен бірге келетін еңбекші-мигранттар саны өскен. Бұл жұмыста еңбекші-мигранттардың балаларының Шымкент қаласындағы мектептерге бару мәселелерін талдаймыз. Ресми тіркелген мигранттардың балаларының білім алу құқығы мемлекеттік заңнамада бекітілген, сондықтан бұлардың білім алу құқығы бұзыла қоймайды, ал бұл талдауда ресми тіркелмеген мигранттардың балаларына және құжаты дұрыс емес балаларға көбірек көңіл бөлеміз. Қазақстан ратификациялаған Адам құқығы туралы халықаралық шарттарда олардың білім алу құқығы қорғалғаны және стандарттары нақты жазылған. Ал мемлекеттік заңнамада орта білім алушылар қатарында бұл санаттағы балалар жоқ, сондықтан Шымкенттегі мектептер оларды мектепке аламыз не алмаймыз деген шешімді өзі қабылдап жатады. Оның үстіне еш жерде тіркелмеген еңбекші-мигранттың баласы мектепке бара қалса, мектеп әкімшілігі оны ішкі істер органдарына ұстап беру қаупі бар. Бір жаманы, бұл мәселе Шымкентте ғана емес, бұған дейінгі зерттеу жұмыстарымызда талдағандай, Алматы мен Астанадағы көшіп-қонып жүрген балалар да осындай қиындыққа тап болып отыр. Білім алу мүмкіндігін жақсарту үшін 3 ұсыныс тастадық. Түйін сөз: мигранттар, көшіп-қонып жүрген балалар, білім беру, білім алу, мектептегі білім 139 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК КІРІСПЕ Тәуелсіздік алғаннан бергі Қазақстан экономикасының дамуы елге мигранттар келуіне жол ашты. Қазақстан – Орталық Азиядан келетін мигранттар саны бойынша Ресейден кейінгі екінші ел (Bayandina, 2021: 231). 2017 жылы Қазақстандағы халықаралық мигранттар саны 3 635 000 адамға жеткен(International Migration Report, 2017). Олардың арасында«Халықтың көші-қоны туралы» Заңға сәйкес тұрып жатқан иммигранттардың 5 санаты да бар: 1. тарихи отанына келу мақсатында(«қандас»); 2. отбасын біріктіру мақсатында; 3. білім алу мақсатында; 4. еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында; 5. гуманитарлық және саяси уәждер бойынша(Adilet.zan.kz, 2011). Бір өкініштісі, мигранттар саны туралы ресми статистика Қазақстандағы миграцияны нақты көрсете алмайды. Еңбек көшіқонын жұмыс істеуге берілген рұқсат пен квотаға қарап санайды, сондықтан жұмыс істеуге құжат жинамаған мигранттар еңбек көшіқоны туралы статистикаға енбей қалған(Amrin, 2020). Мәртебесі реттелмеген мигранттар саны 200 мыңнан 400 мыңға дейін жетуі мүмкін(Bayandina, 2021: 232). Еңбек маусымы кезінде 1 миллионға жетуі мүмкін(Anderson, 2011: 470). Сондай-ақ Қазақстанға келген еңбекшімигранттардың үштен екісі Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан азаматтары екенін айта кеткен жөн(International Federation for Human Rights, 2016: 10). Қазақстанда заңсыз жұмыс істеп жүрген еңбекші-мигранттар құқығы толық қорғалмаған, сондықтан қиындыққа тап болып жатады. Қазақстан үкіметі олардың денін жеткілікті қорғамайды(Bayandina, 2021: 232). Мәртебесі реттелмеген мигранттар лауазымды тұлғалардан көмек сұраудан қорқады, Қазақстанда заңсыз жүргендіктен, қамап тастауы не депортациялауы мүмкін, сондықтан лауазымды тұлғалардың«көзіне түспей» жүреді(International Federation for Human Rights, 2016: 23). Еңбек шартын тым сирек жасасатыны да жағдайды одан әрі қиындата түседі(Ibid, 13; Anderson, 2011: 471). Еңбек шарты жасалмағандықтан, еңбекақысын алуы мен еңбек құқығын қорғауы қиын. 140 Балнұр Сүгірәлиева Оның үстіне ТМД мемлекеттерінің азаматтары келісімшарт жасамаса және салық төлеуден жалтарса, денсаулық сақтау жүйесіндегі құқығы шектеледі де, төтенше жағдайда ғана медициналық көмек ала алады (International Federation for Human Rights, 2016: 18). Сол сияқты мәртебесі реттелмеген мигранттар тап болған қиындық олардың балаларының алдынан да шығады. Балалары да мектепке бармайды, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет түрлерін ала алмайды(The United Nations Children’s Fund, 2022: 14-15). Бір жағынан, балалар құқығы, соның ішінде олардың білім алу құқығы адам құқығы туралы халықаралық шарттарда жазылған. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының(The United Nations, 1948) 26-бабының 1-тармағында«Әр адамның білім алуға құқығы бар» делінген. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіні(The United Nations, 1966) ратификациялаған қатысушы мемлекеттер әр адамның білім алу құқығын мойындауға, баршаға бірдей міндетті тегін бастауыш және орта білім алуын қамтамасыз етуге тиіс. Бала құқықтары туралы Конвенциядағы (The United Nations, 1989) балалардың білім алуы туралы жеке баптарда балалардың білім алу құқығын тағы да бекіте түскен. Қазақстан осы халықаралық құжаттарды ратификациялағандықтан, балалардың, соның ішінде еңбекші-мигранттардың балаларының білім алу құқығын құрметтеуге, қорғауға және іске асыруға міндетті. Екінші жағынан, еңбекші-мигранттардың балалары Қазақстанда білім алуға келгенде көптеген қиындыққа тап болып отыр. ЮНИСЕФ 2013 жылғы есебінде«Қазақстанда әдетте маусымдық және құжатсыз мигранттардың балалары білім ала алмай отыр»(The United Nations, 2013: 63) дей келе, олардың білім алу мүмкіндігін шектеп отырғанын баса айтқан. 2015 жылы Бала құқықтары жөніндегі комитет Қазақстанның Балалар құқықтары туралы Конвенцияның нормаларын орындағаны туралы мерзімдік төртінші баяндамасын қарағанда әлсіз санаттағы балалардың, соның ішінде көшіп-қонып жүрген балалардың өзге балалар сияқты білім алу, медициналық қызметке жүгіну құқығын сақтау мәселесін көтерген(The UN Committee on the Rights of the Child, 2015: 2). Сондықтан мигранттардың балаларына білім беру саласында ілгерілеу бар ма, осы жағын талдау керек. 141 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Шымкент қаласын мысалға алып, еңбекші-мигранттардың балаларының мектепте білім алу құқығы қаншалық сақталғанын талдаймыз. Орталық Азиядан келетін мәртебесі реттелмеген еңбекшімигранттардың көбі осы Шымкентке барады(Torebekova, 2015: 2) Кейінгі жылдары мигранттар көптеп келіп жатқандықтан, бұл мәселені тереңірек зерттеу қажет болып отыр.«Сана Сезім» ҮЕҰ-ның (Шымкентте орналасқан, еңбек көші-қоны бағытында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйым) директоры Шахноза Хасанованың айтуынша, миграция 2000 жылдардан кейін феминизациялана бастаған. Қазақстанға келетін ер адамдар әйелдері мен балаларын әкеле бастаған, баласы бар әйел еңбекші-мигранттар көбірек келе бастаған немесе Қазақстанда жұмыс істеп жүріп бала тапқан әйелдер көбейген. Осы себептерге байланысты мигранттар келіп жатқан Қазақстандағы аймақтар мигранттардың балаларын мектепке алуға қаншалық дайын екенін зерттеу қажеті туып отыр. Бұл жұмысымызда Шымкент қаласындағы мигранттардың балалары мектепке бара алмай, қаншалық кедергілерге тап болып жатқанын анықтау үшін Шымкент қаласы Білім басқармасы мен жекелеген мектеп әкімдіктерінің саясаты мен көзқарасын талдаймыз. Мектепке қай санаттағы балалар алынатыны туралы нақты мемлекеттік стандарт болмағандықтан, Шымкент мектептері балаларды өз бетімен және өз қалауынша алады. Оның үстіне Шымкентте тұрып жатқан балалы еңбекші-мигранттар, білім беру саласы мамандары, балалар құқығына маманданған ҮЕҰ мен халықаралық ұйымдарда істейтін қызметкерлер сияқты мүдделі тараптардан алған сұхбатымыз білім беру саласындағы кемшіліктерді анықтауға көмектеседі. Осы талдау нәтижесінде өз аумағымыздағы барлық баланың құқығын қорғау үшін еңбекші-мигранттардың балаларының білім алу құқығына қатысты ұсынысымызды айтамыз. Еңбекші-мигранттардың балаларына білім беру саясаты Қазақстандағы білім алу құқығы«Білім туралы»(Adilet.zan.kz, 2007) заңда жазылған, бұл заң көшіп-қонып жүрген балаларға да ортақ. Заңның 8-бабының 2-тармағында«Қазақстан Республикасында 142 Балнұр Сүгірәлиева тұрақты тұратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасына отбасына қосылу мақсатында келген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуға құқығы бар» деп жазылған. Бұл заңға сәйкес тұрақты тұратын шетелдіктердің балаларының орта білімді тегін алуға құқығы бар, ал мигранттардың балаларының ондай құқығы жоқ, себебі еңбек миграциясы дегеніміз – уақытша қоныс аудару. Оның үстіне«Бала құқықтары туралы» заңда (Adilet.zan.kz, 2002) Қазақстан Республикасының«Бiлiм туралы» заңына сәйкес әр баланың бiлiм алуға құқығы бар деп жазылған. Тегін орта білім алушылардың бұл тізімі«Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 28 қыркүйектегі №468 бұйрығында(Adilet.zan.kz, 2010) толықтырылған. Өзгерту енгізілген соң Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың балаларымен қатар Қазақстан Республикасында уақытша тұратын тұлғалардың, яғни маусымдық және шекарадағы жұмысшыларды қоспағанда босқындардың, пана іздеген адамдардың, консулдық қызметіндегілердің, дипломатиялық мекемелердегі қызметкерлердің, еңбекші-мигранттардың балаларының құқығы да ел азаматтарымен тең болды. Тізімге ресми тіркелген еңбекші-мигранттарды енгізген, ал маусымдық жұмысшылар мен шекарадағы жұмысшылардың балалары тыс қалған. Дегенмен №398 бұйрық шыққан соң бұл тізім толығып, бұйрық мәтініндегі«маусымдық және шекарадағы жұмыскерлердің балаларынан басқа» деген сөздерді алып тастаған. Оның үстіне«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі заңның 5-бабында көшіп келушілер білім алуға құқылы деп жазылған, бірақ«көшіп келуші» ұғымының анықтамасына мәртебесі реттелмеген еңбекші-мигранттар кірмеген(Adilet.zan.kz, 2011). Қазақстан Республикасының заңнамасы мәртебесі реттелген мигранттардың құқығын қорғайды, ал мәртебесі реттелмеген еңбекшімигранттардың балаларының білім алуы қиын. 143 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Шымкенттегі еңбекші-мигранттардың балаларының білім алу мүмкіндігі Мәртебесі реттелмеген еңбекші-мигранттардың балалары мектепте білім ала алмай, кедергілерге тап болғаны 2010 жылы Бас прокуратура мектептерді тексеріп, Қазақстанда тұрақты тұрып жатқанын дәлелдей алмаған шетелдіктердің балаларын мектептен шығару туралы бұйрық(нұсқау) бергенде анықталған еді. Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі сол жылы тегін білім алушылардың тізімін толықтыратын бұйрық шығарған соң, бұл мәселе шешілгендей болған(The United Nations Children’s Fund, 2013: 45). Сұхбат барысында Шымкенттегі мигранттардың балалары оқитын бес мектептің өкілі еңбекші-мигранттардың балаларын мектепке алдық дейді. Осы сұхбат барысында Шымкент мектептері Қазақстан Республикасындағы стандартқа сай балаларды мектепке алып жүргені анықталды. 2018 жылғы 15 қазандағы №564 бұйрық (Adilet.zan.kz, 2018) иммигрант мәртебесін айқындайтын құжатты, яғни ықтиярхатты ұсынуға тиіс деп міндеттеп отыр. Кей мектеп мигранттардың бәрінің құжаты түгел бола бермейтінін ескеріп, түсіністік танытып отыр. Мысалы, мектептердің бірі көшіп-қонып жүрген екі баланы Өзбекстанда алған туу туралы куәлігі мен шешесінің жұмыс істеуіне берілген рұқсатына сүйеніп мектепке алған, шешесі жұмыс істеуге берілген рұқсат қағазын үш ай сайын жаңартып отырады. Тағы бір мектеп өкілі мәртебесі реттелмеген мигранттың балаларын пәтер иелері кооперативінің бейресми анықтамасына сүйеніп алдық дейді.«Баланы мектепке алу үшін қай үйде тұратынын білуіміз керек, ол үшін пәтер иелері кооперативінен анықтама алдыртамыз» деді сұхбат беруші. Сөйтіп, Шымкенттің кей мектебі әлсіз топтарға түсіністік танытып, тұрғылықты мекенжайына тіркелмегеніне қарамай, мектепке алып отыр. Сұхбат бергендердің бірі – Өзбекстаннан келген 35 жастағы мигрант әйел балаларын мектепке жібергенге қорқады, себебі мәртебесі реттелмеген мигрант болғаны үшін аналық құқығынан айырып тастайды деп ойлайды.«Сана Сезім» ҮЕҰ әлеуметтік қызметкері Раушан Худайшукурова кей мәртебесі реттелмеген мигранттар мемлекеттік қызмет көрсетушілерге жүгінуден бас тартады, өйткені бұрын соның 144 Балнұр Сүгірәлиева салдарынан қиындыққа тап болған, сондықтан қажет ақпаратты көршілерінен, басқа мигранттардан т.б. сенімсіз көздерден іздейді дейді. Қазір«Сана Сезім» ҮЕҰ әйелдерге түсіндіру жұмыстарын және балаларды жақын маңдағы мектептерге беру ісін қолға алған. «Сана Сезім» ҮЕҰ-ның тағы бір өкілі мигранттардың балаларының туу туралы куәлігі немесе баласының жеке басын анықтайтын басқа да құжаты жоқ болады, бұл да бір мәселе дейді. Өзбекстаннан келген, Шымкентте миграциялық мәртебесі реттелмей тұрып жатқанына 10 жыл болған, 9 баласы бар Дильназ екінші баласының туу туралы куәлігін жоғалтып алғандықтан, екі жыл мектепке бере алмай қиналған. Шымкенттегі үш мектеп оқушы саны толып кетті, баланың жеке сәйкестендіру нөмірі(ЖСН) жоқ және бала тұрғылықты жеріне жақын жердегі мектепке баруы керек деген себептерді айтып, бірінші сыныпқа алмай қойған. Дильназ«Сана Сезім» ҮЕҰ-ға жүгінгеннен кейін ғана 9-жасар қызы бірінші сыныпқа барған. Худайшукурованың айтуынша, Шымкенттегі мектептер тек еңбекші-мигрант Дильназдың қызын ғана алмай қойған жоқ, бұдан да басқа жағдайлар баршылық. Кей мектеп көшіп-қонып жүрген балаларды ЖСН жоқ, тұрып жатқан жеріне тіркелмеген, мәртебесі реттелмеген мигрант, жеке басын куәландыратын құжаты жоқ деген сияқты түрлі себептермен мектепке алмайды.«Мектеп баламды құжатсыз алмай отыр, өйткені олар(мектеп әкімшілігі) мәліметтер базасына баламның ЖСН-ін енгізуі керек екен» дейді сұхбат берген тағы бір мигрант. FIDH зерттеуіне(International Federation for Human Rights(FIDH), 2016) сүйенсек, сұхбат бергендердің кейбірінің баласын заңда ЖСН талап етілмесе де, ЖСН жоқ деп мектепке алмай қойған екен. ЮНИСЕФ қаржыландырған Coram International ұйымы жасаған зерттеуде(Coram International 2021: 103) мектепке алатын кезде«заңнамада жеке сәйкестендіру нөмірі(ЖСН) нақты талап етілмегенімен, балада ЖСН болмаса, мектепке қажет басқа құжаттар жарамсыз болып қалады», сондықтан баланы мектепке берерде ЖСН болғаны маңызды деп жазылған. Мектеп ЖСН жоқ баланы алмаймыз десе, үкіметтік емес ұйым Шымкент қаласы Білім басқармасына ресми хат жазып көмектеседі. Білім басқармасына жүгінгеннен кейін баланы мектепке алады. 145 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Дегенмен Шымкент қаласы Білім басқармасының өкілі Алмас Жұбатаевтың айтуынша, мектеп оқушыларының электрон мәліметтер базасына азаматтар да, азаматтығы жоқтар да тіркелуі керек, азаматтығы жоқтардың баласын мектепке алу үшін ЖСН нөмірі керек емес. Сұхбат берген бірнеше мектеп әкімшілігінің өкілі азаматтығы жоқтардың балаларын ЖСН-сіз мектепке алу жолын түсіндіріп берді, яғни осы арқылы ЖСН соншалық маңызды емесін көрсетіп отыр. Сұхбат берген мектеп өкілдерінің бірі көшіп-қонып жүрген балаларды ЖСН мен туу туралы куәлігі болмаса да, туғаннан кейін медициналық мекеме берген туу туралы анықтамаға сүйеніп, мектепке ала береді дейді. Баланың жеке басын анықтайтын құжаты болса жеткілікті. Мектеп ата-ана баласы мектепте оқып жүргенде құжаттарын рәсімдейді деген шартпен алады. Ондай жағдайда Шымкенттегі кей мектептер түсіністік танытып, құжаты мен тіркеуінде кемшілігі бар еңбекші-мигранттардың балаларын мектепке алған.«Сана Сезім» ҮЕҰ тіпті баланың бірде-бір құжаты болмаса да(мысалы, қоныс аударғанына көп уақыт болған мигрант әйел үйде бала туса), Шымкент қаласы Білім басқармасына хабарласып, мектепке алдыртқан кезі болған. Балалар мектепке түрлі жолмен алынып жатқанына қарап, Шымкенттегі мектептер мигранттар ұсынған құжаттарға сүйене отырып, олардың балаларын аламыз немесе алмаймыз деп шешім шығаратынын көруге болады. Бұл жағдайлар мәртебесі реттелмеген мигранттардың балалары мен құжаты жоқ балалар әлсіз топ болып отырғанын, мектепке бара алмай қалуы немесе кеш баруы мүмкін екенін көрсетіп отыр. Кей мектеп түрлі себеп-сылтау айтып, құжаты түгел емес балаларды мектепке алғысы келмейді, бірақ Шымкент қаласы Білім басқармасына хат жазса, баланы жақын маңдағы мектепке кіргізуге болады. Мектеп«қиын» балаларды қабылдауға аса қызыға қоймауы мүмкін. Бұл мәселені еңсеру үшін 2022 жылғы 29 қарашада шыққан №481 бұйрыққа өзгерту енгізген(Zakon.kz, 2022), онда мигрант ата-аналар немесе мигранттардың балаларының заңды өкілдері баласын мектепке бергенде ендігі жерде жергілікті білім басқармасына(біз айтып отырған мәселеде Шымкент қаласы Білім басқармасына) жүгінуге тиіс деп жазылған. Енді еңбекші-мигранттардың балалары билік 146 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК органынан жолдама алғаннан кейін жақын маңдағы мектепке бара алады. Дегенмен бұл бұйрықта мигранттардың құжаты жоқ балалары туралы ештеңе айтылмаған, оның үстіне ата-анасы Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқаны туралы құжатын ұсынғаннан кейін ғана жолдама беріледі екен. Мигрант ата-ана тұрақты тұратын жерін немесе тіркелген жерін дәлелдейтін құжат ұсына алмаса, лауазымды тұлғалар ішкі істер басқармасына хабарлауға тиіс. Жалпы, бұл бұйрықта мәртебесі реттелмеген мигранттар мен құжаты жоқ балаларға қатысты ештеңе айтылмаған. Бұл бұйрықтың бір артықшылығы сол: мектеп мигранттардың балаларының білім алу құқығын шектей алмайды, дәл осы құжат ондай шешім қабылдауға жол бермейді. Шешімді тек бір мемлекеттік орган шығарады деп бекіткен, әр отбасының мәселесін жеке қарап, жағдайға түсіністік танытып, баласының мектепке дер кезінде баруына жол ашып отыр. Жағдайды талдау және ұсыныстар Шымкенттегі еңбекші-мигранттардың балалары мектепке бара алмай отырғанына қарап, құжаты түгел емес және/немесе ата-анасы заңсыз келіп, көшіп-қонып жүрген, әлсіз топқа жататын балалар білім алу құқығын қорғай алмай, қиындыққа тап болатынын көріп отырмыз. Шымкенттегі кей мектептер білім алу балалардың негізгі құқығы екенін мойындап, мектепке алған. Басқа мектептер Шымкент қаласының Білім басқармасы араласқанда барып, баланы мектепке алған, оған дейін олардың білім алу құқығын елемеген. Осындай статус-куо жағдайда мемлекеттік мектептер шешімді өз бетімен шығарады, себебі оларды құжаты түгел емес немесе ата-анасының тіркеуі жоқ балаларды мектепке ал деп міндеттейтін заң жоқ. Мигранттар көп баратын Алматы мен Астана сияқты басқа қалаларда да осыған ұқсас жағдай байқалған. Балаларды қорғау жөніндегі ЮНИСЕФ қызметкері Азамат Жаманшиновтің айтуынша, «Қазақстандағы көші-қон үдерісіндегі балаларды қорғау» жобасын іске асыру барысында жүргізілген зерттеу нәтижесіне сүйенсек, Алматыда, Астанада және Шымкентте/Түркістан облысында құжаты түгел емес және ата-анасының миграциялық мәртебесі реттелмеген 148 Балнұр Сүгірәлиева балалар білім ала алмай, қиындыққа тап болғаны анықталған. Демек, Шымкент қаласындағы еңбекші-мигранттардың балалары ғана емес, Қазақстанның басқа да аймақтарындағы балалар да осындай мәселеге тап болып отыр. Көшіп-қонып жүрген балалардың мектепке баруы мәселесі бұлай кең тарағанына назар аударсақ, қиындық тек Шымкентте емес, жалпы Қазақстан аумағында да өзекті болуы мүмкін. Қазақстан заңдары мен бұйрықтарына шолу жасап, білім алу құқығы саласындағы мемлекет шығарған заңнамалар азаматтығына, көшіп-қонып жүргендегі мәртебесіне және тұрақты тіркеуіне қарай шеттетіп, баланың білім алу құқығын шектеуге жол беріп отырғанына көз жеткіздік(Coram International, 2021: 17). Қазақстан заңнамасы баланың білім алу құқығын мектепке алынатын, алынбайтын санаттарды тізіп қана емес, сонымен қатар еңбекші-мигранттарды қорқыту, жазалау арқылы да шектеп отыр. Көшіп-қонып жүрген балаларды мектепке алу туралы 2010 жылғы 28 қыркүйекте шыққан №468 бұйрықта балалардың ата-анасы немесе заңды өкілі тұрып жатқан жеріне тіркелгенін растайтын құжаттарды ұсынбаймын десе,«білім беру ұйымдарының басшылары тез арада ішкі істер органдарын хабардар ететіні» жазылған. Депортация мен ірі көлемдегі айыппұлдан қорыққан ата-аналар балаларын үйде ұстауы мүмкін. Мұндай жағдайда мәртебесі реттелмеген мигрант болғаны, тұрғылықты жеріне тіркелмегені баланы мектепке ал деген арыз жазбай-ақ қоюына, яғни мектепке беруден бас тартуына себеп болуы мүмкін. Сонымен, алғашқы ұсынысымыз: лауазымды тұлғалар мәртебесі реттелмеген мигрант туралы Ішкі істер органдарына хабарлауға тиіс деген заңдағы талапты алып тастау керек. Осы уақытқа дейін мәртебесі реттелмеген мигранттар«Сана Сезім» ҮЕҰ-на«білім беру саласы мамандары миграциялық мәртебеміз реттелмегенін алға тартып, тиісті орынға хабарлады» деп шағымданып бармаған. Дегенмен осы талап болғанының өзінен қорқып, ата-ана баласын мектепке бермеуі мүмкін. Заңнаманы қайта қараса және осы тармақты алып тастаса, мәртебесі реттелмеген мигранттар балаларын мектепке жіберуден қорықпайтын болар еді деп ойлаймыз. Дегенмен бұл өзгерістен кейін де мәртебесі реттелмеген мигранттар қорғансыз болып қала 149 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК береді және басқа шектеулер кесірінен қысымға ұшырайды, сондықтан біз ойлағандай балаларын мектепке жібере салмайды. Оның үстіне қолданыстағы заңның бір талабын ғана өзгерту үшін сол өзгерісті қолдайтын азаматтық қоғамды, сарапшыларды және мемлекеттік лауазымды тұлғаларды қатыстырып, белсенді жұмыс жүргізу керек. Бірнеше мүдделі тараптың уақыты мен күш-жігерін талап етуі мүмкін. Тағы бір маңызды дүние бар: бір ғана заңды өзгертіп, жағдайға әсер ете алмаймыз. Оның үстіне Жаманшиев ұсынып отырғандай, 2007 жылғы Білім туралы заңға, осы заңды басшылыққа алып жасалған нормативтік актілерге өзгерту енгізу керек, яғни көшіпқонып жүрген балаларды білім беру саласында алаламауға қатысты нақты амал қарастырып, бекіту шарт. Сондай-ақ бірінші ұсыныс көшіпқонып жүрген балалардың білім алуына жағдай жасайтын бастапқы нүкте әрі алғашқы қадам болары анық. Осы және басқа да ұсыныстар туралы егжей-тегжейлі ақпаратты 1-кестеден таба аласыз. Екінші ұсынысымыз: Барлық еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің құқығын қорғау туралы халықаралық конвенцияны(The United Nations, 1990) ратификациялау. Бұл еліміздегі мигранттардың, әсіресе олардың балаларының білім алу құқығын қорғауға қаншалық ынталы екенін көрсетеді. Конвенцияның 30-бабында былай деп жазылған: «Еңбекші-мигранттың әр баласының білім алу құқығы сол мемлекеттің азаматтарынікімен тең болуға тиіс. Ата-анасының тұрғылықты жеріне тіркелмегеніне немесе жұмыс істемейтініне немесе бала сол еңбек етіп жатқан мемлекетте тұрақты тұрмайтынына байланысты мемлекеттік мектепалды білім беру ұйымдарына немесе мектепке алмаймыз деп бас тартуға немесе шектеуге жол берілмейді». Қазақстан Конвенцияны ратификациялағаннан кейін осы стандарттарды сақтауы керек, сондықтан заң шығарушылардың дискриминацияға жол беретін заң шығару мүмкіндігі аз болады. Ал білім басқармалары мен мектептер өз бетімен шешім шығара алмайтын болады, өйткені Конвенцияда ата-анасының мәртебесіне қарамастан көшіп-қонып жүрген балаларға ел азаматтарымен тең қаралатынына кепілдік берілген. 150 Балнұр Сүгірәлиева 1-КЕСТЕ. Статус-куо және 3 ұсыныс шығыны мен пайдасын талдау Статус-куо 1-ұсыныс 2-ұсыныс 3-ұсыныс 2022 жылғы 29 қарашаға дейін (№481 бұйрық) 2022 жылғы 29 қарашадан кейін (№481 бұйрық) Лауазымды тұлғалар мәртебесі реттелмеген мигранттар туралы Ішкі істер органдарына хабарлауға тиіс деген заңдағы талапты алып тастау Барлық еңбекшімигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің құқығын қорғау туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау Жергілікті Білім басқармаларына деген сенімді арттыру(статускуо+ сенім) Артықшылығы Кемшілігі Қаупі Автор Жолдама артықшылығын беру жүйесін атап көрсетпеген оңтайландыру 1. Білім алушылар тізіміне мәртебесі реттелген мигранттардың балалары ғана енген 2. Ішкі істер органдарына хабарлауға тиіс 3. Кей мектеп қосымша жауапкершілікті талап ететін және құжатын рәсімдеуге көмек керек балаларды алмаймыз дейді 4. Білім басқармасына жүгінген соң ғана мектепке алады 3. Билік органдарынан жолдама алуға қорқады, себебі депортациялайды, көп мөлшердегі айыппұл салады және ата-ана құқығынан айырады деп қорқады Балалар мектепке бармай қалады не кеш барады Балалар мектепке бармай қалады не кеш барады Мәртебесі реттелмеген мигрант екенін алға тартып, қысым көрсете алмайды Түрлі акторлар құқық қорғау жұмыстарын белсенді жүргізуі керек Мигранттар шешіміне олардың құқығын шектейтін қолданыстағы басқа да заңдар әсер етуі мүмкін, өйткені бұл мигранттар құқығын шектейтін жалғыз заң емес Конвенцияда оларға ел азаматтары қатарлы білім алуға кепілдік берілген Қазақстанда мигрант көп болғандықтан, шығыны да көп болады(олардың ел азаматтары сияқты әлеуметтік және медициналық көмек алу құқығы болады) 1. Іске аса қоймайтын тиімсіз халықаралық құрал 2. Мигранттар көп келе бастайды Лауазымды тұлғалардан қорықпайтын болады Сенім қалыптастыруға ұзақ уақыт кетеді Мигранттар тым сенімді көзқарас қалыптастыра алмайды 151 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Екінші жағынан, Конвенцияны ратификациялау шығыны көп. Мигранттардың құқығы Қазақстан азаматтарымен тең болса, мигранттар көбейген сайын әлеуметтік қорғау жүйесіне түсетін жүктеме де арта түседі. Бұл жағдай әлеуметтік қорғау жүйесінде қиындық тудыруы, Қазақстан халқы оған қарсы шығуы мүмкін, сондықтан ратификациялау қиын болады. Тіпті ратификацияласа да, үкімет өз міндетін дұрыс орындамай, дискриминацияға жол беретін заң шығаруы мүмкін. Ондай жағдайда бұл уәде орындалмай, Қазақстанның халықаралық имиджіне теріс әсер етеді. Үшінші ұсынысымыз статус-куо жағдайына қатысты болмақ. Алғашқы екі ұсынысымыз белгілі бір деңгейде прогрессив әрі түрлі мүдделі тараптардың күш-жігері мен қолдауын қажет етеді десек, үшінші ұсынысымыз сенімді нығайту арқылы қазіргі жағдайды жақсартуға бағытталған. 2022 жылғы 29 қарашадағы №481 бұйрықтан көшіп-қонып жүрген балаларды бұрынғыдай мектеп емес, жергілікті білім басқармасы мектепке алатынын көріп отырмыз. Демек, балаларын тартып алу, депортациялау, полицияға хабарлау және айыппұл салу құқығы бар мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайту үшін жұмыс жүргізу керек. Жергілікті білім басқармасы миграция саласында жұмыс істеп жатқан ҮЕҰ-мен, түрлі этнос топтарындағы диаспораларымен және Қазақстан Халықтарының ассамблеясының жергілікті бөлімшелерімен бірлесе отырып іс-шаралар атқарса, мигранттардың құрметі мен сеніміне бөлене алады. Мигранттар балаларын мектепке бергенде қиналмайтын болады, сондай-ақ билік органдары мен үкіметтік құрылымдарға деген сенім арта түседі. Бұл ұсынысымызға уақыт пен күш-жігер керегін айта кетейік. Мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыру үшін жауапты лауазымды тұлғалар қатысатын дұрыс стратегия мен азаматтық қоғам топтарымен ынтымақтасу керек. Дегенмен сенім бір мезетте пайда бола салмайтынын, жасалып жатқан амалдар қаншалық сенімді арттыра алғанын өлшеу қиын екенін айта кеткен жөн. Сенімді өлшеу қиын болғандықтан, сенімге жетудің өзі де қиын болуы мүмкін. 152 Балнұр Сүгірәлиева ТҮЙІН Бұл саяси талдау Шымкент қаласындағы еңбекші-мигранттардың балалары мектепке барарда нендей қиындыққа тап болатынын көрсетті. FIDH(2016) пен Coram International(2021) зерттеулеріне сүйенсек, жалғыз Шымкент емес, Қазақстанның басқа аймақтарында да көшіпқонып жүрген балалар мектепке бара алмай қиналады, демек, мұның мемлекеттік деңгейдегі мәселе екенін көріп отырмыз. Құжаты жоқ және ата-анасы мәртебесі реттелмеген еңбекші-мигрант балалардың білім алуын реттейтін мемлекеттік заң жоқ болғандықтан, Шымкенттегі мектептер балаларды аламыз не алмаймыз деп бірінші сатыдағы мекеме ретінде өз бетімен шешім шығарып отырған. Шымкент қаласы Білім басқармасының шешімі шыққанға дейін Шымкент мектептері баланы алу-алмау туралы түрлі шешім шығарып келген. Бұл жағдайды мигранттар жергілікті білім басқармасына тікелей жүгінуге тиіс деген талап қойып отырған, көшіп-қонып жүрген балаларды мектепке алу туралы 2022 жылғы 29 қарашада шыққан №481 бұйрық өзгертуі мүмкін. Бұйрық бір жағынан, жолдама беру жүйесін оңтайландырса, екінші жағынан, құжатында кемшілік бар мигранттар мемлекеттік органға тікелей баруға қорқуы мүмкін. Оның үстіне заң бойынша, мектепке алу мәселесімен айналысатын лауазымды тұлғалар мәртебесі реттелмеген мигранттар жайлы білген жағдайда, онысын құқық қорғау органдарына хабарлауға міндетті. Алғашқы екі ұсынысты орындау үшін уақыт, күш-жігер және қаржылай шығын кететінін ескерсек, үшінші ұсынысымыз статус-куоны сақтауға, баланы мектепке алатын лауазымды тұлғаларға деген мигранттардың сенімін нығайтуға бағытталған. Әдепкі екі ұсынысымыз үкімет араласуын, мемлекет деңгейіндегі өзгерісті талап етсе, үшінші ұсынысты жергілікті деңгейде іске асыруға болады. Тіпті министрлік қадағалауынсыз-ақ, жергілікті шенеуніктер ден қойса да жеткілікті. Мигранттар мен мемлекеттік қызметкерлер арасындағы сенімді нығайту ісі, әсіресе жергілікті мемлекеттік қызметкерлер ықылас танытса, аз ғана уақытта іске асады деп білеміз. Қызметтегі ротация мен кадрлар жиі ауысып кететіні лауазымды тұлғалардың мигранттарға деген көзқарасына әсер етеді. Демек, әр баланың мектепте білім алу құқығын қорғау үшін заңнаманы өзгертуді және сол заңдарды орындауды талап ететін ұзақмерзімді шешімдердің маңызы зор. 153 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК ДЕРЕККӨЗ 1. Adilet.zan.kz, Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығы. – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017553 2. Adilet.zan.kz, Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 заңы. – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319 3. Adilet.zan.kz, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 заңы. – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z020000345_ 4. Adilet.zan.kz, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі №468 бұйрығы. – URL: https:// adilet.zan.kz/kaz/docs/V1000006573 5. Adilet.zan.kz, Халықтың көші-қоны туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі №477-IV заңы. – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ Z1100000477 6. Zakon.kz,«Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі №468 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы №481 бұйрығы, – URL: https://online.zakon.kz/Document/?doc_ id=34815533 7. Anderson B. and Hancilová B.,«Migrant Labour in Kazakhstan: A Cause for Concern?», Journal of Ethnic and Migration Studies, 37.3(2011): 470–471. 8. Amrin A., Kaliyeva S., and Alzhanova F.,«Migration Processes in Kazakhstan in the Context of the Formation of the Silk Road Economic Belt», Journal of Population and Social Studies, 28.2(2020): 158. 9. Bayandina. G., Altybassarova,. M., Sartova R., Mukina G., and Salimzhanova B.,«Integration of Labor Migrants as an Element of the Migration Policy of the Republic of Kazakhstan», Bulletin of National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan 390.2(2021): 231-232. 10. Coram International. Comparative Legal Analysis of the Legislation of the Republic of Kazakhstan and International Standards for the Protection of Children Affected by Migration(2021): 103. 11. Coram International. Comparative Legal Analysis of the Legislation of the Republic of Kazakhstan and International Standards for the Protection of Children Affected by Migration(2021): 17. 12. Coram International. Comparative Legal Analysis of the Legislation of the Republic of Kazakhstan and International Standards for the Protection of Children Affected by Migration(2021): 13. 13. International Federation for Human Rights, Migrant Workers in Kazakhstan: No status, no rights(2016): 10. 14. International Federation for Human Rights(FIDH), Migrant Workers in Kazakhstan: No status, no rights(2016):18–23. 154 Балнұр Сүгірәлиева 15. The United Nations Children’s Fund(UNICEF), Manual on Intersectoral Coordination for Delivering the Model for Protective Services to Children Affected by Migration (2022): 14-15. 16. The United Nations, Universal Declaration of Human Rights(1948). 17. The United Nations, International Covenant on Economic, Social and Cultural Rights (1966). 18. The United Nations, Convention on the Rights of the Child(1989). 19. The United Nations Children’s Fund(UNICEF), The Identification and Monitoring of Out-of-School Children and Dropping-Out of Students: Kazakhstan(2013): 63. 20. The United Nations Children’s Fund(UNICEF), Analysis of the situation of children and women in the Republic of Kazakhstan(2013): 45. 21. The United Nations, International Convention on the Protection of the Rights of All Migrant Workers and Members of Their Families(1990). 22. The UN Committee on the Rights of the Child(CRC),« List of issues in relation to the fourth periodic report of Kazakhstan»(2015): 2. 23. Torebekova Z., Bokayev B., and Davletbayeva Zh.,«Labor Migration in Kazakhstan: Challenges and Opportunities», Pavlodar State University Bulletin 2(2019): 159. 24. United Nations Department of Economics and Social Affairs, International Migration Report 2017: Highlights(2017): 25. 155 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚҰҚЫҒЫ: БАСПАНАСЫЗ АДАМДАРДЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ АЛУЫ Надежда Ряполова nadezhda.ryapolova@alumni.nu.edu.kz КІРІСПЕ Қоғамымызда баспанасыз адамдар үнемі дискриминация мен стигматизацияға тап болады, сондықтан ондай адамдар кейде жалпы әлеуметтік әділдік дискурсынан тыс қалып, өзге адамдармен бірдей қоғам игілігін көре алмайды. Қаладағы инклюзия туралы айта отырып, баспанасыз азаматтардың негізгі құқығының бірі – денсаулық сақтау құқығы екенін де айта кеткен жөн. Бұл мақаланың мақсаты – арнайы үйлерде немесе орталық сияқты уақытша мекемелер мен далада тұрып жатқан баспанасыз адамдардың медициналық қызмет алу құқығы жайлы жұртшылық білімін көтеру және ақпарат беру. Мақалада баспанасыз адамдар денсаулығы көрсеткіштеріне қысқаша шолу жасалады, ҚР заңнамасы мен қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы кемшіліктер талданады, сондай-ақ сарапшылардан сұхбат алынады. Зерттеу әдістемесі Бұл зерттеу аясында МӘМС-ті енгізгеніміз қаншалық орынды болғанын талдаған сарапшылар тобындағы ғалымдардан, сондай-ақ Nomad Rights қорының тең құрылтайшысынан және адам құқығын қорғау саласындағы заңгерден сұхбат алдық. Одан бөлек ҚР БАҚдағы баспанасыз адамдардың денсаулығы туралы мақалаларды талдадық. Стационарда емделген баспанасыз адамдардың саны мен осы санаттағы адамдар арасындағы өлім саны жайлы мәлімет алу үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне екі рет жүгіндік. Бұл мәліметтерді Excel бағдарламасында талдадық. 156 Надежда Ряполова Неге адамдар үйсіз-күйсіз қалады? Салдары қандай? Халықаралық зерттеулерге сүйенсек, адамдар мына үш себепке байланысты үйсіз-күйсіз қалады екен: психикаға әсер ететін заттар мен алкогольге тәуелді болу, отбасындағы зорлық-зомбылық және психикалық аурулар(Zhao, 2022). Парламентаризмді дамыту қоры 2020 жылы Сорос-Қазақстан қорымен бірлесіп Қазақстанда жүргізген зерттеуіне сүйенсек, көшеде тұрып жатқандардың үйсіз-күйсіз қалуына себеп болған негізгі жағдайлар: алкогольге тәуелділік(42%), жұмыссыздық(33%) және отбасындағы қиындықтар(31%)(Батталова және басқалары, 2020). Әлемдік статистикаға сүйенсек, адамдардың баспанасыз қалуына ауыр сырқаты да себеп болады екен(Shelton et al., 2009). Сонымен қатар адам созылмалы ауруға ұшыраса, баспанасыз қалғаны оның жағдайын тіпті нашарлатып, ауруын одан сайын асқындыра түседі(Shelton et al., 2009). Мысалы, екінші типтегі диабет немесе АИТВ сияқты созылмалы ауруға шалдыққан адам баспанасыз қалып, өмірі қиындап кетсе, ол далада жүріп қалай емделеді, дәрі-дәрмегін қалай ішіп, қалай инъекция салдырады, суық тимесін деп қалай сақтанады, диетасы не болмақ, жай-күйін қалай қадағалап отырады. Мынаны түсінген жөн: баспанасыз адам ауру құрсауында қалады, ал медициналық көмек алуына қатысты тиісті механизм болмағандықтан, денсаулығы мен өмір сүру сапасы, сондай-ақ тіпті қоғамымыздағы эпидемиологиялық жағдай да нашарлай түседі. Баспанасыз қалу денсаулыққа ғана төнетін қауіп емес, ерте қайтыс болу қаупін де арттырады. Қысқасы, баспанасы бар адамдарға қарағанда баспанасыздардың ерте қайтыс болуы үш-төрт есе көп, ал жүрек ұстамасы мен инсульт алу қаупі екі есе, ал 25–44 жас аралығында жүрек ауруынан қайтыс болу қаупі үш есе көп(People, population and community, n.d.). АҚШ-та баспанасыз адамның орташа өмір сүру ұзақтығы небәрі 48 жас. Ал Ұлыбританияда үйсізкүйсіз ер адамдар орта есеппен 45 жыл, әйел 43 жыл өмір сүреді екен (ibid). Бұл топтағы адамдар арасында өлім деңгейі жоғары болуына себеп болып отырған жағдайлар: жүрек-қан тамырлар жүйесі аурулары, есірткіні шамадан тыс пайдалану және оқыс оқиғалар. 157 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Бұл статистика табыс деңгейі жоғары елдердің статистикасы екенін айта кетейік. Денсаулық сақтау министрлігіне өлім статистикасы, сондай-ақ баспанасыз адамдар арасындағы өлім себептері туралы жолдаған ресми сауалымызға мынадай жауап алдық: «Медициналық қызмет көрсетушілер қайтыс болған адамның ҚР-да берілген жеке басын куәландыратын құжаты болса ғана (ЖСН бойынша) ҚР ДМ«Бекітілген халық тіркелімі» ақпарат жүйесіне қайтыс болғаны туралы мәліметті енгізеді». Жалпы, үйсіз адамдар арасындағы өлім статистикасы жүргізілмейді. Баспанасыз қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын тек болжай аламыз, ал ұзақтығы АҚШ пен Ұлыбританиядағыдан жоғары болуы екіталай. Қазақстан медиасындағы баспанасыздар бейнесі ҚР-дағы қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі моделі әмбебап екенін, сондай-ақ Конституциямызда азаматтардың бәрінің медициналық көмек алуына кепілдік берілгенін ескерсек, еліміздегі баспанасыз азаматтар өзге азаматтармен тең, еш кедергісіз медициналық көмек ала алады деуге болады. Дегенмен қазақстандық БАҚ баспанасыз адамдар медициналық қызмет алғанда нендей қиындықтарға тап болатынын бұрын да жазған, сондай-ақ баспанасыз адамдарды қалай алалайтынын да жазып, медициналық мекеме көмегіне жүгінгенде нендей институтциялық кедергілерге тап болатынын ашық көрсетіп жүр. Мысалы, Vlast.kz 2020 жылғы 8 мамырдағы мақаласында COVID-19 індетін өршітпеу үшін Алматы қаласындағы өнеркәсіп аймақтарына шатыр тігіліп, қаладағы баспанасыз адамдар сонда көшірілгенін жазған (Молдабеков және Логинова, 2020). Мақалада баспанасыз адамдар қалай зорлық-зомбылыққа тап болғаны да баяндалған: «СОБР адам аямайды, ұрып-соғады. Өлімші етіп. Палаткадан шықсақ, ұрады. Су сұрағым келген – ұрды. Үш адамды өлтірді». Бір жаманы, бұл баспанасыз адамдарды қаладан шығарып, оқшаулаған, бейрепрезентатив аудандарға көшірген алғашқы жағдай емес. Астанада бүкіләлемдік кең ауқымды ЭКСПО–2017 көрмесі болатын 158 Надежда Ряполова кезде де қаланы баспанасыз жүрген адамдардан осылай«тазартқан». Полиция баспанасыз адамдарды жақын қалаларға күштеп әкеткен (Tukmadiyeva, 2018). Caravan.kz бір мақаласында жедел жәрдем дәрігерлері баспанасыздарға көмек көрсеткені үшін сыйақыдан қағылғанын(«Привез бомжа – остался без премии»), сондай-ақ баспанасыз адамға медициналық көмек көрсетпей, стационарға жақын маңдағы қоқыс төгетін жерге шығарып тастағанын да жазған(Садыкова, 2011): «Қаладағы клиникалардың біріндегі тазалықшы бұл жағдайдан шығар«оңай» жол тауыпты: сасып кеткен бомжды қоларбаға салып, стационардың қасындағы қоқыс төгетін жерге апарып тастаған». Осы мысалдардағы өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдардың денсаулығын сипаттағанда пайдаланылған азғыратын, іріткі салатын риторикаларға да жеке назар аудару керек.«Тіпті қаңғыған хайуан жемейтінді жейді»,«Киімінде де, өсіп кеткен шашында да бит өріп жүр»,«Үңгірде тұратын адамнан не айырмасы бар?»,«Олар кір мен антисанитарияны еркіндіктің символы деп біледі»,«Қай-қайсы да тұнып тұрған ауру таратушы»,«биологиялық бомба» деген риторикалар баспанасыз адамдардың медициналық көмек алуға қатысты мәселесін шешпек түгілі, бұл топтағы адамдарды стигмалап, баспанасыздарға қатысты қате стереотип қалыптастыруға, оқшаулауға және бөлектеуге себеп болады. Баспанасыз халықты маргиналдау ажырамас құқығын пайдалана алатын адамға моральдық зорлықзомбылық көрсету ғана емес, сондай-ақ оларды қоғамның әрі қарай стигматизациялауына, мұқтаж нәрсесін елемеуге және теңсіздікті одан әрі өршітуге себеп болады. ҚР Денсаулық сақтау жүйесі және«Бәрінің дені сау болсын» Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесі алғашқы, қосалқы және үшінші деп бөлінетін әмбебап медициналық көмек моделі бойынша жұмыс істейді. Азаматтың сақтандыру мәртебесіне қарай 159 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК мемлекеттік сектордан медициналық қызмет алудың екі түрлі механизмі бар. Жеңілдігі бар санатқа жататындарға мемлекет, ал қалған азаматтарға жұмыс беруші не азаматтың өзі төлейтін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудан(МӘМС) бөлек ТМККК(Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) жүйесі бар. Оның МӘМС-тен ерекшелігі мынада: ТМККК сақтандыру мәртебесіне қарамастан ҚР азаматтарына бюджет есебінен көрсетіледі. ТМКККнің мақсаты – ҚР кез келген азаматы әлеуметтік мәртебесіне, табыс деңгейіне және басқа да факторларға қарамастан мемлекеттік медициналық көмекке арқа сүйей алуына жағдай жасау(Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру(МӘМС), n.d.). Қазақстан Республикасының«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі 360-VI Кодексінің 12-тарауының 76-бабында жазылғандай,«Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына медициналық көмекке тең қол жеткізуге кепілдік береді». Одан бөлек,«Қазақстан Республикасы ҚР азаматтарына олардың қандай да бір аурулары мен жай-күйлерінің болуына орай кемсітушілік пен стигматизацияның кез келген нысандарынан қорғауға кепілдік береді». 600 400 200 0 сы сы қ. сы лы лы аты лы ана қ. сы сы сы сы сы сы сы сы сы сы сы лы лы лы лы лы лы лы лы лы лы лы ент қ. ла о б б е о А ты б лм об А а ст у о ан ыл ды ай д б об об об об а о та б у о ар ан ан ан ы б об об об об мк Ақмо Ақтө Алма Ат а ы за а ра р қст мб ға о н ст з а ы ңғ ав аза үр н лор ыс лод қс к аза т іст қст Ш ыс Қ Ж Қа Қ Қ т ы М і а П к ы Қ Т с Қ Ба л т тү Ш с ығ Со 1-ДИАГРАММА. ҚР өңірлерінде орналасқан стационарларда емделіп шыққан баспанасыз адамдар көрсеткіші, 2022 жыл 160 Надежда Ряполова ҚР ДМ мәліметіне сүйенсек, 2022 жылы Қазақстан бойынша 3 116 баспанасыз адам емделген. Емделгендердің көбі Шығыс Қазақстан облысында, Алматы қаласында және Алматы облысында, яғни бұл аймақтарда тиісінше 557, 537 және 558 адамға медициналық көмек көрсетілген. Бұл топ әлсіз топқа жататынын, сондай-ақ 2011 жылғы болжамды статистика бойынша тек Алматы қаласының өзінде 7–10 мың баспанасыз адам болғанын ескерсек(Садыкова, 2011), ДМ мәліметіндегі цифрлар өте аз көрінеді. Одан бөлек, баспанасыз адамдар саны да, тиісінше медициналық көмекке мұқтаж адамдар саны да Алматы қаласымен барабар болуға тиіс Шымкент және Астана қаласындағы мәлімет те күмән тудырады(1-диаграмма). ХАЖ-10 коды(10-қайта қараудағы Халықаралық аурулар жіктелімі) бойынша жүгінгендерді кодтасақ және оларды санаттарға бөлсек, баспанасыздар көбіне мына жағдайларға байланысты медициналық көмекке мұқтаж болады екен: жарақат алу, улану және басқа да бірқатар сыртқы себептер. Осындай 3 116 оқиғаның 795-і емделген, ал бұл шағымданып келгендердің 25,5 пайызы(2-диаграмма). Инфекция немесе паразит жұқтырып ауырғандардың небәрі 3,5% емделген. Мұндайда медициналық көмек мұқтаждардың бәріне бірдей көрсетілмей ме деген ой келеді. Тері аурулары және тері шелі Инфекциялық және паразиттік аурулар Психикалық және мінез-құлықтағы ауытқу Сүйек-бұлшық ет және дәнекер ұлпалары ауруы Жүйке жүйесі ауруы Несеп жолдары ауруы Тыныс жолдары ауруы Жүктілік, босанғанға дейінгі және кейінгі кезең Асқорыту жүйесі ауруы Басқалары Қан айналым жүйесі ауруы Жаралану, улану және басқа да бірнеше сыртқы себептер әсері 0% 10% 20% 30% 2-ДИАГРАММА. Қазақстан Республикасындағы баспанасыз адамдар ХАЖ-10 бойынша медициналық көмек алу себептері, 2022 жыл 161 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК (*Халық денсаулығы жай-күйіне әсер ететін факторлар және денсаулық сақтау мекемелеріне жүгінуі – 2,4%; CОVID-19 коронавирус инфекциясы – 2%; Қалқанша безі ауруы, дұрыс тамақ ішпеу және зат алмасу жүйесі бұзылуы – 1,7%; Ісік – 1,4%; Көз және көз айналасы ауруы – 1,1%; Қан, қан түзу мүшелері аурулары және иммундық механизмді қамтитын басқа да бұзылыстар – 0,5%; Босанғанға дейінгі және кейінгі кезеңдегі айрықша жағдайлар – 0,5%; Құлақ аурулары – 0,2%; Туа біткен ауытқулар[дұрыс дамымау], деформация және хромосомалық бұзылыстар – 0,1%) Медициналық көмек алғысы келген баспанасыз адамдар жиі тап болатын кедергілер Қазақстандағы баспанасыз азаматтар ресми түрде медициналық көмек ала алады. Дегенмен талдау барысында көз жеткізгеніміздей, шын мәнінде баспанасыздар медициналық-әлеуметтік қызмет алу кезінде айтарлықтай кедергілерге тап болады. Біріншіден, жедел жәрдем шақырса да, медициналық көмек көрсете бермейді, көрсететін көмегі қызметкердің баспанасыз адамға деген субъектив көзқарасына байланысты: «Біздіңше, адам тым жұпыны көрінбесе, былайша айтқанда, қоғамдағы стереотип стандарттан аса ауытқымаса, ондай адамды[жедел жәрдем] алып кетеді, көмек көрсетеді»(Nomad Rights қорының тең құрылтайшысы және адам құқығын қорғау саласы заңгері). Жедел жәрдем қызметі қалай көмек көрсететіні қай жерге шақырғанына да байланысты: «Мәселен, Астанада Алаш тас жолының бойындағы«Артем» сауда үйі мен Кравцов көшесінің қиылысына шақырса, жедел жердем әдетте бара бермейді, себебі ол жерде баспанасыздар жүретінін біледі, сондықтан түскен қоңырауға аса мән бермейді»(Nomad Rights қорының тең құрылтайшысы және адам құқығын қорғау саласы заңгері). Екіншіден, жедел жәрдем келіп, баспанасыз адамды қарағанымен, медициналық көмек көрсетуінде қиындық тууы мүмкін, себебі 162 Надежда Ряполова тіркеуі және/немесе құжаты жоқ болса, көмектесе алмайды. Тіркеуі және/немесе құжаты жоқ азаматтарға көмек көрсету механизмі жоғы басты кедергі деуге болады. Бұл жедел жәрдемге де, стационарлық емдеуге де, реабилитациялық және паллиатив медициналық көмек көрсетуге де кедергі болып отыр. Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі белгілі бір учаскеге тіркеу принципі бойынша жұмыс істейді. Адамға медициналық көмек көрсету үшін алдымен денсаулық сақтау жүйесі оны танып, сәйкестендіруі керек: «Медициналық көмектің қай кезеңінде де баспанасыз адам медициналық көмек алуына кедергі болатын миллион себеп бар. Жүйедегі ондай кедергілер әдейі жасалмаған, жүйе баспанасыз адамды танымайды, сәйкестендіре алмайды. Жүйе адамды тануы үшін ол адам жүйеге тіркелген болуға тиіс»(МӘМС-1 зерттеуі). Бұдан бөлек, бюджет пен шығын жоспары, берілетін есептің бәрі тіркелген адам санына қарай жасалады. Мақала басында айтқандай, баспанасыз адамға медициналық көмек көрсеткен дәрігер сыйақыдан қағылғаны да осының кесірі, себебі қандай да бір учаскеге тіркелмеген адамға қызмет көрсету бюджет қаржысын мақсаттан тыс жұмсағанға тең. Көбіне баспанасыздардың құжаты болмайды, бұл да үлкен мәселе. Құжаты жоқ адамға медициналық көмек, соның ішінде ТМККК-ге жатпайтын көмекті көрсету мүмкін емес, себебі ол адам ҚР азаматы саналмайды: «Адам қай санатқа жататынын анықтап алмай, тек түріне қарай салсақ, баспанасызға ұқсатсақ, сөзіне сенсек, құжатсыз да көмек көрсетеміз, өйткені ол адам өз еліміздің азаматы екеніне сенеміз. Ал мемлекет неге бұлай істей алмайтыны түсінікті. Ерінбегеннің бәрі келіп:«Баспанасызбын, құжатым жоқ, көмек көрсет» деп талап етуі мүмкін»(МӘМС-2 зерттеуі). Үшіншіден, баспанасыздар қандай да бір медициналық-әлеуметтік көмек алу үшін көбіне қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға арналған орталықтарға барады. Дегенмен ондай орталықтағы орын саны шектеулі, сондықтан адамдар сол қызметті алу үшін құжаттарын әдейі жоғалтады не аты-жөнін басқаша айтады. 163 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК «Баспанасыз адам орталықта бір жарым жыл ғана тұра алады, әрі қарай тұрғызбайды. Содан соң ол адам құжатын жоғалтып (лақтырып тастап), басқа аймақтағы әлеуметтік бейімдеу орталығына барады немесе сондай орталыққа кіру, сонда қалу, медициналық көмек алу үшін аты-жөнін басқаша айтады. Тек сөйтсе ғана көмек ала алады, себебі жүйенің құрылымы солай істеуге итермелеп отыр»(Nomad Rights қорының тең құрылтайшысы және адам құқығын қорғау саласы заңгері). Баспанасыздарға кешенді қызмет, соның ішінде медициналық қызмет көрсететін орталықтар болғанымен, ондай көмекті баспанасыздардың бәрі бірдей ала алмайды. Орталық мас болып келгендерді, есірткі шегіп алғандарды, сондай-ақ туберкулезбен, АИТВ/ЖИТСпен ауыратындарды да алмайды. Мұндай ауру адамның үйсіз-күйсіз қалуына себеп болатын бірден-бір жағдай екенін, тіпті баспанасыздар арасында өте көп тарағанын ескерсек, өмірлік қиын жағдайға тап болған, бірақ орталық талаптарына сай келмейтін баспанасыз адамдар қайда барады деген сұрақ туады. Іс жүзінде ондай адамдарды арнайы медициналық мекемелерге жібереді, ал ол жерде қайта сәйкестендірмеуі де, санатқа бөлмеуі де, медициналық көмек көрсетпеуі де мүмкін. Қазақстанда мемлекеттік органдар арасындағы байланыс әлсіз, сондай-ақ баспанасыздық мәселесіне көзқарасы да әртүрлі. Мысалы, өмірлік қиын жағдайға тап болғандарға арналған қайта әлеуметтендіру орталықтары сияқты орындарда арнайы медициналық-әлеуметтік қызмет көрсету міндеті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелген. Ал ІІМ баспанасыздық мәселесін шектеу және жазалау жағын ғана қарайды, бірақ бұл ведомство баспанасыздардың денсаулық сақтау құқығын қорғауға тиіс. Үкіметтің түрлі ведомстволары арасында коммуникация мен ынтымақ жоқ болғандықтан, статистикалары да әртүрлі, әр жерден жиналған, жиналса да«көбіне салғырт, жалған мәлімет жиналуына» себеп болып отыр» (МӘМС-2 зерттеуі). Нақты статистикалық дерек болмағандықтан, баспанасыз адамдардың медициналық қажетін сапалы бағалау мүмкін емес, демек, баспанасыз адамдардың денсаулығына қатысты шешім қабылдауға оң көзқарас қалыптастыруға кедергі болады. 164 Надежда Ряполова Баспанасыз адамдарды медициналық қызметпен қамту мәселесін шешуге қатысты ұсыныстар Баспанасыз адамдардың медициналық көмек алу мәселесін кешенді түрде шешу керек. Баспанасыз адамдардың медициналық көмек алуы, сондай-ақ олардың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсарту мәселесін шешу жолындағы алғашқы және ең маңызды қадам: түрлі үкімет секторлары арасындағы ведомствоаралық ынтымақты күшейту. Мәселен, мұны Ішкі істер министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі арасында сектораралық жол картасын жасап, жұмыс тобын құрып іске асыруға болады. Ең басты мәселе – баспанасыз адамдарға құжат беру, оларды сәйкестендіру және тіркеу, ал одан кейін медициналық-әлеуметтік мәселелерді оңалту, әлеуметтік қызмет көрсету, қоғам өміріне қатысуға мүмкіндік беру секілді мәселелерді шешу керек(МӘМС-2 зерттеуі). Екіншіден, баспанасыз адамдар – медицинаға айрықша мұқтаж топ, яғни ең жақсы стратегия – медициналық, әлеуметтік, психологиялық көмекті интеграциялау және осы санаттағы азаматтарға арналған бағдарлама әзірлеу. Мысалы, ішімдікке және есірткіге тәуелді болуға қатысты айтсақ, бұл мәселені шешудің жақсы жолы – халықтың осы тобына арналған оңалту орталықтарын құру. Психикаға әсер ететін заттарды шамадан тыс қолданудан емдеуді, детоксикация, оңалту, аноним маскүнемдер кездесуін өткізу, кеңес беру мен дәрі-дәрмекпен емдеуді психиатриялық көмекпен біріктіру және тұрғын үй беру баспанасыз адамдардың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсартуға көмектесетін кешенді және тиімді стратегия болмақ(Zhao, 2022). Үшіншіден, туберкулез тарауы туралы айтсақ, баспанасыз адамдар тап болған өмір салты бұл ауру белгілерін, яғни жөтел, кеуде қуысы ауруын, үнемі шаршап жүру, аздап қызуы көтерілуін, қан құсуын т.б. үдетіп жіберуі мүмкін. Соның кесірінен біраз уақыт бойы туберкулезге шалдыққанын байқамай, жұқтырған адамның жайкүйіне теріс әсер етеді. Оның үстіне баспанасыз адам туберкулез жұқтырса, халық арасында ауру таратуы мүмкін(Find&Treat service, n.d.). Осыған дейін жазылған себептерге байланысты, әр белсенді қазақстандық өтуге тиіс жыл сайынғы скриниңге баспанасыздардың 165 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК қолы жетпеуі мүмкін. Лондонда негізі қаланған, тек туберкулезге скриниң жасап қоймай, туберкулезге қарсы кеңес беріп, іс жүзіндегі көмек көрсететін«Тауып ал да, емде» стратегиясының баламасын жасау тіпті экономикалық тұрғыдан тиімді нақты ұсыныс болады. Лондон – Батыс Еуропадағы туберкулезге қарсы күрес қызметінің астанасы, ол қалада жыл сайын созылмалы туберкулезге шалдыққан 9 000 пациент тіркелетіні белгілі. Бұл стратегияның мақсаты – цифрлы мобайл рентген аппараты көмегімен әлеуметтік жағынан қорғалмаған адамдар арасында туберкулезге шалдыққандар болса, оны ерте кезеңінде-ақ анықтау және тексеру, пациенттерді қолдау, әрі қарай емделуіне көмектесу. Туберкулез мәселесін шешуге қатысты мұндай жан-жақты ұстаным денсаулық сақтау саласы мен әлеуметтік қызметкерлердің бірлесіп жұмыс істеуін талап етеді. Оның үстіне бұрын туберкулезбен ауырғандарды және баспанасыз адамдарды қорғаушы ретінде жұмысқа алады. Олар қоғамдағы әлеуметтік жағынан қорғалмаған баспанасыздарға ақпарат таратады, емделіп жүргендерге қолдау көрсетеді. Сонымен қатар«Тауып ал да, емде» командасының жыл сайын халықтың осал тобына жататын 10 000-ға жуық адамды тексере алатын мүмкіндігі бар. Мұндай аса қолайлы идеяны баспанасыз қазақстандықтардың медициналық-әлеуметтік қажетін қамсыздандыруға бейімдеп, денсаулық сақтау саласына енгізсе болады. Мәселен, мұндай мобайл бригадаларды АИТВ ауруын болдырмау, тексеру және емдеу ісіне де қолдануға болады. Бұл баспанасыз адамдардың диагностикадан өтуін жеңілдетеді, тексеру ауқымын кеңейтеді. АИТВ-ті тестілеу, болдырмау мен емдеу көрсеткіші артады, сөйтіп, бұл ауру баспанасыздар арасында да, жалпы халық арасында да таралуына бөгет болады. Қорыта келе, медициналық мекемеге жүгінген баспанасыз адамдарды стигмалау мен алалауға қарсы күресу үшін орасан зор жұмыс керек. Баспанасыз қалған адам нендей қиындыққа тап болатыны туралы ақпарат берумен қатар, оларды медицина және әлеуметтік қызметкерлер стигмалауына, алалауына қарсы күресу керек. Баспанасыз адамдардың медициналық-әлеуметтік қиындығын, денсаулығын қалпына келтіру мен қоғамға қайта бейімдеу мәселесін шешу жолы дәрігерлер мен әлеуметтік қызметкерлерден басталады. 166 Надежда Ряполова ҚОРЫТЫНДЫ Баспанасыздық жайлы айтқанда медицина жағын әлеуметтік, экономикалық, саяси және заң мәселесі деп бөліп қарауға болмайды. Баспанасыздық – күрделі мәселе, оны жан-жақты талдауға болады және жан-жақты талдау керек. Талдау барысында баспанасыз адамдар медициналық қызмет алу жолында айтарлықтай кедергіге тап болатынына көз жеткіздік. Қазақстандағы баспанасыздардың өмір сүру сапасын жақсартуға қатысты бүкіл жауапкершілікті денсаулық сақтау жүйесіне арта салуға болмайды. Дегенмен денсаулық сақтау жүйесі баспанасыз қалған адамдардың өмірінде басты рөл атқарып отыр, өйткені далада қалған адам үшін ең басты нәрсе – денсаулық. Баспанасыз адамдарға қатысты әлеуметтік-экономикалық мәртебе мен стигмаға қарамастан, қоғам оларды өзіндік қадір-қасиеті мен құқығы бар, басқалармен қатар медициналық көмек ала алатын азамат ретінде мойындауы керек. Төнуі мүмкін қауіп-қатерлерді ескерсек, үйсіз-күйсіз қалған адамның орнында қай-қайсымыз да болуымыз мүмкін. Стационарға жақын маңдағы қоқыс төгетін жерге апарып тастаған да; қала шетіне шатыр тігіп, сонда күштеп оқшаулап, өлтіріп тастаған да; жедел жәрдем шақырғанда онда қаңғыбастар бар деп бармай қойған да; өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған орталыққа алмай қойған да; сәйкестендірмей және стационарда көмек көрсетпей қойған адам да сол баспанасыз адамның орнында болуы мүмкін. Үкімет үйсіз көшеде жүргендер мәселесін шешемін деп талпынуға тиіс, баспанасыздықты жоятын және содан туатын ауыртпалықты азайтатын, баспанасыз адамдардың құқығын бұзуға тыйым салатын заңдарды сақтауға мүдделі болуға тиіс(Farha, 2019). Сайып келгенде, халық арасындағы баспанасыздарға бағытталған денсаулық сақтау саласындағы саясатты іске асырғанда және бағдарламаларды әзірлегенде үкімет пен негізгі мүдделі тараптар осы бір ең әлсіз және назардан тыс қалып келе жатқан топты ешкім алаламайды деп кепілдік беріп, халықаралық адам құқығына сай жұмыс істеуге тиіс. 167 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК ДЕРЕККӨЗ 1. Батталова З.К., Кожагулов А.Б. және Оразбекова С.Р.«Исследование связи между бездомностью и осуществлением права на доступное жилье», 2020. Аналитический отчет по результатам социологического исследования. – URL: https://drive.google.com/file/d/1mhcrrwembtXh5Vrw8PcqYz8M_bh1dP5q/view (Соңғы қаралған күні: 18 ақпан 2023 жыл). 2. Молдабеков Д. және Логинова О.«Городок-призрак», Vlast.kz, 8 мамыр 2020 жыл. – URL: https://vlast.kz/obsshestvo/39410-gorodok-prizrak.html(Соңғы қаралған күні: 11 қаңтар 2023 жыл) 3. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру(МӘМС)| Қазақстан Республикасының электронды үкіметі. – URL: https://egov.kz/cms/kk/articles/ health_care/osms(Соңғы қаралған күні: 11 қаңтар 2023 жыл). 4. Садыкова Н.«Диагноз: бомж»,«Караван», 22 маусым 2011 жыл. – URL: https:// www.caravan.kz/gazeta/diagnoz-bomzh-58456/(Соңғы қаралған күні: 11 қаңтар 2023 жыл). 5. Farha, L.(2019). A/73/310/rev.1: Report of the special rapporteur on adequate housing as a component of the right to an adequate standard of living, and on the right to nondiscrimination in this context— note by the secretary-general, OHCHR. – URL: https:// www.ohchr.org/en/documents/thematic-reports/a73310rev1-report-specialrapporteur-adequate-housing-component-right(Соңғы қаралған күні: 11 қаңтар 2023 жыл). 6. Find& Treat service(no date). NHS choices. NHS. – URL: https://www.uclh.nhs. uk/our-services/find-service/tropical-and-infectious-diseases/find-treat-service (Соңғы қаралған күні: 18 ақпан 2023 жыл). 7. People, population and community(no date). People, population and community – Office for National Statistics. – URL: https://www.ons.gov.uk/ peoplepopulationandcommunity(Соңғы қаралған күні: 11 қаңтар 2023 жыл). 8. Shelton, K.H. et al.(2009).«Risk factors for homelessness: Evidence from a population-based study», Psychiatric Services, 60(4), pp. 465–472. – URL: https://doi. org/10.1176/ps.2009.60.4.465.(Соңғы қаралған күні: 18 ақпан 2023 жыл). 9. Tukmadiyeva, M.(2018). Kazakhstan: Nations in transit 2018 country report, Freedom House. – URL: https://freedomhouse.org/country/kazakhstan/nations-transit/2018 (Соңғы қаралған күні: 11 қаңтар 2023 жыл). 10. Zhao, E.(2022).«The key factors contributing to the persistence of homelessness», International Journal of Sustainable Development& World Ecology, 30(1), pp. 1–5. – URL: https://doi.org/10.1080/13504509.2022.2120109.(Соңғы қаралған күні: 11 қаңтар 2023 жыл). 168 Наталья Ворошилова ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ АУДАНДАРЫНДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМДАРЫНА РЕСУРС ТЕҢ БӨЛІНБЕУІ ТУРАЛЫ Наталья Ворошилова v.n.voroshilova@gmail.com КІРІСПЕ Кейінгі кездегі зерттеу жұмыстарына сүйенсек, денсаулық сақтау саласындағы әділетсіздік адамдарды бөліп тұрған экономикалық және әлеуметтік кедергі дейді(ДДСҰ, 2013; Heitkemper&Thurman W, 2022: 374–376; Cahill, 2020: 105; Rine, 2022: 5-6). Халықтың денсаулығы – кез келген мемлекеттің ең маңызды құндылығы, сондықтан денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік әділетсіздік бәріне, әр адамға қатысты. Сондықтан денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік әділдікті зерттеу өзекті болып отыр. Әлеуметтік әділдік ұғымының бірнеше компоненті бар. Қазір бұл ұғымның бірнеше анықтамасы қолданылып жүргенімен, зерттеу барысында К. Бюттнер-Шмидт пен М.Л. Лобо анықтамасын қолданамын.«Әлеуметтік әділдік дегеніміз – қоғамда тең құқылы өмір сүруі және әділ тәртіп қалыптасуы үшін азаматтардың қоғам өміріне толыққанды қатысуы, әл-ауқаты мен ауыртпалығын теңестіру». Бюттнер-Шмидт пен М.Л. Лобо әлеуметтік әділдіктің мынадай атрибуттары бар дейді: 1. Әділдік. 2. Денсаулыққа әсер ететін әлеуметтік детерминанттар жеткілікті болуына ықпалын тигізетін билікті, ресурстар мен процесті тең бөлу. 3. Әділ институттар, жүйелер, құрылымдар, саясат пен процестер. 4. Адам дамуы, құқығы мен тұрақтылығындағы теңдік. 5. Қоғам мүшелерінің бәрінің әл-ауқаты мықты болуы(BuettnerSchmidt&Lobo, 2012: 948–58). 169 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Қазақстан жайлы айтсақ, денсаулық сақтау саласындағы«әлеуметтік әділдік» термині ҚР«Денсаулық сақтау жүйесі туралы» заңына енгізілген. Заңда«азаматтардың медициналық көмек алуындағы әлеуметтік әділдік пен теңдік – Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi мен мiндеттерiнің бірі» деп жазылған(Аdilet.zan.kz, 2020). ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында негізгі үш принцип жарияланған: 1. Әлеуметтік әділдік. 2. Сапалы медициналық көмекпен халықты жаппай қамту. 3. Денсаулық үшін ортақ жауапкершілік(Primeminister.kz, 2018). Қазір денсаулық сақтау жүйесінде«Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын басшылыққа алады, бұл бұрынғы бағдарламалардың жалғасы саналады(Adilet.zan.kz, 2021). «Қазақстан Республикасы – әлеуметтік әділдік принципін іске асырып отырған әлеуметтік мемлекет» деуге әлі ерте. Әлеуметтік мемлекет ІЖӨ-нің 20–25 пайызын білім беруге, 30–40 пайызын әлеуметтік қамсыздандыруға, оның 10–20 пайызын денсаулық сақтауға жұмсайтын болса, ҚР 2021 жылы мемлекеттік бюжеттен денсаулық сақтау саласына ІЖӨ-нің 2,7 пайызын, білім беру саласына 4,8 пайызын бөлген. Салыстыра кетейік: АҚШ денсаулық сақтау саласына ЖІӨ-нің 17,1 пайызын, Швейцария 12,3 пайызын, Франция 11,3 пайызын, Германия 11,2 пайызын жұмсайды(Arnapress.kz). Сондай-ақ ҚР денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік әділдіктің«денсаулыққа әсер ететін әлеуметтік детерминанттар жеткілікті болуына ықпалын тигізетін билік, ресурстар мен процесті тең бөлу» сияқты атрибуты сақталып отырған жоқ. Теңдік бұзылғанының бір көрінісі: ауылдарда қаладағыдай емес, дәрігерлер мен медицина қызметкерлері жетіспейді. 2020 жылы ауыл халқына қарағанда қала халқына негізгі мамандықтарды игерген дәрігерлерді 3,58 есе көп бөлген, яғни қалада 10 000 адамға шаққанда 20,4 дәрігерден келсе, ауылда 5,7 дәрігерден келеді. Барлық дәрігер мамандар(тіс 170 Наталья Ворошилова дәрігерін қоспағанда) үлесін анықтасақ, қалада 10 000 адамға шаққанда 56,6 пайыз болса, ауылда 17,3 пайыз, яғни 3,3 есе аз. Орта медицина қызметкерлер үлесі де әртүрлі: қалада 10 000 адамға шаққанда 118,1 медқызметкерден келсе, ауылда 70 медқызметкерден келеді, яғни 1,7 есе аз(Adilet.zan.kz, 2020). Әлеуметтік әділдік бұзылуы мемлекеттік деңгейде ғана емес, қала, аудан деңгейінде де байқалады. 2018 жылы Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала және жеке әкімшілік-аумақтық бірлік мәртебесін алды. 2013 жылы бекітілген Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес қала аумағы екі кезең бойынша кеңейеді: • 2015 жылға қарай қала құрамына Сайрам ауданындағы 29 елді мекені беріледі; • 2025 жылға қарай қала құрамына тағы жеті елді мекен кіреді (Ордабасы ауданындағы екі елді мекен мен Төле би ауданындағы бес елді мекен). Елді мекендерді қосқанға дейін Шымкент қаласының әкімшілік-аумақтық бөлінісі үш ауданнан тұрды: Абай, Әл-Фараби және Еңбекші ауданы. 2014 жылы қала аумағына жақын аудандарды қосқан соң, төртінші Қаратау ауданы құрылды. 2022 жылғы шілдеде Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары жалпы аумағы 36 300 гектар болатын жаңа бесінші ауданды бекітіп, келісім берді. Сөйтіп, қала аумағы кеңейіп, әкімшілік-аумақтық бөлінісі өзгеріп, халық саны өсіп жатыр, дегенмен денсаулық сақтау инфрақұрылымында өзгеріс байқалмайды. Соның салдарынан жаңа аудандардың тұрғындары денсаулық сақтау ресурсын, емдік-профилактикалық мекемелер кадр тапшылығын сезініп отыр. Бұл зерттеудің басты мақсаты – Шымкент қаласы аудандары арасындағы денсаулық сақтау ресурстарының бөліну сипатын талдау. Зерттеу төрт кезеңнен тұрады: 1. Шымкент қаласы аудандарында денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастырудағы әлеуметтік әділдіктің қазіргі деңгейін бағалау. Шымкент қаласы аудандарында денсаулық сақтау инфрақұрылымын ұйымдастыру барысындағы әлеуметтік әділдік атрибуттарын салыстыра талдау. Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және 171 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Қаратау ауданындағы мына көрсеткіштерді талдау: • халық саны; • демографиялық көрсеткіштер(туу, өлім, табиғи өсім); • алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүктемесі көрсеткіштері. 2. Шымкент қаласындағы денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін үш сарапшыдан сұхбат алу. 3. Денсаулық сақтау саласын ұйымдастыру барысындағы әлеуметтік әділдікті сақтау үшін өзге елдер нендей шешім қабылдайтынын, халықаралық тәжірибелерді талдау. Әлеуметтік әділдікті сақтауға және мәселені шешуге қатысты ұсыныстар әзірлеу. Осы жұмыстарды атқару барысында жүйелі әдеби шолу, контентанализ, сарапшылардан сұхбат алу, салыстырмалы талдау, статистикалық талдау әдісі сияқты әдістерді қолдандық. Сарапшылардан алынған сұхбат материалдары, ресми статистикалық деректер, Web of Science, Scopus халықаралық ғылыми мәліметтер базасынан алынған материалдарды(2012 жылдан 2022 жылға дейін жарияланған 27 маңызды ғылыми мақала іріктеліп талданды) пайдаландық. Шымкент қаласы аудандарындағы тұрғындардың медициналық көмек алуы Сапалы медициналық көмекпен халықты жаппай қамту дегеніміз – денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік әділдіктің алғышарты деп ДДСҰ бекіткен. Жаппай қамту дегеніміз – елдегі әр тұрғын табыс деңгейіне, әлеуметтік мәртебесі мен тұрғылықты жеріне қарамастан бірдей(сапалы) қызмет жиынтығын алуы. Жаппай қамту аясында халықтың бәріне бірдей жеңілдік жасалады. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасында«МСАК қызметін күшейту, аурулардың профилактикасы мен оларды басқару, халықтың күткеніне сәйкес қажетті медициналық көмекке уақытылы қол жеткізу арқылы денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуды қамтамасыз етеді» деп бекітілген. 172 Наталья Ворошилова Зерттеу барысында денсаулық сақтау саласындағы ресурстар Шымкент қаласы аудандары арасында тең бөлінбегеніне көз жеткіздік(1, 2, 3-кесте). 1-КЕСТЕ. 2018–2021 жылдардағы Шымкент қаласы аудандарындағы халықтың демография көрсеткіші Көрсеткіш Туу (абс.) Туу (көрс.) Өлім(абс.) Өлім(көрс.) Табиғи өсім(көрс.) Жылы 2018 2019 2020 2021 2022 2018 2019 2020 2021 2022 2018 2019 2020 2021 2022 2018 2019 2020 2021 2022 2018 2019 2020 2021 2022 Абай 8 571 8 568 8 799 8 750 8 792 29 29,2 28,8 27,4 27,4 1 478 1 182 1 865 1 956 1 272 5,1 4 6,1 6,1 3,9 24,7 25,1 22,7 21,2 23,4 Әл-Фараби 409 2 473 2 388 7 189 6 516 2,2 12,1 11,6 34,8 31,5 1 036 887 1 124 1 336 827 4,9 4,3 5,5 6,5 4 –2,9 7,7 6,2 28,3 27,5 Еңбекші 4 830 4 558 4 795 4 666 4 250 16,2 15,3 15,8 15,1 13,8 1 329 1 130 1 644 1 875 1 246 4,6 3,8 5,4 6,1 4 11,8 11,5 10,4 9,1 9,7 Қаратау 8 655 6 852 8 334 5 008 4 727 39,04 30,7 35,2 19,6 18,4 906 786 1 185 1 252 946 3,7 3,5 5 4,9 3,7 34,9 27,2 30,2 14,7 14,7 173 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК 2-КЕСТЕ. 2018–2022 жылдардағы Шымкент қаласы аудандарындағы МСАК дәрігерінің жүктемесі көрсеткіші Халық саны 2018 2019 2020 2021 Абай 285 950 293 830 305 011 319 823 Әл-Фараби 204 211 204 992 205 461 206 876 Еңбекші 295 321 298 265 302 638 308 151 Қаратау 212 801 223 095 236 698 255 944 Медициналық ұйымдардың жылдық орташа саны Абай 5 7 7 11 Әл-Фараби 9 9 10 9 Еңбекші 8 9 11 12 Қаратау 9 10 11 11 ЖПД учаскелердің жылдық орташа саны Абай 190 195 198 207 Әл-Фараби 68 73 79 84 Еңбекші 111 121 129 142 Қаратау 147 158 169 179 Бір жалпы практика дәрігеріне(ЖПД) қанша адамнан келеді Абай 1 679,2 1 640 1 662 1 627,7 Әл-Фараби 1 476,1 1 364 1 526 1 393,5 Еңбекші 1 558,1 1 573 1 552,5 1 475,6 Қаратау 1 453,4 1 498 1 518 1 680,4 2022 320 770 207 023 308 525 257 286 Көбею қарқыны (2018–2022 жж.)(%) 12,18 1,38 4,47 20,9 12 58,3 9 0 13 38,5 12 25 207 8,9 90 148 2 191 23,03 1 583,7 1 421,9 1 582,1 1 607,3 –6,03 –3,7 1,5 10,6 174 Наталья Ворошилова 3-КЕСТЕ. 2018–2022 жылдардағы Шымкент қаласы аудандарындағы медицина ұйымдарының медициналық техникамен жабдықталуы Регламентке сай медициналық техникамен жабдықталу(абсолют саны) 2018 2019 2020 2021 2022 Абай 16 623 17 589 18 001 18 576 20 089 Әл-Фараби 8 745 9 789 11 253 12 434 14 184 Еңбекші 15 997 16 456 16 559 17 199 17 199 Қаратау 12 989 13 456 14 563 15 032 16 154 Медициналық техникамен нақты жабдықталғаны(абсолют саны) Абай 9 152 10 023 11 424 12 885 15 521 Әл-Фараби 6 463 7 638 8 245 9 045 10 270 Еңбекші 10 512 10 976 12 152 13 136 14 231 Қаратау 8 952 10 102 11 326 12 176 13 678 Жабдықталу пайызы Абай 74,1% 61,23% 65,23% 66,79% 78,72% Әл-Фараби 63,5% 66,4% 68,5% 69,72% 75,59% Еңбекші 69,4% 72,5% 75,23% 77,04% 81,8% Қаратау 75,4% 76,31% 75,3% 79,3% 83,4% Көбею қарқыны (2018–2022 жж.) (%) 20,85 62,19 12,02 24,36 69,59 58,9 35,37 52,79 6,23 19,04 17,87 10,6 2022 жылы ең көп адам өмірге келген, табиғи өсімі жоғары аудан Абай ауданы екенін 1-кестеден көре аламыз. Алайда 2-кестеге назар аударсақ, Қаратау ауданындағы жылдық орташа халық санының өсімі басқаларінікінен жоғары екенін аңғарамыз. Абай ауданындағы туу көрсеткіші мен халықтың табиғи өсімі және Қаратау ауданындағы жылдық орташа халық санының табиғи өсімі 2018 жылдан бері жылдам артқаны байқалып тұр. Дегенмен Абай ауданы(58,3%) мен Еңбекші ауданына(38,5%) қарағанда Қаратау ауданында 2018–2022 жылдары медициналық ұйымдар саны соншалық көбейе қоймаған(25%). 2-кестеден Қаратау ауданында ЖПД учаскелерінің саны жыл сайын көбейгенін(2018–2022 жылдардағы өсімі 23,03%), алайда 175 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК дәрігерлердің саны емес, бір жалпы практика дәрігеріне түсетін жүктеме артқанын көреміз. Бұл орайда жалпы практика дәрігері учаскелері көбеюі халық саны артуына тікелей байланысты екенін айта кеткен жөн: адам көбейген сайын учаскелер саны да артады. ЖПД учаскелерінің көбею қарқыны жалпы практика дәрігерлерінің көбею қарқынынан екі есе артық. 2018 жылы Қаратау ауданында бір ЖПД тіркелген адамдар арасынан 1 453,4 емделушіге қызмет көрсетсе, 2022 жылы 1 607,3 емделушіге қызмет көрсеткен. Салыстыра кетейік: Абай және Әл-Фараби ауданында бір дәрігердің жүктемесі азайған: 2018 жылы бір ЖПД тиісінше 1 679,2 және 1 476,1 адамға қызмет көрсетсе, 2022 жылы тіркелген халық арасынан 1 583,7 және 1 421,9 адамға қызмет көрсеткен. 3-кестеден Шымкент қаласында медициналық техникамен жабдықтау ісі де барлық ауданда тең жүрмейтінін көреміз. Ең жақсы жабдықталғаны – Қаратау ауданы. 2022 жылы жабдықталу деңгейі бекітілген нормативтің 83,4%-ына тең болған. Еңбекші ауданындағы нақты жабдықталу деңгейі нормативтің 81,8%-ына тең болған. Ең жоғары өсім Әл-Фараби ауданында тіркелген, бес жылда жабдықталу деңгейі 19,04% өскен. Сондай-ақ норматив бойынша жабдықталу өсімі қарқыны нақты жабдықталу өсімінен бірнеше есе артық екеніне назар аударайық. Стандарттар талап бойынша артқанымен, іс жүзінде әлдеқайда баяу жүзеге асады. Сөйтіп, 2022 жылғы желтоқсанда Шымкент қаласындағы халыққа 45 медицина ұйымы қызмет көрсеткен(он үші мемлекеттік, отыз екісі жеке). Басқа аудандарға қарағанда Қаратау ауданындағы халық саны жылдам өскенімен(20,9%), бұл аудандағы медициналық ұйымдар саны әлдеқайда аз(25%). Шымкент қаласы аудандарындағы МСАК жүктемесін талдағанда, жүктемесі ең көп аудан Қаратау ауданы екені, ол ауданда 2022 жылы бір дәрігерге 1 607,3 емделушіден келгені анықталды. Қаратау ауданында МСАК жүктемесі өсіп жатқаны байқалады. Дегенмен Қаратау ауданының техникамен жабдықталу көрсеткіші өте жоғары. Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, Шымкент қаласы аудандары арасында денсаулық сақтау саласына қатысты ресурстар тең бөлінбейді, әлеуметтік әділдіктің негізгі атрибуттарының бірі бұзылып отыр. 176 Наталья Ворошилова Ресурстар неге тең бөлінбейді? Медицина ұйымдары Шымкент қаласының бір ауданында көп те, екінші бір ауданында неге аз екенін, басқа бір ауданында дәрігерлер саны мен жабдықталу деңгейі неге жоғары екенін анықтау үшін Шымкент қаласындағы денсаулық сақтау саласында қызмет ететін сарапшылардан, жеке клиника директорынан, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерінен сұхбат алдым. Сұхбат барысынан бірнеше дәйексөз келтірейін: «Қазір Шымкент қаласында медицина ұйымдары саны жеке медицина ұйымдары есебінен артып отыр. Жалпы, 2018 жылы медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін 13 мемлекеттік емхана болса, 2022 жылы да сол он үштен артпаған. 2023 жылы да, 2024 жылы да өзгермейтін сияқты. Ал жеке емханалар саны көбейіп келеді. 2018 жылы 31 болса, 2022 жылы 46 болғанын көріп отырсыз. Күрделі мәселелер бар. Ол мәселелерді шешу үшін кешенді жұмыс керек, қаланы жоспарлау бағытын өзгертуден бастап, содан туатын мәселелерді біртіндеп шешу керек. Оны шешу үшін үкімет, азаматтық қоғам, аудандық қоғамдастықтар, бизнес қоғамдастықтар өкілдері мен медицина мекемелері бірдей қатысуы керек» дейді Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының қызметкері. «Меніңше, қазіргі жағдай мен ресурстарды бөлу жайы сын көтермейді. Иә, теңсіздік бар, бірақ аудандар да бірдей емес, әрқайсының өз ерекшелігі, өз нюансы бар. 2023-2024 жыл бюджеті мен ресурсын жоспарлағанда осы мәселелерді ескереміз. Дегенмен қала жоспарында жаңа денсаулық сақтау объектілерін салу қарастырылған. 2019 жылы 1 000 орындық стационары, кеңес беру-диагностикалық орталығы бар көпсалалы университет клиникасын салу жобасы басталды. Клиника Қаратау ауданы аумағында салынады» деді Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының қызметкері. «Кәсіпкермін, жеке медицина орталығының директорымын. Медициналық орталық ашқысы келген кәсіпкердің екі жолы бар: 1. Қаланың орталығынан, яғни Абай ауданынан ашу. Ол жерде бәрі бар(жалға алатын бөлме табылады, коммуникацияның бәрі үнемі істеп тұрады, ыңғайлы кіреберісі мен автотұрағы бар, инфрақұрылымы жолға қойылған), адам да көп. 177 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК 2. Орталықтан алысырақ жерде, яғни қала шетінен – Қаратау ауданынан ашу. Ол жердегі үйлер мен ТК бәрі негізінен жуырда салынған, жалға алатын бөлме аз. Бәрін басынан жасауың керек, коммуникацияны салу да өзіңе түседі. Кәсіпкерлер көбіне орталықты таңдайды. Орталықтан алысырақ ашуға жағдай жасалса дейміз, шет жақтағы аудандарда медицина ұйымдары болғаны жақсы ғой. Сондай-ақ мынаған мән беріңіз: мәселен, мен дәрігермін, орталықта пәтерім бар. Демек, жұмысты да орталықтан іздеймін, өйткені күнделікті бір жарым сағат жол жүргім келмейді. Сондықтан кәсіпкерлерді ғана емес, дәрігерлерді де ынталандыру керек, сонда Қаратау ауданында жұмыс істегісі келетін дәрігерлер көбейеді, жалпы практика дәрігерінің жүктемесі азаяды» дейді Шымкент қаласындағы жеке клиника директоры. Сарапшылардан алынған сұхбатты талдай келе, бұл мәселені қаланы жоспарлауды өзгерту; кәсіпкерлер мен дәрігерлерді қазір медицина ұйымы аз, ал ЖПД жүктемесі көп болып отырған Қаратау ауданында жұмыс істеуге ынталандыру арқылы шешуге болатынына көз жеткіздік. Қаланы басқару және жоспарлау барысында денсаулық сақтау саласындағы ресурстарды тең бөлуді басты орынға қою керек. Қазіргі жағдайды қалай жақсартуға болады? Сонымен, статистикалық мәліметті, сарапшылардан алынған сұхбаттарды және халықаралық мәліметтер базасында жарияланған маңызды деген 27 мақаланы талдадық. Мақалалар тізімін«Талданған мақалалар» бөлімінен көре аласыз. Қолда бар мәліметтерге сүйеніп Шымкент аудандарында тұратын халық денсаулық сақтау қызметін өзгелерімен тең алуына жағдай жасау үшін мынадай ұсыныстар тастағымыз келеді: 1. Практикалық денсаулық сақтау саласында шешім қабылдайтын адамдарды қосымша оқытуға қаржы бөлу. Оқыту барысында денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік әділдік мәселесіне көңіл бөлу. Бұл амалдар қаладағы, ауылдағы және қала 178 Наталья Ворошилова аудандарындағы медицина ұйымдарында қызмет ететін денсаулық сақтау саласы мамандары санын көбейтуге, ұйымдарды медтехникамен жабдықтауға деген байыпты көзқарас қалыптастырады деп білеміз. 2. Қаланы жоспарлағанда орталықта не қала маңында тұратынына қарамастан халыққа бірдей жағдай жасау. Денсаулық сақтау ресурстары аудандар арасында тең бөлінбейтінін, мұндай мәселе барын ескеру. 3. Шымкент қаласы Қаратау ауданында медицина ұйымын ашуға ынталандыру, жағдай жасау жұмыстарына мемлекет бюджетінен қаржы бөлу. Бұл денсаулық сақтау саласындағы ресурстарды теңдей бөлуге көмектеседі. ДЕРЕККӨЗ 1. Ad ilet.zan.kz, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» №360-VI ЗРК Кодексі. – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K2000000360 2. Adilet.zan.kz, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қазандағы «ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» №634 қаулысы. – URL: https://primeminister.kz/kz/decisions/15102018-634 3. Adilet.zan.kz, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын бекіту туралы» №725 қаулысы. – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/ docs/P2100000725 4. Adilet.zan.kz,«Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы және 2020 жылғы денсаулық сақтау саласы ұйымдарының қызметі» Денсаулықтың әлеуметтік детерминантының жеткілікті болуына ықпал ететін биліктің, ресурстың және процестің бөлінісіндегі теңдік. – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K2000000360 5. Arnapress.kz. – Насколько Казахстан готов к быстрому реагированию на эпидемии, 2 маусым 2022. – URL: https://www.arnapress.kz/ zdravoohranenie/220861-naskolko-kazahstan-gotov-k-bystromu-reagirovaniyu-naepidemii#:~:text=Доля%20расходов%20госбюджета%20на%20здравоохранение,%2C7%25%20за%202021%20год 6. ДДСҰ, Денсаулық – 2020: ХХІ ғасырдағы еуропалық саясат пен стратегияның негізі, 2013. 7. Buettner-Schmidt K, Lobo ML. Social justice: a concept analysis. J Adv Nurs. 2012 Apr; 68(4): 948–58. 8. Cahill N. The Pursuit of Social Justice. Can J Diet Pract Res. 2020 Sep 1; 81(3): 105. 9. Heitkemper EM, Thurman W. Social justice informatics: A critical approach for the future. Nurs Outlook. 2022 May-Jun; 70(3): 374–376. 10. Rine CM. Social Justice: A Life-or-Death Issue for the Profession. Health Soc Work. 2022 Jan 31; 47(1): 5-6. 179 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК ТАЛДАНҒАН МАҚАЛАЛАР: 1. Abu VK. Let us be unequivocal about social justice in nursing. Nurse Educ Pract. 2020 Aug; 47: 102849. 2. Adinoff B, Reiman A. Implementing social justice in the transition from illicit to legal cannabis. Am J Drug Alcohol Abuse. 2019; 45(6): 673–688. 3. Braillon A. Social determinants of health: social justice and vested interests. Lancet. 2019 May 4; 393(10183): 1805-1806. 4. Capron AM. Social justice is a global issue: ethical pandemic planning. Hastings Cent Rep. 2008 Jan-Feb; 38(1):5-6; author reply 6-7. 5. Chinn PL. Educating for social justice. J Nurs Educ. 2014 Sep; 53(9): 487. 6. Correa M, Löwy I. Reproductive technology and social justice: a view from Brazil. Reprod Biomed Online. 2020 Dec; 41(6): 1151–1153. 7. Crawford D, Jacobson D, McCarthy M. Impact of a Social Justice Course in Graduate Nursing Education. Nurse Educ. 2022 Jul-Aug 01; 47(4): 241–245. 8. Draper JK, Feltner C, Vander Schaaf EB, Mieses Malchuk A. Preparing Medical Students to Address Health Disparities Through Longitudinally Integrated Social Justice Curricula: A Systematic Review. Acad Med. 2022 Aug 1; 97(8): 1226–1235. 9. Eversman MH, Bird JD. Moral Panic and Social Justice: A Guide for Analyzing Social Problems. Soc Work. 2017 Jan 1; 62(1): 29–36. 10. Fox M, Thomson M. Realising social justice in public health law. Med Law Rev. 2013 Mar; 21(2):278–309. 11. Freidl W, Fazekas C, Raml R, Pretis M, Feistritzer G. Perceived social justice, longterm unemployment and health. A survey among marginalised groups in Austria. Soc Psychiatry Psychiatr Epidemiol. 2007 Jul; 42(7): 547–53. 12. Gushue GV, Lee TR, Postolache N, Yang J, Godinez J, Samel S, Vaknin A. Awareness, social cognition, and commitment: Developing a social justice orientation in psychology training programs. J Couns Psychol. 2022 Apr; 69(3): 257–267. 13. Harrison L Jr, Clark L. Contemporary Issues of Social Justice: A Focus on Race and Physical Education in the United States. Res Q Exerc Sport. 2016 Sep; 87(3): 230–41. 14. Hawkes S, Gamlin J, Buse K. Social justice: what’s in it for gender equality and health? BMJ. 2022 Feb 19; 376:o431. 15. Heitkemper EM, Thurman W. Social justice informatics: A critical approach for the future. Nurs Outlook. 2022 May-Jun; 70(3): 374–376. 16. Huddle TS. The limits of social justice as an aspect of medical professionalism. J Med Philos. 2013 Aug; 38(4):369–87. 17. Kayman H, Ablorh-Odjidja A. Revisiting public health preparedness: Incorporating social justice principles into pandemic preparedness planning for influenza. J Public Health Manag Pract. 2006 Jul-Aug; 12(4): 373–80. 18. Leong FTL, Pickren WE, Vasquez MJT. APA efforts in promoting human rights and social justice. Am Psychol. 2017 Nov; 72(8): 778–790. 19. Muzzi A, Panà A. Sanità pubblica e giustizia sociale[Public health and social justice]. Ig Sanita Pubbl. 2010 May-Jun; 66(3): 267–71. 20. Polack RJ. Social justice and the global economy: new challenges for social work in the 21st century. Soc Work. 2004 Apr; 49(2): 281–90. 21. Rosenbaum S, Hawkins DR Jr. The Good Doctor—Jack Geiger, Social Justice, and U.S. Health Policy. N Engl J Med. 2021 Mar 18; 384(11): 983–985. 180 Наталья Ворошилова 22. Ruger JP. Health and social justice. Lancet. 2004 Sep 18-24; 364(9439): 1075–80. 23. Shdaimah C, Lipscomb J, Strier R, Postan-Aizik D, Leviton S, Olsen J. Exploring Social Justice in Mixed/Divided Cities: From Local to Global Learning. Ann Glob Health. 2016 Nov-Dec; 82(6): 964–971. 24. Torres-Harding SR, Carollo O, Schamberger A, Clifton-Soderstrom K. Values and religiosity as predictors of engagement in social justice. J Prev Interv Community. 2013; 41(4): 255–66. 25. Thurman W, Pfitzinger-Lippe M. Returning to the profession’s roots: social justice in nursing education for the 21st century. ANS Adv Nurs Sci. 2017; 40(2): 184–193. 26. Venkatapuram S. Health Research and Social Justice Philosophy. Hastings Cent Rep. 2020 Nov; 50(6): 39-40. 27. Yanicki SM, Kushner KE, Reutter L. Social inclusion/exclusion as matters of social (in)justice: a call for nursing action. Nurs Inq. 2015 Jun; 22(2): 121–33. 181 ИНКЛЮЗИВ ҚАЛА Зейнеп Абетова, Мария Лабунцова ҚАЛАДА ЕМІН-ЕРКІН ЖҮРУ ҚҰҚЫҒЫ: МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ АУМАҒЫНДАҒЫ ОРТАҚ ОРЫНДАРДЫ КЕДЕРГІСІЗ ПАЙДАЛАНА АЛУЫ(«АСТАНА» КЕЙСІ) Зейнеп Абетова abetova.zeinep@gmail.com Мария Лабунцова mariya.labuntsova@gmail.com КІРІСПЕ Мүгедектігі бар адамдарды интеграциялау – әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекет саясатының маңызды бағыты. БҰҰ Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясына сүйенсек,«мүгедектік дегеніміз – эволюцияланатын ұғым екенін және мүгедектік денсаулығы бұзылған адамдар мен қоғам өміріне басқалармен бірдей толық әрі тиімді қатысуына кедергі келтіретін қарым-қатынастық және орта тосқауылдары арасындағы өзара іс-қимылдың нәтижесі»(Gov.kz).«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» №129-VII заңның 2022 жылғы 2 маусымда редакцияланған нұсқасының 3-бабының 4-тармағына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекет саясаты мыналарға: 1) мүгедектіктің алдын алуға; 2) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғауға, соның ішінде оңалтуға; 3) мүгедектігі бар адамдардың қоғаммен етене араласуына бағытталған(Adilet.zan.kz, 2005). Кез келген адамды қаладағы ортаға интеграциялау тұрғын үй кеңістігінен басталады, қалада тұратын адам үйінен шығып, басқа жерлерге барады, күнде қаладағы өзге адамдармен, көрші-көлеммен 185 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК өзара байланысады. Зерттеу жұмысымыздың мақсаты – мүгедектігі бар адамдардың тұрғын үй ауласындағы ортақ кеңістікті пайдалану құқығына кедергі болып отырған негізгі жағдайларды анықтау. Зерттеу нысаны – Астана қаласындағы мүгедектігі бар адамдар тобы. 2023 жылғы дерекке сүйенсек, Астана қаласында 32 292 мүгедектігі бар адам тұрады, оның арасындағы әйелдер саны 14 857 болса, ер адамдар саны 17 435(Gov.kz, 2022). 2023 жылғы ақпандағы мәліметке сәйкес Астана қаласындағы мүгедектігі бар адамдар саны(барлығы: 32 292) Әйелдер 46% 14 857 17 435 Еркектер 54% Зерттеу әдістемесі әр тұрғынның«қалада емін-еркін жүру құқығы» бар деген әділдік тұжырымына сүйенген. Д. Харви қалада емін-еркін жүру құқығы ұғымын бәріне бірдей берілген өмір сүру мүмкіндігі, негізгі материалдық қажетін өтеу, қосу және айырмашылық сияқты белсенді құқық деп түсіндіреді(Харви, 2008). Лос-Анжелестегі урбанистика мектебінің негізін қалаған Э. Сожаның тұрғындардың бәрі бірдей ортақ пайдалана алатын, әсіресе инклюзив технологиялық ортаны дамытуға бағытталған әлеуметтік интеграцияға сүйенген қоғамдық орындарды қалыптастыру идеясы да орынды(Soja, 1996). Халықтың түрлі тобы 186 Зейнеп Абетова, Мария Лабунцова репрезентациясын және қоғамдық өмірдегі белсенді интеграциясын арттырсам деген мақсаты бар қала әлеуметтік капиталын өсіруге жағдай жасайды, барынша қауіпсіз және жайлы болады. Гипотеза: Астана қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын басқару ісін ұйымдастыратын уәкілетті органдар мүгедектігі бар адамдардың қажетін біз ратификациялаған халықаралық Конвенция талаптары мен мемлекеттік заңнама нормаларына сай болуы керегін толық ескеріп отырған жоқ, сондай-ақ осы саладағы заң актілері қаншалық сақталатыны бақыланбайтындықтан, қаладағы қоғамдық кеңістік инфрақұрылымын пайдалану барысында әлеуметтік әділдік пен«қалада емін-еркін жүру құқығы» принципі дұрыс сақталып отырған жоқ. Зерттеу барысында эмпирикалық мәлімет жинау әдісін пайдаландық: астанадағы мүгедектігі бар адамдардың мүддесін қорғайтын қоғамдық ҮЕҰ өкілдерінен және мүгедектігі бар адамдардан сараптамалық жан-жақты сұхбат алдық, НҚА-ны талдадық, астана тұрғын үйлеріндегі ортақ кеңістік жағдайына визуал талдау жасадық. Мәселенің сипаты Астанадағы қазіргі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын басқару жүйесі мүгедектігі бар адамдардың қажетін Конвенция талаптары, мемлекеттік заңнама стандарттары мен нормаларына(Adilet. zan.kz, 2001) сай толық өтей алмай отыр, заң актілері қаншалық сақталатыны бақыланбайтындықтан қаладағы қоғамдық кеңістік инфрақұрылымын пайдалану барысында әлеуметтік әділдік принципі жөнді іске асып отырған жоқ. Қазір Қазақстанда объектілер мүгедектігі бар адамдарға қаншалық ыңғайлы екенін анықтауға көмектесетін екі карта бар: «Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталындағы (Gov.kz)«Қолжетімдіктің интерактивті картасы» және«Қолжетімді Қазақстан» картасы(Doskaz.kz). Екінші карта doskaz.kz сайтында жарияланған және осы аттас мобайл қолданбасы да(азаматтық қоғам өкілдері жасаған) бар. Мемлекеттің«қолжетімдік картасындағы» мәліметтерге сүйенсек, тұрғын үй кешендерінде кедергісіз орта құру жағдайы мынадай(1-сурет): 187 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Астана қаласындағы ыңғайлы тұрғын үй кешендерінің пайызы(барлығы 124 ТК) Көру қабілеті бұзылған адамдар Есту қабілеті бұзылған адамдар Арбада отыратын адамдар Қарт кісілер Алматы(21 ТК) Есіл(76 ТК) Сарыарқа(23 ТК) Байқоңыр(5 ТК) 0% 25% 50% 75% 1-СУРЕТ. Астана қаласындағы тұрғын үй кешендерінің ыңғайлылығы «Қолжетімдіктің интерактивті картасында» Астанадағы жиыны 124 тұрғын үй кешені көрсетілген. Объектілердің кіреберісі, ішкі жүретін жолы, қызмет көрсету аймағы, санитарлық-тұрмыстық бөлмелері, аумағы сияқты параметрлері бойынша қаншалық ыңғайлы екені бағаланған. 1-суретте осы параметрлер бойынша жиынтық мәлімет көрсетілген. Тұрғын үй кешені картасында көру және есту қабілеті бұзылған адамдарға(тиісінше 26,8% және 43,8%) қаншалық ыңғайлы екені туралы мәлімет жоқ, бұл мүгедектігі бар адамдар арасында осы санаттағыларды ескере қоймағанын көрсетеді. Оның үстіне Есіл және Алматы ауданындағы ыңғайлылық пайызы жоғары болғанымен, картада көрсетілген бұл аудандардағы тұрғын үй кешендері саны аз, ал бұл астана тұрғын үйлеріндегі кедергісіз орта қаншалық қалыптасқанын толық түсінуге мүмкіндік бермей отыр. 188 Зейнеп Абетова, Мария Лабунцова «Қолжетімді Қазақстан» азаматтық картасында Астана қаласындағы мүгедектігі бар адамдарға ішінара ыңғайлы бір тұрғын үй мен жатақхана көрсетілген. Дегенмен осы жоба негізін қалағандардың сөзіне сүйенсек, олар объектіні бағалағанда әлдеқайда өзектірек нормативтерді қолданыпты. Оның үстіне бұл жерде мүгедектігі бар адамдарға ғана емес, уақытша жарақат алған, балалар арбасын алып жүретін және жүкті әйелдерге де қаншалық ыңғайлы екені ескерілген. Сөйтіп, нысан қаншалық ыңғайлы екенін сараптап, мониториң жасағанда тұрғын үй кеңістігіне емес, қызмет көрсету нысандары мен демалып отыратын жерлерге баса назар аударылды. Ыңғайлы орта қалыптастырудағы негізгі қиындықтар Эмпириялық мәліметтерді талдау барысында астана тұрғын үйлеріндегі ортақ кеңістіктерді мүгедектігі бар адамдар кедергісіз пайдалана алуына байланысты туған қиындықтарды 1) инфрақұрылым дық; 2) басқарушылық, заңнамалық деп жіктеуге болатынына көз жеткіздік. Инфрақұрылымдағы кедергілер Жалпы, Астана екіге бөлінеді: бірі – тұрғын үй қорының басым бөлігі ескірген және кеңес кезінен жеткен, кедергісіз орта элементтерімен жабдықталмаған оң жағалау, екіншісі – НҚА талабы бойынша пайдалануға берілетін кезде ыңғайлы жағдайлардың бәрі жасалуға тиіс заманауи көпқабатты тұрғын үй кешендері бар сол жағалау. Сонымен қатар әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы мүгедектігі бар адамдарға ыңғайлы болмаса, осы іске жауаптылар әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны заңда жазылғанымен(Adilet.zan.kz, 2014), астананың екі бөлігіндегі тұрғын үй объектілерінің техни калық инфрақұрылымы мүгедектігі бар адамдар қажетін өтеуге толық сай емес. «Бір жаманы, қазіргі қала жағдайының шамамен 80% мүгедектігі бар адамдарға ыңғайлы емес деп таныған жөн, өйткені үй 189 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК маңындағы аумақта, әсіресе мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлерде мүгедектігі бар адамдардың қауіпсіз, еркін жүру талабына сай келетін пандустар жоқ, техникалық жағдай жасалмаған. Тірекқимыл аппараты бұзылған адамдардың қалада жүріп-тұруы өте қиын шығар деп ойлаймын»(№5 сарапшы). Астанадағы нүктелі құрылыс үй аумақтарындағы көше кеңіс тігін дұрыс пайдалануға кедергі. Мысалы, сарапшылар осындай қауіпті құрылыстар қала тұрғындары мен мүгедектігі бар адамдарға қосымша кедергі тудырып отыр, атап айтқанда, мүгедектігі бар адамдар көлігін қояр жер таппай қалады, ауладағы қар, мұзды уақытылы тазарта алмайды, сонымен қатар көлік тұрағы мен тротуарларда дұрыс тәртіп болмаған соң, жүріп-тұру да қиындайды дейді. Сарапшылар мен респонденттер тұрғын үй кешендері аумағын кедергісіз орта қылуға бағытталған талапты мына жағдайлар бұзып отыр дейді: ТК кіреберісі Үй маңындағы аумақ 1) Пандустар: көлбеу дәрежесі, сүйеніш биіктігі, жабын материалы дұрыс емес және орналасқан жері ыңғайсыз (кіреберісін көлік жауып тұрады, есігі пандусқа қарай ашылады, түсетін жол тұраққа не жолға тіреледі); 2) Есігі мен тамбуры тар, кіретін есіктегі серіппесі қатты, домофон жүйесі жоғары орнатылған, табалдырығы мен баспалдағы биік. 3) Подъезд еденіндегі жабын тайғақ (кафель, керамогранит). «Ауласы ғана емес, көлік тұрағын, үйдің пандусы мен табалдырығын айтпағанның өзінде, жалпы үйдің өзіне мүгедектігі бар адамның кіруі қиын, құрылысқа қатысты НҚА-да бұл талаптар жазылғанымен, құрылысшылар мен әкімдік жанындағы сәулет басқармасы іс жүзінде ол міндеттерін орындамайды( № 8 сарапшы). 1) Көлік тұрағында мүгедектігі бар адамдар көлігін қоятын орын аз. 2) Тұрақтағы орынға мүгедектігі жоқ жүргізушілер көлігін қояды (көбіне арнайы белгі жоқ, қыста арнайы жолақ бетін қар басып қалады); 3) Аулада орын болмағандықтан арнайы көліктер(«Инватакси») үй аумағына кіре алмайды; 4) Жол жабыны(мүгедектігі бар адамдарға жол тегіс болғаны не резеңке жабын болғаны ыңғайлы); 5) Жиектасы, тротуары биік орналасқан, тротуардан түсетін жері биік және тар; 6) Тротуардан түсетін жердің қары мен мұзын жөнді тазартпайды. 2-СУРЕТ. ТК-дегі инфрақұрылым мәселелері (респонденттер мен сарапшылардың жауабына сүйеніп жасалған) 190 Зейнеп Абетова, Мария Лабунцова Біздіңше, тұрғын үйлерді қабылдап алар кездегі мүгедектігі бар адамдарға техникалық жағдай жасау жөніндегі жалпы талапта қиындықтар бар, соған байланысты құрылыс салушыларға берілетін техникалық сипаттамаларды ҚР ЕЖ 3.06-101-2012 талаптарына сай нақты жазу және орындалуын қадағалау керек. Сөйтіп, ғимарат пен инфрақұрылым объектілерін салу барысында арнайы қондырғылар қойылған-қойылмағанын, ҚНжЕ талаптары мен басқа да нормалар сақталғанын қадағалау тиісті деңгейде іске аспайды, сонымен қатар тұрғын үй кешендерінде, қоғамдық орындарда мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасау және қоғамға бейімдеу ісіне арнайы қызмет не әкімдік жүйелі мониториң жасамайды. Сарапшылар мен мүгедектігі бар адамдардың жауабына қарап, кедергісіз қала талабына сай тұрғын үй кешендерін ұйымдастыру ісіндегі техникалық жағдайға олардың көбінің көңілі толмайтынын анықтадық. Заңнамаға және басқаруға қатысты мәселелер Сарапшылар мен мүгедектігі бар адамдардың жауаптарын саралай келе, олар мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғауға риза емес екеніне көз жеткіздік, олардың пікірінше, мүгедектігі бар адам дар қоғамға бітеқайнасып кете алмауына, қаладағы кедергісіз орта қалыптастыру деңгейі төмен болуына Конвенция мен НҚА талаптары сақталмайтыны негізгі себеп болып отыр дейді. Мемлекет 2015 жылы«Мүгедектердің құқықтары туралы» конвенцияны ратификациялағаннан бері елдегі мүгедектігі бар адамдарды қорғау жөніндегі заң шығару қызметінде оң өзгеріс байқалған: ҚР заң актілеріне өзгертулер енгізілген, мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғауға және тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған ұлттық жоспарлар жасалған, жұмыс орындарын мүгедектігі бар адамдарға ыңғайлап ашу ісін жобалау және жоспарлауға қатысты мемлекеттік стандарттар мен нормативтік-техникалық құжаттар әзірленген, ғимараттарды, инфрақұрылым объектілерін салғанда ҚНжЕ мен басқа да нормативтерді басшылыққа алып, осы құжаттардағы кіреберіс жолын, пандус салу, мүгедектер арбасына арналған қондырғыларды қою талаптары қаншалық сақталғанын қадағалайтын жүйе 191 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК құру керек деп айтылған(Adilet.zan.kz). еGov-та әлеуметтік қызметтерге арналған электрон портал,«Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталы, МБА-ға арналған қосымшалар сілтемесі жазылған«Мүгедектігі бар адамдарға арналған электронды қолжетімдік» порталы бар(Aleumet.egov.kz). ҮЕҰ-ның бастамасымен және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен 2012 жылдан бері Мүгедектік мәселелері жөніндегі кеңесші институты енгізілген(Unicef.org, 2015). Дегенмен БАҚ астана жыл қорытындысы бойынша көш соңында қалды деген ақпарат таратқан. Мұндағы мақсатты трансферттер орындалу деңгейі небәрі 68% болған, соның ішінде 1,9 млрд теңге қала маңындағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық объектілерді дамытуға, 3,3 млрд және 7,7 млрд теңге көлік инфрақұрылымын дамытуға кеткен(vastane.kz). Оның үстіне ғимараттарды салу барысында ҚНжЕ талаптары(ҚР ҚН 3.06-01-2011) қаншалық сақталғанын білу қиын, https://online.zakon.kz/ сайтында ақылы, ал https://adilet. zan.kz сайтында жоқ, Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорының жалпы тізімінде ғана бар https://www. egfntd.kz/rus/page/NTD_KDS_SPRK. Біздіңше, бұл мәселе құрылыс компаниялары мен тұрғын үй құрылысы нарығындағы коммерциялық тараптар лоббиінен туып отыр. Сұхбат нәтижесіне сүйенсек, мүгедектігі бар адамдар сондай-ақ өзінің нендей құқығы бары туралы ақпарат бермейтіндіктен, билік пен үй басқарушыларының қызметіне риза емес. Біздіңше, мүгедектігі бар адамдардың мүддесін қорғау үшін кешенді жұмыс атқару керек. Халықаралық сарапшылар қоғамдастығында әлеуметтік инклюзия мен«қайырымды қала» мәселелерін зерттегенде басқарудағы«іске асу»(feasibility) тұжырымына сүйенеді: қала әкімдігі мен ТКШ басшылары мәселені түсініп отырса да, ресурсы жетпегендіктен үлкен құрылымға ықпал ете алмайды(Rachele, 2020). Дегенмен үй басқарып отырғандар мүгедектігі бар адамдардың қажеті жайлы білімін жетілдіргені жөн. МИБ пен ҚС өкілдері құрған әлеуметтік желідегі арнайы топтарында тұрғын үй кеңістігінде кедергісіз орта құру мәселесі 192 Зейнеп Абетова, Мария Лабунцова талқыланбайды, басшылары көбіне ұйымдастыру мәселесіне қатысты құзыретін арттырғысы келеді(есеп беру, жиналыс хаттамасы, смета т.б.), ал тұрғындар үйдің жалпы мәселелерін(жылу, су, электр желісі, қауіпсіздік, тұрғын үй аумағын тазалау және абаттандыру) шешуге басымдық береді. Қазіргі ТКШ жүйесінде тұрғындар тұрғын үй кеңістігіне кедергісіз орта элементтерін қою үшін жиналыс жасап, кедергісіз орта құруға қаржы бөлу туралы немесе ТКШ-ны модернизациялау үшін несиелеу бағдарламасына өтінім беру туралы шешім қабылдауы керек. Мүгедектігі бар адамдардың пікірінше, көршілердің көбі қаржы бөлуге немесе ортақ кеңістікті мүгедектігі бар адамдардың қажетін ескере отырып ұйымдастыруға келіспейді, ал тұрғындар мүгедектігі бар адамдар нендей қажеті барын айтатындай жалпы жиналыс өткізе бермейді. Қазір тұрғын үй кеңістігін өз қажетін ескере отырып ұйымдастыру процесіне белсенді қатысатындай мүгедектігі бар адамдардың мүмкіндігі жоқ. Оның үстіне сарапшылар қала тұрғындары мен қала басшыларының, құрылыс компанияларының арасында кері байланыс жоқ дейді. «Ыңғайлы қала, қаланы абаттандыру туралы кез келген іс-шарада сәулет басқармасы басшысы немесе құрылыс компаниясы басшысы баяндама оқитыны, істеген жұмыстарын айтатыны, ал пікірталасқа көше қалса, тұрғындарға бір-екі минут қана беретіні, ол кезде компания мен әкімдіктен келген басшылар кетіп қалатыны құпия емес. Ондай кезде қала тұрғындары мен азаматтар өзара әңгімелесумен шектеледі немесе әкімдік пен құрылыс компаниясында істейтін, бірақ мәселені шеше алмайтын қызметкермен ғана сөйлеседі» (№1 сарапшы). Қиындықтар қатарына мемлекеттік органдарда мүгедектігі бар адамдардың өкілі аз, сондықтан бұл жағдай олардың мүддесін жоғары деңгейде қорғауға кедергі болып отырғанын да қосу керек. 193 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР Мақалада аталған мәселелерді ескере отырып, қазір қаладағы тұрғын үй ортасы мүгедектігі бар адамдардың қажетін мемлекет ратификациялаған халықаралық конвенция мен шығарған заң нормалары талаптарына сай толық өтеп отырмағанын, сондай-ақ бұл мүгедектігі бар адамдарға айтарлықтай қолайсыздық тудырып отырғанын айта кеткен жөн. Мүгедектігі бар адамдардың«қалада емінеркін жүру құқығын» сақтау үшін мынадай шараларды ұсынамыз: 1) Тұрғын үй кешендері мен үй маңындағы аумақтарда мүгедекті гі бар адамдардың кедергісіз жүріп-тұруын қамтамасыз ететін инфрақұрылым мен техникалық жағдай жасау саласындағы заң қанша лық сақталып жатқанын үнемі қадағалап, бақылап отыратын мемле кеттік іс-шаралар жүйесін әзірлеу. Атап айтқанда, құрылыс салушыларға берілетін техникалық сипаттамаға«Халықтың қауқары аз топтары үшін қолжетімділікті ескере отырып, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау» ҚР ҚЖ 3.06-101-2012 нормасын міндетті түрде енгізіп, құжатты eGov және inva.gov.kz/ru/legislation порталында мүдделі тараптардың бәріне бірдей тең жариялау. 2) Тротуарлар мен көшедегі жолдарды абаттандырумен айналыса тын ұйымдарды кедергісіз жүріп-тұруға арналған ортаның қазіргі жағ дайын қайта зерделеуге және нормативтерге сай етуге міндеттеу, сонда ғана олар мүгедектігі бар адамдардың өзіне-өзі қызмет ету дағдысын дамытуға көмектеседі, ал мүгедектігі бар адамдар тұрғылықты жеріне қарамастан қаладағы тротуарларға мініп-түсе алады, емханаларға, оқу және жұмыс орнына, сауда орталықтарына емін-еркін кіреді. Қаладағы ғимараттарды, үй маңындағы демалыс орындарын, емханаларды, білім беру мекемелерін пайдалануға берерде мемлекеттік заңнама мен«Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту» жөніндегі ұлттық жоспар талаптары сақталғанын тексеріп отыру керек. Осы салада қандай да бір кемшілік анықталған жағдайда «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» №242 заңның 3-тарауы 75–1 бабы және басқалары(Kodeksy-kz.com, 2001) сияқты тиісті заң актілерінде жазылғандай, кім нендей жауапкершілікке тартылатынын нақтылау керек. 194 Зейнеп Абетова, Мария Лабунцова 3) Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік ортаға бейімдеуге және әлеуметтендіруге жағдай жасай отырып қала тұрғындары қарымқатынасы саласында да кедергісіз ортаны дамыту; мүгедектігі бар адамдар мәселесіне қала халқы түсіністік танытатын, толерант инк люзив орта қалыптастыру жолын ойластыру. Мүгедектігі бар адамдарды мәдени және спорттық шараларға қатыстыра, онда тиісті техникалық инфрақұрылым жасай отырып интеграциялау керек. «Үшінші кеңістікті», яғни тұрғындар жақын маңдағы саябаққа, кафелерге, мәдени және басқа да орындарға баруын дамыту арқылы қаланың өзіндік ерекшелігі қалыптасады. Бұл жерде қаланың сыртқы дизайны әдемілігі емес, тұрғындарға қаншалық ыңғайлы екені маңызды. Осы орайда саябақтар мен спорттық іс-шаралардың маңызы зор, яғни мүгедектігі бар адамдар сол жерлерге баруға қиналып, өзін«айрықша» адам емес, еліміздің толыққанды азаматы ретінде сезінуі керек. Өзіндік ерекшелігі қалыптасқан қаланың халқы да қоғамдық орындарда белсенді болып, бәріне асқан жауапкершілікпен қарайды. Халықаралық тәжірибеге назар аударсақ, қала тұрғындарының бә ріне арналған әмбебап дизайн әдісі бар. Бұл әдіс қала кеңістігін тұрғындардың бәрінің мүддесін ескере отырып дамытуға ғана емес, сонымен қатар қоғамдық сананың өзгеруіне де көмектеседі, өйткені қаладағы ол элементтер мүгедектігі бар адамдарды халықтың басқа топтарына қарсы қоймайды, керісінше оларды қала өміріне араластыра түседі. 4) ПИК жүйесін МИБ және ҚС жүйесіне ауыстыру идеясы тұрғындар өз үйін жақсырақ басқарады, тұрғын үй кеңістігін өз қажетіне қарай жақсырақ ұйымдастырады дегеннен туған еді. Ал іс жүзінде тұрғын үй кешенінің басқарушы төрағалары да, құрылыс компаниялары да мүгедектігі бар адамдар кедергісіз қалада өмір сүруге құқылы екенін, ол үшін техникалық жағдай жасалу керек деген жауапкершілікті сезінбей отыр. Іс жүзінде қаладағы ТШК сияқты деңгейі бір, бірақ мүге дектігі бар адамдардың мүддесін қорғап, сол жолда жұмыс істейтін са рапшылар тобын құру керек және олар мүгедектігі бар адамдардың қа жетін анықтау үшін барынша жұмыс істеуі керек. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру-тапсыру ісін қадағалайтын сараптау комиссиясын құру, 195 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК оның құрамына түрлі мүгедектік санатына жататын кемінде 10–15 адамды қосу, сөйтіп, сараптама нәтижесі барынша ашық және әділ болатындай жағдай жасау керек. Ондай комиссиялар қаладағы тұрғын үй кеңістігі сапасын қадағалау ісіне үнемі қатысып, сол бақылау және қадағалау ісін күнделікті қалыпты жағдайға айналдыруы керек. Халықаралық тәжірибеге назар аударсақ, ыңғайлы орта құру және қамтамасыз ету жөніндегі мамандарды даярлайтын бағдарлама барына көз жеткіземіз. Осыған байланысты, тәуелсіз лицензиясы бар аудиторларды қатыстыру арқылы ыңғайлы орта қалыптастыратын сарапшылар қауымдастығы пулын құру үшін осындай бағдарламаларды енгізген жөн. Астанадағы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының қызмет сапасын мүгедектігі бар адамдардың қажетін өтеуді талап ете отырып және тұрғындарды әлеуметтік интеграциялауға көмек тесетін инклюзив инфрақұрылымның сапалы болуына жағдай жасай тын халықаралық конвенция нормаларына сай жақсарту керек. Заң қағаз жүзінде қалмай, іс жүзінде орындалуы керек, сондықтан қала құрылысы саласындағы заңнаманы(«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 заңының 10–2 бабы. Республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қалалардағы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құзыреті) орындамағаны үшін, ауладағы инфрақұрылым, балалар ойнайтын жердің жайкүйі т.б. талапқа сай болмаған жағдайда ірі көлемде қаржылай айыппұл салуды және әкімшілік жауапкершілікке тартуды енгізу керек. Жергілікті атқарушы билік органдары тұрғынжайларды тексеретін нендей жоспарлы шаралары бары заңда жазылмаған, тұрғын үй кеңістігінде және ауласында кедергісіз жүріп-тұратын орта құру туралы МИБ төрағаларына қолдау көрсететін кәсіби мамандар болмағандықтан, ТКШ бюджетінде үйлерді/тұрғын үй ауласын абаттандыруға жеткілікті қаржы бөлінбегендіктен, сондықтан қаржылай қиындық туғандықтан, бұл мәселелердің бәрі қала билігі назар аударуын және осы мәселелерді шешуін талап етіп отыр. 5) Қала әкімшілігі мен тұрғын үйлерге жауапты басқарма құры лымдарына мүгедектігі бар адамдардың қажетін ескере отырып ақпа раттық саясатты дамыту керек деген ұсыныс тастаймыз. Ыңғайлы 196 Зейнеп Абетова, Мария Лабунцова инклюзив кедергісіз қала ортасын пайдалануға адамдардың бәрінің бірдей құқығы барын, неге кей мәселелер шешілмей жатқанын, неге әкімдік қызметкерлері мен құрылыс компаниялары азаматтар ойын ескермейтінін, неге бақылау жасалмайтынын ақпарат құралдарында ашық айтып, түсіндіруге қала бюджетінен қаржы бөлінуі керек. 6) Тұрғын үйлер мен үй маңындағы аумақтарда мүгедектігі бар адам дар кедергісіз жүріп-тұратындай кеңістік құрып, техникалық инфрақұ рылым салу өте маңызды нәрсе деп ойлаймыз. Астанаға«Мүгедектердің құқықтары туралы» конвенция нормалары өз елінде нақты іске асқан шетелдік туристер мен қонақтар келетінін ескеру керек. Кедергісіз орта дегеніміз – мүгедектігі бар адамдардың өз бетімен жүріп-тұруына барлық мүмкіндік пен жағдай жасалған орта. Мысалы, зағиптарға тактильді плитка төселген, тірек-қимыл жүйесі бұзылған адамдарға арнап пандус қойылған, дыбысы бар лифті жұмыс істейді, Брайль тілінде жазылған батырмасы бар, табалдырығы жоқ есік салынған. МБА-ға бейімделген, олардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалу керек, үй маңындағы аумақтар мен тұрғын үй ауласына қатысты ТКШ-ға қойылатын талапты күшейтіп, соған сүйеніп еш кедергісіз әлеуметтік инфрақұрылым салу ісін ұйымдастыру керек. 7) Қала халыққа барынша ыңғайлы болуы үшін көптеген қызметті цифрландыру – урбанистикадағы тренд, ал астана бұл жағынан алғашқы қадам жасаған(«Қолжетімді Қазақстан» және«Қолжетімдіктің интерактивті картасы» цифрлы порталы). Бұл бағытта қала инфрақұрылымының техникалық, соның ішінде тұрғын үйлер кеңістігінің жай-күйін бақылауды дамыту керек. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қалада кедергісіз жүріптұру құқығын сақтауға қатысты ұсынылып отырған саясат нұсқаларының артықшылығы:«Мүгедектердің құқықтары туралы» халықаралық конвенция нормаларын іске асыру және сәйкесінше барлық қаласында, әсіресе сыртқы және ішкі сахнадағы елдің беткеұстары саналатын астанада инклюзив қоғам қалыптастыру. Бұл түрлі санаттағы мүгедектердің өмір сүру сапасы жақсаруына, әлеуметтік интеграция сапасы, азаматтардың жеке бас дамуы артуына, сонымен қатар қала инфрақұрылымының жай-күйіне жауапкершілікпен қарайтындар көбеюіне себеп болады. 197 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК ДЕРЕККӨЗ 1. Adilet.zan.kz,«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39 заңы. ҚР заңының 27.06.2022 жылғы №129-VII редакциясы. – URL:https:// inva.gov.kz/pdf/convention_ru.pdf. URL:https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z050000039. 2. Adilet.zan.kz, ҚР ҚН 3.06–101–2012«Халықтың қауқары аз топтары үшін қолжетімділікті ескере отырып, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау. Жалпы ережелер»(27.11.2019 жылғы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) // URL: https://www.egfntd.kz/upload/NTD/%D0%A1%D0%9F%20 %D0%A0%D0%9A/211021/SP_RK_3.06-101 2012.pdf; ҚР ҚН 3.06–01– 2011«Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған қолжетімді ғимараттар мен құрылыстар», Астана 2015. УДК 728.4 МКС 93.040.10.;«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 заңы. // URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z010000242_#z1.«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 27 маусымдағы №129-VII заңы. // URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2200000129«Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2018 жылғы 12 маусымдағы №131 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 4 шiлдеде №17157 болып тіркелді. 7-тарау. Халықтың қауқары аз топтары үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар // URL: https://adilet.zan. kz/rus/docs/V1800017157.«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V кодексі. // URL: https:// adilet.zan.kz/rus/docs/K1400000235#3239., 83-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын бұзу. 3. Adilet.zan.kz, Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды бекіту туралы 2019 жылғы 28 мамырдағы №326 қаулысы // URL:https://adilet.zan.kz/rus/docs/P1900000326;«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы №326 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы»,«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы №1142 қаулысы // URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000129#z415;«Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы қабылдаған шаралар туралы бастапқы баяндаманы бекіту туралы. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2017 жылғы 1 маусымдағы №330 қаулысы» // URL: https://www.egfntd.kz/rus/page/NTD_KDS_SNRK.;«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 заңы // URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z970000094_#z152. 4. Adilet.zan.kz, Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды бекіту туралы 2019 жылғы 28 мамырдағы 198 Зейнеп Абетова, Мария Лабунцова №326 қаулысы // URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs/P1900000326;«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі №352 қаулысы,«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы №326 қаулысы». Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы №326 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы №1142 қаулысы // URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000129#z415; «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы қабылдаған шаралар туралы бастапқы баяндаманы бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 маусымдағы №330 қаулысы. URL: https://www.egfntd.kz/rus/page/NTD_KDS_SNRK;«Тұрғын үй қатынастары» туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi №94 заңы // URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z970000094_#z152. 5. Aleumet.egov.kz. – URL: https://aleumet.egov.kz/. Ескі нұсқасы, URL: https:// psubeta.enbek.kz. URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs/P1700000330; URL: https:// inva.gov.kz/ru; URL: https://inva.gov.kz/ru/about?tab=dosup. 6. Vastane.kz. – URL: https://www.instagram.com/. 7. Gov.kz, Конвенция о правах инвалидов. Принята резолюцией 61/106 Генеральной Ассамблеи от 13 декабря 2006 года. – URL: https://inva.gov.kz/pdf/ convention_ru.pdf; 61/106. URL: https://www.un.org/ru/documents/decl_conv/ conventions/disability.shtml. 8. Gov.kz,«Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталы. – URL: https://inva.gov.kz/kk 9. Doskaz.kz,«Қолжетімді Қазақстан» онлайн-картасы. – URL: https://doskaz.kz 10. Kodeksy-kz.com,«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» №242 заң. – URL: https://kodeksy-kz.com/ka/ob_ arhitekturnoj_deyatelnosti/75-1.htm 11. Unicef.org,«Мүгедектігі бар адамдардың гендерлік ерекшелігін ескергендегі тұрмыс сапасы» іріктеп тексеру нәтижесі жөніндегі қортынды баяндама, Астана, 2015, 124-бет. – URL: https://www.unicef.org/kazakhstan/media/671/file/%D0%9F %D1%83%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1% 8F%20.pdf 12. Харви Д., Право на город. // ЛОГОС – №3(66) 2008 – С.85–94. – URL: http://www. intelros.ru/pdf/logos_03_2008/04.pdf; URL: https://kotlyarov.org/files/Devid_Harvi._ Pravo_na_gorod_2020.pdf 13. J.N. Rachele et al. Feasibility and the care-full just city: Overlaps and contrasts in the views of people with disability and local government officers on social inclusion. Cities (100) – 2020. – URL: https://doi.org/10.1016/j.cities.2020.102650 14. Soja Edward W., Thirdspace: Journeys to Los Angeles and other Real-andImagined Places // Sage Journal. – URL: https://journals.sagepub.com/doi/ abs/10.1177/030981689806400112. 199 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК 1-ҚОСЫМША. Тұрғын үйлер ауласын визуал талдау Астана қаласы № Фото Сипаттама 1 «Нұрлы ұя » ТК, Әйтеке би к., 16(Есіл ауданы). 2016 жылы пайдалануға берілген. Негізгі кіреберістерінің біріндегі тамбур мен кіретін есігі тар, арбада отыратын мүгедектігі бар адамға кедергі болуы мүмкін. 2 «Baqyt Premium» ТК, Ә. Бөкейхан к., 11 (Есіл ауданы). 2018 жылы пайдалануға берілген. Үй аумағы ортақ пайдаланылатынына қарамастан(подъезд бен үй маңындағы дүкендер тротуар деңгейінде тұр, лифтіде тактильді пиктограммалар бар т.б.), лифтіге жету үшін баспалдақпен шығасың. Ал пандус пен көтергіш жоқ. 3 «Жігер-2» ТК, Ш. Құдайбердіұлы к., 23 (Алматы ауданы). 2014 жылы пайдалануға берілген. Фотосуреттегілер: 1) Пандус екі көлбеу жолдан тұрады, бірақ екеуінің арасына көлденең жол салынбаған, сондай-ақ екі жолдың кеңдігі екі түрлі. Оның үстіне подъезд есігі пандусқа қарай ашылады, арбадағы адамның жүруіне кедергі болады. Пандустың тұтқасы мен борты жоқ. 200 Зейнеп Абетова, Мария Лабунцова 2) Инфрақұрылым объектісіне жету үшін ТК-ден шығу керек. Объектіге барар жолдағы тротуар тар, қыста қарын толық тазартпайды. 3) Ауладағы жолдың да қары мен мұзын толық тазартпайтыны көрініп тұр. Мәселен, суретте тұрақ пен пандустан түсетін жолды қар басып жатыр. Сонымен қатар түсетін жердегі тұтқалар талапқа сай емес. 4 «Тамыз» ТК , Н. Тілендиев к., 15/1 (Сарыарқа ауданы). 2008 жылы пайдалануға берілген. Пандустан түскен соң басталатын жол тегіс емес, еңіс, сондай-ақ дереу тұрақ басталып кетеді, сондықтан жаяу жүргіншілерге де, жүргізушілерге де қауіпті. Сонымен қатар пандус кең, демек, арбадағы мүгедектігі бар адамның тұтқадан ұстауы қиын. 5 Жатақхана , Дүкенұлы, 7(Сарыарқа ауданы). Бұл жатақханада(тірек-қимыл аппараты мен көру қабілеті бұзылған) екі респондентіміз тұрады. Тұрғын үй ғимаратының аумағы аса ыңғайлы емес. Пандусы ыңғайсыз(екі шетіндегі тұтқа ұзындығы пандустың өзінен 30 см ұзын болуға тиіс, пандустың борты жоқ, жоғары жағындағы арба тұратын/шығатын орын тым тар), сондай-ақ ауладағы демалыс аймағындағы жиектас емінеркін өтуге кедергі болады. Көру қабілеті бұзылған адамдарға ыңғайлы болатындай жағдай жасалмаған. 201 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК 6 Ш. Құдайбердіұлы к., 14 (Алматы ауданы) мекенжайындағы тұрғын үй. 1985 жылы салынған. Қалада ыңғайлы орта қалыптастыру барысында ескі тұрғын үй қорына жататын осы ғимаратқа айрықша мән беру керек. Мұндай үйде тұратындардың көбі қарттар мен денсаулығы нашар адамдар екенін ескерген жөн. Бұл үйлерде көбіне лифт не көтергіш қоюға техникалық мүмкіндік жоқ. Дегенмен ең қарапайым талаптарды(пандус, сүйеніш, тактильді тақтай орнату) орындау керек. 7 Сарыарқа ауданы, Абай даңғылы, 1-тұрғын үй, 1983 жылы салынған. Баспалдақтың кафель жабыны тайғақ, сүйеніші жоқ, лифтісі тар. 202 Зейнеп Абетова, Мария Лабунцова 8 «Степной» ТК, Мұстафин к., 13/1 үй, (Алматы ауданы). «Альянс строй инвест» құрылыс компаниясы салған, 2007 жылы пайдалануға бер�лген. Баспалдақ: к�ребер�с� және подъездег� лифт�ге шығатын жер�, баспалдақтың сүйен�ш� мүгедект�г� бар адамға ыңғайсыз. 203 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК 9«Шығыс» ТК, Сығанақ, 16 (Есіл ауданы). 2018 жылы пайдалануға берілген. «Елорда құрылыс компаниясы» салған. Подъездегі баспалдақ: түсуге қиын, пандусқа керамогранит, подъезге кафель төселген. 204 Зейнеп Абетова, Мария Лабунцова 10«Brussels 2» ТК,«Памир» ТК, Ш. Айтматов к., 40, 38 (Есіл ауданы). G-Park компаниясы салған, 2021 жылы берілген. Осыған дейін жазылған мәселелерге ұқсайды. 11 Мемлекеттік бағдарламамен салынған тұрғын үй , Ш. Қосшығұлұлы к., 11/1 (​Сарыарқа ауданы) 2011 жылы салынған. Осыған дейінгі жазылған мәселелерге ұқсайды. 205 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК 12«Sarmat» ТК, Сауран к., 3/1 (Есіл ауданы). BI Group компаниясы салған, 2011 жылы берілген. Жаяу жүргіншілерге арналған тротуардан түсетін жерден дереу көлік жүретін жол басталып кетеді, көлік көп, түсетін жері әр жер, әр жерде, бір жақтан ғана түсуге болады, жиектасы биік. 206 Зейнеп Абетова, Мария Лабунцова 13«Номад» ТК, Сығанақ к., 10 (Есіл ауаны). BI Group компаниясы салған, 2008 жылы берілген. Түсетін жолы дәл сондай. Пандусы қыста мұзайдынына айналады. 14«Тұмар» ТК, Түркістан к., 4, Түркістан, 4А(Есіл ауданы). «Азбука Жилья» компаниясы салған, 2013 жылы берілген. Пандус жолға шығып тұр. «Отандастар » ТК , Алматы к., 13.«Ақмола Құрылыс Материалдары» компаниясы салған, 2011 жылы берілген. 207 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК «Асыл тау» ТК, Түркістан к., 2, 1-блок.«Nur Astana Kurylys» компаниясы салған, 2022 жылы берілген. 208 Қасиет Омарова ИНКЛЮЗИВ ҚАЛА: МҮГЕДЕКТІГІ БАР ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕРДЕН СҰРАҢЫЗ Қасиет Омарова kassiyet.almaty@gmail.com Катя көшеде басы салбырап, әр басқан адымын аңдап басып бара жатыр. Сүрініп құлап қалмаймын ба деп қорқады. Абайлап, ақырын жүріп барады. Бар күшін бойына жиып алған. Екі көзі тротуарда. Катя қаладағы ең әдемі көшенің бойында кетіп бара жатқанымен, тартымды витриналарды да, кафедегі жайлы үстелдерді де, ойнап жүрген балаларды да көзге ілген жоқ. Көшедегі музыканттар мен жарқыраған кәдесый дүңгіршектерінің қасынан өтіп барады.«Мына плиткаларды неге салды екен? Әдемісінен бұрын, ыңғайлы болуы керек қой! Қисық-қисық плиткалар...» дейді Катя. Қала әкімшілігі, сәулетшілер мен турагенттіктер көшеміз әдемі деп мақтанатындай болғанымен, мұның бәрі Катяға кедергі болып көрініп тұр. Өйткені Катя балдақпен жүреді. Көшеде бара жатқандағы мақсаты жалғыз: барар жеріне құламай жету. Көшеге, дүкендерге, кафеге, айналасындағы күлімдеген жұртқа қарар шамасы жоқ. Жолдағы сұхбаттан. 2020 жылғы қазан, Алматы КІРІСПЕ Алматыда екі миллионнан аса адам тұрады, түрлі болжамдарға сүйенсек(https://stat.gov.kz/api/getFile/?docId=ESTAT334809), олардың 30–40% жүріп-тұруы белгілі бір деңгейде шектеулі адамдар қатарында екен, яғни шамамен 700–800 мыңға жуық адам мүгедектігі бар адамдар тобына жатады және ыңғайлы жаяу жүргіншілер инфрақұрылымына мұқтаж(adilet.zan, 2001). Қоғамдық көлікпен жүргенге 209 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК қиналатын қарттар, балалар мен мүгедектігі бар адамдар жаяу жүреді, бірақ үйінен алыс ұзай алмайды, сондай-ақ тротуармен ғана жүреді. Демек, жүріп-тұруы шектеулі адамдардың көбі жүретін негізгі жол – тротуар. Жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын мүгедектігі бар адамдарға лайықтап салу жағы әлі де кемшін. Ресми статистикаға сәйкес, Алматы қаласында мүгедектігі бар 56 мың адам тұрады. Мүгедектігі бар адамдар жүре алатын жолмен адамдардың бәрі жүре алатыны сөзсіз. Сондықтан жаяулар жүретін жол мәселесін мүгедектігі бар адамдарға(ДДСҰ, 2023) қаншалық ыңғайлы екеніне баға бере отырып зерттеген жөн. Зерттеліп отырған мәселені жақсырақ түсіну үшін әмбебап дизайн тұжырымын пайдалануды ұсынамыз. Әмбебап дизайн дегеніміз –«барлық адамдар үшін бейімделудің немесе арнайы дизайнның қажеттілігінсіз пайдалануға барынша мүмкін дәрежеде жарамды етуге арналған заттардың, жағдайлардың, бағдарламалардың және көрсетілетін қызметтердің дизайнын білдіреді.«Әмбебап дизайн» қажет болған жерде мүгедектердің нақты топтарына арналған ассистивті құрылғыны жоққа шығармайды»(Мүгедектердің құқығы туралы конвенция, БҰҰ). Тротуарлар жаяу жүргіншілердің бір түріне ғана арналмауы керек, сол сияқты көлік жүретін жол да бір ғана көлік түріне арналмауы керек. Сондықтан жаяу жүргіншілер жолын жобалаушылар мен құрылысшылар халықтың бәріне ыңғайлы, қажетін өтейтінін жол салуы үшін түрлі топқа жататын адамдардың жеткілікті қабілет спектрін жете білуі керек. Адамдардың қозғалыс қабілеті икемі мен ебіне, тепе-теңдік сақтауы мен қозғалысын үйлестіруіне, шыдамы мен күшіне, есту және көру қабілетіне, білімі мен мәселені шешу жылдамдығына байланысты ерекшеленеді. Демек, бұл жағдайда олардың жүріп-тұруына жиектас, тік жол, тым тар учаске, баспалдақ, тактильді не дауыстап белгі беретін бағдар, нұсқау және навигация белгісі болмауы, кедірбұдыр жол жабыны кедергі. Жаяу жүргіншілер жолын ыңғайлы ету дегеніміз – түпкілікті нәтижеге апаратын тік сызық емес, ауқымды бір процесс. Барынша 210 Қасиет Омарова ыңғайлы ету керек жол қашан да табылады. Жолды ыңғайлы ету – ізгі ниет немесе қайырымдылық қана емес, мүгедектігі бар адамның қоғам өміріне, әсіресе шешім қабылдау рәсіміне өзгелермен бірдей қатысуға мүмкіндік беретін қарапайым құқығы. Дегенмен қаладағы жүргенге ыңғайсыз қоғамдық кеңістіктер мүгедектігі бар адамдардың мүддесін ескермегенін көрсетіп отыр. Мақаланың мақсаты – Алматы қаласындағы жаяу жүргіншілерге арналған қоғамдық орындар қаншалық ыңғайлы екеніне ден қойып, ондағы кей мәселелерге назар аударту және сол мәселелерді шешетін балама тәсілдерді ұсыну. Зерттеу аясында Алматы қалалық басқармалар, аудандық әкімдіктер және соларға қарасты ұйым қызметкерлерінен(тоғыз адам), мүгедектігі бар адамдар құрған ҮЕҰ басшылары мен қызметкерлерінен(жеті адаммен) сұхбат алынды. Зерттеуде сондай-ақ осы қалада тұратын сегіз адам түскен«Город для всех»(2021 ж.) деректі фильмі материалдары пайдаланылды. Жаяу жүргіншілерге арналған жол мүгедектігі бар адамдарға қаншалық ыңғайлы? Ондаған жылдан бері Алматы қаласын мүгедектігі бар адамдарға ыңғайлы етсек деген талпыныс бар. Мүгедектігі бар адамдар құрған ҮЕҰ мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан қалалары қаншалық ыңғайлы екенін онлайн-картаға түсірген. Мысалы, Қолжетімділіктің интерактивті картасы(https:// inva.gov.kz/kk) және Қолжетімді Қазақстан(https://doskaz.kz/). Министрлік даярлаған бірінші картадағы ақпарат әлеуметтік бағдарламалардың аймақтағы басқармалары арқылы жиналған, екінші картадағы ақпаратты еріктілер жинаған. Дегенмен екі картада да ғимараттар қаншалық ыңғайлы екені туралы ақпарат өте аз. Мысалы,«Қолжетімді Қазақстан» картасын дайындаған(2022 жылғы қарашада) еріктілер Алматы қаласындағы 776 нысанды қарап шыққан, оның 176-сы ғана ыңғайлы болып шыққан. Одан бөлек, екі картада да тротуарлар мен ашық аспан астындағы басқа да жаяу жүргіншілер аймағы жылдың қай маусымында 211 Қасиет Омарова қаншалық ыңғайлы екені туралы ақпарат жоқ. Бұл карталар мүгедектігі әртүрлі қолданушыларға арналғанымен, мұны көзі көрмейтін адамдар қолдана алмайды, сәйкесінше пайдасыз болып отыр. Әрине, қазір қалада ыңғайлы автобустар, пандустар, дауыстап белгі беретін бағдаршамдар мен тактильді жолдар көбейген. Дегенмен көшеде, психикалық ауытқуы бар адамдарды айтпағанның өзінде, сол құрылғыларды қолданатындар өте сирек. АҚШ пен Жапония тәжірибесіне қарасақ, көмекші құралдар техникалық стандартқа сай болуын ғана емес, адамдар қаншалық нақты қолданатынын, тиімділігін де бақылап отыру керегіне көз жеткіземіз. Қала басшылығы қала кеңістігі жаяу жүргіншілерге ыңғайлы, толық жағдай бар десе де, қиындықтар әлі де көп. Түрлі топтағы мүгедектігі бар жаяу жүргіншілерден алған сұхбат көрсетіп отырғандай, Алматы қаласының орталық көшелерінің бірі Панфилов көшесінде мүгедектердің мүддесі қорғалатын кез сирек әрі жүйелі емес (YouTube, 2022). Азаматтардың шешім қабылдауға қатысу механизмін нақтылап, күшейту керек. Жаяу жүргіншілер аймағы дегеніміз – пандус қойып, тротуарды жиектаспен қоршау ғана емес, сонымен қатар мүгедектігі бар адамдар жүруіне кедергі болуы мүмкін бұрылыстарды, ғимараттардың қасбетін, ағаштар мен көшедегі жиһаздарды да ыңғайлы етіп реттеу. Мысалы, салбырап тұрған бұтақтар зағип жүргінші мен еңкейе алмайтын адамға кедергі болуы мүмкін. Жердің үстіне шығып кеткен ағаш тамыры асфальтты жарып жіберуі, бөлектеніп тұрған тамырға адам сүрініп құлауы мүмкін. Көше атауы жазылған нұсқау не сілтеме жоқ болса, есту және сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарға қиын. Ғимараттың қасбеті қабырғасынан 10 сантиметрден артық шығып тұрса, жаяу жүргіншіге қауіп төнеді. Қалада зағип және көзі нашар көретін жаяу жүргіншілердің бағытбағдарын жақсарту үшін жақында ғана қойылған арнайы құрылғыларға жеке тоқталамыз. Сары жолақтар – бағытты, қозғалыс маршрутын көрсететін жолақ, ондағы ескерту нүктелері жолдағы кедергілерді көрсетіп тұрады. Тактильді навигация үзіліп қалмай, қарапайым, қисынды және бірегей схеманы көрсетіп тұруы керек. Осының бәрі қауіпсіз, қысқа жолды көрсетіп, жол тегіс, көз қарықтырмайтындай, аяқ тайып кетпейтіндей және кедергісіз болуы керек. 213 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Дауыстап белгі беретін бағдаршамның екі түрлі белгісі болуы керек. Бірі – дайындалу белгісі, екіншісі – өту белгісі. Ол екеуінің жиілігі мен дауысы бір-бірінен ерекше болуы керек. Ең дұрысы: қажет кезде ғана белгі беретін өту сигналын қосу батырмасын орнату. Сондай-ақ белгінің дыбысы автомат реттеліп тұруға тиіс. Даладағы шудан 5 дБ қаттырақ болуы, дегенмен 100 дБ-дан аспауы керек. Өту белгісіне құстардың даусын, шу және т.б. дыбысты пайдалануға болады. Тек адам құлағына жағымсыз естілетіндей болмауы керек. Бір жаманы, арнайы құрылғылар жүйелі қойылмаған, халықаралық стандартқа сай емес. Алматы қаласында жаяу жүргіншілер кеңістігін жоспарлау және салу жұмыстары қалай жүріп жатыр? Жаяу жүргіншілер кеңістігін ыңғайлы ету туралы ҚР заңнамасында жазылған. Ондай кеңістікті жобалау және пайдалану ісін реттеу үшін мына негізгі құжаттарға сүйенеді: 1.«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заң, 2001 жылы; 2.«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» заң, 2005 жылы; 3. Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы, 2015 жылы ратификацияланған; 4. ҚР ҚЖ 3.06-101-2012 Халықтың қауқары аз топтары үшін қолжетімділікті ескере отырып, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау. Жалпы ережелер». Дегенмен ҚР заңнамасында мүгедектігі бар адамдарды ашық аспан астындағы қоғамдық кеңістіктерді жобалауға және салуға қатысты шешім қабылдау рәсіміне қатыстыру регламенті жоқ. ҚНжЕ-де жаяу жүргіншілерге арналған жолдардың беті мен жиектасы, дыбыстық және тактильді белгілері, демалыс орындары және тағы басқалары ыңғайлы болуы үшін қойылатын аз ғана техникалық талаптар ғана жазылған. Қазақстанда қолданыстағы стандарттар мен құрылыс нормалары айқын емес және толық ыңғайлы жағдай жасауға жеткіліксіз. Алматы 214 Қасиет Омарова қаласында тротуарлар міндетті құрылыс нормаларын және жүріптұруы шектеулі адамдарға ыңғайлы болуын ескере отырып салынуға және жөнделуге тиіс. Ол нормативтерді қадағалау және орындау жұмыстың күрделігі мен орналасқан жеріне қарай түрлі мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарға жүктелген. Сонымен, жұмыстың негізгі үш түрін бөліп көрсетуге болады: 1) күрделі жөндеу\ құрылыс\ реконструкция; 2) ағымдағы жөндеу; 3) абаттандыру. Күрделі жөндеу\ құрылыс\ реконструкцияның негізгі екі кезеңі бар: жобалау және құрылыс-монтаждау жұмысы(ҚМЖ). Әдетте жобалауға Сәулет және қала құрылысы басқармасы тапсырыс береді, ал ҚМЖ-ға басқа басқарма, мысалы, объект мақсатына қарай Құрылыс, Экология не Қоршаған орта басқармасы тапсырыс беруі мүмкін. Бір жылға жуық жалғасатын бұл процесс барысында жұртшылық шешім қабылдау процесіне екі жолмен, яғни қалалық кеңес өкілдері немесе жобалаушы компанияның бастапқыда жүргізетін әлеуметтік сауалнамасына берген жауабы арқылы ықпал ете алады. Бір-екі жағдайды қоспағанда, мүгедектігі бар адамдар жобалау кезеңіне ешқашан қатыспайды десе де болады. Мысалы, 2021 жылы осы мақаланың авторы мен басқа да еріктілер жеті көшедегі 25 шақырымға жуық тротуарды жүріп өтіп, жобалаушыларға жүздеген ұсыныс тастаған. ҚНжЕ-дегі шектеулердің кесірінен, сондай-ақ«қала көлбеу орналасқандықтан және жерасты инженерлік желілерін айналып өту мүмкін болмағандықтан» бұл ұсыныстардың бірнешеуін ғана қабыл алған. Кей жобалаушылар салынған тротуарды тексеру үшін креслоарбада отыратын сарапшыларды арнайы шақырады, тіпті аудан әкімінің орынбасары кресло-арбаға отырып өзі тексерген кезі болған. Бас жоспарды бекіткен бас сәулетші жергілікті белсенді тұрғындар құрылыс жұмысы басталған сәтте-ақ жиі ескерту айта бастайды дейді. Ондай кезде жобаны ішінара қайта қарауға және мүмкіндігінше өзгертуге болады. Дегенмен мүгедектігі бар адамдардың мүддесін бұл процесте бір ғана адам – Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Әлеуметтік инфрақұрылым бөлімінің бас маманы қорғайды. 215 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Жаяу жүргіншілер аймағын жобалау және салу процесіне мүгедектігі бар адамдарды қатыстырудағы негізгі қиындықтар Бұл схеманың тағы бір маңызды аспектісі: құрылыс-монтаждау жұмысын істеп жатқан мердігерді ыңғайлылық жөніндегі ҚНжЕ-ні бұзғаны үшін жауапқа тарту механизмі әлсіз. ҚНжЕ-де бекітілгендерді сақтау міндетті екеніне қарамастан, жобалаушылар мен мердігерлер өз еркімен арыз жазса ғана ережеге сай істелген-істелмегені тексеріледі. 2016 жылдан 2019 жылға дейін объектілер мүгедектігі бар адамдарға ыңғайлы ма, жоқ па, ол жағы мүлде тексерілмеген. Жоба жөнінде келісіп алмай тұрып жаңа құрылысты бастап жататын, маман аяқталған объектіні қабылдап алуға ғана барып, сол кезде ғана бағалайтын кездер болады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында істейтін маманның айтуынша, ескерту беріліп, құрылыс компаниясы оны ретке келтірмесе, ғимарат пайдалануға берілмеуі керек. Бұл ережені ғимарат құрылысына қолданғаны түсінікті болғанымен, тротуарды жөндегенде ұзақ уақыт жолды жауып қоя алмайтындықтан, қолданғанға келмейді. Атап айтсақ, маман кейінгі жылдары Алматы қаласында салынған бір ғана тротуарды тексеріпті.«Ескерту–жою– келісу» циклі мәселе толық шешілгенге дейін бірнеше рет қайталануы мүмкін және неше рет қайталанса да, шектеу жоқ. Қала көшелеріндегі тротуардың негізгі бөлігін жоспарлы ағымдағы(орташа) жөндеу жұмысы Қалалық мобилділік басқармасының Көше-жол торабын дамыту бөлімінің тапсырысы бойынша атқарылады. Басқа жаяу жүргіншілер кеңістігі орналасқан жеріне қарай басқа басқармаларға қарайды. Мысалы, аула ішіндегі тротуарларды Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы мен аудандық әкімдіктер, ал саябақтардағы жолды Экология және қоршаған орта басқармасы, тұрғын үй кешені айналасындағы тротуарларды Құрылыс басқармасы қадағалайды. Жоспарлы ағымдағы жөндеу жұмысы қала бюджеті есебінен 5–7 жылда бір рет жүргізіледі. ҚМЖ-ға кепілдік – үш жыл, яғни мердігер үш жыл ішінде кем-кетіктің бәрін өз есебінен жөндеп отыруы керек. Алматыдағы көше-жол торабының ұзындығы 3 097 шақырым. Жыл 216 Қасиет Омарова сайын 30 шақырым тротуар жөндеуден өтеді. Бұрын шығар жол не пандус болмаса, ағымдағы жөндеу жұмысы аясында салынады. Дегенмен жалпы ағымдағы жөндеу жұмысы кезінде жолды 5 см-ден(айрықша жағдайда 12 см) терең жөндемейді, бастапқы түрін, соның ішінде тактильді навигация болса ғана қалпына келтіреді. Қалада жерастымен жүргізілген сумен қамту, жылумен қамту жүйесінде жиі апат болып тұрады. Апат болған жерлердегі тротуарларды қазу керек. Ондай кезде тротуарды қай қызметтің кесірінен бұзса, сол қызмет қалпына келтіреді. Мұндай жөндеу көбіне көктем, жазға дейін шегеріле тұрады. Ағымдағы жөндеуді сондай-ақ азаматтардың сұранысы бойынша да жасайды. Көше-жол торабын дамыту бөліміне күніне орта есеппен осындай 160 арыз түседі. Арызды тікелей бөлімге де, аудандық әкімдікке де немесе OpenAlmaty порталы арқылы да жазуға болады. Бұл бөлімде басшысын қосқанда бес адам жұмыс істейді. Осы бөлім қызметкерлері жөндеу орнына барып жөндеу жұмыстарының нәтижесін, соның ішінде ЖША-ға қаншалық ыңғайлы екенін тексеруге тиіс. Дегенмен жұмыс көп болғандықтан, қызметкерлердің қолы босамайды, әрдайым үлгере бермейді. Сондай-ақ арызданушылар жөндеу процесін өзі де бақылай алады. Мердігер жұмыстың сапасына жауап береді. Қандай да бір кемшілігі болса, оны реттеуге уақыт беріледі. Егер мердігер оны реттемесе, қара тізімге еніп, мемлекеттік тапсырыс конкурсына қатысу мүмкіндігінен айырылады. Аудандық әкімдіктер жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру аясында көгалдандыру, тазалау және қары мен мұзын тазарту жұмыстарын жүргізеді. Қаланың орталық көшелеріндегі тротуар әдетте төрт аймаққа бөлінеді: ғимараттың қасбет аймағы, жаяу жүргінші өтетін аймақ, ағаштар/көшедегі жиһаздар аймағы және жиектас/арық аймағы. Алматыда әр аймаққа әртүрлі басқарма жауапты, кейде бір аймаққа екі-үш басқарма жауапты болып келеді. Мысалы, тротуар мен арық аймағына Қалалық мобилділік басқармасы жауапты. Ғимараттың қасбет аймағына – Сәулет және қала құрылысы басқармасы, Қала құрылысын бақылау басқармасы, ағаштар аймағына – Экология және қоршаған орта басқармасы, шарбақтарға – аудандық әкімдік немесе жеке ұйымдар жауапты. Оның үстіне тротуардың бойында 217 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Энергетика және сумен жабдықтау басқармасына, Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына қарайтын жерасты және жерүсті коммуникациясы бар. Осы коммуникация құрылымының бөлшектері мүгедектігі бар адамдарға кедергі болуы мүмкін. Мысалы, бағаналар, сымдар, крандар, су ағызатын жер торы, люктер т.б. Ондай кезде кедергіні қалай жою керегін бірнеше басқарма қызметкері бірігіп шешеді. Қандай да бір жұмысты атқарғанда басқармалар арасында деңгейлес қарым-қатынас сақталады. Дегенмен қалада бүкіл тротуарлардың бәріне жауап беретін бір басқарма/бір лауазымды тұлға жоқ. Әр басқарманың өз техникалық стандарты мен талабы барын, оларды да сақтау және өзара үйлестіру керегін ескеру керек. Кей кедергіні жою да, өзгерту де мүмкін емес. Мұндай жағдай жиі кездеседі. Мысалы, электр бағанасын, люк, қабырға не қоршауды алып тастау мүмкін емес. Сондай-ақ ҚНжЕ-де көбіне жалпылама сипаттағы ең төменгі талаптар ғана жазылған, сондықтан оны әрқайсы өзінше түсініп, қолданып жатады. Әсіресе бұл мәселе дауыстап белгі беретін бағдаршам, тактильді навигация, көтергіш сияқты арнайы құралдарға қатысты. Осы құралдарға қатысты нақты ереже жоқ, ал бұл тротуардың бәрінің қызметі мен ыңғайлы болуына кері әсер етіп отыр. Сондай-ақ ғимарат иелері тротуарды заңсыз пайдаланады. Осы мәселеге байланысты құқық қорғау органдарына жүгініп, дауласып жататын жағдайлар да болады. Ғимараттардың кіреберісі ыңғайсыз болатыны да өзінше бір мәселе. Дүкен, банк, дәріхана, кафе, мейрамхана және басқа да коммерциялық объектілердің кіреберісінде жүргенге ыңғайсыз жерлер бар (баспалдағы тар немесе есігі ауыр т.б.). Ондай ғимараттардың иесі не жалға алатындар пандус қоятын орын жоқ дейді, өйткені пандусты«қызыл сызыққа, яғни қала меншігіндегі аумаққа» салуға тыйым салынған. Жаяу жүргіншілер кезігетін тағы бір кедергі: жарнама тақталары, кафе, мейрамханалардың жазғы алаңы, көшедегі дүңгіршектер, үлкен ыдыстарға салынған өсімдіктер мен басқа да жеке кәсіпкер аумағындағы элементтер. Алматыда жаяу жүргіншілерге ыңғайлы тротуарлар туралы ақпараты бар картаны мына ресурстардан жасауға болады: 218 Қасиет Омарова •«Мемқалақұрылыскадастры» РМК https://ggk.kz/ әзірлеген картада бүкіл Қазақстан бойынша мәлімет бар. Картаны бәрі көре алады, бірақ онда әзірге жаяу жүргіншілер кеңістігі мен олар қаншалық ыңғайлы екені туралы мәлімет жоқ. • Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырысы бойынша жасалған Бас жоспардағы жол жөндеу картасы. Картада Калалық мобилділік басқармасы ұсынған және архивтен алынған жол жөндеу жұмыстары туралы ақпарат бар. Қазір ол картаны тек тапсырыс беруші ғана пайдалана алады. • Ресейдің«Техноград плюс»(Новосибирск) компаниясы әзірлеген 2ГИС картасы. Карта жалпы жұртшылыққа арналған. Электрон картаға ақпарат жинау үшін көп қаржы мен адам ресурсы керек. Сонымен қатар білікті IT-мамандарға еңбекақы төлеуден бөлек, кәсіби геодезистер объектілерді жаяу аралауы және дронмен топографиялық түсірілім жасауы керек. Бұл жүйе 2ГИС-те жақсы ойластырылғанымен, оның қызметі бір жағынан тым қымбат, екінші жағынан – қауіпсіздік мақсатында деректерді қазақстандық сервистерде сақтаған жөн. Бас жоспардағы жол жөндеу картасын әзірлеушілер түрлі басқарма ұсынған карталарды сәйкестендіруге тырысқан. Мысалы, Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы ағаштар картасын ұсынған, бірақ оны енгізу техникалық тұрғыдан мүмкін емес екен. Ал кей басқармалар тіпті өзара ортақ пайдаланғанға ақпарат та бермейді. Бұл мәселеге қарап қалалық әкімдік құрылымында бір үйлестіруші бөлім жоғын, оның ауадай қажет екенін аңғаруға болады. Бұл бөлімнің қызметі әкім орынбасары деңгейінен кем болмауы керек. Алматы қаласында, сондай-ақ әр аудандық әкімдік пен әкімдік жанындағы қоғамдық кеңесте AMANAT партиясы филиалының бастамасымен жиналып тұратын мониториң жасайтын жұмыс тобы бар. Ол топқа мүгедектігі бар адамдар құрған бірнеше ұйым өкілі де кіреді. Топ объектілерге, көбіне аурухана, мектеп, ХҚКО сияқты әлеуметтік маңызы бар объектілерге барып, тексеріп, ғимарат иесіне ұсыныс тастайды. Аялдама, көлік тұрағы мен ғимарат арасындағы жол ең әрісі 200 метр болуы керек, объектілер қаншалық ыңғайлы екенін бағалау 219 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК барысында осы талап ескеріліп-ескерілмегенін тексереді. Бұл қоғамдық жұмыс болғандықтан топ мүшелері тегін жұмыс істейді, сондықтан олар топ жұмысына үнемі қатыса алмайды, оған мүмкіндігі бола бермейді. Оның үстіне кейбірі объектіге өз бетімен бара алмайтынын да ескеру керек. Әр объектіге мүгедектігі бар 10 адамның бірекеуі ғана бара алады. Объектілер қаншалық ыңғайлы екенін тексеру көп уақыт алады. Топ мүшелері қорыта келе айтар ұсыныстарын ортаға тастайды. Топ ұсынысын ғимарат иесіне ресми тапсырады, ал ол белгілі бір уақыт ішінде(әдетте алты ай) ұсыныс бойынша өзгеріс енгізбесе, Алматы қаласы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне жолдайды. Дегенмен ғимарат иесі өз меншігіне кірмейтін тротуарлардағы кедергілерді жоя алмайды. Сауалнамаға жауап берген топ мүшелерінің ешқайсы тротуардағы кедергілерді реттеу үшін қай уәкілетті органға жүгіну керегін нақты айта алмаған. Дегенмен бәрі де бұл жұмыста ортақ келісім жоқ дейді. Мысалы, жаңа салынған жерасты коммуникациясын жөндейміз деп тротуарды бұзады, қайта қазады, бірақ сол бұзылған, қазылған жер ұзақ уақыт жөнделмей жатады. Жаяу жүргіншілер жолы бойындағы машина жүретін жолға шығатын жерді жақсылап жасап қойғанымен, қиылыстағы жолды жөндегенде сол жерге жиектас қойып кетеді. Осы айтылған мәселелерге сүйене отырып, түрлі деңгейде шешілетін мәселелер тобын үшке бөлдік: ҚНжЕ бір болғанымен, оны әр мекеме өзінше түсіндіреді. Бұл құжатты мемлекет деңгейінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрлігіне қарасты Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті әзірлеп, бекітеді. Жаяу жүргіншілер аймағын басқару ісі осал, өйткені басқармалар арасындағы жауапкершілікті бөлу жағында қиындық бар және салынған жол мүгедектігі бар адамдарға ыңғайлы-ыңғайсыз екенін жөнді қадағаламайды. Шешімді Алматы қаласы әкімдігі шығарады. Азаматтар, соның ішінде мүгедектігі бар адамдар шешім қабылдау процесіне мүлде қатыспайды деуге болады. Бірыңғай ақпарат көзі жоқтың қасы, ақпарат ашық жарияланбайды. Мәселелердің бәрін әкімдік пен мүгедектігі бар адамдар құрған ҮЕҰ және азаматтардың өзі шешеді. 220 Қасиет Омарова Ұсыныстар Мониториң және деректер базасы 1. Әлеуметтік объектілер ыңғайлы болуын қамтамасыз ету барысында міндетті түрде жақын маңда жаяу жүргіншілер жолы, кемінде бір шақырым радиуста қоғамдық көлік аялдамасы болуы керегін ескеру керек. Сондай-ақ жақын маңдағы қиылыстарда жаяу жүргенге жағдай жасалып, қауіпсіз, демалатын орын(орындықтар) болуын қамтамасыз ету керек. Оны мониториң жүргізетін жұмыс тобының шеңберінде дәл осы схемамен, бірақ тексеру алаңын арттыра отырып істеуге болады. Топтағы мүгедектігі бар қатысушыларға тұрақты ақша төлеу жағы қарастырылса, мониториң сапасы мен ауқымын біраз жақсартуға болады. Мониториң тобына мүше адамдарды бір– үш жыл сайын сайлап, келісімшарт жасап, тұрақты ақша төлеп отыруға болады, сонымен қатар тексеруге шығардан бұрын трениңнен өткені жөн. Сондай-ақ топты қала деңгейінде құрмай-ақ, аудандық әкімдік жанында қалдыруға болады. Бұл оңтайлы шешім болмақ, өйткені ол да мониториң сияқты қазіргі қолданыстағы механизмге сай келеді, әрі қала бюджеті есебінен әлеуметтік жұмыс орнын ашуға болады. Жаяу жүргіншілер кеңістігі қаншалық ыңғайлы екенін бағалау парағы мен трениңді сәулетшілермен және инженерлермен бірлесе отырып ҮЕҰ күшімен жасап шығуға болады. 2. Қаладағы барлық тротуарлар мен басқа да жолдар туралы толық ақпарат жазылған бірыңғай база/карта жасау керек, сонда оны жұмыс барысында уәкілетті басқармалардың бәрі теңдей қолдана алады. Сонымен қатар қаладағы ыңғайлы тротуарлар туралы қалаған адам толтыра алатындай ашық карта жасауға болады. Бұл карталарда қашан, қандай жұмыстар жасалғаны да жазылуы керек. Осы тұста бұған дейін жасалған Project Sidewalk (https://sidewalk-sea.cs.washington.edu/) ресурсын қолдануға болады, бұл жерде әлемдегі тоғыз қаланың тротуарлар 221 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК картасы бар. Сонымен қатар Бас жоспарға сүйеніп жасалған ыңғайлылық жөніндегі қала картасын енгізуге болатынболмайтынын да қарастыруға мүмкіндік бар. Одан бөлек жаяу жүргіншілерге арналған аймақтар ыңғайлылығы жөніндегі қолда бар ақпаратты(картаны) енгізуге болатын-болмайтынын да қарастырса болады. Жобалау және құрылыс 1. Құрылыс/ реконструкция/ күрделі жөндеу жобалары туралы келіскенде, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмысы мен объектілерді қабылдап алу барысында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жанынан комиссия құру керек. Комиссияға зағип не көзі нашар көретін, арбада отыратын, балдақпен жүретін мүгедектігі бар адамдарды сарапшы ретінде қосу керек. Олар сарапшы екенін растап, қаладағы мүгедектігі бар адамдар құрған ҮЕҰ жетекшілерінің отырысында үш жылға сайлануы керек. Комиссия мүшелеріне ақы төлеу жағын қарастыру керек. 2. Жобалаушы компаниялармен және ҚМЖ мердігерлерімен арадағы келісімшартқа жол қаншалық ыңғайлы екенін анықтайтын сарапшыларды қатыстыру міндетті болсын дейтін талаптарды қосу керек. 3. Объектілер ыңғайлы болуы жағын келісетін және сол объектілерді қабылдап алатын мемлекеттік қызметкерлерді көзін байлап кресло-арбаға отырғызып т.б. сол сияқты практикалық сабақ өтетін трениңге қатысуға міндеттеу керек. Дәл осы трениңді жобалаушы компаниялар мен ҚМЖ мердігер компаниялардың жұмыскерлеріне де өткізу керек. ҮЕҰ мен мүгедектігі бар тұрғындарға ұсыныс 1. Ыңғайлы/әмбебап дизайнды дамыту. 2. Қала көшелерінде көбірек жүру. 222 Қасиет Омарова 3. Тротуарлар мен басқа жаяу жүргіншілер аймағы барынша ыңғайлы болсын деп OpenAlmaty порталынан ресми өтініш жазуға еріктілерді қатыстыру. 223 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК ДЕРЕККӨЗ 1. Adilet.zan.kz, Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңы(2001 жылғы 16 шілде, №242, 1-бап, 61-3 т.) «Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары – егде жастағы адамдар, мүгедектігі бар адамдар, өз бетінше жүріп-тұру, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты алу немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды және(немесе) кресло-арбаларды пайдаланатын адамдар». – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z010000242_ 2. ДДСҰ, Ұйым мүгедектікке:«денсаулығы бұзылған адамдардың жеке факторлармен және қоршаған орта факторларымен өзара әрекеттесу ерекшеліктері» деп анықтама берген, 2023. – URL: https://www.who.int/ru/newsroom/fact-sheets/detail/disability-and-health 3. YouTube,«Город для всех», Сұхбат нәтижесін осы фильмнен көре аласыз, 2022. – URL: https://youtube/JaxqPlBNt80 224 ИНФРАҚҰРЫЛЫМ Кенжехан Кабдесов АВТОБУС КҮТКЕНДЕ: АЛМАТЫ МАҢЫНДАҒЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ КӨЛІК МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ Кенжехан Кабдесов k.kenzhehan@gmail.com КІРІСПЕ Қала агломерациясын құрудағы басты механизмдерінің бірі – маятник миграция – қала аумағы кеңеюіне себеп болатын жағдай. Маятник миграция дегеніміз – жұмысқа немесе оқуға бір елді мекеннен екінші елді мекенге үнемі барып-келу. Қала агломерациясында көбіне қала маңындағы елді мекендерден қалаға барып-келіп жатады. Бұл тұрғындардың көбінің күнделікті тіршілігінің бір бөлігіне айналған. Көбі баратын жеріне негізінен қоғамдық көлікпен жетеді. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, халықтың 37% қоғамдық көлікпен жүреді(Informburo, 2022). The Future of Urban Mobility-дің 2022 жылғы мамырда жасаған зерттеуіне сүйенсек, алматылықтардың 43% қоғамдық көлікке аптасына бес не одан да көбірек мінеді екен(Visa, 2022). Маятник миграцияның қала дамуына ықпалы миграция қарқынына байланысты болады, ал қарқыны қаланың экономикалық әлеуеті мен қоғамдық көлік дамуына байланысты. Көлік қатынасы тұрақты әрі үнемі жүріп тұруы агломерация дамуына қатты әсер етеді, бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының(БҰҰ) Тұрақты даму мақсаттарының(ТДМ) біріне жатады. Зерттеулерге сәйкес, қоғамдық көлік және қала экономикасы дамуы арасында тікелей байланыс бар (Chatman&Noland, 2011). Қоғамдық көлікпен жүргенде бірқатар қиындық болуы мүмкін. Алматы қаласының тұрғындары жолаушы көп жүретін уақытта қоғамдық көліктер толып қалады, кешігіп келеді, сондықтан жұмысқа не оқу орнына жетуге көп уақыт кетеді дейді(Nur.kz, 2022; Inalmaty.kz, 2022). Бұл факторлар халықтың әл-ауқатына кері әсер етіп, көлік 227 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК қатынасына көңілі толмауына себеп болады(Novaco, 2009). Бақыт туралы бүкіләлемдік баяндамадағы мәліметтерге(Helliwell және басқалары, 2021) сүйенсек, адам неғұрлым бақыттырақ және көңілі тоқ болса, денсаулығы соғұрлым жақсырақ, қоғамға және экономикаға қосатын үлесі көбірек болады. Сондықтан Алматы агломерациясын дамыту үшін үздіксіз жүріп тұратын және жайлы көлікпен қамту көлік саясатының басым бағыттарының бірі болуға тиіс. Бұл зерттеудің мақсаты – Алматы қаласы маңындағы елді мекендерде қоғамдық көлік қаншалық жиі жүретінін талдап, автобус жетіспеуінен туып отырған мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Талдау Талғар және Еңбекшіқазақ ауданында жүргізілгенін айта кетейік. Зерттеудегі негізгі сұрақтар: Алматы қаласы маңындағы елді мекендерге қоғамдық көліктер қаншалық жиі қатынайды? Қала маңындағы елді мекендерге автобус жетіспеуі мәселесін шешу үшін не амал жасаған жөн? Зерттеудің эмпирикалық базасы – бастапқы дереккөз. Қоғамдық көлік қаншалық жиі жүретінін бағалау үшін қала маңында тұратын адамдардан жартылайқұрылымды сұхбат алып, бақылау жүргіздік. Ұсыныс әзірлеу үшін көлік саласындағы сарапшылардан және Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармасының қызметкерлерінен сұхбат алдық. Материалдар мен әдістер Зерттеу аясында Алматы қаласы маңында тұратындардан жартылайқұрылымды сұхбат алдық. Сондай-ақ көлік саласындағы сарапшылар мен Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы қызметкерімен сұхбаттастық. 2022 жылғы қарашадан желтоқсанға дейін түрлі форматта(телефонмен, онлайн, оффлайн) 12 сұхбат алдық. Респонденттерді«ыңғайлы» іріктеу әдісімен іріктеп алдық. Қала маңында тұратын жеті адам, төрт сарапшы, бір Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасының қызметкері сұхбат берді. Бұл сұхбаттардың кейбірін видеоға түсірдік. Видео Adil Qala жобасының YouTube арнасына жарияланды. Мына сілтемеге өтіп, көре аласыз: https://youtu.be/3V11-pbrtCQ. 228 Кенжехан Кабдесов Сонымен қатар 2022 жылғы 28 қарашадан 2 желтоқсанға дейін бақылау жүргіздік, оған бес адам қатысты. Қатысушылар таңертең және кешке аялдамада көлік күткен уақыты мен жол жүру ұзақтығын, автобустағы адам санын, кептеліс, ыңғайлылық деңгейі мен жол жүру кезіндегі жалпы жағдайды белгілеп отыруы керек болды. Онлайн сауалнама толтырып, көрген-білгендерін жазып отырды (Google forms). 1-кестеден сарапшыларға берілген сипаттаманы көре аласыз. 1-КЕСТЕ. Сұхбат берген сарапшыларға сипаттама Жұмыс орны(немесе кәсіп саласы) Көлік саласы сарапшысы «Көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институты» қызметкері(«КК ҒЗИ» ЖШС) Техника ғылымдары докторы, профессор, көлік саласы сарапшысы Көлік саласы сарапшысы Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармасы қызметкері Сұхбат түрі телефонмен оффлайн оффлайн оффлайн оффлайн Қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктердің қазіргі жағдайын талдау Қала маңындағы көлік желісі мен қаладағы көлік жұмысын интеграциялау – Алматы қаласында әлі де өзекті мәселе.«Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі ортамерзімді перспективалар» құжатына сүйенсек, қалаға күн сайын 400 мыңнан астам адам келеді екен(Gov.kz, 2022). Сонымен қатар Алматы қаласы мәслихатының XXV сессиясы отырысында қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин 150 елді мекенге небәрі 22 қала маңы маршруты жүріп тұрғанымен, 50 маршрутқа сұраныс бар дейді(«Власть», 2022). Маршруттарды жеке тасымалдаушылар жүргізеді. Жол ақысы және диспетчер қызметін реттеу«Алматы қаласы Көлік холдингі» ЖШС-ға жүктелген. Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы қаладағы қоғамдық көлік мобилділігі, жолаушы тасымалы және Алматы қаласы аумағындағы көлік жолдары салаларын басқарады. 229 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Қала маңына қатынайтын қоғамдық көлік түрлерінен автобус қана барын айта кеткен жөн. Дегенмен қала маңында тұратын халық автобусты ұзақ күтеді, автобус толып келеді, сондықтан кейде таксиге немесе жолай кетіп бара жатқан көлікке мінуге мәжбүр. Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы ұсынған дерекке сүйенсек, қазір(2022 жылғы желтоқсанда) Алматы қаласында 158 маршрут бар, оның жиырма екісі қала маңына қатынайтын маршруттар. 1-суреттен қала маңындағы Талғар және Еңбекшіқазақ ауданына қатынайтын маршруттарға қатысты деректі көре аласыз. 40 30 20 10 0 № 225 № 117 № 203 № 222 № 100 № 207 1-СУРЕТ. Маршруттағы автобустар саны(Талғар және Еңбекшіқазақ ауданы) Дереккөз: Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы ұсынған дерек,(2022) Басқарма берген мәліметке сүйенсек, қажет маршруттар санын есептеп шығару үшін қозғалыс схемасы бекітіледі, халық тығыздығы ескеріледі, содан соң автобустар саны мен қозғалыс интервалы есептеліп шығарылады.«Алматы қаласы Көлік холдингі» ЖШС-ның Onay электрон билет беру жүйесіндегі есепке қарап жолаушылар ағымы туралы дерек жиналады. Көлік холдингі қандай да бір маршрутқа сұраныс көбейгенін билет беру жүйесінен байқап, мәліметті Қалалық мобилділік басқармасына жолдайды, ал басқарма жаңа маршрут 230 Кенжехан Кабдесов енгізу туралы шешім қабылдайды. Дегенмен Көлік холдингі статистикалық мәліметтерді еш жерде жарияламайды. Жаңа маршруттар енгізілгеніне қарамастан, Алматы қаласында қоғамдық көлікпен қамту желісі әлі теңестірілмеген. Сонымен қатар қала маңына тұрақты қатынайтын жолаушылар көлігі жоқ (Malgaraeva&Darmenova, 2018). Сондықтан қала маңында тұратын халықтың қолы қоғамдық көлікке толық жеткен жоқ. Олар қоғамдық көлік қызметі теңдей бөлінген аймақтан тыс қалған, демек, жұмысқа, демалыс, денсаулық сақтау орындарына баруына, білім алуына кері әсер етеді. Оның үстіне қала маңы тұрғындары қоғамдық көліктегі қиындықтар кесірінен жеке көлік сатып алады, ал онысы жол кептелісі мен ауа ластануы арта түсуіне себеп болып отыр. 2016 жылғы«Көліктік әдеттер және Алматы қаласы халқының қозғалғыштығы» зерттеуінің нәтижесінде адамдар не себепті қоғамдық көлікпен жүруден бас тартатыны анықталған. Негізгі себептерге мыналар жатады: жол жүру ұзақтығы, автобуста адам тым көп, ыңғайлы маршрут болмауы, салон лас, кешкі және түнгі уақыттағы қозғалыс графигі нашар болуы. Сөйтіп, зерттеу нәтижесіне сүйенсек, көлік тасымалы қызметінің тең және сапалы қызмет көрсетуі деңгейі төмен. Маятник миграция азаматтардың әл-ауқатына қалай ықпал етеді? Қоғамдық көлікке байланысты туған қиындықтар маятник мигранттардың әл-ауқатына кері әсер етеді, сонымен қатар қоғамдық көлікпен жол жүру сапасына көңілі толмауына себеп болады. Зерттеу барысында қала маңындағы Талғар және Еңбекшіқазақ ауданы халқынан сұхбат алдық. Респонденттер жауабына сәйкес, тұрғындар автобусты ұзақ күтеді, жол жүруге көп уақыт кетеді, автобуста адам көп, кейде адам сыймайтын болғандықтан, қоғамдық көліктер тоқтамайды. Талғар және Еңбекшіқазақ ауданындағы елді мекен тұрғындарының көбі №225, №117, №100, №207, №203, №222 маршруттармен жүреді. Мысалы, респонденттердің жауабына сәйкес, №225 автобус көбіне таңертең лық толы болады, сондықтан аялдамаға тоқтамай 231 Кенжехан Кабдесов кетуі мүмкін, осы себепті адамдар үнемі сыймай қалады. Бұл маршрут жүрісін Есік қаласынан бастайды, автобус алғашқы аялдамадан-ақ толып қалады. Сөйтіп, тұрғындар таксиге, көбіне жолай кетіп бара жатқан көлікке мінуге мәжбүр. «Таңертең автобусқа міну мүмкін емес, адам өте көп. Автобусқа сыймаймыз, себебі ауылым жолдың қақ ортасында, №203 пен №205 автобустарға сыю қиын» дейді бір респондент. Көлік көп жүретін уақытта қозғалыс интервалы бұзылады да, адамдар автобусқа сыймай, көп күтіп қалады. Тұрғындардың бірінің айтуынша,«кейде сыймай қалатын, сағаттап күтетін кез болады». Демек, бұл факторлардың бәрі қала маңы тұрғындарына кері әсер етеді. Шаршайды, көңіл-күйі бұзылады, жұмыс өнімділігі азаяды: «Жолдан титықтап кетеміз... Жұмысқа, оқуға шаршап жетеміз. Көңіл-күйің, физикалық, моральдық, әсіресе эмоциялық күйің нашарлайды... Әсіресе жұмыстан шаршап қайтамыз, себебі кешке адам тіпті көп». Мына кестеде кей сұрақтар мен маятник мигранттардың жауаптары берілген. 2-КЕСТЕ. Алматы қаласы маңы тұрғындары берген жауаптар Сұрақ Таңертең әдетте автобусты қанша күтесіз? Бір жақ жолға қанша уақыт кетеді? Жол жүру көңіл-күйіңізге қаншалық әсер етеді? Бұл мәселені қалай шешу керек деп ойлайсыз? Респонденттердің жауабы «10–15 минут» «20 минутқа дейін» «шамаман 10 минут» «Жолға 1–1,5 сағат кетеді» «1,5–2 сағат» «Шамамен 2,5 сағат» «Жұмыстан гөрі жолдан қаттырақ шаршаймын» «Автобус күткеннен, автобуста тұрып тұрғаннан шаршаймын. Автобус лық толы болады, кейде Onay терминалына қолың жетпей қалады» «Автобус көбірек болса, жиірек жүрсе. Автобустар тым кішкентай. Бірінші аялдамадан-ақ толып қалады» «Көбірек автобус сатып алса, жиірек жүрсе. Автобуста Onay терминалы көбірек болса, кондиционер қысы-жазы істесе» 233 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК «Жол жүргенде нендей күйде боласыз? Сипаттаңызшы» деген сұраққа бақылауға қатысқандардың кей жауабы: •«Бүгін қалада да, қала сыртында да кептеліс болды. Автобуста адам көп, пешті қосып қойған, ыстық, ауа жоқ». •«(№120) автобус сағатына бір рет жүретіндіктен, адам көп. Түскеннен мінген көп». •«Халық аренаға» дейін кептеліс болды, одан кейін қала сыртына күндегіден тезірек жеттік. Жалпы, автобуста адам әдеттегідей көп, бірақ сыймай қалатындай емес». •«Халық аренаға» дейін кептеліс аз болды, одан кейін Жетісу базарындағы көпір тұсында кептеліс ұзақ болды. Автобуста адам көп, жартысы«Халық аренадан» түсті». Адамдар«Халық арена» және«Саяхат» аялдамасынан түсіп, басқа көлікке ауысады. Жолаушылар«Халық арена» аялдамасынан Шығыс айналма жолымен, Әл-Фараби даңғылымен, Саин мен Рысқұлов көшелерімен жүретін №38 сияқты маршруттарға мінеді. Сондай-ақ Шығыс айналма жолымен, Төле би көшесімен, Абай даңғылымен жүретін №120, №205 автобустарға,«Саяхат» аялдамасынан басқа автобусқа немесе метроға мінеді. Жалпы, қала маңында тұратындар қалаға барып-келетін жолда кедергі болатын бірқатар қиындықтар бар дейді, ол кедергілер халықтың әл-ауқатына кері әсер етіп, шаршатады. Маятник мигранттар осы мәселені шешу үшін үлкенірек автобус қатынаса әрі жиірек жүрсе дейді. Қоғамдық көлік әлеуметтік маңызды объектілерге – ауруханаларға, білім мекемелеріне т.б. баруға мүмкіндік береді. Қоғамдық көліктің тапшылығы халықтың экономикалық мобилдігін – жекелеген адамдардың өз экономикалық әл-ауқатын жақсарту қабілетіне кедергі болады. Бәрі жеке көлік сатып ала алады, тек жұмысты жақсы істесе болғаны деген жалпы болжам циклдік кедейлікке, экономикалық мобилдік ұғымындағы адам мүмкіндігі шектелуіне себеп болып, денсаулығына ұзақмерзімді зардап тигізуі мүмкін(Sean Rusnak, 2020). Ал қоғамдық көлік жүйесін дамытса және бұл секторға құйылатын инвестицияны көбейтсе, ұзақмерзімді экономиканың да, қысқамерзімді экономиканың да дамуына жол ашады. Мысалы, Америка 234 Кенжехан Кабдесов 2-СУРЕТ. «Жол жүргенде нендей күйде боласыз? Сипаттаңызшы» деген сұраққа берген жауаптардан алынған тірек сөздер Қоғамдық көлік қауымдастығының«Economic Impact of Public Transportation Investment»(2020) баяндамасына сүйенсек, ұзақмерзімді әлеуетті экономикалық әсерін көру үшін қоғамдық көлікке 5 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция құю керек екен, яғни бұл 49 700 жұмыс орнына тең келеді(Hughes-Cromwick, 2020). Қоғамдық көлік жүйесі дамыса, жұмыс орнын ашу, экономикалық мобилдікті жақсарту сияқты экономикалық пайдадан бөлек, қала экологиясына да жақсы әсер етеді(Saif және басқалары, 2019; An және басқалары, 2022). 235 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Қала маңында автобус жетіспеуі мәселесін шешуге қатысты шаралар мен ұсыныстар Сарапшылар қала маңындағы көлік жүйесі мен Алматы қаласындағы қалалық көлік жүйесін интеграциялау керек деп талайдан бері айтып келе жатыр. 2013 жылы Алматы қаласының 2013–2023 жылдарға арналған орнықты көлік стратегиясы әзірленді(Алматы қ. орнықты көліктері, 2017) сол стратегияда көлік жүйесін интеграциялау керек деп жазылған. 2020 жылы Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі іс-шаралардың 2030 жылға дейінгі өңіраралық жоспары бекітілген(Adilet.zan.kz, 2020), ал бұл жоспардың стратегиялық бағыттарының бірі – қала маңы аймағында бірыңғай көлік-логистикалық кешенін дамыту. Қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин Алматы қаласы мәслихатының XXV сессиясы отырысында қала маңындағы көліктерге қатысты қиындықтар туралы былай дейді: «Маршрут желісі тиісті деңгейде ұйымдастырылмаған. Қаладағы маршруттардың көбі ұзақ, қала маңы мен қаладағы қоғамдық көліктер арасында байланыс жоқ, ауысып мінетін көлік хабы жоқ. Маршруттардың шамамен 76%-ның ұзақтығы 15 шақырымнан асады». Бұл мәселені, яғни қала маңындағы елді мекендерге қатынайтын қоғамдық көлік жетіспеуі мәселесін шешу үшін арнайы амал жасау керек. Қоғамдық көлік жетіспеуі мәселесін шешуге қатысты ұсыныстар әзірлеу үшін сарапшылардан және Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы қызметкерінен сұхбат алдық. Сарапшы қала маңында қоғамдық көлік жетіспеуін қала және қала маңындағы елді мекен халқы көбейгенімен байланыстырып отыр. Алматы халқы жыл сайын студенттер мен жұмыс істеуге келетін адамдар есебінен өсіп отыр. Одан бөлек, тұрғын үй де қымбаттап кетті, сондықтан қала халқы қала маңынан арзан үй алып көшіп жатыр. Сарапшылар мұны мемлекеттік органдар назар аударуға тиіс өзекті мәселе дейді. Мәселені елеусіз қалдырса және дер кезінде амалын жасамаса, онсыз да күрмеуі шешілмеген кептеліс пен ауа ластануы мәселесін одан әрі ушықтырып жіберуі мүмкін. Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасының Маршрут желілерін ұйымдастыру және жолаушылар тасымалын бақылау бөлімінің 236 Кенжехан Кабдесов жетекшісі Омархан Абылайхан жаңа маршруттар қосуға және жаңа автобустар алуға көп қаржы қажет, сондай-ақ 80 теңге деп белгіленген жол ақысы тасымалдаушылардың шығынын ақтамайтындықтан, мемлекет субсидия бөліп отыр дейді. Асқар Әмриннің айтуынша, қала маңына қатынайтын жаңа маршрут ашса, қала бюджетіне қосымша жүктеме түседі, себебі Алматы қаласының әкімдігі оны толық субсидиялауға тиіс, ал онысы 2021 жылы 10 млрд теңге болса, 2022 жылы 11 млрд теңге болды. Дәл бұлай көп қаржы бөлінуі қала ішіндегі заманауи қоғамдық көлікті дамытуға бөлінетін қаржы ресурсын шектеп тастайды. Осыған байланысты тамыз айында қала әкімдігі қала маңы маршруттарын Алматы облысымен бірлесіп субсидиялау жөнінде, атап айтқанда, жеке тасымалдаушылар шығынының жартысын облыс төлейтіні жөніндегі келіссөз жұмыстарына кіріскен(«Власть», 2022). Сарапшылар қала маңына қатынайтын қоғамдық көлік жетіспеуі мәселесін шешу үшін кешенді жұмыс керек деп отыр. Олар қоғамдық көлік жетіспеуі мәселесін шешу үшін жасалуы керек мынадай ортақ және ұзақмерзімді ұсыныстар тастады: • Алматыда жеңілрельсті көлікті(ЖРК) дамыту. Гийом Триттердің айтуынша,«трамвай жүйесі тиімді де, икемді. Тиімділігі сол: бір мезетте көп жолаушы тасымалдай алады. Икемділігі сол: жолаушы саны көбейген сайын сыйымдылығы да арта түседі. Оның үстіне бұл жүйе энергия көзін үнемдейді, себебі автобусқа қарағанда трамвайға екі есе аз энергия кетеді» (Alatransit.kz). • Көлік ауыстырып мінетін бекеттер(көлік хабы) салу. Нұрсұлтан Марат айтқандай, бұрын көлік хабын Жетісу базарына салу мәселесі талқыланған. Хаб park and ride принципімен жұмыс істеп, жолаушылар жеке көлігін сол жердегі тұраққа қойып, қоғамдық көлікке міне алады. Сөйтіп, қаладағы автокөлік санын азайтуға болады. Алматы қаласы мәслихатының XXV сессиясы отырысында 2027-2028 жылдары көлік ауыстырып мінетін төрт хаб пен тұрақ пайдалануға беріледі делінген. Олар: «Батыс» хабы(«Барлық» базарында), Райымбек батыр хабы («Алматы-2»);«Алматы-3» хабы(Боралдай кентіндегі жаңа бекет);«Шығыс қақпа» хабы(Құлжа тасжолында)(«Власть», 2022); 237 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК • Автобус жүргізушілеріне қойылатын талапты азайту. Қоғамдық көлік жетіспеуінің себептерінің бірі – кадр тапшылығы. Қазір Жол жүрісі туралы заңға(74-бабына) сәйкес,«D» және «Tb» санатындағы көлік құралдарын жүргізу құқығы 25 жасқа толған, кемінде 5 жыл жүргізуші болып істеген, оның ішінде «D1» кіші санатына жататын көлік құралын кемінде 3 жыл айдаған адамдарға беріледі(Adilet.zan, 2014). Заңнамаға өзгерту енгізумен қатар, жүргізушілердің еңбекақысын өсіріп, еңбек жағдайын жақсарту керек. Жүргізуші тапшы болғандықтан, жүргізушілердің көбі күніне 12–14 сағат жұмыс істеп,«қолға» орта есеппен айына 300 мың теңге алады(«Курсив», 2021); • Сапалы жол салу. Жаңа маршрут қосуға жүргізуші жетпейді дедік, сонымен қатар тағы бір кедергі бар. Ол кедергіге елді мекендердегі жол сапасы нашар болғаны да жатады; • Шешім шығаратын ортақ процесс. Қазір жаңа маршрут қосу мәселесін Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы шешеді, бірақ маршрутты әрі қарай іске асыру тасымалдаушыға жүктеледі. Дегенмен әлі де қоғамдық көлік қатынамайтын елді мекендер мен қала маңындағы аймақтар бар(Алматы облысына жататын). Қаладағы және қала маңындағы көлік желісін интеграциялау үшін шешім қабылдайтын ортақ процесс керек. Облыс басшылығы қала маңы аймағына, елді мекендерге қатысты деректерді дер кезінде ұсына алады(мысалы, маршрут қосу немесе өзгерту туралы). Сарапшылар қысқа мерзімде іске асыруға болатын жұмыстар арасындағы ең маңыздылары мыналар дейді: • кең автобус сатып алу. Қазір қала маңына қатынайтын автобустардың көбі: 25 орындық SAZ LE60 моделі; • жолаушы көп жүретін уақытта қозғалыс интервалын жиіле ту, көбірек автобус жүргізу. Халық аялдамаға өте көп жиналатын уақытта, яғни таңертең және кешке қала маңында тұратындар автобусты ұзақ күтіп қаламыз дейді; • жаңа маршруттар қосу. 150 елді мекенге 50 маршрут керек, ал қазір 22 маршрут бар. Асқар Әмриннің айтуынша,«халыққа 238 Кенжехан Кабдесов ыңғайлы болсын деп» 2024 жылға қарай қазір бар маршруттарға және жаңа көлік ауыстырып мінетін бекеттерге дейін қатынайтын 30 қала маңы магистраль маршруты қосылады; Сөйтіп, қоғамдық көлік қатынауы жақсарады және қала маңы тұрғындарын«жеке көліктен бас тартуға» шақырамын дейді қала әкімінің орынбасары. Сондай-ақ бұл қарастырылған амалдар уақытылы аяқталып, іске асқаны да маңызды. ҚОРЫТЫНДЫ Маятник миграция қала агломерациясын дамытуға айтарлықтай әсер етеді. Зерттеу барысында Алматы маңындағы елді мекендерге қоғамдық көлік жетіспейтіні, көлікті ұзақ күтетіні, халық көп жиылып қалатыны және жол жүруге ұзақ уақыт кететіні анықталды. Бұл өз кезегінде қала маңында тұратындарға және олардың әл-ауқатына теріс әсер етеді. Мақалада маятник мигранттар мен көлік саласы сарапшыларынан сұхбат алып, сұхбаттарды саралай отырып алған нәтижемізді жаздық. Қоғамдық көлік жетіспеуі мәселесін шешу үшін жан-жақты амал жасалуы керек. Қысқа мерзімде орындалатын ең оңтайлы ұсыныстар қатарына мыналарды жатқызуға болады: кең автобустар алу; жолаушы көп жүретін уақытта автобустардың қозғалыс интервалын жиілету; жаңа маршруттар енгізу. Маятник миграция процесін егжей-тегжейлі түсіну үшін тұрақты мониториң жасап, қосымша зерттеу жүргізу керек. 239 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК ДЕРЕККӨЗ 1. Adilet.zan.kz, Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі іс-шаралардың 2030 жылға дейінгі өңіраралық жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 ақпандағы №88 қаулысы. – URL: https://adilet.zan.kz/ kaz/docs/P2000000088 2. Adilet.zan.kz, Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалары. – URL: https://www.gov.kz/ memleket/entities/almaty/documents/details/344101?lang=ru(Соңғы қаралған күні: 2023 жылғы 8 қаңтар). 3. Adilet.zan.kz, Қазақстан Республикасының Жол жүрісі туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі №194-V Заңы. – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1400000194 4. Алматы қ. орнықты көліктері. Қорытынды есептеме. Алматы, 2017. – 48 б. – URL: https://alatransit.kz/sites/default/files/1709_oon_transport_kaz_14-.pdf 5. Alatransit.kz, Легкорельсовый транспорт(ЛРТ) в Алматы. Обзор и перспективы. URL: https://alatransit.kz/ru/content/legkorelsovyy-transport-lrt-v-almaty-obzori-perspektivy 6. Visa,«Исследование Visa: все больше пассажиров общественного транспорта в Казахстане предпочитают платить за проезд бесконтактно», 2022. – URL: https:// www.visa.com.kz/ru_KZ/about-visa/newsroom/press-releases/prl-15082022.html (Соңғы қаралған күні: 2023 жылғы 10 қаңтар). 7. Inalmaty.kz,«Как выглядят автобусы в Алматы по утрам?(видео)», 2022. – URL: https://www.inalmaty.kz/news/2167888/kak-vygladat-avtobusy-v-almaty-poutram-video(Соңғы қаралған күні: 2023 жылғы 8 қаңтар). 8. Inform.kz,«Парк автобусов и троллейбусов в Алматы планируют обновить до 2025 года», 2022. – URL: https://www.inform.kz/ru/park-avtobusov-i-trolleybusovv-almaty-planiruyut-obnovit-do-2025-goda_a3951295#:~:text=%D0%A1%D0%B 5%D0%B3%D0%BE%D0%B4%D0%BD%D1%8F%20%D0%BE%D0%B1%D1%89 %D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B2%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D0% BC%20%D1%82%D1%80%D0%B0%D0%BD%D1%81%D0%BF%D0%BE%D1%80% D1%82%D0%BE%D0%BC%20%D0%B2%20%D0%90%D0%BB%D0%BC%D0%B0 %D1%82%D1%8B,%D0%BD%D0%B0%D1%81%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D0% BD%D0%B8%D1%8F%C2%BB%2C%20%2D%20%D0%BE%D1%82%D0%BC%D0 (Соңғы қаралған күні: 2023 жылғы 10 қаңтар). 9. «Власть»,«На пригородных и городских маршрутах общественного транспорта будет единый тариф – акимат Алматы», 2022(Соңғы қаралған күні: 2023 жылғы 10 қаңтар). 10. Gov.kz, Программа развития города Алматы до 2025 года и среднесрочные перспективы до 2030 года. – URL: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/ documents/details/344101?lang=ru 11. Nur.kz,«Условия невыносимые: на переполненные автобусы пожаловались жители пригорода Алматы», 2022. – URL: https://www.nur.kz/society/1987431usloviya-nevynosimye-na-perepolnennye-avtobusy-pozhalovalis-zhiteli-prigorodaalmaty/(Соңғы қаралған күні: 2023 жылғы 10 қаңтар). 12. An, R., Wu, Z., Tong, Z., Qin, S., Zhu, Y.,& Liu, Y.(2022). How the built environment promotes public transportation in Wuhan: A multiscale geographically weighted regression analysis. Travel Behaviour and Society, 29, 186–199. 13. Chatman, D. G.,& Noland, R. B.(2011). Do public transport improvements increase agglomeration economies? A review of literature and an agenda for research. Transport Reviews, 31(6), 2011, 725–742. 240 Кенжехан Кабдесов 14. Hughes-Cromwick, M.(2020, April 27). Economic Impact Of Public Transportation Investment. American Public Transportation Association, аpril 27, 2020. – URL: https://www.apta.com/research-technical-resources/research-reports/economicimpact-of-public-transportation-investment/ 15. Helliwell, J. F., Layard, R., Sachs, J. D.,& Neve, J. E. D.(2021). World happiness report 2021. – URL: https://www.wellbeingintlstudiesrepository.org/cgi/ viewcontent.cgi?article=1004&context=hw_happiness(Соңғы қаралған күні: 2023 жылғы 8 қаңтар). 16. Novaco, R. W.,& Gonzalez, O. I.(2009). Commuting and well-being. Technology and well-being, 3, 2009, 174–4. 17. Sean Rusnak(2020, May 20). How an Insufficient Public Transportation System Decelerates Economic Mobility. Institute for Child Success, may 20, 2020. – URL: https://www.instituteforchildsuccess.org/insufficient-public-transportationdecelerates-economic-mobility/ 18. Saif, M. A., Zefreh, M. M.,& Torok, A.(2019). Public transport accessibility: A literature review. Periodica Polytechnica Transportation Engineering, 47(1), 2019, 36–43. 241 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК ҚАЛА ШЕТІНДЕГІ ӨМІР: АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒЫНАН ОСАЛ ТОПТАРҒА ЖАТАТЫН АЗАМАТТАРДЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ СЕГРЕГАЦИЯСЫН ҚАЛАЙ ЕҢСЕРЕМІЗ? Фатима Әбенова fatimabenova@gmail.com АБСТРАКТ Еліміздегі қалалар ондаған жылдар бойы негізінен мемлекет пен бизнестің мүддесін ескеріп, ал тұрғындардың мүддесін көбіне назардан тыс қалдыра отырып дамыды. Содан қала инфрақұрылымы, құрылыс және нүктелі құрылыс сапасы тым артып кеткеніне халық жаппай наразы бола бастады(Отарбаева, 2022). Алматы және Астана қаласындағы тұрғын үй бағасын жергілікті халық қалтасы көтермеді, Сан-Франциско мен Ванкувер сияқты эксклюзив қаладағыдан да қымбат болып кетті(Seitz, 2018). Зерттеу нәтижесі бұл жағдай табысы төмен тұрғындарды қаладан көшуге итермелеп, елдегі әлеуетті экономикалық өсуді тежейді дегенді көрсетіп отыр(Seitz, 2018).«Қазір қалада тұрғын үйге мұқтаж адамдар саны 33 мыңнан асады. Алматы халқы жыл сайын орта есеппен 55 мың адамға көбейіп отыр, демек, жыл сайын шамамен 1 650 ш.м. тұрғын үй қажет»(Алматы қ. әкімдігі, 2022). Тұрғын үй мәселесін шешу құралдарының бірі – жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үй. Бұл жұмыста жеңілдетілген несие беру бағдарламасына тоқталмаймыз, себебі жалға берілетін тұрғын үй жинақ ақшасы мен тұрақты табысы жоқ әлеуметтік жағынан осал топтарға беріледі. Оның үстіне бұл ұзақ уақыттан бері жөнді назар аударылмай келген және тұрғын үйді пайдалануға беру жылдамдығы төмен болған, сондай-ақ әкімдік аса қызыға қоймаған қиын сегмент(Горбунова, 2022). 2022 жылы Алматыда жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламалар бойынша небәрі 3 167 адам үй алса, соның қырық алтысы жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үй алған(Мухамедиярова, 2023). 242 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Әлеуметтік тұрғын үйлерді қала шетіне салып жатқанына жер қымбат болғаны себеп(Дуйсенов, Zakon.kz), яғни қала шетіндегі бос жатқан жерге салынатын құрылыс арзанға түседі(Горбунова, 2022). Бұл табысы төмен жұртты қаладан көшуге итермелеп, елдегі әлеуетті экономикалық өсуді тежейтініне зерттеу барысында көз жеткіздік. Бұл мақалада қазіргі саясаттағы кемшіліктерді талдадық, құрылыс шығынын азайтатын басқа да тәсілдерді және тараптардың мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизміндегі жекеменшік секторды мына нәрселерге ынталандыру жолын қарастырамыз: 1) әлеуметтік жағынан осал топтарды Алматы қаласындағы барлық қажеті бар және инфрақұрылымы дамыған аудандарына тұрақтандыру; 2) жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үйлер санын көбейту; 3) жобаны іске асырудағы қауіпті азайту және 4) бюджетті оңтайландыру. Шеті жоқ қала. Қала кеңеюін тоқтатқан жөн бе? Қаңтар оқиғасының соңғы күндерінде Алматының орталығында ескерткіш, ғимараттарды қиратып, дүкендерді тонады. Мұның себебін әрқалай түсіндіруге болады, бірақ әлеуметтік желіде Алматы тұрғындары«мұнда олардың мүддесі көзделмегендіктен, олар қала орталығына жаны ашымайды, өзін орталыққа қатысы жоқ адамдай көреді» дегенді айтып жатты. Мемлекет пен нарық қоғамдағы әлеуметтік осал топтарды қала шетіне ығыстырып шығарып, ол топтар қаладағы мүмкіндіктерден, әсіресе жұмыс орындары мен мәдени-білім мекемелерінен алыстап кетті. Қаладағы жағдайды талдау барысында Алмалы, Бостандық және Медеу аудандары ғана әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым жағынан жеткілікті деңгейде жабдықталғанына көз жеткіздік (Алматы қ. әкімдігі, 2022).«Орталық – шет жақ» классик байланысы сипатындағы қала құрылымы аудандар арасындағы экономикалық диспропорцияға себеп болған теңсіздікті көрсетіп отыр(Алматы қ. әкімдігі, 2022). Мысалы, бір ғана Алмалы ауданындағы негізгі құралдар құны қалған жеті ауданның негізгі құралдар құнына тең (Алматы қ. әкімдігі, 2022). Жергілікті аудандар картасын талдағанда Алматының шалғай, шет жағындағы аудандары мен орталықты 244 Фатима Әбенова салыстырғанда, олар жан-жақты және аса белсенді емесін байқадық (Алматы қ. әкімдігі, 2022). 1-картада әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы бойынша салынған ықшамаудандар мен тұрғын үй кешендері көрсетілген. 2-картамен (Алматы қ. әкімдігі, 2022) салыстырсақ, үйлер балабақша, мектеп пен қоғамдық орындарға жаяу бара алмайтындай қашық жерге салынып жатқаны көрініп тұр. Жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы бойынша салынып жатқан үйлердің сапасына, аудандардың көлік инфрақұрылымы бар-жоғына мән беріліп жатқан жоқ(Ерзакович, 2021). Шет жақтағы әлеуметтік тұрғын үй салынып жатқан ықшамаудандарда әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын адамдар тұрады, сондықтан геттолану қаупі бар. Мысалы,«Зерделі» ықшамауданының кей жерлеріне есірткіге тәуелді адамдар тобы жиылады, суицид оқиғалары тіркелген(Орынканова, 2022). 1-КАРТА. Әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы бойынша салынған ықшамаудандар мен тұрғын үй кешендері 245 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Жаяу жүріп жете алмайтын жерлер мед. қызметке балабақшаға қоғамдық көлікке мектепке Ғимараттар тығыздығы, ш.м./га 2-КАРТА. Тұрғын үйлер және балабақша, мектеп пен қоғамдық орындар арасындағы қашықтық Қала шетінде бос жатқан, арзан жерге әлеуметтік тұрғын үй салу сол ықшамаудандар геттолануына, орталық және шет аудандар арасындағы теңсіздік артуына себеп болып отыр. Бұлай жалғаса берсе, қала аумағы кеңейе беруі мүмкін, алайда қаланың бұлай созыла беруін тоқтату керек. Алматы аумағы Сеул аумағымен бірдей, бірақ Сеулде Алматыдан бес есе көп адам тұрады. Дамыған қалалардың тәжірибесіне қарасақ, бос жатқан даладағы жаңа жерді игере бермей, инфрақұрылымы дамыған және белсенді аудандарды тығыз етіп салу экономика тұрғысынан тиімдірек екенін көреміз(Акбай, 2022). Кейінгі 10 жылда қала аумағы екі еседен де көп ұлғайды. Сол кезден бері Алматы бюджетінің бір бөлігін жаңа қосылған ауылдық жерлерді абаттандыруға жұмсауға мәжбүр болып келеді(Айтилеу, 2022). Сондай-ақ қаладағы көлік қатынасы мен экология жағдайы нашарлап кетті(Барабанов, 2020). 246 Фатима Әбенова Мәселені шешу жолдары Әлеуметтік жағынан осал топтарға жататындарға Алматы қаласындағы көлік қатынасы және инфрақұрылымы жақсы дамыған аудандардан жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үй беру мәселесін шешудің бірнеше тәсілі бар: 1. тұрғындардың жалға алу ақысын субсидиялау; 2. құрылыс салушыдан дайын пәтер сатып алу; 3. әлеуметтік тұрғын үйді мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмін пайдаланып, жаңа салынған құрылыстан төмендетілген бағамен беру. Мақаланың осы бөлігінде басқаларына қарағанда неге үшінші тәсіл әлдеқайда тиімдірек екеніне тоқталамыз. Бірінші тәсілді іске асырып, жақсы нәтиже бермегенін көрдік. Жеке тұрғын үй қоры 2022 жылы жалға алу ақысын субсидиялау туралы шешім қабылдаған, ол көмекті кезекте тұрғандардың 5%-ға жетпейтіні ғана алған(Пчелянская, 2022). Себебі: жалға беру нарығын мемлекет реттемейді; бұл нарық экономиканың көлеңкелі секторына жатады; бұл мәмілеге қатысқандардың мүддесін заң мүлде қорғамайды деуге болады. Оның үстіне сарапшылар бұл шешім тұрғын үй бағасы өсуіне себеп болды деп отыр(Горбунова, 2022). Екінші тәсілге қатысты айтар болсақ,«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында әкімдік құрылыс салушыдан дайын тұрғын үй сатып алады. Ол үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлінген, сондай-ақ әкімдіктер де жергілікті бюджеттен қосымша қаржы бөле алатын. 2020 жылы 1 м 2 шаққандағы бағасына шектеу қоя отырып (140–180 мың теңгеден)(primeminister.kz, 2020), 4 000 пәтерді сатып алуға 35 млрд теңге бөлінген. Мұндай арзан баға, әсіресе Алматы қаласының шет жағындағы ықшамаудандарда көптеп құрылыс салынуына себеп бола алар еді. Оның үстіне жекеменшік сектордың бүкіл шығынын бюджеттен өтеу үрдісі жалғаса берсе, әлемдік және отандық экономикадағы дағдарысты ескерсек, мемлекет бұл бағдарламаны дәл қазіргідей қаржыландыра алмай қалады да, онсыз да мәз емес тұрғын үй алу көрсеткіші одан әрі нашарлайды(Темирханов, 2020). 247 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмі осы екі тәсілге балама болып, бюджетке түсетін жүктемені азайтуға, қаланың инфрақұрылымы дамыған аудандарындағы коммерциялық құрылыстан әлеуметтік тұрғын үй беруге, сондай-ақ әлеуметтік жағынан осал топтарға арналған ықшамаудандар құрылысын азайтуға мүмкіндік беріп отыр. Қазір Қазақстанда бос жатқан жер(Сатыбалдиев, 2022) мен жобалау құны арзан(Акбай, 2022) болғандықтан ондай тұрғын үй құрылысына кететін шығын аз. ЕЭК елдеріндегі әлеуметтік тұрғын үйлерді БҰҰ зерттеп, құрылыс шығынын азайтатын бірнеше балама механизмді көрсеткен. Олардың арасында құрылыс салушының табыс салығына, жер бағасына жеңілдік жасауды, құрылыс салушы мен жеке инвесторға салыққа жеңілдік беруді, сондай-ақ мемлекеттен және жекелей де қарыз беріп, инвестиция құюды айтуға болады(ЕЭК, 2018). Сондай-ақ құрылыс салушыларды әлеуметтік тұрғын үй салғанға ынталандырудағы мемлекеттің рөлін де атап өткен. Енді тұрғын үй құрылысын салудағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизміне жататын негізгі тармақтарға тоқталамыз. Мемлекет бюджетінен және жекелей қарыз беру, инвестиция құю «Қазір әлеуметтік тұрғын үй секторы дамыған ЕЭК елдері тұрғын үй құрылысын қаржыландырудан/несиелеуден белгілі бір деңгейде не толықтай бас тартқан. Көбіне орталық билік органдары субсидияны сұрап отырғандарға, яғни халыққа береді»(ЕЭК, 2018). Мемлекет мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті толық енгізіп, шетелдік инвесторларды тарту үшін туатын қауіп-қатердің бәрін, әсіресе валюта құлдырауын өз мойнына алуға тиіс. Жеке қарыз, яғни жеке инвестор бүкіл шығынын өз мойнына алғаны елге өте пайдалы болар еді, өйткені ондай жағдайда жемқорлық қаупі азаяды(Чиканаев, 2017). Мемлекеттікжекеменшік серіктестіктің бұл механизміне жатақхана құрылысын мысалға алуға болады. Жоғары оқу орындары жатақхананы өз қаржысына салады, ал сол ғимарат пайдалануға берілген соң, мемлекет мемлекеттік тапсырыс жариялап, инвесторға сегіз жыл бойы әр жатын орынға 122 АЕК төлеп отырады(Сатыбалдин, 2021). 248 Фатима Әбенова Ақшасы бірден айналымға түскені құрылыс компаниясы үшін маңызды, сондықтан ұзақ уақыттан соң шығынды ақтайтын жобаға қызығатындар аз(Борисов, 2019). Оның үстіне сарапшылар мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын әзірлеуге ұзақ уақыт кетеді, ал баға күн сайын өседі дейді(Куздибаев, 2022). Алайда кей сарапшылар артық ақшасы болса, әлеуметтік тұрғын үй салып, оны ұзақ уақытқа жалға берген бизнеске тиімді дейді(Перуашев, 2019). Оған қоса жекеменшік сектор қосымша табыс табу үшін коммерциялық алаңдарды да қоса алады(Матаев, 2020). Құрылыс салушыларға субсидия беру Ұлыбритания тепе-теңдікті сақтайтын шешім қабылдап, жергілікті билік органдары жалға алу ақысын субсидиялаған, ал девелоперлер мен жылжымайтын мүлік қорлары жалға беру ақысын нарық мөлшерлемесімен алып отыр(Куздибаев, 2022). Құрылыс салушы/жеке инвестор балансында жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үй болатын жылжымайтын мүлік қорын құрып, салған үйін сата алады. Дегенмен Қазақстан тұрғын үй компаниясының өкілі заңда әлеуметтік тұрғын үй салғандарға салық жағынан жеңілдік берілсін деп жазылмаған, мысалы, әлеуметтік тұрғын үйді көп салғандардың салық мөлшерлемесін жеке тұлғаның салық мөлшерлемесіндей етіп теңестірсе дейді(Куздибаев, 2022). Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын 2026 жылға дейін дамыту тұжырымында жалға берілетін тұрғын үй құрылысына жеке инвестиция құйып, жеке тұрғын үй қорындағы жалға алу ақысын субсидиялау механизмі көрсетілген. Нақтысын айтқанда: әкімдік желілерді және жер учаскесін бергені үшін мемлекеттік-жекеменшік серіктестік, яғни әкімдік пен құрылыс салушы пәтерлердің бір бөлігін арзан бағамен сатуға келіседі(ҚР Үкіметі, 2022). Жер алуға жеңілдік Жер учаскесін бөлу туралы айтсақ, Алматы қаласының даму бағдарламасында ескі тұрғын үйлерді бұзу, тұрғын үй құрылысының 249 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК бітпей қалған объектілерін аяқтау туралы жазылған. Осы құжатқа сәйкес қалада пайдалану мерзімі өткен 1 427 екіқабатты үй бар. Урбанист Әділ Ажиев тұрғын үй аумағына қойылатын қазіргі талапқа сай келмейтін ескі тұрғын үй типологиясы ендігі жерде тиімсіз дейді (Ажиев, 2022). Қала құрылысшысы Жанат Айтілеу де ескі тұрғын үйлері бар қала орталығының әлеуеті туралы айтып, әкімдік тұрғын үй салатын құрылыс компаниясына тиімді болатындай етіп жер телімін алып беретін механизм жоғын да сөз етті. Мұндай механизм әкімдікте 2008 жылға дейін болған(Айтилеу, 2022). Желі тартып беру Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға арналған дайын механизм аясында мемлекет құрылыс салушыға мынадай ұсыныс тастап отыр: компания салған тұрғын үйінің кемінде 50% бес жылдан кем емес мерзімге жалға берсе не кемінде 50% белгіленген бағамен сатса, тұрғын үй құрылысы салынып жатқан жаңа аудандардағы желілер құрылысын мемлекет қаржыландырмақ. Дегенмен құрылыс салушының мүддесін ескерсек, мемлекет талап етіп отырған үлес мөлшері тым көп болуы мүмкін. Стейкхолдерлер картасына назар аударсақ, шешуші тараптардың мүддесін талдайтын құрал ретінде жеке инвесторлардың мүддесін елемесе, процеске қатты әсер етіп, мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің дайын механизмі нәтижесіз аяқталуына себеп болуы мүмкін екенін аңғарамыз. Құрылыс салушының пайдасына жеңілдік жасау Әлемдік зерттеулерге сүйенсек, Азия елдерінде пәтерлердің әдетте 30%-нан аспайтын бөлігі ғана әлеуметтік осал топтарға жататындарға арналған мемлекеттік қорға беріледі екен(Елеусинов, 2022). Ұлыбритания құрылыстағы коммерциялық объектілерді әлеуметтік тұрғын үй құрылысының 20% қаржыландыруға пайдаланып отыр (ЕЭК, 2018). Атап айтсақ, Ұлыбритания белгілі бір пайызды талап етіп отырған жоқ, өйткені олардың механизмі жергілікті билік органдары мен 250 Фатима Әбенова құрылыс салушылардың арасындағы келіссөзге сүйенген. Билік органдары тұрғын үй типін, орналасатын жерін, саны мен құрылыс мерзімін, сондай-ақ құрылыс салушының инфрақұрылым мен қызметтерді салуға қосатын жарнасын бекітіп береді. Лондонның біртұтас даму жоспарында(2002) жаңа тұрғын үйлер жергілікті учаскеде болса, 25%-ның бағасы арзан болуға тиіс деп жазылған. Ал арзан баспана учаскеден тыс жатса, онда мөлшерлеме 33% болады, яғни берілмесе де жалпы соманың 33%-ын төлеуге тиіс. Дегенмен зерттеу барысында келіссөз әлеуеті төмен болғандықтан және жергілікті билік органдары нарық жағдайын жеткілікті білмегендіктен туып отырған қиындықтар бары белгілі болған. Оның үстіне салынған арзан баспана саны болжанған көрсеткіштен айтарлықтай аз(Моханти, 2014). Ванкувер жұрты 1988 жылдан бері әр ірі құрылыс нысандарындағы тұрғын үйлердің 20% арзан болсын деп талап етіп келеді(Мишра, 2017: 1–25). Бірнеше провинция муниципалитеті үй бағасын арзандату үшін құрылыс компаниясынан алынатын алымнан және жаңа тұрғын үй объектісіне салынатын жылжымайтын мүлік салығынан босату сияқты құралдарды пайдаланып отыр. Онтарио провинциясында Жоспарлау туралы заң шығарылған, сөйтіп, енді салынатын тұрғын үйлерді рұқсат етілген мөлшерлемеден де тығызырақ әрі биігірек етіп салып, тұрғын үй бағасын арзандатпақ. Аустралияда жаңа құрылыс салған компаниядан алып, дамытуға жұмсалатын жарна жүйесі бар. Оның үш формасы бар:(i) билік органы құрылыс салушыға жол, кәріз және қоғамдық орындар сал деп сыйға берген жері;(ii) құрылыс салушы салып, билік органдарына берген әлеуметтік инфрақұрылым объектілері;(iii) жер алуға не инфрақұрылым объектілері мен арзан баспанамен қамтамасыз етуге қаржылай жарна. Қазір Оңтүстік Аустралияда жаңа жобалардың бәрінің 15% міндетті түрде арзан болуы керек(Оңтүстік Аустралия Үкіметі, 2013). Тараптар мүддесі: стейкхолдерлер картасы Стейкхолдерлер картасы жобаға қатысушылардың мүддесі мен мақсатын жақсырақ түсінуге, сондай-ақ олардың 251 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК арасындағы конфликт пен келіспеушілік неден туғанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл картада әр актордың мәселені шешудегі ықпалы, мүддесі, мақсаты, ресурсы мен қатысу деңгейі жайлы ақпарат бар. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизміне қатысатын негізгі акторларға әкімдік, құрылыс салушылар, тұрғындар, банктер мен мәслихат жатады. Стейкхолдерлер арасындағы келіспеушілік пен конфликтінің шығу төркінін атап көрсетейік. Сонымен, әкімдік пен құрылыс салушының өзара әрекеттестігіндегі мәселе мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобасына құрылыс салушы қатысқысы келмеуінен тууы мүмкін. Тұрғын үй жобасын әзірлеу процесі барынша ашық болмағандықтан, тұрғындар мен құрылыс салушылар арасында конфликт тууы мүмкін. Ондай конфликтілерді болдырмау үшін қатысушыларға мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларына қатысқанның нендей артықшылығы барын, тараптар арасындағы әлеуметтік интеграция маңызын түсіндіру керек, сондай-ақ олар осы механизмді жетілдіруге қатысты айтқан ұсыныстарын тыңдау керек. Саяси және әкімшілік ресурстарды қатыстыру бірлескен жұмыстың тиімдірек болуына көмектеседі және конфликтіге себеп болған мәселені шешуге ықпал етеді. Қатысушылардың мүддесі мен мақсатын түсінсек, барлық тарап мүддесі ескерілген дәйекті және тиімді шешім шығаруға болады. 252 Фатима Әбенова 253 Актор Әкімдік Құрылыс салушы 1-КЕСТЕ. Құрылысты субсидиялау механизміне мүдделі стейкхолдерлер картасы Шығаратын шешімі Мәселені шешуге қаншалық қатысады Ықпал ету деңгейі Мүддесі мен мақсаты Ресурсы Қалай кедергі болып отыр Тұрғын үйкоммуналдық инфрақұрыл- ымын дамыту тұжырымын іске асырады Құрылыс салуға рұқсат береді, учаскеге инженерлік желі тартады, көлік инфрақұры- лымын салады Өте жоғары Халық арасындағы әлеуметтік қиындықты азайту, бюджеттен құрылысқа кететін шығынды азайту, тұрғын үйді пайдалануға беру қарқынын арттыру Саяси, әкімшілік Беруге, қаржыланды- руға, қызмет көрсетуге қатысатын мүдделі тараптармен бірігіп жұмыс істеуге ұмтылмай отыр Мемлекеттік- жекеменшік серіктестік жобаларына қатысады Төмендетілген мөлшерлеме- мен жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үй бағдарлама- сына пәтер бөледі Өте жоғары Пайдалы екеніне мемлекет кепілдік беретін ұзақмерзімді жобалар, инфрақұрылымы дамыған аудандардан учаскелер беру, мемлекет барынша қысым көрсетпегені, жағымды имидж қалыптастыру Құрылыс салу, жеке инвестиция Мемлекеттік- жекеменшік серіктестік жобаларына қатыспайды Қатыстыру жолы Әлеуметтік жа ғынан осал тап тарға үй берудің маңызы мен «гетто-ықшам- аудандардың» құрылысына жол бермеу ма ңызын түсіндіру Механизмге қатысқаннан көретін пайдасын егжей-тегжейлі түсіндіру, салық субсидиясын беру, ұсыныстарын ескеру ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК 254 Тұрғын Жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы бойынша кезекке тұрады Тұрғын үй ала алмаған соң наразы болады Төмен Банк Мәслихат Қарыз бен несие береді Саясатты дамытады және түзетеді Құрылысқа ақша бөлу жағына жауап береді Бас жоспар лардағы жоба лар жоспары ның схемасын бекітеді Орташа Орташа Тұрғын үй жағдайын жақсарту, қаладағы мүмкіндікті толық пайдалану Азаматтық Жеке қарызға мемлекет кепілдігін беру Қаржылай Халық арасындағы әлеуметтік мәселені азайту, бюджеттен құрылысқа кететін шығынды азайту, тұрғын үйді пайдалануға беру қарқынын өсіру Саяси, әкімшілік Тұрғын үй құрылысының жаңа механизмдеріне наразы болып отыр Қаржы бөлмеу Құрылыс салушылар мен тұрғындар мүддесін ескеретін саясатты дамыту Жаңа механизмді қолданғаннан нендей пайда көретінін егжей-тегжейлі түсіндіру, тараптар арасындағы әлеуметтік интеграцияның маңызын түсіндіру, ұсыныстарын ескеру Саяси және әкімшілік құралдарды тарту Жеке бизнес пен тұрғындар мүддесін тиісті орындарға жеткізу Фатима Әбенова ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР Жалға берілетін тұрғын үйлерді салғанға жеке инвестиция тарту арқылы тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын дамыту тұжырымы аясында жалға беру ақысын субсидиялаудың механизмі – арзан баспанаға қатысты саясатты ілгері дамытатын қадам. Мемлекет пен жеке нарық біріксе, әлеуметтік жағынан осал топтарға көлік қатынайтын, инфрақұрылымы дамыған тұрғын үй нарығын қалыптастыру саласында өзара тиімді қатынас құра алады. Дегенмен екі тараптың да келісе алғаны, бағдарламаны түсіне алғаны, сондай-ақ нарық қажетін дұрыс бағалай алғаны маңызды. Сонымен қатар мынадай ұсыныстарымыз бар: • Жаңа тұрғын үй кешендеріндегі тұрғын үйлердің бір бөлігін арзандатып беру механизмін міндетті тармақ ретінде қосу. • Дайын механизмдегі белгіленген баға бойынша жалға берілетін/сатылатын тұрғын үй пайызын талап етілген 50%-дан 15–20%-ға дейін азайту. • Тұрғын үй беруден басқа, жер учаскесін беру, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салу, қаржылай жарна сияқты балама жарна жүйесін енгізу. • Жеке құрылыс салушылар/инвесторлар балансында әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үйі бар жылжымайтын мүлік қорын құруы үшін салық субсидиясын қарастыру. • Құрылыс салушыларға әкімдік жерді алып бере алатын механизмді енгізу. • Қатысушы тараптарға мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобасына қатысқанның нендей артықшылығы барын, таптар арасындағы әлеуметтік интеграция маңызын түсіндіру. Дамыған елдердегі арзан баспана бағдарламалары бәріне бірдей тиімді болғанының арқасында табысты болып отыр. Зерттеу барысында көргеніміздей, инклюзив тұрғын үй бағдарламасын жасағанда тиімділік пен әділдікті басты мақсат етіп алу керек. Қаладағы жер мен тұрғын үй нарығы процесіне, сондай-ақ қаланы нарықтың қауқарсыздығын жоятындай етіп жоспарлауға сүйенсе ғана теңдік орнайды. Халық бағасы қолжетімді баспанаға мұқтаж, осы қажетін өтеу үшін құрылыс компанияларынан көмек сұрағанның әбестігі жоқ, 255 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК себебі құрылыс компаниялары мен жер иелері табысы аз халық тұратын дамымаған, көлік жүрмейтін аудандарды дамытқан сайын қаржылай пайда табады. Дегенмен ондай бағдарлама экономикалық жағынан тиімді болуы үшін, бағдарламаны әзірлегенде мұқият болу керек. Нашар ойластырған талаптар құрылыс қарқынын баяулатып, ақырында тұрғын үй бағасы өсуіне себеп болуы мүмкін. ДЕРЕККӨЗ 1. Ажиев А.,«Как Алматы преобразится в ближайшие годы», интервью«Караван», 2022 2. Айтилеу Ж. На круглом столе по соцжилью, Urban Forum Kazakhstan, 2022 3. Акбай А. На круглом столе по соцжилью, Urban Forum Kazakhstan, 2022 4. Алматы қ. әкімдігі, Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар, 2022, Алматы 5. Барабанов Р.,«Город с окраинами и без транспорта», интервью Светлане Ромашкиной.«Власть», 2020, 25 желтоқсан 6. Бахытнур Отарбаева,«Городской гражданский активизм в градостроительной политике Алматы», Казахстан-Спектр, 103(3), с ентябрь 2022. – URL: https://doi. org/10.52536/2415-8216.2022-3.03 7. Борисов В.,«Жилье как потребность и условие жизни», интервью Ирине Нос, «Казахстанская правда», 2019, 12 наурыз 8. Горбунова А., Крумбергс Р., Хусаинова Д.,« Как устроено социальное жилье в Казахстане»,«Социальное жилье» жобасы(полиси-бриф), Urban Forum Kazakhstan, 2022 9. Дуйсенов Б.,« Можно ли обеспечить муниципальным жильем всех нуждающихся», интервью Асету Калымову. Zakon.kz 10. Елеусинов Ш. На дискуссионном клубе«Как арендаторы живут в Казахстане», Фонд развития парламентаризма, 2022 11. Ерзакович Е.,« Вызовы при проектировании велоинфраструктуры и последующих преобразований улиц на примере города Алматы. Аналитический разбор», Friedrich Ebert, 2021 12. ЕЭК Организации Объединенных Наций, Социальное жилье в регионе ЕЭК ООН. Модели, тенденции и вызовы, 2018, Нью-Йорк и Женева: ООН 13. Информационный ресурс премьер-министра Республики Казахстан, Увеличение финансирования и местного содержания: как в Казахстане развивается жилищное строительство, 2020. primeminister.kz 14. Куздибаев А. На круглом столе по соцжилью, Urban Forum Kazakhstan, 2022. 15. ҚР Үкіметі, ҚР Үкіметінің Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы қаулысы, 2022 16. Матаев Т.,«О развитии ГЧП в Казахстане: состояние, тенденции и перспективы», интервью PrimeMinister, 2020, 10 маусым 256 Фатима Әбенова 17. Мишра А.,«Городская политика в странах Азиатско-Тихоокеанского региона: пример инклюзивного зонирования и жилья», Asia-Pacific Journal of Regional Science 1(1): 1–25, апрель 2017. doi: 10.1007/s41685-017-0026-4 18. Моханти П.К,« Города и государственная политика: городская повестка дня для Индии», Сейдж, Нью-Дели, 2014 19. Мухамедиярова Ж.,« Более 3 тысяч человек получили жилье в Алматы по льготным программам», Inform.kz, 2023, 5 қаңтар 20. Оңтүстік Аустралия Үкіметі,«Обеспечение вдохновляющего городского будущего. Годовой отчет», 2013, обновление СА 21. Орынканова А., Заритовская Т., Демьянюк И.,«ЗЕРДЕЛІ» И«ШҰҒЫЛА» Проект «Социальное жилье»(социологический компонент), Urban Forum Kazakhstan, 2022 22. Перуашев А.,«Жилье как потребность и условие жизни», интервью Ирине Нос, «Казахстанская правда», 2019, 12 наурыз 23. Пчелянская И., Милаярова И.,«Итоги-2022: главные события на рынке жилья Казахстана», Krisha, 2022, 29 желтоқсан 24. Сатыбалдиев А. Для Urban Forum Kazakhstan Policy Brief, 2022 25. Сатыбалдин А.,«Как выполняется программа строительства студенческих общежитий по ГЧП», интервью Карине Алимовой, InBusiness, 2021, 24 қазан 26. Темирханов М.,«Насколько доступным станет жилье для очередников по проекту «5-10-20», интервью Radio Azattyq, 2020, мамыр 27. Чиканаев Ш.,«О развитии ГЧП в Казахстане,» интервью«Казахстанская правда», 2017, 30 наурыз 28. William Seitz, Urbanization in Kazakhstan Desirable Cities, Unaffordable Housing, and the Missing Rental Market, Poverty and Equity The World Bank, 2018 257 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК БАЙТАҚ ДАЛА: АСТАНАНЫҢ ДАМУ ЖОСПАРЫ ҚАЛАДА СЕМІЗДІК ІНДЕТІ ТАРАУЫНА СЕБЕП БОЛУЫ МҮМКІН Уальшер Аханов ualsher.akhanov@nu.edu.kz АБСТРАКТ Қала инфрақұрылымы – халық денсаулығына әсер ететін ең басты қоршаған орта факторы. Қала аумағы кеңейген сайын ғимараттар саны артып, кеңістік азаяды, автокөлік саны артып, ортақ пайдаланатын жер тарылады. Бұл кардиометаболикалық аурулар көбеюіне, оның ішінде семіздік кең тарауына әсер етеді. Мақала Қазақстандағы Астана қаласы кеңеюін жаяу жүру көрсеткішін қолдана отырып зерттеуге арналған. Семіздік таралуы көрсеткішін өлшедік және оны Хелсинки көрсеткішімен салыстырдық. Хелсинки көрсеткіші 91% болса, Астанадағы көрсеткіш небәрі 39%. Сол сияқты Астанада семіздік көрсеткіші де Хелсинкидікінен жоғарырақ. Хелсинкидегі инфрақұрылым реформасын зерттеп, Астана аумағы кеңеюін болдырмау үшін қаладағы инфрақұрылымды тығыз етіп салуды ұсынып отырмыз. Қала кеңеюі Қала кеңеюі – ғалымдар, саясаткерлер және қоғам назарын аударып отырған көпке белгілі құбылыс. Автомобиль жолдарының дамуына қарай халық аса тығыз қоныстанбаған ауылдарға және қала маңындағы аудандарға адамдар көп көшіп барып, соның нәтижесінде мегаполис аумағы кеңейеді. Қала кеңеюіне түрлі жағдай себеп болады және олардың бәрі бір-біріне байланысты, сондықтан ғалымдар бұл құбылысқа себеп болатын бірнеше факторды атаған. Ең жиі аталатын себептер: халық саны көбеюі, иммиграция, экономика дамуы, 258 Уальшер Аханов үкімет саясаты мен нормативтік актілері және технология дамуы. Мысалы, бір ғалымдар автомобиль мен көлік инфрақұрылымы артқан сайын ауылдық жерлерде де құрылыс тығыз салынып жатыр дейді(Cervero&Kockelman, 1997). Ендігі бір ғалымдар бұған үкімет саясаты, яғни жерді бөлу туралы заң себеп болды дейді(Glaeser, 2000). Қала кеңейгенінің қоршаған ортаға, әлеуметтік құрылым мен экономикаға кері әсер ететін тұсы көп. Ғалымдардың көбі қала кеңейгені табиғи қоршаған ортадан айырылу, ауа мен су ластануы артуы, парник газы бөлінуі сияқты экологиялық салдарын атаған(Ewing, Pendall&Chen, 2002). Оның үстіне қала кеңеюі әлеуметтік-экономикалық жағынан да қиындық тудырады, әсіресе жұмыс орны мен қызмет көрсету жетіспеуі, кедейлік пен қылмыс көбеюі сияқты жағымсыз салдарға себеп болады(Cervero, 2002). Енді бір ғалымдар қала кеңеюі, сондай-ақ адамдардың қоғамнан оқшауланып, қоғам болып бірлесе өмір сүруіне кедергі болады дейді(Sassen, 2001). Ғалымдар мен саясаткерлер қала кеңеюінің жағымсыз әсерін болдырмаудың түрлі жолын ұсынып отыр. Кей ғалымдар қала жерін аралас пайдаланатындай етіп, дербес елді мекендер түрінде жинақы және шағын етіп кеңейту керек дейді(Newman&Kenworthy, 1999). Ендігі бір ғалымдар көлік тасымалы жүйесінде автокөлікті азайту үшін қоғамдық көлік пен велосипед инфрақұрылымын дамытуды ұсынып отыр(Cervero&Kockelman, 1997). Оның үстіне кей ғалымдар қаланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін жерді пайдаланғанына салық салу, жер пайдалану құқығын екінші тұлғаға беру сияқты нарық механизмін енгізу керек дейді(Glaeser, 2000). Кейінгі уақытта қала кеңеюі халық денсаулығына қалай әсер ететінін зерттеген еңбектер саны артып келеді. Бірқатар созылмалы ауруларға себеп болатын семіздік факторын түрлі әлеуметтік-экономикалық жағдай тұрғысынан қарап, зерттеген еңбектер де көп. Қала кеңеюі семіздікке қалай себеп болады? Қала кеңеюі мен семіздік арасындағы байланысты ғалымдардың көбі зерттеген. Жалпы, зерттеу қорытындыларына сүйенсек, үлкен қалада тұратындар шағын қалада тұратындарға қарағанда семіруге 259 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК бейімдеу екен. Бұл зерттеу жұмыстарында демографиядағы жас, жыныс, табыс сияқты өлшемдерді де ескерілген, дегенмен қала кеңеюі мен семіздік кең тарауы арасында байланыс бары анықталған(Ewing et al., 2003). Үлкен қаладағы адамдар аз қимылдайды, зиян тағамды көп жейді, ал бұл жағдайларды жеке-жеке алғанда да, қоса алғанда да семіздік белең алуына себеп болады(Saelens et al., 2003). Үлкен қалада жұмысқа жаяу баратындар мен велосипед тебетіндер аз, ондай қаладағы адамдар жұмысына әдетте көлікпен барады және көбіне отырып істейтін жұмыс істейді. Осы жағдайлар шағын қаладағыларға қарағанда үлкен қаладағыларды артық салмақ қосуға, семіруге бейім етіп жібереді(Frank et al., 2010). АҚШ-та адамның жасын, білім деңгейін, табысын, жынысын ескере отырып жүргізілген мета-талдау қала кеңеюі мен семіздік арасында байланыс барын растаған(Lopez et al., 2004). Астана қаласының кеңеюін бағалау Астана қаласының кеңею көлемін өлшеу үшін Николетти мен әріптестері әзірлеген CityAccessMap GIS платформасын пайдаланып, қаланың қаншалық кеңейгенін бағаладық. Бұл әдісте дерек жинаудың негізгі екі жолын пайдаландық. Қаланың географиялық орналасқан жерін дәл және нақты көру үшін OpenStreetMap құралын қолдандық(Barrington-Leigh, 2017). Маңызды жерлер тұрғын үйлерге қаншалық жақын екеніне қарап арақашықтықты бағаладық. Маңызды жерлер деп күнделікті тіршілікке қажет инфрақұрылымдарды, яғни жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын, аурухананы, білім беру мекемесін, азық-түлік дүкенін алдық. Содан соң сол маңызды жерлердің орналасуы мен 2020 жылғы(EC JRC) Global Human Settlement Layer (GHSL) мәліметтер жинағындағы халық туралы ақпаратты байланыстырдық. Халық тығыздығын ауданы 100х100 болатын шаршы метрге салып есептедік. Сөйтіп, тұрғындардың қаншасы(немесе халықтың осынша%) ең жақын маңдағы маңызды жерге баруға қанша уақыт жұмсайтынын есептеп шығардық(Nicoletti et al., 2017). Талдау мақсатына қарай, 10 минут жаяу жүру уақытына бөлдік, өйткені бұл – орта есеппен алғанда адам жұмыс орнына жетуіне ыңғайлы және 260 Уальшер Аханов денсаулығына пайдалы қашықтық(Krizek et al., 2017). Хелсинкиді таңдаған себебіміз: қала климаты мен кеңею тарихы Астананікіне ұқсас. Нәтижесін 1, 2-суреттерден көре аласыз. Choropleth картасы бойынша зерттеп шыққан соң, жекелеген аудандардағы семіздіктің орташа деңгейін есептедік. Ол мәліметті Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған ақпараттан алдық. R статистикалық пакетін пайдаланып, CSV форматындағы деректерді іріктедік. Орташа семіздік деңгейі туралы мәліметті 4-суреттен көре аласыз. Одан шыққан мәліметті жүйелі есептеу және қала кеңеюін құқықтықсаяси құрал тұжырымы ретінде түсіндіру үшін салыстырмалы сапа контентін қостық(Hsieh et al., 2016). Контент-анализді RQDA-ның R статистикалық пакетін пайдаланып жүргіздік(Huang, 2016). 1-СУРЕТ. Астанадағы қашықтық 261 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК 2-СУРЕТ. Хелсинкидегі қашықтық Хелсинки Астана 1 0.75 0.5 0.25 0 2013 2014 2015 2016 2017 2018 2019 3-СУРЕТ. Сезімдік ауруына шалдыққан ересектер үлесі(%-ға шаққанда) 262 Уальшер Аханов Нәтижесі Астананың жаяу жүру қашықтығы көрсеткіші 39% болды, яғни 291 000 тұрғын маңызды жерге жаяу 10 минутта жете алады. Хелсинкидегі жаяу жүру қашықтығы көрсеткіші 91%, яғни 826 000 тұрғын маңызды жерге жаяу 10 минутта жете алады(1 және 2-суреттерді қараңыз). Астана мен Хелсинки арасында семіздік деңгейі бойынша айтарлықтай айырмашылық бар. Астанада семіздік деңгейі азая бастағанына қарамастан, 2019 жылы Астанада 42%-ға жеткен, ал Хелсинкиде 17% болған(3-суретті қараңыз). Көз мөлшермен және жаяу жүру көрсеткіштерін өлшеу нәтижесіне сүйенсек, Астана қаласы Хелсинкиге қарағанда қарқынды кеңейіп жатқанын көруге болады. Қала кеңеюі саясаты Қазақстанның қолданыстағы саяси құралдарында, стратегияларында, нормативтік актілерінде және даму жоспарында қала кеңеюіне қатысты нақты ештеңе айтылмаған. Қала құрылысын реттегенде «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңға жүгінеді. Қаланы жоспарлағанда жалпы мемлекеттік бас схема мен қаланың нақты бас жоспарына сүйенеді. Астананың алғашқы бас жоспары 2001 жылы жасалды, кейін үкіметтегі лауазымды тұлғалар ол жоспар бойынша қала тез дамып, қатты кеңейіп кететінін ескермегенін мойындады(UNECE, 2020). Сөйтіп, сол уақытта құрылыс қарқынды жүрген сол жағалаудағы аудандарда адамдардың жаяу жүру мүмкіндігі ескерілмеген. 2019 жылы жарияланған«Астананың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы» деген бағдарлы құжаттың бірінде адамдар сирек жаяу жүргені экономикаға, әсіресе шағын және орта бизнес дамуына кері әсер ететіні жазылған. Сондай-ақ құжатта Астананың кеңеюінен туатын негізгі қиындықтар: транзит көшелер жоғы, қоғамдық кеңістік тең бөлінбегені, жаяу жүру инфрақұрылымы жеткіліксіз, тұрғын үй кешендерінің арасы тым алыс, Т тәріздес тұйық көшелер көп екені де ашық айтылған. 2020 жылы қала мәслихаты«Астана – жайлы қала» бас жоспарын бекіткен.«Қала адамдар үшін» тұжырымы, тұрақтылық және халық денсаулығы – осы жоспардың басты көрсеткіші. Бұл құжат қаланың 263 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК сол жағалауы мен оң жағалауы арасында көлік қатынасы нашар екенін, оның үстіне қаланың сол жағалауында жаяу жүргіншілерге тиісті жағдай жасалмағанын айқындап берді. Жалпы саясат өзгерген соң 2022 жылы қала мәслихаты Астана қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлауға қатысты жаңа қағидаларды бекітті. Қоғамдық талқылау кезінде бұл жобаға қарсы шыққандар көп болғанымен, жаңа қағида жаяу жүргіншілерге жағдай жасайтын көптен күткен стандарттарды бекіткен. Бұл қағида«Астана қаласын көпорталылық, кешенді және жинақы құрылыс қағидаты бойынша дамыту керек» деп бекітті. Құрылыс тығыздығына қатысты жаңа стандарттың ең жоғары шегі: 1 гектарға 440 адамнан келеді. Тұрғын үй кешендері арасындағы ең аз қашықтық енді екі факторға: дүкен санына және ғимарат жоспарына байланысты болмақ. Ғимараттың қысқа және ұзын жақтарына, қатар орналасқан ғимараттардың ұзын жақтарына қарап рұқсат етілген қашықтық өзгеріп отырады. Сол сияқты көлік инфрақұрылымына рұқсат етілген арақашықтық та азайған. Енді ол негізгі көшеден 6 метр, ал ішкі қиылыстан 3 метр қашықта болады. Маңызды жерлер жақын орналасқанына, жаяу жүргіншілерге басымдық бергеніне және сол сияқты оң өзгерістерге қарамастан, қала ландшафты транзитке бағытталған күйінде қала береді. Бұл ереженің негізгі кемшілігі: тек жоспарланған құрылыс жобаларын ғана реттейді. Қаладағы бұрыннан бар мәселелерді шешпейді, қала дамуына арналған жаңа стандартта да, осыған дейінгі басқа стандарттарда да ол мәселелерді шешу жолы қарастырылмаған. Жинақы қала шешімі – Хелсинкидегі жағдайды зерттеу Хелсинкидегі жағдай Астана қаласын жоспарлау саясатында нендей өзгерістер болуы мүмкін екенін білу үшін маңызды. Климаты ұқсастығына, урбанизациясы жылдамдығына және жоспар сапасы нашарлығына қарап Хелсинкиді таңдадық. Хелсинки қаласы да кезінде урбанизация жағынан осындай қиындыққа тап болған. Қазір Хелсинки – Финляндияның басқа қалаларымен салыстырғанда, 264 Уальшер Аханов семіздікке шалдыққандар мен соның салдарынан туатын жүрек-қан тамырлары, диабет т.б. аурулары өте аз тіркелген қала(Kuusipalo, 2020). Хелсинкидегі жағдай қаладағы ғимараттар тығыз салынуы адамның өмір сүру жағдайына, атап айтқанда тұрғындардың денсаулығы жақсаруына әсер ететінін көрсетіп отыр. Жинақы қала теориясы жаяу жүргіншілерге, велосипед тебетіндерге және қоғамдық көліктерге баса назар аудара отырып қала аумағы кеңейіп кетпейтіндей етіп дамытуды көздейді(Neuman, 2006). Қала тығыздығы артқаны қала ландшафтын жақын, тұрақты және экономикаға тиімді ете түседі. Қаланы жинақы және маңызды жерлері жақын орналасқан ортаға айналдырса, дене қимылы да артады(Cooper, 2002). Қала тығыздығына қарай жүріс-тұрыс өзгерсе, бұл семіздік көрсеткіші жақсаруына себеп болады(Bell, 2002 және Ewing, 2017). Қала кеңеюі мәселесін шешетін мегаполистердің бәріне келе беретін бірегей шешім жоқ болғанымен, бірқатар негізгі тұстарын атап өтуге болады. Хелсинки қаласының жоспарында ландшафтқа ерекше назар аударғанын айта кеткен жөн. 2000 жылдардың басында Хелсинки басшылығы алғаш қаланың бас жоспарын жасау кезінде келешекте салынатын құрылыстарды ғана шектеп қойған жоқ. Сонымен қатар осы орайда тығыздықты арттыра отырып, қаладағы көптеген мәселелерді шешуге болады деп білген. Мысалы: әлеуметтік және географиялық сегрегация, қоршаған орта сапасы, тұрақтылық, экономика және қала кеңеюі(Hautamäki, 2022) мәселесін шеше алады. Қосымша ғимарат салу – қала ландшафты тығыздығын арттырудың негізгі жолы. Қосымша ғимарат салу«бұрын құрылыс салынған аудандағы бос жатқан немесе толық пайдаланылмай тұрған жерді игеру» дегенді білдіреді(U.S. EPA, 2015). Үкімет құрылысты жоспарлай отырып транзит және нашар дамыған қаланы жинақы, өмір сүруге қолайлы және қоршаған ортасы жақсы қалаға айналдыра алған. Жеке көлікке қарағанда қоғамдық көлікке, әсіресе теміржол көлігіне көбірек мән берген(City plan, 2016). Хелсинки мына екі нәрсеге: бұрыннан бар аудандарды жаңғыртуға және қала маңын жақсартуға, яғни салыстырмалы түрде қаладан алысырақ елді мекендерді қалаға қосуға көңіл бөлген(Housing and related land use program, 2021). Үкімет қала маңын сегрегациялауды 265 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК жою үшін қала маңын дамыту туралы жоба әзірлеп, қазір«2020–2022 жылдардағы қала маңы» бағдарламасын іске асырып отыр. Бұл бағдарлама қала шетіндегі аудандарды гүлдендіруге, өз көрнекі жерлері бар, қауіпсіз, жинақы ауданға айналдыру арқылы қала халқының өмір сүру жағдайын теңестіруге, бар теңсіздікті мүмкіндігінше азайтуға бағытталған(Suburb Program, 2019). ҚОРЫТЫНДЫ Бұл пилоттық зерттеуде қала кеңеюіне қатысты негізгі көрсеткіштердің бірі – Астана қаласындағы жаяу жүруге қаншалық жағдай жасалғаны зерттелді. Жаяу жүруге жағдай жасалмаса, семіздік дерті артып кетеді. Бұрынғы зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, жаяу жүру инфрақұрылымы нашар дамығаны, ғимараттар арасы тым қашық, жаяу жүру мүмкіндігі аз болғаны – семіздікке шалдықтыратын негізгі факторлар. Астана қаласы бойынша мұндай нақты мәлімет жоқ болғандықтан, зерттеу барысында бұл факторларды өзара байланыстыра алмадық. Дегенмен бұл – Қазақстандағы қала инфрақұрылымы, қала кеңеюі мен семіздік дертінің өршуі арасында байланыс барын зерттеген алғашқы зерттеу жұмысы. Осы жұмыс нәтижесі тұрғындар деңгейі туралы ақпарат жинап, нақты статистикаға сүйене отырып, Қазақстандағы семіздік секілді қауіпті факторлар артуына қала жағдайы қаншалық әсер ететінін зерттеу керегін көрсетіп отыр. Тиісті саясат пен нормативтік актілерді зерттей келе, жоспарлау кезінде мамандар қала қаншалық кеңейетінін дұрыс ескере бермейтініне көз жеткіздік. Қала дамуы тұрғындардың денсаулығына әсер ететінін ескере отырып, Хелсинки тәжiрибесiн басшылыққа алып, тиісті нормативтік актілерді қайта қарап шығу керек деген ұсыныс тастаймыз. Қаланы жинақы ету – Астана ландшафтын адамдарға ыңғайлы, жайлы ететін, дамытатын және тұрғындарының денсаулығына жақсы жағынан әсер ететін шешім. 266 Уальшер Аханов ДЕРЕККӨЗ 1. Barrington-Leigh, C.,& Millard-Ball, A.(2017). The world’s user-generated road map is more than 80% complete. PLOS ONE, 12(8), e0180698. – URL: https://doi. org/10.1371/journal.pone.0180698 2. Bell, A. C., Ge, K.,& Popkin, B. M.(2002). The road to obesity or the path to prevention: motorized transportation and obesity in China. Obesity research, 10(4), 277–283. 3. Cervero, R.(2002). Suburban sprawl and public health. Public Health Reports, 117(2), 201–217. 4. Cervero, R.,& Kockelman, K.(1997). Travel demand and the 3Ds: density, diversity, and design. Transportation Research Part D: Transport and Environment, 2(3), 199–219. 5. City plan of Helsinki 2016(Finland) 6. Cooper, J., Donegan, K., Ryley, T., Smyth, A.,& Granzow, E.(2002). Densification and urban compaction: reinforcing the drive for sustainability. Transportation research record, 1817(1), 102–109. 7. Ewing, R., Pendall, R.,& Chen, D.(2002). Measuring sprawl and its impacts. Smart Growth America. 8. Ewing, R.(2008). Characteristics, causes, and effects of sprawl: A literature review. In: Marzluff JM, Shulenberger E, Endlicher W, Alberti M, Bradley G, Ryan C, Simon U, ZunBrunnen C, Urban ecology. Boston(MA): Springer; p. 519–535. 9. Ewing, R., Schmid, T., Killingsworth, R., Zlot, A.,& Raudenbush, S.(2003). Relationship between urban sprawl and physical activity, obesity, and morbidity. American journal of health promotion, 18(1), 47–57. 10. Ewing, R.,& Cervero, R.(2017).«Does compact development make people drive less?» the answer is yes. Journal of the American Planning Association, 83(1), 19–25. 11. Feng, L(2009). Applying remote sensing and GIS on monitoring and measuring urban sprawl. A case study of China. Rev Int Sostenibilidad. Tecnol y Humanismo. 4: 47–56. 12. Frank LD, Sallis JF, Saelens BE, et al.(2010). The development of a walkability index: application to the Neighborhood Quality of Life StudyBritish Journal of Sports Medicine 44, 924–933. 13. Glaeser, E. L.(2000). Zoning’s Steep Price. Regulation, 23(4), 18–25. 14. Hautamäki, R.(2022). From sparse to compact city – shifting notions of nature in post-war residential landscapes in the Helsinki region, Planning Perspectives, 37: 6, 1179–1203, DOI: 10.1080/02665433.2022.2036224 15. Housing and related land use implementation program 2021(Finland) 16. Hsieh, F.,& Shannon, S. E.(2016). Three Approaches to Qualitative Content Analysis. Qualitative Health Research. – URL: https://doi. org/10.1177/1049732305276687 17. Huang, R.(2016). RQDA: R-based Qualitative Data Analysis. R package version 0.28. – URL: http://rqda.r-forge.r-project.org/ 18. Krizek, K. J., Horning, J.,& El-Geneidy, A.(2012).«Chapter 6: Perceptions of accessibility to neighbourhood retail and other public services». In Accessibility Analysis and Transport Planning. Cheltenham, UK: Edward Elgar Publishing. Retrieved Feb 20, 2023, from – URL: https://www.elgaronline.com/view/ edcoll/9781781000106 267 ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК 19. Kuusipalo, H.(2021, April 12).« The mortality rate of working-age people has decreased, but multimorbidity, obesity and mental health issues have increased». Finnish Institute for Health and Welfare – URL: https://kestavakehitys.fi/en/-/themortality-rate-of-working-age-people-has-decreased-but-multimorbidity-obesityand-mental-health-issues-have-increased(Соңғы қаралған күні: 2023 жылғы 10 қаңтар). 20. Lopez, R.(2004). Urban sprawl and risk for being overweight or obese. American journal of public health, 94(9), 1574–1579. 21. Martellozzo, F.,& Clarke, K. C.(2011). Measuring Urban Sprawl, Coalescence, and Dispersal: A Case Study of Pordenone, Italy. Environment and Planning B: Planning and Design. – URL:https://doi.org/10.1068/b36090 22. Master-plan«Astana(Nur-Sultan) – comfortable city» 2021(Kazakhstan) 23. Neuman, M.(2005). The compact city fallacy. Journal of planning education and research, 25(1), 11–26. 24. Newman, P.,& Kenworthy, J.(1999). Sustainability and cities: overcoming automobile dependence. Island Press. 25. Nicoletti, L., Verma, T., Sirenko, M.(2022). Disadvantaged Communities Have Lower Access to Urban Infrastructure. Environment and Planning B: Urban Analytics and City Science, 0(0) 26. Rules on forming architectural layout and urban planning of Astana city 2022 (Kazakhstan) 27. Saelens, B. E., Sallis, J. F., Black, J. B.,& Chen, D.(2003). Neighborhood-Based Differences in Physical Activity: An Environment Scale Evaluation. American Journal of Public Health, 93(9), 1552–1558. – URL: https://doi.org/10.2105/ ajph.93.9.1552 28. Schiavina M., Freire S., MacManus K.(2022). GHS-POP R2022A – GHS population grid multitemporal(1975-2030). European Commission, Joint Research Centre (JRC) PID: doi:10.2905/D6D86A90-4351-4508-99C1-CB074B022C4A – URL: http:// data.europa.eu/89h/d6d86a90-4351-4508-99c1-cb074b022c4a, 29. «Suburb regeneration plan Helsinki City of Helsinkin». City of Helsinki. – URL: https://www.hel.fi/en/urban-environment-and-traffic/urban-planning-andconstruction/planning-and-building-goals/suburban-regeneration#state-suburbprogramme 30. UNECE.(2020). Smart Sustainable Cities Profile, Astana, Kazakhstan. – URL: https://unece.org/sites/default/files/2021-01/Nur-Sultan%20City%20Profile_ compressed_E.pdf 31. U.S. Environmental Protection Agency(2015). Attracting infill development in distressed communities: 30 Strategies. Retrieved from – URL: https://www.epa. gov/sites/production/files/2015-05/documents/fresno_final_report_042215_508_ final.pdf 268 ФРИДРИХ ЭБЕРТ АТЫНДАҒЫ ҚОРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨКІЛДІГІ URBAN FORUM KAZAKHSTAN ÄDIL QALA: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК Басуға 26.06.2023 ж. қол қойылды.